Этнопедагогика - бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру


Кіріспе
«Этнопедагогика дегеніміз бұқара халықтың өскелең ұрпаққа
тәрбие беру тәжірибесі. Олардың педагогикалық көзқарастары
туралы ғылым, отбасының, рудың, тайпаның, ұлыстар мен
педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихы
жағдайлар әсерімен қалыптасқан ұлттың мінез-құлық
ерекшеліктерін зерттейді»
Г. Н. Волков.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухомлинский және т. б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари), ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел педагогтары (Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский және т. б. ) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып табылады.
Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.
Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Сухомлинский, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есiмнiң ескi жолы» (1598-1628), Әз Тәукенiң «Жетi Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды «етегiн кесiп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов және т. б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын
қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы» деп ой түйіндеген.
Келесі бөлімдерде қазақ этнопедагогикасын дербес ғылым ретінде қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың этнопедагогика саласындағы еңбектеріне талдау жасауға тоқталамын
Ахмет Байтұрсыновтың тәлімдік идеялары.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т. б. ) Ол И. А. Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.
А. Байтұрсынов М. Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж. ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А. Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М. Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А. Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л. Н. Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы” деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi - бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi - түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз - әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз - суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы - қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А. Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.
А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ, ӘДІСТЕМЕЛІК ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҰСТАНЫМДАРЫ
Бұл жұмыс 1980 жылдары А. Байтұрсынов әлі реабилитация болмаған кезде басталған ғылыми ізденістердің жалғасы. Мақала басылымға дайындалып жатқан үш кітаптың біріншісінен үзінді. Олар:
I кітап
1) А. Байтұрсынұлы: ғылымтаным, терминжасам, стилистика.
II кітап
2) А. Байтұрсынұлы: тіл және тілдесім, терминнің құрылымы және
стилистикасы.
III кітап
3) А. Байтұрсынұлы: ғылыми мәтін және стиль динамикасы. 1995 ж. Ташкент қаласы Өзбекстан ғылым академиясының «ФАН» баспасында А. Байтұрсыновтың тілтанымдық мұрасын зерттеуге арналған бірінші монографиямыз орыс тілінде жарық көрді [М. Джусупов. «Фонемография А. Байтұрсынова и фонология сингармонизма», 1995, 11 б. т. 178 бет] . Бұл еңбек 1993 жылы жазда біткен еді. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты 1995 жылдың күзінде (қарашада) баспадан шықты. Одан кейін 1998 жылы Алматы қаласында ҚР ҰҒА «Ғылым» баспасында екінші монография қазақ тілінде жарық көрді [Маханбет Жүсіпұлы) (М. Джусупов) «Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы» 13, 5 б. т. ; 216 бет] . Бұл еңбек ҚР ҰҒА және ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша А. Байтұрсыновтың 125-жылдық мерей тойына арнайы ғылыми сауға ретінде жазылып жарияланды. Одан бұрын, сол кезде және кейін А. Байтұрсыновтың лингвистикалық және әдістемелік мұрасын жан-жақты ғылыми анализ жасаудың нәтижелері бірнеше мақала болып баспадан шықты, ғылыми баяндамалар жанрында баяндалды. Жоғарыда аталған еңбектердің бәрі моноавторлы еңбектер еді [М. Джусуповтікі] .
Бұл шағын монография және бұдан кейінгі жарық көретін екі шағын монография екі автордың атымен жарияланады [М. Джусупов, Қ. Ш. Ибраймов], себебі ғылыми ізденістерді екі зерттеуші жүргізді, зерттеу нәтижелерінің жазылымын да сол екі зерттеуші жасады.
1995 ж., 1998 ж. жарық көрген монографиялардың осы және бұдан кейінгі екі монографияның негізгі ғылыми ерекшеліктері, концептуалды өзгешелігі, А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын зерттеудің негізгі ұстанымы ретінде, планетарлық көзқарасты тұтыну, яғни:
1) қазақ тіл біліміндегі, әдістемесіндегі теориялар негізінде зерттеу;
2) жалпы түркі әлеміндегі тілтанымдық және әдістемелік теориялар негізінде зерттеу;
3) әлемдік (Европа, Россия) тілтанымдық және әдістемелік теориялар негізінде зерттеу.
Зертеу жұмысына осындай үштұғырлық ғылыми бағытты негіз тұтудың себебі де, дәлелі де көп.
1) А. Байтұрсыновтың ғылыми, ғылыми-әдістемелік мұрасы ұлттық ғылыми кеңістігінің деңгейінен әрі кең, әрі терең, әрі биік. Яғни, А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасында планетарлық, әлемдік, ғылыми жаңалықтар, ғылыми шешімдер орын алған. Мысалы:
1) сингармофонологиялық, сингармографикалық, сингармоорфографиялық концепциялар;
2) Фонема (сингармофонема) - дыбыстар (сингармодыбыстар) жиынтығы ұғымы; 3) позициялық принцип ұғымы.
Мұндай ғылыми көзқарастарға әлемдік фонологияда ең биік орында тұратын Москва фонология мектебінің теориясының негізін қалаушылар 1945 жылығана келді. [Қараңыз: Аванесов, Сидоров, 1945], яғни А. Байтұрсыновтан 30-32 жыл кейін. [Қараңыз: Джусупов, 1995, 1998] .
Бұл мәселеге байланысты «Репрессивная тюркология» атты кітаптың авторлары былай дейді: «М. Джусупов, подробно описывая основные свойства байтурсыновского алфавита, спорит с Яковлевым . . . по его мнению это был . . . , ученый-лингвист с большой буквы. Он считает, что А. Байтұрсынов еще в 1910-1920-е годы предвосхитил теоретические идеи сложившейся в 30-е годы Московской фонологической школы . . . , что в ряде вопросов он подходил к фонетике «глубже и последовательнее» Н. Ф. Яковлева . . . Здесь, есть, конечно, доля преувеличения, но нельзя, не отметить, что в только что написанной книге [Крылова в печати] говорится о том, что трактовка сингармонизма у Байтурсынова и Тюрякулова повлияло на подход к этому явлению Н. Ф. Яковлева, А. А. Реформатского и других видных советских лингвистов. Таким образом, в целом точка зрения М. Джусупова верна» [Ашнин, Алпатов, Насилов, 2002, с. 184] . Осындай және басқа да ғылым тарихындағы шындықтарға байланысты, біз А. Байтұрсынов еңбектерін сол кездегі және бүгінгі әлем тіл білімі әдістемесінің жетістіктерімен салыстырып, салғастырып зерттеуіміз міндет. Сонда ғана біз А. Байтұрсыновтың әлемдік ғылым деңгейіндегі өзіне тән, тәңір және табиғат анықтаған орнын дұрыс анықтаймыз. Егер зерттеулер тек қазақ тілтанымы, қазақ әдістемесі көлемінде жүргізілсе, онда А. Байтұрсыновтың ғылыми, ғылыми-әдістемелік мұрасының маңызы ұлттық ғылыми тарихының кеңістігінде ғана бағаланады, яғни тарылады, төмендетіледі. XIX-XX ғасырлардағы әлемдік тіл және тілдесім теорияларын әдістемелік концепцияларын жақсы білмей, А. Байтұрсыновтың еңбектерін терең, кең, биік, әділді зерттеп, шын мәнінде планетарлық ғылыми шындықты көрсететін қорытынды шығару мүмкін емес.
Адамзаттың дамуы (қай заман болмасын) филологияның дамуымен байланыста болады, ал филологияның дамуы адамзаттың дамуымен байланыста болады. Филология барлық ғылымдардың сөйлесім және жазылым арқылы таралуының негізі, себебі адамның ойы сөз және графика арқылы таңбаланады, сондықтан сөз бен жазу филологияның негізі.
А. Байтұрсынов осы қағиданы ғылыми, ғылыми-әдістемелік ізденістерінің негізгі үстанымы ретінде пайдаланған, сондықтан Ахаң ең бірінші мақсат деп араб графикасын қазақ (жалпы түркі) сингармонизіміне бейімдеп реформалауды және қазақ сөзінің дыбысталуы мен жазылуының арасында, орыс, ағылшын тілдеріндеріндегідей қашықтық болмау керек екендігін түсінген (қалай жазсаң - солай айтасын, қалай айтсың - солай жазасын) .
Бүгінде, ХХI ғасырда, жаһандандыру процессі күннен-күнге күшейіп барады. Мұндай жағдайда индивидтің және қоғамның ұлттық рухани байлықтарын сақтап қалудың мәні, оларды ұрпақтарға жеткізудің мәні өте үлкен.
Ана тілі - әр ұлттың, халықтың ең құнды рухани дүниесі. Ана тілінің бүгінгі жағдайы және келешегі үш дәуірдегі адам қызметімен байланысты:
1) ана тілі үшін бізден бұрыңғы ұрпақ не істеді;
2) ана тілі үшін бүгіңгі (біздің) ұрпақ не істеді;
3) ана тілі үшін ертеңгі (бізден кейінгі) ұрпақ не істейді.
Егер осы үш ұрпақтың ана тіліне арналған қызметі үйлесімді жанкүйерлі, ғылыми дәлелді, жалтақтаусыз орындалса, онда тілдің ішкі де, сыртқы да дүниесі тірі болады, болашағы ашық болады. Уақыт кеңістігінде, тіл мен адам осындай үйлесімді қызмет атқарса, онда ана тілі өзінің ұлттық және жалпы адамзаттық қасиеттерін сақтайды; сонда тіл санаулы компьютерлік (я басқаша) стереотиптер (модельдер) болып кетпей, адамның қарым-қатынас құралы, рухани байлығы, ішкі және сыртқы дүниесінің көрсеткіші ретінде сақталады, дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz