Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі Қазақстан кәсіпкерлігін дамыту бағыттары мен мемлекеттік қолдау шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Төртінші өнеркәсіптік революция кезіндегі кәсіпкерліктің даму бағыттары.

ТӨР кезінде адам, не болмаса технология емес, әлем - дамудың жаңа бағытына көшеді. Адам ойлаудың жаңа деңгейіне көтеріледі. Себебі адам санасы қоршаған ортаға қарап өзгеріп отыратындығы анық, ал ТӨР кезінде қоршаған ортаның мүлде басқа сипатқа айналу мүмкіншілігі жоғары. Жоғарыда әр дамудың жаңа деңгейінде артқа тартушы қауіп келетіндігін айтып өттік. ТӨР кезінде бізді қандай проблемалар күтуде?

  • технология жаңа сатыға көтеріліп жұмыссыздыққа алып келу
  • ұлттық кодтан айрылу
  • тауарды өндірудегі өзгеріс арқылы сапаны жоғалту т. с. с

Иә, айта берсек проблема көп, бірақ «Жақсылыққа деген бір қадамды кідірту, жамандыққа дген екі қадаммен тең». Қорқыныш, қауіп әрқащан болатындығы анық. Бірақ біз соны жеіу арқылы жаңа белесті бағындырамыз. Жоғарыда көрсетілген проблемалардың шешу жолын ұсынып көрейік. Біріншіден жұмыссыздықты шешу үшін жұмыс орындарының көптеп ашылуына жағдай жасау керек. Жәй жұмыс орнын емес қажеттілік туындаған жұмысқа көп көңіл бөлу керек және соны жастарға дұрыс жеткізетін платформа қалыптастыру керек. Жұмыс орындарының көптеп ашылуына кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Бәсекелестікті мемлекет жасап беруі керек, сонда қазіргі адамдардың басты құндылығына айналған ақша арқылы халықты белгелі бір деңгейде кәсіпкерлікке қызықтыруға болады. Бәсекелестікті дамытуда мемлекет тарапынан жасалу керек жұмыстар:

  • Салықтан 5 жылға босату
  • қадағалаушы органдар санын азайтып, қолдау білдіруші көмектесетін органдар санын көбейту
  • банктен несиелік көмек көрсету, иә қазір ондай көмек көрсету жолдары қарастырылған. Бірақ, көмекті жүйелі түрде беру әлі же болса жетілмеген. Қазіргі таңда, қайтарымсыз несиелер берілуде, бірақ ол несиелер 10/2-еуінде ғана өз нәтижесін беруде. Сол жүйені қайта жүйелі түрде қарастыру керек деп ойлаймын. Себебі тегін зат қызығушылықты арттырғанымен нәтижесін күтілген дәрежеде бермейтіндігін елімізде қалыптасқан жағдайлардан көре аламыз.

Қазіргі таңда кәсіп бастауда туындайтын қорқыныштар: тәуекел барудан қорқу, қандай кәсіп ашуын және қандай бағытта бастарын білмеу, қаржы жетіспеушілігі және т. б. Ал басталған кәсіпкерліктің жабылу себептерінің бірі қадағалаушы органдар тарапынан түсетін көп қысым, салық ауыртпалығы және бәсекеге шыдамау. Бәсекеге қабілетсіздігін жою үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Мысалға алатын болсақ кәсіпкерлер палатасын көбейту, арнайы кәсіпкерлікті қолдайтын қорлар құру. Елімізде ондай палаталар мен ұйымдар бар, бірақ олар республика орталықтарында (Алматы, Астана) ғана жұмыс жасап жатыр. Осындай палаталар мен арнайы қорлардың жұмыс жасау аумаған кеңейту арқылы, яғни ауылдық, аудандық аймақтарда көптеп ашып мемлекеттің қадағалуында ұстау арқылы кәсіпкерлік алағын кеңейтуге мүмкіндігі ашылады деп есептеймін. Яғни, осы арқылы кәсіпкерлер мен мемлекет арасында үлкен көпір қалыптастыру керек.

Сонымен қатар, еліміздегі кәсіпкерліктің тағы бір дамуына кедергі факторлардың бірі кәсіпкерлік туралы халықтың көп бөлігінде білім деңгейінің жеткелекті дәрежеде еместігі немесе мүлдем жоқтығы. Менің ойымша, халыққа кәсіп туралы түсіндіріп, оның даму шарттары мен бағыттарын көрсетіп және оларды кәсіпкерліктегі ұғымдармен таныстырып және халықты кәсіпкерлік бастауға қызықтыру сияқты шаралар жасалынса Қазақстандағы кәсіппен айналысу деңгейі біршама көтеріліп қалар ме еді? Мысалы көпетен адамдар франчайзинг лизинг сияқты ұғымдарды түсіне бермейді. Олар осылар сынды терминдерді білсе және олардың даму жолдары мен сырларын білсе елеміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылар еді. Халық осындай ұғымдарды білсе Қазақстандағы франчайзинг, лизинг сиқты бағыттар алға жылжиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту: мемлекеттік шаралар, проблемалар және перспективалар
Дағдарыс кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері мен фискалдық қолдау шаралары
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасында орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау
Шағын кәсіпкерлікті дамыту: ұғымы, даму бағыттары және мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту: экономикалық мәні, ерекшеліктері және мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту: проблемалар мен мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстан Республикасындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту: бағдарламалар, нәтижелер және мониторинг мәселелері
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту стратегиялары мен мемлекеттік қолдау механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz