Ведалар - философиялық ойдың қайнар көзі ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ведалар- философиялық ойдың қайнар көзі ретінде

Индуизмдегі қайғы-қасіреттен құтылу үміті

Үнді рухани мәдениеті өз бастауын “Веда” деген жалпы атаумен белгілі көнеден жеткен киелі кітаптардан алады.

Веда (санскрит тілінен аударғанда - «білім», «ілім») - ең көне деген киелі жазбалардың жинағы. Ғасырлар бойы Ведалар ауызекі өлең түрінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі кезде ғана хатқа түскен. Үнді діни дәстүрде Веда апаурушея адамзатқа әулие даналар арқылы жеткен құдайдан түскен мәңгі жазба болып есептеледі.

Веданың төрт түрі бар:

Ригведа - «Гимндердің Ведасы»

Яджурведа - «Құрбандық формулалардың Ведасы»

Самаведа - «Әндердің Ведасы»

Атхарваведа - «Дұғалардың Ведасы».

Ведалар шрути («естіген нәрсе») және мантра деген екі категорияға бөлінеді және олардың мазмұны дұға ретінде қайталанып, әртүрлі діни жораларда қолданылады. Ведалардың негізгі бөлігін Самхиталар (мантралар) құрайды және оларға Брахман , Араньяка және Упанишада (ведалық Самхиталардың түсіндірмелері болатын мәтіндер) кіреді.

Ведада ведалық білімнің шексіз болатыны, онымен салыстырғанда адамның жинаған бүкіл білімі бір уыс балшықтай ғана делінеді. Индуизмнің дәстүрі бойынша, “Махабхарата” эпосының үзіндісі бола-тын “Бхагавадгитада” ведалық білімнің негізгі мәні берілген деп есеп-теледі.

Ведаға қатысты Үнді құрлығында дамыған философиялық жүйе-лер мен діни дәстүрлер әртүрлі көзқараста болған. Веданың беделі мен оның құдайдан түскен аян екенін мойындайтың философиялық мектептерді астика деп атайды. Ал буддизм мен джайнизм сияқты Веданы мойындамайтын дәстүрлер настикаға жатады. Осы екі дәстүрден басқа Веданың беделін сикхизм де мойындамайды.

Индуизмде “ведалық жазба” деген ұғымның Веда мен ведалық кезеңде (шрути) ведалық санскритпен жазылған мәтіндерге ғана емес, сондай-ақ Ведамен байланысты немесе оны толықтыратын (смрити) басқа да жазбаларға қатысы бар. “Ведалық” деген термин үндология-лық, филологиялық немесе діни аяда қолданылады. Мысалы, индуис-тердің өздері өз дінін, яғни индуизмді “ведалық дәстүр” деп атайды.

Индуистік діни дәстүр мағынасында “ведалық жазба” немесе “ведалық әдебиет” деп ведалық және классикалық санскритте жазыл-ған көптеген ежелгі үнді мәтіндерін атайды. Мысалы, индуизмде “Бхагавадгита” шрути дәрежесіндегі ведалық мәтіндерге теңестіріледі және көптеген индуистер ведалық жазбаларға негізгі канондық Пура-наларды, “Махабхарата” мен “Рамаяна” сияқты классикалық ежелгі эпостарды, сондай-ақ “Панчаратра” сияқты вайшнавалық мәтінді жатқызады.

Санскрит тілінде “веда” деген сөз арғы үндіеуропалық “білу, көру” деген түбірге жақын vid- “білу” деген түбірден тарайды және ол “білім”, “даналық” деген мағынаны береді.

Зат есім ретінде бұл сөз “Ригведада” бір рет қана айтылады. Ол гректің “эйдос”, яғни “ аспект” , “ форма”, идея ”, орыстың ведать , ағылшынның wit , witness , wisdom , vision (соңғысы лат. video , videre тарайды), немістің wissen ( «білу» , «білім» ), норвегиялық viten ( «білім» ), шведтің veta ( «білім» ), поляктің wiedza ( «білім» ), белорустың веды ( «білім» ), латынның video ( «көремін» ), чехтің vím ( «білемін» ) немесе vidím ( «көремін» ) және голландтық weten ( «білу» ) сөздеріне жақын.

Санскриттік veda сөзі негізгі мағынасында литургия мен діни салтқа қатысы жоқ зерттеу пәндерінде қолданылады, мысалы: агада-веда «медицина ғылымы» , сасья-веда «жер өндеу ғылымы» немесе сарпа-веда «жыландар туралы ғылым» (бұл туралы ерте кезеңдегі Упанишадаларда айтылады) ; дур-веда «надан» деген мағынаны береді.

Веда әлемдегі ең ежелгі киелі жазбалар қатарына жатады. Қазіргі үндологиялық ғылымның айтуынша, Веда жеті мың жыл бойы құрастырылған екен. Ол “Ригведаны” жазудан бастап, Будда мен Панини замаңында б. з. д. V ғ. аяқталған. Көптеген ғалымдардың пікі-рінше, хатқа түспеген кезеңде көптеген ғасырлар бойы Веданы ұрпақ-тан ұрпаққа жеткізудің ауызекі дәстүрі болған.

Алғашқы кезде Веда жазылған материал ұзақ сақтауға келмеген-діктен (ол үшін ағаштың қабығын немесе пальма ағашының жапыра-ғын пайдаланған), бізге жеткен манускриптердің жасы бірнеше жүз жылдан аспайды. “Ригведаның” ең көне манускриптері ХІ ғ. жатады. Бенарес санскрит университетінде XIV ғ. жататын манускрипт сақта-лады.

Үнді брахманы, еуропалық білім алған тарихшы Бал Гангадхар Тилак (1856-1920 ж. ж. ) Веда шамамен б. з. д. 4500 жылы жасалған деген тұжырымдаманы негіздеген. Б. Г. Тилак оны Веда мәтіндеріне филологиялық-астрономиялық талдау арқылы дәлелдеген. Автор жасаған қорытынды мынадай: Ведада суреттелетін аспан бейнесін жер шарының полярлық аймағына жақын жерде тұрған адамдар ғана жасаған екен. Бірақ Тилактың арктикалық болжамы ғалымдар арасында қолдау таппаған.

Индуизмнің негізіне Веданы санатан (мәңгі) және апаурушея (адам жасамаған дүние ретінде қабылдайтын көзқарас) жатыр. Ғалам жара-тылғаннан кейін әрбір ғарыштық циклдің басында Брахма ведалық білім алады. Ғарыштық цикл аяқталғанда ведалық білім айқындал-маған күйге түседі, кейін жаратылудың жаңа циклінде ол қайтадан пайда болады. Ұлы ришалар сол білімді алып, оны ауызша миллион-даған жылдар бойы таратады. 5000 жыл бұрын, Двапара-юганың соңында ұлы риши Вьяса ведалық білімнің бір бөлігін төрт Ведаға бөліп, хатқа түсірген. Вьяса Веданың негізгі мәнін нақыл сөз түрінде “Веданта-сутрада” баяндаған.

Вьяса Веданы реттеу үшін оның әрбір бөлігін шәкірттеріне береді. Пайла есімді шәкірті “Ригведа” гимндерін реттеген. Діни және қоғам-дық жораларда пайдаға асатын мантраларды Вайшампаяна есімді шәкірті жинаған. Джаймини деген шәкірті “Самаведада” музыкалық әуені бар гимндерді жинаған. Суманта деген шәкірті гимндер мен чара жинағы болып табылатын “Атхарваведаны” ретке келтірген.

Әуелде ведалық қоғамдағы барлық варналар Веданы зерттеуге құқығы бар болған, бірақ кейін Веданы зерттеу үш ең жоғары тұрған варнаның, яғни брахман, кшатрий және вайшьяның діни міндеті болады дегенді енгізген Дхарма-шастра әйелдер мен шудраларға Веданы зерттеуге тыйым салған.

Ведалық санскрит тілінде жазылған негізгі жазба - Самхиталар (“жинақтар”), ол - ведалық діннің тарихында болған заманда өртеу арқылы құрбан шалуға арналған мантралардың жинағы. Олар Веда-ның ең ежелгі бөлігі болып саналған.

Төрт Самхита белгілі:

Ригведа - басшы дін қызметшілері айтатын мантра-гимндер.

Яджурведа - адхварью көмекші дін қызметшілеріне арналған мантралар.

Самаведа - удгатри әнші дін қызметшілері қайталайтын мантралар.

Атхарваведа - дұғалар-мантралардың жинағы.

Самхиталардағы мантралар гимн, дұға, жоралық формула, чара және т. б. түрінде беріліп, санскриттік “дева” терминімен белгіленеді (сөзбе-сөз аударғанда ол “нұр, жарқыраған”, “аспан жаратылысы”, “жартылай құдай” немесе “періште” деген мағына береді), әйел және еркек жынысты құдайлардың пантеонына арналады.

Ең көп гимндер айтылып, ғибадат етілетін ведалық пантеонның негізгі девалары - Рудра, Индра, Агни және Варуна. Әрбір Самхитаның үш түсіндірме жинағы болады. Олар: Брахман , Арань-яка және Упанишада . Олар жоралық дәстүрдің философиялық қырларын ашады және самхитаның мантраларымен бірге киелі жол-жорада пайдаланылады. Негізгі Самхитаға қарағанда, Веданың бұл бөлігі проза тілімен жазылған. Әрбір Самхитаның бірнеше нұсқасы немесе редакциясы (“шакхах”) сақталған және олардың арасында үлкен айырмашылық жоқ.

Самхиталар мен Брахмандар - карма-канда (салт, ғұрып) кате-гориясына жатса, Араньяка мен Упанишада - джняна-канда (білім туралы бөлім) категориясына жатады. Самхита мен Брахман жоралық тәжірибені қамтыса, Араньяка мен Упанишаданың негізгі тақырыбы рухани өзін-өзі түсіну мен философия болған. Атап айтқанда, онда Брахманның табиғаты, атман мен реинкарнация талданады. Араньяка мен Упанишада үнді философиясының алты теистік мектебінің бірі болатын ведантаның негізіне алынған. Ведалық жазбалардың басқа категориясы, яғни Брахмандар - құрбан шалуды сипаттап, құрбандық жораның мағынасын түсіндіретін жоралық мәтіндерге жатады. Брах-мандар бір Веданың Самхитасымен байланысып, Самхитаға енетін Шукла Яджурведаны қоспағанда, жеке мәтіндер болады. Брахманның ең маңыздысы - “Шукла Яджурведаға” жататын “Шатапатха-брах-мана”. Брахмандардың құрамына Араньякалар мен Упанишадалар да кіруі мүмкін.

Ғалымдардың пікірінше, Брахмандарды, Араньякаларды және “мукхья” канонының негізгі Упанишадаларын құрастыру ведалық кезеңнің соңына қарай аяқталған. Ал “Муктика” канонына жататын қалған Упанишадалар ведалық кезеңнен кейін жасалған.

“Яджурведа” (“Құрбандық формуланың Ведасы”) жартылай “Ригведа”-дан алынып, бейімделген прозалық мантралардан құралған. “Яджурведа” мантраларының практикалық мақсаты бар: әрбір мантра-ны құрбандық шалу жорасының белгілі бір бөлімінде пайдаланады. Бұл Веданың мантралары “Самаведадағы” Сома жорасындай емес, барлық ведалық ғұрыптарға арналып жасалған. Бұл Веданың екі нұсқасы бар - “Шукла Яджурведа” және “Кришна Яджурведа”. Олар-дың шығу тегі мен мағынасы қазір айқын емес. “Шукла Яджурведада” құрбан шалу үшін қажетті мәтіндер мен формулалар бар, ал олардың ұғымдары мен философиялық түсініктері “Шатапатха-брахман” деп аталатын жеке мәтінде берілген. Бұл оның мантралардан кейін негізгі мәтінде түсініктері бірден берілетін “Кришна Яджурведадан” негізгі ерекшелігі болады.

“Самаведа” - “Әуендердің Ведасы” немесе “әуен туралы ғылым”. Бұл Веданың атауы метрикалық гимнді немесе мадақтау әнін белгілеу үшін қолданылатын “саман” деген санскрит сөзінен шыққан. Ол 1549 шумақтан құралған және олардың бәрі (78-шумақты есептемегенде) “Ригведадан” алынған. “Яджурведадағы” ригведалық шумақтар сияқты Саманалар да өзгертіліп, ән айтуға бейімделген. Ригведалық мәтіндердің кейбірі бірнеше рет қайталанады және “Самаведада” 1875 мәтін бар.

“Самаведа”, негізінен, ғибадат етуде және практикалық мақсатта құлшылық етуге қатысатын діни әнші қызметшілер қолданатын гимн-дер жинағы болған. “Ведалық” жоралардың барысында “Самаведа” гимндерін әнге қосып айтқан діни қызметшілерді удгатри деп атаған. Удгатри сөзі удгай (ән айту, мадақтау) деген санскрит түбірінен тарайды.

Құдайға құлшылық етудің гимндерін қолдануда мадақ айтудың стилі ерекше маңызды болған. Әрбір гимн белгілі бір әуенмен ғана айтылуы тиіс болған соң, Веданың атауы да соған лайықталып қойыл-ған.

“Атхарваведа” - Атхарван мен Ангирасаға жататын жазбалар. “Атхарван” сөзінің этимологиясы көмескі. Кейбір зерттеушілер бұл сөздің мағынасын “отпен байланысты құрбан шалуды жүзеге асыра-тын абыз” деп түсіндіріп жүр, ал басқалары бұл сөз дін қызметші-леріне қатысы жоқ дегенді айтады. “Атхарван” сөзінің ең әуелгі қолданысы “Ригведада” кездеседі және ол кейбір ришилерге байла-нысты айтылған. Кейінгі әдебиетте бұл термин дін қызметшілеріне қатысты қолданылады.

“Атхарваведа” самхитасы 760 гимнен құралған, олардың 160-қа жуығы “Ригведаның” гимндеріне сәйкес келеді. Мәтіндердің біразы метрикалық түрде болса, кейбір тараулары ғана қара сөзбен жазылған. Ғалымдардың айтуынша, “Атхарваведа” б. з. д. Х ғ. жазылған, бірақ оның белгілі бір тараулары ригведалық кезеңге жатады.

Лингвистикалық тұрғыдан алғанда бұл Веданың мантралары веда-лық санскриттің ең ежелгі деген үлгілеріне жатады. Қалған үш Веда-мен салыстырғанда, дін қызметшілері-брахмандардың “Атхарваведа-ның” мантраларын құрбан шалуда жіберілген қателіктердің жағымсыз әсерін жою үшін қолданатын жеке тәжірибелерін есептемегенде, “Атхарваведа” мантраларының салтанатты құрбан шалуға тікелей қатысы да болмаған сияқты. “Атхарваведаның” бірінші бөлімі жындар мен апаттардан қорғануды, аурудан айығуды, өмірді ұзартуды, түрлі тілектерді жүзеге асыруды, өмірде белгілі бір мақсаттарға жетуді көздейтін магиялық формулалар мен дұғалардан тұрады. Оның екінші бөлімін философиялық гимндер құрайды. Үшінші бөлімі үйлену мен жерлеу ғұрыптарын орындағанда айтылатын мантраларға арналған.

Ведалардың ішіндегі ең бастысы - Ригведа (Гимндердің Ведасы) . Ригведаның қашан пайда болғаны белгісіз. Кейбір болжам-дар бойынша, ол б. з. д. XXV-XX ғ. ғ. пайда болған сияқты.

“Ригведа” самхитасы сақталған үнді мәтіндерінің ең көнесі. “Риг-веда” ведалық санскритте жазылған 1028 гимннен және санскритше мандала деп аталатын он кітапқа бөлінетін 10600 мәтіннен құралған. Гимндер көптеген ригведалық тәңірлерге арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі үнді философиясы туралы
Құқық және дін
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Үнді философиясы мәдениеті
Ведалардың жазылу тарихы
Философия және индуизм философиясы
Буддизм философиясы
Үндістан мемлекетінің пайда болуы және оның құқығы
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері
Ерте Үнді философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz