Өмірдің мәні: Әл-Фараби мен батыс философиясының көзқарастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

Тақырыбы:Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас

.

Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби

Өмір сүру- өмірдің мәні

Бұл тақырып туралы ой қозғау үшін жер планетасының пайда болғанынан бастап айтсақ нақтырақ болады деп ойлаймын. Жер ғаламшары 4500 млрд жыл бұрын пайда болды, тиісінше өмір деген түсініктің пайда болуыда осымен шамалас. Себебі жер ғаламшары басқа ғаламшарлардан ерекшелігі бұл ғаламшарда басқа ғаламшарларда жоқ артықшылық көп. Оның ең басты артықшылығы біздің ғаламшарда Өмір бар. Жер ғаламшары пайда болуы ол өмірдің пайда болуы деп айтсақ артық айтқанымыз емес. Себебі жер пайда болғаннан бастап вирус, бактериялар пайда болды, олардыңда өздерінің өмір сүру ұзақтығы бар. Біз әрбір құбылыстың, жан жануардың, заттың, адамның пайда болуымен оның соңына жету уақыт аралығын өмір деп айтамыз. Жалпы өмір ол әрбір тіршілік иесіне өз болмысын қалыптастыруға, пайдалануға, әрекет етуге, сабақ алуға берілген мүмкіндік.

Кез-келген адамөмірдің мәні туралы өз-өзіне сұрақ қойған шығар. Бірақ әрқайсысының жауабы әртүрлі, әр адам өмірдің мән-мағынасын басқа нәрседен табады. Кейбір адамдар өмір мәнін табысқа жетуде, мансабында көтерілуде, кейбіреулер әлемде танымал болғанда, біреулер отбасында, махаббатта деп ойласа, біреулер Құдай жолында деп түсініп жатады.

Өмір тіршілік иесінің жаратылып тіршілігін тоқтатқанға дейінгі аралықты қамтиды, және осы кезеңде адамдар өмір сүру процессін бастан кешіреді. Бұл процесс барысында адамдар түрлі сезімдер мен оқиғаларды көріп, сезінеді. Адамдар проблемаларды, сезімдер мен көзқарастарды, бәсекелестік пен жарысу деген құбылыстарды ойлап табады . . . Бірақ бұл әрекеттердің түпкілікті мақсаты - бақытты сезіну немесе ғылым тілімен айтқанда, эндорфин-бақыт гармонын бөлу болып табылады. [1] Яғни, әр адам үшін өмір мәні бақытты сезінумен сипатталады. Өмірдің мәні- бақытты болуда, бірақ ол бақыт қандай сипатта болады және оған қалай жетеді ол әр адамда әртүрлі. Ол мақсат, арманға жету кезінде сезіледі. Бірақ арман-мақсатына жеткендердің бәрі бақытты ма? Кей адамдар жетістікке жетіп жатса да, бір нәрсе жетіспегендей болып тұрады. Неге? Менің ойымша Әль Фарабидың мына сөзі бұл сұраққа жауап бергендей: «Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында». Жақсылық пен ізгілік адам жанының тыныштығымен байланысты ұғымдар, және бұлар өмірдің мәні мен бақытқа тікелей байланысты деп білемін.

Осы дүние пайда болғалы бері өмір мәні туралы жыр жазбаған, өлең шығарып кітап жазбаған философ, ақын-жазушылар аз шығар. Франк, Цицерон, Шопенгауэр, Ломоносов сияқты ұлы тұлғалар өмірдің мағынасына қатысты трактаттар жазды. Одан бөлек қазақ ақындары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сұлманмахмұт Торайғыров сияқты ата-бабаларымыздың да еңбектерінде өмір сүру, өмір мәні мен өмір құндылығы туралы асыл өсиет сөздерін кездестіреміз. Тіпті өмір мәні мен адам табиғаты сияқты тақырыптарда да ұлы философтар зерттеулер жүргізген. Философиялық мектептер мен бағыттардың талдаулары бойынша философия тарихындағы өмір мәнін түсінудің негізгі тәсілдерін былай деп көрсетеді:

1) ешқандай мән болмайды немесе оған адамның білімі жетпейді;

2) өмірдің мәні өмірдің өзінде жатыр;

3) өмірдің мәні - үй салу, ағаш отырғызу, балаларды тәрбиелеу және т. б . ;

4) жер бетіндегі бақыт ғана бар және оны мүмкіндігінше барынша алуға тырысуымыз керек өмірдің абсолютті мәні жоқ;

5) өмірдің мағынасы дүниенің діни түсінуінде өлімнен кейін жанның пайда болуына деген ұмтылыс ретінде жатыр.

Сартр, экзистенциализм философиясының өкілі ретінде былай жазды:«Егер адам өлуге міндетті болсақ, онда біздің өмірімізде ешқандай мағына болмайды, өйткені оның проблемалары шешілмей қалады және проблемалардың мәні мағынасыз болып қалады . . . біз дүниеге келгеніміз абсурд, біз өлетініміз абсурд »[2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фараби: өмірі, философиялық көзқарастары және шығыстық перипатетизм
Этиканың мәні мен мазмұны: теориялық негіздер және Аристотель, Әл-Фараби мен қазақ ойшылдарының көзқарастары
Ислам философиясындағы әлем мәселесі: әл-Кинди мен әл-Фараби және түркі ойшылдарының космологиялық көзқарастары
ХІХ-ХХ ғасыр басындағы орыс философиясының бағыттары және өмірдің мәні мәселесі
Әл-Фараби, Махмұд Қашғари және Жүсіп Баласағұн: Ортағасырлық түркі ғылымы мен философиясының мұрасы
Әл-Фараби, Назарбаевтың Болашаққа бағдар мақаласы және Абай философиясы негізінде қазақ философиясының аналитикалық шолуы
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950): өмірі, шығармашылығы және педагогикалық-философиялық көзқарастары
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқаридің педагогикалық көзқарастары: тарихи-философиялық талдау
Әбу Насыр әл-Фараби: өмірі, ғылыми мұрасы және психологиялық көзқарастары
Этика және мораль: мәні, тарихы және Аристотель мен Әл-Фарабидің көзқарастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz