7 - мамыр отан қорғаушылар күні


7 - мамыр отан қорғаушылар күні
Саяси дүрбілеңмен басталған ХХ ғасыр қазақ халқының басына ауыр да қайғылы қасіреттерді ала келді және де бүкіл қазақ елі, қоғамы үшін түрлі саяси, азаматтық бағыттардың өзара қақтығысы мен күреске толы кезең болды. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасып, ұлттық сана-сезімінің өрлеуіне мүмкіндік туып және ояну дәуіріне жол ашылғаны белгілі. Патшалы Ресейдегі ақпан айындағы төңкеріс бүкіл империя аймағын дүр сілкіндіріп, өз қоластындағы ұлттардың сана сезіміне тың серпіліс берді.
Алашорда үкіметі құрылған тұста елі мен жерін қорғайтын әскер мәселесіне ерекше мән бергені белгілі. Сондықтан да «Халық милициясы» деген атаумен қарулы бөлімше жасақталды. Батыс Алашорда да құрылатын жасақтың құрамы екі мың адам деп белгіленді. Бұл туралы «Сарыарқа» газетінің 1918 жылы 12 қазандағы №57 санында «Орал облысы «Алашорда» жарлығы бойынша Орал облысынан екі мыңнан артық қазақ әскері жиылды. Бұларға Самар комитетінен екі мың мылтық, елу сегіз пулемет, екі зеңбірек, екі автомобиль алып берілді», - деген жаңалық жазылды. Жасақтың құрамына 18 бен 30 жас арасындағы жастар шақырылып, ерікті түрде жазылу қағидаты сақталды. Әскер қосындарын жасақтау мақсатында 1918 жылдың шілде айында Жымпитыда прапорщиктер, Ойылда юнкерлер мектебі ашылды. Ашылған мектептерде арнайы білімді бұрынғы армия офицерлері жұмыс жасады. Алаш қосындарының азамат соғысы жылдарындағы іс-әрекеттері көркем әдебиет пен фильмдерге арқау болды. Мысалы жазушы С. Мұқанов Алаш қосындары туралы «Қай кезде, қайда құрылып, қалай келгенін, қайда барарын білмеймін, 1919 жылдың басында Омбыға «Алаш полкы» деген әскерлік қосын келді. Офицерлері де, солдаттар да қазақ. Алаш Орда адамдары оларға арнап сауық-кешін ұйымдастырды», - деп жазған екен.
Батыс Алашорда әскері сол аласапыран жылдары майдан даласында да ерлік көрсетті. Оның жарқын мысалы 1919 жылы 27 желтоқсанда Батыс Алашорда әскерлері Қызылқоғадағы Елек корпусының штабын басып алып, корпус командирі генерал Акутин, көмекшсі полковник Марков, полковник Ершовты, 500 жуық казактар мен офицерлерді және бір зеңбірек, 15 жуық пулемет, көптеген винтовка, әскери қойманы қолға түсірді. Казак-орыстар Алашорда қосындарын Қызылқоғадан ығыстыру үшін жасаған шабуылдары сәтсіз аяқталып, казактар қашуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Алаш қосындары жүздеген казакты тұтқынға алды. Батыс Алашорда әскерінің Бас интенданты атыраулық Беркінғали Атшыбаев болды. Алаш қосындарында эскадрон командирі Р. Сұлтанғалиев, жүзбасылар М. Оспанов (Ақтөбе), З. Бисенов, С. Қощанов, хорунжийлар М. Қоңырбаев (Ақтөбе), М. Көпірбаев, Д. Жәнібеков, вахмистер А. Башбаев, командир көмекшісі А. Науатов, взвод командирі Х. Әшіков, адъютант Ө. Төлебаев, Қощанов, офицерлер Бекмамбетов, Е. Әзбергенов, Н. Сүнелдіков (Атырау), Оспанов, Терлікбаев, Ә. Сарғожин, жауынгерлер Д. Титбаев, Ж. Жақсыбаев, Ы. Аюбеков, еріктілер Ә. Мұртазин, Ғ. Муртазин, О. Қаратаев, барлаушы Ә. Ерекшов. Негізінен уәлаят милициясы автономия қарулы күштерінің заңды құрамдас бөлігі деп қарастыруға болады. Алаш милициясында С. Сарғожин, Н. Есімханов, М. Есенбаев, С. Удебаев, С. Упиров (Ойыл), Ә. Упиров (Ойыл), М. Есенбаев (Ойыл) қызмет атқарған. Аталғандар Атырау мен Ақтөбе, Ойылдан. Тарихы жағынан алғанда Ойыл екі облысқа да қатысты екендігі белгілі. Әкімшілдік-әміршілдік жүйе тұсында гурьевтік мұрағат қызметкерлері құзырлы органдардың тиісті тапсырмасымен жинақтаған тізімдегі Алашорданың жергілікті жердегі көрнекті тұлғаларының бірі Алпан Кенжәлиев бұрынғы 12 ауылда оқыған. Екі кластық қазақ-орыс мектебін бітірген. Ол туралы Бақытжан Қаратаевтың жазуынша Қызылқоға поселкасындағы Батыс Алашорданың милиция бастығы алашордашы Алпан Кенжәлиев Қызылқоға мен Гурьев аралығында Орал қаласынан айдаумен келе жатқан 34 большевикті атуға қатынасқан. Сол кезеңде қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында білікті мамандардың жетіспеушілігінен тергеу-тексеру ісі мен сот ісінің ара-жігі ұдайы сақтала бермеген, әрі соғыс жағдайындағы уәлаят жағдайында бұл екі құрылымының құрамында Алпан Кенжәлиевте болған. Бұл құрылымда ақтөбелік Е. Көпжасаров (кейін М. Шоқаймен астыртын хат алмасып тұрған), Ж. Домаланов, Қ. Төтебаев болды.
1919 жылы Батыс Алашорда таратылғаннан кейін большевиктер партиясына өтіп, кеңестік мекемелерде жауапты қызметтер атқарды. Оның бұл қызметте болуы бұрынғы алашордашылардың кеңестік органдарда көп болуына орай, оның бұрынғы іс-әрекеттері бүркемеленіп келді, Ақтөбе губерниялық соттың төрағасы, Ақтөбе округтық сотының төрағасы қызметтерін атқарды. Тек 1929-1930 жылығы партиялық тазалауда жұмыстан босатылып, партиядан шығарылды. Ол Қазақ Өлкелік партия комитетіне және БКП (б) Орталық Комитетіне шағымданғанмен, үзілді-кесілді қарсылыққа тап болды. Темір уезінде «Эмба-нефть» мекемесінде жұмыс жасады. Жұмыс жасай жүріп партияға кандидатқа тіркеліп, 1934 жылы Ақтөбе облыстық атқару комитетіне хатшылық қызметке тағайындалады ( 83-86 пп. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының №1227-Краткий очерк истории Алашорды (Б. Қаратаевтың жеке қоры) . Сол жылы қайтыс болған. Оны құрметпен бауырластар зиратына жерлеген. Жергілкі шежіреші Ыбыраш Қорқытұлы өз естелігінде: «Алпан аса сауатты, тілге де шебер, қаламы жүйрек, әрі іскер азамат болған. Көп сөйлемейтін, жүзі салқындау, сабыр иесі адам болатын. 1933 жылы Ақтөбеде облыстық атқару комитетінің жауапты хатшысы болып, қызмет етіп жүрген кезінде 47 жасында жүрек ауруынан қайтыс болған», - деп жазған болатын.
1920 жылғы 19-20 қаңтарда большевиктер Алашордамен келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесінде «Алашорда Қырғыз (Қазақ) революциялық үкіметімен бірікті, сондықтан Алашорданың барлық заңдары күшін жойды және олардың бүкіл мүлкі Кирревкомының иелегіне көшеді», - делінген шешім қабылданады. Алашордадан ұрыстарда қолдарына түскен қаруларын өткізу талап етілді, сонымен бірге Орал майданындағы ұрыс қимылдары аяқталғанға дейін Алашорда жауынгерлеріне Үшінші татар покінің бір бөлігі ретінде қару ұстап жүруіне рұқсат етілді. Өкінішке орай большевиктер алашордашыларға өздері жариялаған 1919 жылғы кешірімді «тарыс» естерінен шығарып жіберді. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағат деректерінде 1924 жылы бұрынғы Гурьев уезінің милиция бастығы Хабибай Әлжановты Алашорда әскерінің юнкері деп көрсетсе, ал Жанысқали Мұқашев Гурьев уездік милиция басқармасының көмекшісі қызметінде жүргенде бұрынғы Алашорда офицері ретінде жұмыстан шығарылған. Облыстық мұрағат қорындағы 1927-28 жылдары дауыс беру құқығын айырылғандар туралы мәлімет бойынша №2 ауыл тұрғыны Әзбергенов Есенбай (бұрынғы офицер), Сүнелдіков Нұрсұлтан (бұрынғы офицер), контрреволюциялық, «ұлтшылдық» қозғалысқа қатысқандары үшін Мырзағали Құрықов, Балта Байымбетов Қабдолла Жақсығұлов, Өтеген Көпенов, Иманғали Исмағұлов дауыс беру құқыған шеттетілген (Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (АОММ), 2 қор, 4-тізім, 3-іс, 43 п. ) . Батыс Қазақстан өлкесінде орын тепкен Алашорда уақытша үкіметінің шабарманы болған Меңдігерей Әшенов (1944 ж. қайтыс болған) . 1922-1944 жылдары өз жеке шаруашылығында, «Бақсай» ұжымшарында көмекші шопан болып жұмыс істеді. Меңдігерей өте өнерлі, жан-жақты болған және өз өнерін Алаш жігіттерінің алдын да көрсеткен. Өзі де бірнеше күй шығарған. Солардың бірі «Алаш аманаты» күйін 1970 жылдары інісі Қарасайдың домбырашы ұлы Нұрмұхамбеттің орындауында Қаршыға Ахмедияров нотаға түсірген.
1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірліктерге бөлінді. Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. ҚР Қарулы Күштері түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 24 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр - Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеген болатын. Мерекеге байланысты 2013 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жауынгерлік парад өтті. Салтанатты шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техникалар, 86 ұшақ пен тікұшақ тартылды. Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz