Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы

2019 жыл

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Әбу Жүсіп әл-Кинди немесе Әбу-Юсуф Иакуб ибн Исхақ әл-Кинди (800, Басра- 860/879) - араб философиясының негізін салушы, араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие.

Өскен жері - Бағдат, Басрада білім алған. Зерттеушілер оның 238 трактаты болғанын айтады. Содан біздің заманға жеткені - 29. Екі бөлімнен тұратын “философиялық трактаттары” Египетте М. А. Әбу-Ридтың басшылығымен 1950, 1953 ж. жарық көрді. Еуропада латын тіліне тәржімаланды. Әл-Киндидің “Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” трактаттары ерекше бағалы.

Әл-Киндидің еңбектері философияның дамуына зор ықпал жасады. Италиян ғалымы Карден оны әлемдегі үздік жиырма ойшылдың бірі деп атаған. Ол Аристотель шығармаларын араб тіліне аударып, түсініктеме жазды. Сол замандағы озық дүниетанымдық ағым - мутазилиттер көзқарасына сәйкес әлемнің пайда болуы, жаратылуы туралы құнды пікірлер айтқан. Материя, форма, қозғалыс, кеңістік, уақыт, субстанция, сан, сапа сияқты ұғымдарға терең талдау жасаған. Философияның мақсаты мен қызметі туралы нақты тұжырым жасап, оның білім саласындағы орнын анықтауға үлкен үлес қосқан.

Әл-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл - Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған. Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған. Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл - Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым - геометрия, жұлдыздар туралы ғылым - астрономия кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т. т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді. Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл - Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия - барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол - материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім. Әл-Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл - Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл - Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты. Батыс Еуропа елдерінде Alkindus атымен белгілі.

Әл-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек, “Бірінші философия жөнінде, “Бес мән-мағына жөніндегі кітап т. с. с.

Әл-Киндидің онтологиялық көзқарастары.

Әл-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.

Заттардың сапалық жағын - геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені, ол-тұрақты және өзгермейді…

Әл-Кинди адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия дейді. Оның мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.

Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсы бір затты танудың себебі-ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе - бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұраққа жауап беру керек дейді ойшыл.

Ол бар ма?

Ол не?

Ол қандай?

Себебі неде?

Әл-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние дейді. Ал айдың әржағында әлемде ешқандай қозғалыс - Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді - тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін.

Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ, мән-мағнадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол үне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес - үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте - ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.

Екінші таным түрі мән-мағнаға жақын болғанымен бізден алыс - ол ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Әл-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, жағалай ортаны зерттеп ғылымды дамытуға шақырады.

Араб философиясы - орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т. б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина - оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1) . Шығыс перипатетизмі; 2) . “Таза ағайындар” ілімі; 3) . Сопылық ілім; 4) . Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ. ), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі - оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т. б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы - Ф. Бэконнон (1561 - 1626) Спинозаға (1632 - 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А. ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А. ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркӘдеб. : Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С. Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В. В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985. і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

  • Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар) ;
  • кейінгі (15 - 19 ғасырлар)
  • қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы) .

Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т. б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т. б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі - оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен - Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т. б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен - сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т. б. ; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар) . Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді. Сондықтан “дұрыс сенім” мен “адасу” мәселесі Ислам философиясында басты орын алды. Бұл 10 - 11 ғасырлар тоғысында “дұрыс сенім” ретінде “сенімнің кадириттік белгісінің” жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара “бастапқы исламға” оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады. Ислам өркениетінің тарихында 19 ғасырлардың басы - 20 ғасырлардың ортасы - нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы “реформалар” кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс - Батыс” мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. Егер 19 ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, 19 ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т. б. мәселелер қозғалды. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум. -саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум. -саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа - демократия, филос. -теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум. -саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т. б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл- киндидің өмірі
Әл-Кинди
Орта ғасыр философиясы туралы
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Орта ғасыр философиясы
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд мысалында
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасырлық Ислам философиясы
«Арабтардың философы» - әл – Кинди
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz