Цифрлық экономиканың Қазақстанға берер мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Цифрлық экономиканың Қазақстанға берер мүмкіндіктері

Аннотация

В будущем уровень цифровизации станет ключевым фактором, определяющий уровень развития государства и компании. Компании на мировом рынке продемонстрируют конкурентоспособность благодаря активному использованию цифровых устройств. Внедрение цифровой экономики повысит эффективность бизнес-процессов, оптимизацию затрат, рост производительности труда . Для Казахстана цифровая технология приносит много изменений и возможностей.

In the future, the level of digitalization will be a key factor determining the level of development of the countries and the companies. Companies in the global market will demonstrate competitiveness through the active using of digital devices. The introduction of the digital economy will increase the efficiency of business processes, optimize costs, increase labor productivity. For Kazakhstan, digital technology brings many changes and opportunities.

Адамзат әртүрлі эволюциядан өтіп қазіргі таңда тағы бір жаңа кезеңге аяқ баспақшы. Бұл кезеңнің алдынғылардан ерекшелігі әлемнің бір-бірімен шексіз ақпараттармен қамтамасыз етілу мүмкіндігі. Бұл Төртінші өнеркәсіптік революция (ТӨР) алдыңғы үшіншінің дамыған, өңделген жаңа түрі болмақ. Массачусетс университетінің профессорлары Эрик Бринйолфссон мен Эндрю Макафи бұл кезеңді “Екінші машина ғасыры” деп атап, цифрлық технология толықтай енгізіліп, автоматтандырылған әлемді үлкен өзгерістер күтіп тұрғандығын өз еңбектерінде растайды. [1] Экономикалық қарым-қатынастар, ұялы байланыс, алуан түрлі ақпараттармен ғаламды торлаған интернеттің дамуы, сондай-ақ қоғам тұтынатын тауарлар мен қызметтердің кеңеюуі мен дамуы, оларға жұмсалатын шығындардың төмендеуіне байланысты цифрлық экономика, яғни цифрлық технологияларға негізделген экономикалық қызмет ұғымы пайда болды. Цифрлық экономика негізгі нысаны болып табылатын Төртінші өнеркәсіптік революцияның қамтитын ауқымы өте кең: адам геніндегі ақпараттарды өңдеп, анықтаудан нанотехнологияға дейін, энергоресурстарды қайта өңдеуден кванттық есептеуге дейін. Осы технологиялардың жиынтығы мен олардың физикалық, биологиялық және цифрлық бір-бірімен байланысы Төртінші өнеркәсіптік революцияны негізгі ерекшелейтін қасиеті. Ендігі уақытта цифрлану деңгейі компаниялардың және мемлекеттің даму көрсеткішін және бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болмақ. Әлемдік нарықтағы алдыңғы қатарлы елдер экономикасының барлық секторларына цифрлық құралдарды еңгізуде. Цифрлы экономикаға өту арқылы кәсіпкерлік секторынан бастап мемлекеттің Жалпы Ішкі өнімінің өсуіне мүмкіндік туады. 2010 жылдан 2016 жылға аралықта дамыған елдердің ЖІӨ-ндегі цифрлы экономиканың көлемі 4, 3%-дан 5, 5%-ға өскен, ал дамушы елдерде 3, 6%-дан 4, 9 % өзгерісті көрсетті. Цифрлы экономика ЖІӨ-інің көп бөлігін қамтитын ел Ұлыбритания- 12, 4%. “International Data Corporation” аналитикалық орталығының зерттеуіне сәйкес 2020 жылға қарай цифрлы технологияларға жұмсалатын шығын 1, 36 трлн АҚШ долларына өсуі мүмкін. [2]

Елдер
2010
2016
Елдер: Ұлыбритания
2010: 8, 3%
2016: 12, 4%
Елдер: Оңтүстік Корея
2010: 7, 3%
2016: 8, 0%
Елдер: Қытай
2010: 5, 5%
2016: 6, 9%
Елдер: Үндістан
2010: 4, 1%
2016: 5, 6%
Елдер: Жапония
2010: 4, 7%
2016: 5, 6%
Елдер: АҚШ
2010: 4, 7%
2016: 5, 4%
Елдер: Мексика
2010: 2, 5%
2016: 4, 2%
Елдер: Германия
2010: 3, 0%
2016: 4, 0%
Елдер: Сауд Арабиясы
2010: 2, 2%
2016: 3, 8%
Елдер: Австралия
2010: 3, 4%
2016: 3, 7%
Елдер: Канада
2010: 3, 0%
2016: 3, 6%
Елдер: Италия
2010: 2, 1%
2016: 3, 5%
Елдер: Франция
2010: 2, 9%
2016: 3, 4%
Елдер: Аргентина
2010: 2, 0%
2016: 3, 3%
Елдер: Ресей
2010: 1, 9%
2016: 2, 8%
Елдер: БАӘ
2010: 1, 9%
2016: 2, 5%
Елдер: Бразилия
2010: 2, 2%
2016: 2, 4%
Елдер: Турция
2010: 1, 6%
2016: 2, 3%
Елдер: Индонезия
2010: 1, 3%
2016: 1, 5%

2010 мен 2016 жылдар аралығындағы G20(алғашқы жиырмалық) елдердің ЖІӨ ішіндегі цифрлық экономика көлемінің өсуі . [2]

Қазақстан да дамушы ел ретінде әлем жаңалықтарынан қалмауы тиіс. Соған сәйкес елімізде цифрлануға қадамдар мен іс-шаралар басталып кетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің дамуының шарты - 10 іргелі бағытын атап, солардың барлығына цифрлы технологияларды енгізіп, дамытуды - негізгі мақсат етіп көрсетті. [3] “Цифрлы Қазақстан-2020” бағдарламасы еліміздің экономикасының трансформациясының негізгі бастамасы болмақ. Жаңа технологияларды еліміздің барлық салаларында еңгізу еңбек күшінің өз біліктілігін арттырып отыруын талап ететіні сөзсіз. Соған сәйкес елімізде IT саласына деген қызығушылықтар артып, мемлекеттің цифрлы кезеңге өту мақсаты біртіндеп орындалып, әлем елдерімен бәсекеге қабілетті бірден-бір мемлекет болады. Ұзақмерзімді Цифрлы дамуға жету үшін мемлекетіміз назар аудару керек бағыттар: кадрлардың біліктілігін арттыру, жастар арасында жаңа технологияларға деген қызығушылықты арттыру, цифрлы экономиканы халық арасында толықтай қамту, шағын және орта бизнес, мемлекет қызметкерлеріне және қарттарға жаңа технология тілін меңгеруге толықтай мүмкіндік жасау. Яғни, цифрлануға өту арқылы Қазақстан неге жетеді деген сұраққа жауап берсек:

  • ЖІӨ өсу мүмкіндігі
  • Өндіріс қарқынының өсуі
  • Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  • Өндірістік шығындарды төмендету
  • Жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру
  • Халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру
  • Кедейлік пен әлеуметтік теңсіздікті жою
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайды талдау
Қазақстанның ұлттық экономикасы үшін цифрлық технологиялардың маңызы
Еуразиялық экономикалық одақ
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Геосаяси әлеует ұғымы
Жібек жолының тарихи бастауы
Туристік саланы дамыту перспективалары
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық жүйесінің проблемалары мен даму болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz