Аристотельдің саяси әлеуметтік - көзқарасы
СӨЖ
Тақырыбы: . Аристотельдің саяси әлеуметтік - көзқарасы
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі -- б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) -- ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, адамзаттың бірінші ұстазы деген құрметті атаққа ие.Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған философиялық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің Ескендір поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.
Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты философиялық жүйені құрды.
Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.Оның алты кітаптан тұратын Органоны ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет философиялық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формальды логика ғылымы қалыптасты.Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизм және ислам философияларына зор ықпал етті. Ал оның христиандық философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы -- Никомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель философиясының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын.
Аристотель мұсылман ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар мұсылман перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды философиялық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп Бірінші Ұстаз ("The First Teacher" ) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз - түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін алтын өзен деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
Саясаттану
Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Ол жеке адамның этикасымен шектелмей, өз зерттеуін мемлекетті, қала мемлекетін (полис) және қоғамдық өмірді тануға кеңейтті. Ол этика мен саясаттың ара жігін тұңғыш рет анық ажыратқан адам болып есептеледі. Бұл тұрғыда Саясаттану, Никомах этикасы т.б. шығармаларын айырықша атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттің мақсаты
Аристотель гректердің және басқада мемлекеттердің өмірі мен қоғамын суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді және олардан бағалы қорытындылар шығара білді. Аристотель Саясаттану кітабында мемлекеттің, отбасының шығу төркініне назар аударады. Оның пікірінше, мемлекет пайда болуына ең алдымен адамдардың бірігіп жұмыс жасауы, ұйымдасып жекелік әлсіздікті жеңу жігері себеп болған. Яғни, Аристотель мемлекеттің шығуын адамзаттық өмірдің табиғи даму талабы туғызды деп түсіндірді. Адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы - ой еңбегімен шұғылдануында болғандықтан және ұйымдасудың жаңа әдісін пайдаланғандықтан адам қоғамасып, ел болып өмір сүру деңгейіне міндетті түрде көтеріледі.
Саясаттану еңбегінде Аристотель ең алдымен мемлекеттің түпкі мәнін анықтаудан бастайды. Оның түсінуінше басқа қоғамдық ұйымдасу формаларынан мемлекеттің өзгешелігі - ол өз мүшелерінің бақыты үшін, игілікті өмірі үшін құрылады. Шаруашылықтың, басқа да бір істердің пайда әкелуі үшін ұйымдасу, одақтасулар бола береді, олар, бірақ, ұзақ әрі мәңгілік өмір үшін құрылмайды. Мемлекет басқа бір себептерден жоғалып кетуі мүмкін, бірақ құрылу мақсаты жағынан тек бақытты, қуанышты өмір үшін құрылады. Яғни, мемлекеттік тұтастықтың бақыты адамдардың бақыты бола алмайды дейтін Платонның қағидасына Аристотель түбегейлі түрде қарсы.
Мемлекет тек адамдар үшін. Бірақ адамдардың өзі, Аристотельдің ойынша, табиғи туа бітісінен әр түрлі. Біреулер табиғи бітісінен басқаруға қабілетті, екінші біреулер табиғатынан басқалардың билігінде болуға жаралған. Ондайлар тек құлдар. Құлдар пайымдау қабілетіне қатысы бар, бұйрықты түсіне алады, бірақ өз бетінше пайымдай алмайды. Құлдар тірі құралдар. Мемлекетті құрушы адамдарды Аристотель азаматтар деп атайды. Ерте дәуірде азамат ұғымын алғаш өзінше айқын анықтаған Аристотель деп айтуға болады. Құлдар, басқа тайпалардан келіп қоныстанғандар, жасы 18-ге жетпегендер, әйелдер азаматтарға жатпайды. Осы соңғысы, мысалы, Периклдің пікіріне қайшы. Периклден шығармалар қалмағанмен оның Афинада кіргізген заңдары мен тәртіптері хақында көптеген куәліктер бар, және ол тәртіптер Аристотель кезінен екі ғасырдай бұрын енгізілген болатын. Кейбіреулер, мысалы Хуан Гинес Сепулведа (Juan Gines ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz