Философияның әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Философияның әдістері

Жоспар:

  1. Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
  2. Философия ғылымының негізгі әдістері
  3. Материализм;
  4. Идеализм;
  5. Эмпиризм;
  6. Рационализм.
  7. Философияны оқып-үйренудің қажеттілігі
  8. Пайдаланған әдебиеттер

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия - даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т. б.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді. 1.jpg

Философия -дегеніміз не???

( Философтардың көзқарастары бойынша)

ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
№: 1
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Пифагор
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Философия-ақылдылыққа құштарлық
№: 2
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Гераклит
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Философ-зерттеумен айналысатын адам
№: 3
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Платон
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Мәңгілік болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым
№: 4
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Сократ
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Қайырымдылық пен зұлымдықты танудың құралы
№: 5
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Аристотель
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Заттық қағидаларды және салдарды зерттеу
№: 6
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Эпикур
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Ой арқылы бақытқа жетудің құралы
№: 7
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Ортағасырлық христиан ойшылы
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Құдайдың барын дәлелдеу және таным құралы
№: 8
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Гегель
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Өзін-өзі тануға ұмтылған абсолюттік ой жөніндегі ғылым
№: 9
ФИЛОСОФТАР, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АҒЫМДАР: Кант
ОЙШЫЛДАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПІКІРЛЕРІ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ: Әлемді абстрактілі метафизикалық түсінік арқылы танудың бір әдісі

Философия ғылымының негізгі әдістері

Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері :

2.jpg

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесун кезіндегі қарама қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.

Софистика - айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.

Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:

  • материализм;
  • идеализм;
  • эмпиризм;
  • рационализм.

IMG_20190218_163808.jpg

4.jpg

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж. Мейір, Б. Оразалиев«Философия», оқу құралы, Астана:Фолиант, 2014.
  2. Ж. Алтаев, А. Касбек, Қ. Мұқамбетәлі«Философия тарихы», Алматы, 2000.
  3. Д. Кішібеков, Ұ. Сыдықов«Философия», Алматы, 2003.
  4. Ғ. Есімов«Философия тарихы», Алматы, 2000.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі бөлімдері
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философиялық білімнің ерекшелігі
«Философия көзқарас ретінде»
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері
Философияның пәні мен әдісі
Философия функциясы
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Ғылым түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz