Мифология және философия


Тақырыбы : Мифология және философия
ЖОСПАР:
- Философия.
- Мифология.
- Мифология және философия: салыстырмалы талдау.
- Пайдаланылған сілтемелер тізімі.
1. Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» - сүю, «софиа» - даналық) . Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б. д. д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.
Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократ , біз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.
Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.
Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық - адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.
Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік - философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында) ; гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
2. Мифология (грек. мythos - аңыз және logos - ілім) - 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым; қараңыз: Миф.
Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos - аңыз, ертегі және logos - ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау - Мифтің өзіне тән ерекшелігі.
Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне, әдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Қоғамдық өмірдің алғашқы қауымдық формасының жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі ретінде Мифология да тарих сахнасынан кетті. Бірақ мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі т. б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды.
Абсолюттік мифология бар да, салыстырмалы мифология бар. Лосев бұл туралы «Миф диалектикасында» айтады. Ол бойынша абсолюттік мифология дегеніміз өзінен өзі шығып, дамып отыратын мифология. Демек, еш нәрсеге тәуелді емес. Лосев бойынша абсолюттік мифологияға идея мен материяның, сенім мен білімнің жоғары синтезді тепе-теңдігі тән. Абсолюттік мифология субъект пен объектіні, мәңгілікті, шексіздікті, хабардарлықты, абсолюттікті жинақтайтын жаңа категорияның қажеттігін танытады. Басқаша айтқанда, Лосев диалектикалық тәсілді қолдану арқылы тұлғалық Құдай туралы, өзінің абсолюттік тіршілігінде толыққанды көрсетілген магиялық атау туралы ілім, яғни персонализм мифологиясын жасап шықты. Бұл тектес абсолюттік мифология өзінің бір ғана принципін пайдаланатын салыстырмалы мифологиялар үшін норма, үлгі, шек пен мақсат болып табылады.
Мифология қарастыратын бірнеше классификация бар. Олар:
Күнтізбелік
. Олар табиғи циклдарды түсіндіруге тырысады. Осы мифтерде жиі өлім тақырыбын қозғайды: Құдай туады және өледі, ол жылдық циклді бейнелейді.
Тотемиялық . Тайпалардың тотемдері жануарлар туралы айтылады. Тотем - тайпаның қамқоршысы. Ежелгі заманда адамдар әр жануар жеке тайпаның ата-анасы болып, оны өз сипаттарымен бөлгеніне сенді.
Астра . Көктегі денелерге көп көңіл бөленген. Ай мен күн тәуліктік циклдарды басқаратын құдайлар рөлінде көрінеді.
Космогоникалық . Оны философияның дамуының негізгі алғышарты деп санауға болады, өйткені бұл мифтер құдайлардың, ғарыштың және Адамның пайда болу теорияларын қарастырды.
Антропогоникалық . Бұл аңыздар адамның шығу тегін түсіндіруге әрекет.
Этиологиялық . Табиғи құбылыстарға арналған. Дауылдар, жер сілкіністері, өрттер адамдар құдайлық ретінде, ал кейінірек - Құдайдың ашу көрінісі ретінде қаралды.
Эсхатологиялық . Онда жарық ұшының ықтимал нұсқалары қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz