Ана және бала институтын мемлекеттік қаржылық қолдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Ана және бала институтын мемлекеттік қаржылық қолдау

Жоба

Мазмұны

Кіріспе

  1. Ана және баланы әлеуметтік қаржылық қолдау негіздерінің Қазақстандық тәжірибесі
  2. Ана және бала институтын шет ел мемлекеттердің қаржылық қолдау тәжірибесі
  3. Қазақстан мен шет елдегі ана және баланы қорғау жүйесі бойынша салыстырмалық талдау
  4. Ана және бала институтын мемлекеттік қаржылық қолдауды оңтайландыру

Қорытынды

Кіріспе

Кез-келген мемлекет үшін, халқының әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-деңгейі ең бірінші орында тұратын мәселелердің бірі. Халықтың өмір сүру деңгейіне байланысты мемлекеттің экономикасы, болашағы анықталады. Қазіргі уақытта экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, тұрақсыздық және ел экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігіне байланысты халықтың жағдайы төмен отбасыларының проблемасы негізгі актуалды мәселеге айналды. Бұл әлеуметтік шиеленіс, қоғамның поляризациясы, жұмыссыздықтың, қылмыстың өсуісияқтыжағымсыз салдарларды тудырады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі - қоғамның экономикалық және әлеуметтік қажеттілігін дамыту және жетілдіру керектігімен түсіндіріледі және әлеуметтік саясатты ұйымдастырудағы негізгі элемент рөлін атқарады.

Отбасы, ана мен бала институты қоғамның маңызды құрылымдық және құнды элементтері. Олардың дұрыс жұмыс істеуінен қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын, оның демографиялық қауіпсіздік деңгейі мен моральдық көрінісін бағалауға болады.

Елдегі тұрақсыз жағдай экономикалық ахуалдың нашарлауына әкеп соғады, бұл халықтың, әсіресе халықтың ең осал топтарының - балалармен, көпбалалы отбасылардың, балалары бар аз қамтылған отбасылардың сапалы өмір сүру мүмкіндігін азайтады.

Әлемнің көптеген елдерінде ана мен баланы қорғау туралы заңдар тиімді жәнетолық іске асырылмайды. Бұл әлеуметтік жағдайдың маңыздылығын және үштік партиялардың үкіметтің, жұмыс берушілердің және жұмысшылардың, сондай-ақ гендерлік теңдікке қатысатын басқа да әлеуметтік қорғау ұйымдарының, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуын қажет етеді. Ана мен баланы қорғаудың қағидаттары мен міндеттерін іске асыру үшін ана мен баланы қорғаудың практикалық жағы туралы ақпарат жинап, атқарушы механизмдерді қадағалау және қолдану маңызды болып табылады.

Қазіргі цифровизацияның дамыған заманында мұндай проблеманы шешу жолдары өте көп болып табылады. Ақпараттық жүйе саласы дамыған елдердің көпшілігінде мемлекеттің ақша қаражаттарының қозғалысы анық әрі түсінікті, сол секілді Қазақстанда да халықтың маңызды бөлігі болып табылатын ана мен бала институын қорғау және қолдау үшін арнайы программа жүйесін жасау еліміздегі қазіргі таңда өзекті болып тұрған проблеманы шешу жолының бірі болуы мүмкін.

  1. Ана және баланы әлеуметтік қаржылық қолдау негіздерінің Қазақстандық тәжірибесі

Қазақстанда ана мен баланы қорғау және бала тууды ынталандыру мақсатында бірнеше шаралар мен жәрдемақы түрлері бар. Жәрдемақыны төлеу 2005 жылдың 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» ҚР Заңы аясында жүзеге асырылады[1] . Жыл сайынғы демографиялық өсуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекет ана мен баланы қорғауға бюджеттен қаражат бөлініп отырады. Соған байланысты елімізде жәрдемақылардың бірнеше түрі бар[2] :

  • Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы
  • Бір жасқа дейінгі баланы бағудағы жәрдемақы
  • 18 жасқа жетпеген балаларға тайындалып, берілетін ай сайынға мемлекеттік жәрдемақы
  • Көп балалы аналарға жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы- бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. 2018 жылы 395 мың адам осындай жәрдемақы алды.

  • бірінші, екінші, үшінші балаға - 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2018 жылы 91 390 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға - 63 АЕК немесе 2018 жылы 151 515 теңге.

Бір жасқа дейінгі баланы бағудағы жәрдемақы- бала туған күннен бастап бір жасқа дейінгі кезеңде беріледі. Егер бір жасқа толмаған бал саны екі немес одан да көп болса, жәрдемақы әр балаға төленеді. Жұмыс жасайтын аналар бала туылғанда бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін жәрдемақы мөлшері басқаша есептеледі. Бірақ оны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар ала алады, яғни жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар төлейді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша мұндай төлемнің орташа мөлшері 391 170 теңгені құрады. Бала туғаннан кейін (жұмыс істемейтін) ана бала бір жасқа толғанша жәрдемақы ала алады. Бұл жәрдемақыны ерлер де ала алады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін соңғы жұмыс жасаған кездегі 24 айдың орташа жалақы мөлшерінің 40%-ын есептеу арқылы әлеуметтік төлемді есептейді. 2017 жылы жәрдемақыны 125 мыңнан астам қазақстандық алды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 2018 жылы 32 361 теңгені құрады.

Көп балалы аналарға жәрдемақы -көп балалы аналардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау шарасы ретінде көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Соның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға6, 4 АЕК немесе 2018 жылы 15 392 теңге төленеді. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға (арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасыларға ғана төленеді) : 4, 16 АЕК немесе 2018 жылы 10 005 теңге. 2018 жылға дейін Қазақстанда көп балалы отбасылар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алып, жәрдемақының орташа мөлшері 10 мыңнан астам теңгені құрады.

Сонымен қатар жаңа форматтағы әлеуметтік көмек ретінде іске асатын жәрдемақы бар. Оны былай есептейді: егер жеті адамнан (әкесі, анасы және бес баласы) тұратын отбасында ата-анасы жұмыс істемесе, олардың біреуі 70 мың теңге жалақымен жұмыс табады. Содан кейін отбасының әрбір мүшесіне арналған шығыстарды анықтайды. Бұл үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы 29 698 теңгені құрайды, яғни 14 849 теңгені отбасындағы адам санына көбейтеді (7) = 103 мың теңге. Әкенің жалақысы 70 мың болғандықтан, шығындарды жабу үшін тағы 33 мың теңге жетіспейді. Бұл соманы мемлекет атаулы әлеуметтік көмек ретінде береді. Бірақ егер ата-анасының екеуі де еңбекке жарамсыз болса, онда барлық соманы (103 мың) өтеуге тиіс. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Егер төрт немесе бес бала болса, ай сайын 10 504 теңге. Егер әйел алты және одан да көп бала тәрбиелесе, 16 160 теңге алады. Бүгінде мұндай құрметті атаққа 237 мың ана ие. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы балалы отбасыларды қолдау үшін 365 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Қазақстанның ана мен баланы қорғау бойынша мемлекет тарапынан қаржыландыру көздері елдегі аналар мен балалардың қажеттілігі мен қауіпсіздігін толық қамти алмауы қазіргі таңдағы елдегі дау туғызатын мәселенің бірі болып тұр. Бірнеше себептердің салдарынан төленетін жәрдемақылардың көлемі мемлекеттің әлеуметтік қорғауын жүзеге асырылмауына әсер етуде. Жылдан жылға ана мен баланы қорғауға бөлінетін қаражаттың көлемі артқаны мен жан басына шаққанда әр бала мен ананы қамту сол деңгейінде қалуда.

  1. Ана және баланы әлеуметтік қаржылық қолдау негіздерінің шет мемлекеттердің қаржылық қолдау тәжірибесі

Ана мен баланы сақтау және қорғау көптеген дамыған және дамушы елдерде халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың негізгі нысандарының бірі болып табылады. Ана мен баланы қорғау мемлекеттік заңнамамен реттеледі және әр елдеәртүрлі болып келеді. Халықаралық еңбек ұйымының (ары қарай ХЕҰ) деректері бойынша ұзақтығы кемінде 12 апта болатын жүктілік және босануы бойынша демалыс 185 елдің 157 - інде беріледі, ХЕҰ-ның талдауы бойынша 98 елде демалыс ұзақтығы кемінде 14 аптаны және тек 42 елде-18 аптаны және одан да көп уақытты құрайды. 12 аптаданкем жүктілік және босану бойынша демалыс әдетте Таяу Шығыс және Африка елдерінде бар[5] . Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар ХЕҰ талдаған 185 елдің 183-інде төленеді, тек АҚШ пен Папуа-Жаңа Гвинеяны қоспағанда. 107 елде ақшалай жәрдемақылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі есебінен, 47 елде - жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылады, 29 елде төлемдердің аралас схемалары (жұмыс беруші мен мемлекеттің бірлесіп қаржыландыруы) жұмыс істейді. Еуропаның көптеген елдерінде жүктілік пен босану бойынша демалыс ұзақтығы 20 аптадан аспайды. Германияда, Исландияда, Швецияда, Швейцарияда ең аз уақыт - 12-14 апта қарастырылған. Ал Хорватия - 58 апта, Албания, Босния және Герцеговина, Черногория және Ұлыбританияда - 52 апта. Бұл ретте Еуропадағы жүктілігі мен босануы бойынша ақшалай төлемдердің мөлшері алдыңғы кезеңдегі табыстың орташа көлемінің кемінде 70% - ын құрайды (Словенияда 65% деңгейінде) . 25 елде алдыңғы кірістердің 100 % деңгейінде қаржыландыру көзделген. [5]

Германияда жүкті әйелдерді, балалары бар отбасыларды, балалар мен жастарды қорғау мен қаржылай қолдау үшін кешенді көмектер көрсетіледі. Неміс заңдары жүкті әйелдердің құқықтарын, соның ішінде жүктілік кезіндегі демалыс, аналық жәрдемақы және жұмыс берушілер субсидияларын анықтайды. Әлеуметтік көмек алатын әйелдерге қосымша шығындар үшін ақшалай қаражат беріледі. Сондай-ақ, Германияда отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек пен жәрдемақылар түрлері туралы ақпарат беретін кеңес беру бөлімшелері бар. Мұндай мәселелер қайырымдылық ұйымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа ұйымдарда жұмыс істейді. Германиядағы базалық балаларға арналған жәрдемақы Kindergeld деп аталады. Отбасыларда тұратын әр балаға ата-анасының біреуіне немесе басқа қорғаншысына ай сайын төленеді, ол бала 18 жасқа толғанға дейін төленеді. Жәрдемақы отбасылық билет кассасы (Familienkasse) арқылы төленеді. Егер бала бөлек өмір сүрсе, ол балада ақшасын өзі банктегі шоты арқылы алады. Бұл жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты.

Германияда бірнеше әртүрлі балалар жәрдемақылары бар, олар тек олардың түсуі бойынша ғана емес, сондай-ақ төлемдер көлемінде де ерекшеленеді. Мәселен, Германияда ата-аналар мынадай балалар жәрдемақысын алуға құқылы: (Кесте 1)

  • Kindergeld (Балаларға жәрдемақы)
  • Kinderzuschlag ()
  • Leistungen für Bildung und Teilhabe(Балалардың білім алуына төлем)
  • Unterhaltsvorschuss(Жалғысбасты анаға төленетін жәрдемақы)
  • Mutterschaftsgeld(Жүктілік жәрдемақысы)
  • Elterngeld (Ата-аналық жәрдемақы)

Кесте 1: 2018 жылғы Германиядағы балаларға және ата-аналарға төленетін жәрдемақы түрлері [6]

Ескерту: №6 әдебиет негізінде авторлармен құрастырылған.

Жәрдемақы атауы
Реттеуші орган
Жәрдемақы көлемі, айына
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы
Жәрдемақы атауы:

Балаларға жәрдемақы,

Kindergeld

Реттеуші орган: BKGG, EStG
Жәрдемақы көлемі, айына: 194 дан 225 € ға дейін, бір балаға
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы: 25 жасқа дейін
Жәрдемақы атауы: , Kinderzuschlag
Реттеуші орган: BKGG
Жәрдемақы көлемі, айына: 170 € дейін
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы: Әр балаға 36 ай бойына
Жәрдемақы атауы: Балалардың білім алуына төлем,
Реттеуші орган: SGB II
Жәрдемақы көлемі, айына: Негізгі шығындар өтеледі. сонымен қатар 100 € мектептегіжыл үшін, және 10 € ай сайынғы мектептен тыс қосымша сабақтар үшін
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы: 25 жасқа дейін
Жәрдемақы атауы: Жалғысбасты анаға төленетін жәрдемақы, Unterhaltsvorschuss
Реттеуші орган: UhVorschG
Жәрдемақы көлемі, айына: 154 €-дан 273 € -ға дейін, баланың жасына байланысты өзгеріп отырады.
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы: 12 жасқа дейін
Жәрдемақы атауы: Жүктілік жәрдемақысы, Mutterschaftsgeld
Реттеуші орган: MuSchG
Жәрдемақы көлемі, айына: Жүктілік кезіндегі әйелдің орташа жалақысына тең.
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы: Бала туылғанға 6 аптаға дейінгі, және кем дегенде бала туалғаннан кейінгі 8 апта.
Жәрдемақы атауы: Ата-аналық жәрдемақы, Elterngeld
Реттеуші орган: BEEG
Жәрдемақы көлемі, айына: Basiselterngeld:
300 €-дан 1800 €-ға дейін
ElterngeldPlus:
150€ -900 €
Жәрдемақы төлеу ұзақтығы:

Basiselterngeld:
14 айға дейін
Elterngeld Plus:

28 айға дейін

Ата-аналар Familienkasse Kindergeld-ке материалдық немесе отбасылық жағдай туралы өзгерістер туралы хабарлауға міндетті, әйтпесе олар ақшалай қаражатты қайтадан айыппұл ретінде төлейді. Мәселен, келесі өзгерістер туралы хабарлау қажет:

  • ата-аналардың бірі мемлекеттік қызметті алты айдан астам уақытқа бастайды;
  • екінші ата-ана «балалар ақшасын» алу туралы өтініш берді;
  • ата-аналардың біреуі шетелде жұмыс істейтін болады;
  • бала шетелде тұра береді;
  • ата-аналар ажырасуға ниеттенеді (бұл жерде Германияда ажырасу туралы көбірек ақпарат) ;
  • ата-аналар немесе балалар тұратын жерін өзгертті;
  • бала қайтыс болды немесе жоғалып кетті;
  • шот нөмірі өзгерді.

Kinderzuschlag - күнкөріс минимумынан төмен табыстары бар отбасыларға арналған субсидиялар. Бұл ақшаны отбасы мүшелері әлеуметтік жеңілдіктер немесе жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алмаған жағдайда алуға болады. Субсидиялар туралы өтінішті Familienkasse-ге жіберу керек.

Жәрдемақы көлемі отбасы табысы негізінде есептеледі. Отбасылардың табысы қаншалықты көп болса, соғұрлым субсидиялар саны соғұрлым аз. Бұл ақшаны алу үшін ерлі-зайыптылардың ең төменгі табысы кем дегенде 900 еуро, ал жалғызбасты аналар үшін - 600 евро болуы керек. Максималды шегі, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға сәйкес отбасыға берілетін сомаға сәйкес келеді. Талап етілетін соманы есептеу үшін түрлі факторлар есепке алынады, мысалы, тұрғын үйге арналған шығындар, оның ішінде коммуналдық төлемдер. Ең жоғарғы айлық субсидия бір балаға 170 евро. Балалардың әрқайсысына үш жылдан аспайтын қаржылық көмек алуға болады.

Бала күтімі жөніндегі ата-ана жәрдемақысын Elterngeld бала туғаннан кейін бір немесе екі жыл ішінде алуға болады. Ресімделген жағдайда көмек екі жылда ай сайынғы төленетін сома екі есе аз бөлігін алып еді, ата-анасы бір жылдық жәрдемақы. Осылайша, қарамастан, қандай мерзімге ресімделеді материалдық көмек, жалпы мөлшері, сайып келгенде, бірдей болады.

Осы жәрдемақыны алу үшін ата-ананың аптасына 30 жұмыс сағаты болуы тиіс. Ақшалай көмек мөлшерін есептеуге ата-аналардың табысы әсер етеді. Жылдық жәрдемақыны рәсімдеу кезінде алуға болатын ең жоғарғы сома 1 800 Еуро, ең төменгі - 300 Еуро. Екі жылдық төлем кезінде сома, тиісінше, екі есе аз: максимум - 900 евро, кем дегенде айына 150 евро. [7]

Қорыта айтқанда, Германияда балаларға арналған жәрдемақының бірнеше түрі бар. Негізгі жәрдемақы - Kindergeld-ата-анасымен немесе қамқоршысымен тұратын барлық кәмелетке толмағандар (ал кейбір жағдайларда кәмелетке толмағандар) алуға құқылы және оның мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты. Басқа жәрдемақылар болған жағдайда отбасыларға талаптар көбірек қойылады. Мысалы, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрмысы төмен отбасылар дотацияға(субсидия) құқылы. Сондай-ақ, ажырасқан, алимент алмайтын жалғыз басты ата-аналар материалдық көмекке сене алады. Сондай ақ жүктілік деалысы кезінде де жәрдемақылар алуға мүмкіндігі бар. Одан бөлек егер бала оқыса, онда мектеп шығындарының көпшілігін мемлекет төлейді.

Кесте 2: 2018 жылғы, Германиядағы әр балаға берілетін жәрдемақы көлемі

Отбасындағы балалар саны
1 балаға ай сайынғы төлем, евро
Отбасындағы балалар саны: Бірінші және екінші бала
1 балаға ай сайынғы төлем, евро: 194. 00
Отбасындағы балалар саны: Үшінші бала
1 балаға ай сайынғы төлем, евро: 200. 00
Отбасындағы балалар саны: Төртінші баладан астап
1 балаға ай сайынғы төлем, евро: 225. 00

Ескерту: №6 әдебиет негізінде құрастырылған .

Kindergeld жәрдемақысының көлемі балалардың санына байланысты. Бірінші және екінші ұрпақ үшін 2019 жылы ата-аналар айына 194 еуро, үшінші - 200 еуро, төртінші, бесінші және барлық кейінгі балалар үшін - 225 еуро алады. Егер бірінші бала 19 жаста болса, онда ақшаның төленуі тоқтайды, одан кейінгі келесі ең үлкен бала бірінші болып саналады. Осылайша, үшінші бала 200 емес, 194 еуро, ал төртінші - 200 болады. Мұндай ауысым 19 жасқа дейін немесе (белгілі бір жағдайларда) 25 жасқа толған сайын өтеді. (Кесте 2) [6]

Ал Ресейдің жағдайына келсек соңғы жылдары халық санының орташа есеппен жылына 700 мың адамға қысқаруының теріс үрдісі байқалып отыр, оның ішінде балалар саны жылына 1 миллион адамға азайып, бала тууды ынталандыру және балалы отбасыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың дамуы айтарлықтай өзектілікке ие болып отыр деп айтуға болады. [4] Ресей экономикасы дағдарыстық үрдістерді бірте-бірте жеңе бастағанына қарамастан, экономикалық проблемалар Ресейдің туу көрсеткіші алдында тұрған басты кедергі болып табылады, оған қоса балалы отбасылардың табысы да жеткіліксіз. Осы мақсатта Ресей Үкіметі ана мен баланы қолдау саясатын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта ана мен баланы мемлекеттік қолдаудың негізгі әдістері, бұл бала күтімі жөніндегі жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, ана капиталы, балалар үшін мекемелердің қызметтеріне ақы төлеу үшін әртүрлі жеңілдіктер, жалғыз басты ата-аналарды немесе жетім тәрбиешілерді материалдық қолдау сияқты шаралар болып табылады. Ресейде ана мен баланы қорғау бойынша негізгі акт Ресей Федерациясының конституциясы болып табылады. Сондай-ақ бала тууды арттыру, отбасы институтын қолдау, отбасылық, әкімшілік, еңбек кодекстерінде бекітілген балалардың мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар бар. Ана мен баланы қорғау жөніндегі шаралар кешенді сипатқа ие және дамыған шаралар жүйесін қамтиды. Ана мен балаға қатысты мемлекет саясатының негізгі мақсаттары:

  • неке санын арттыру және ажырасу санын төмендету;
  • балалар, ана және бала өлім-жітімінің көрсеткіштерін төмендету;
  • жетім балаларға қамқорлық жасаудың тиімді жүйесін құру;
  • қадағалаусыз қалған балалар мен қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың санын қысқарту.

Осы әлеуметтік саясат бағыттары бойынша едәуір бюджет шығыстарын қамтиды:

  • Денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, білім сияқты бюджеттік салалардағы әйелдер үшін жалақы қорын қалыптастыру;
  • жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және балаларға арналған жәрдемақы;
  • жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар, сондай-ақ бала күтімі бойынша жәрдемақы;
  • туу кезіндегі немесе баланы отбасына тәрбиелеуге берген кездегі жәрдемақы;
  • мүгедек балаларға зейнетақы және т. б;
  • Федералдық, өңірлік, муниципалдық мақсатты бағдарламалар: «Дети России», «Обеспечение молодых семей жильем» және т. б;
  • ана капиталын төлеу. [3]

Федералдық бюджет, Ресей субъектілерінің шоғырландырылған бюджеттері және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар есебінен балалар мен отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларына арналған шығыстар 2016 жылы 486 млрд. руб. (2527, 2 млрд теңге) немесе ЖІӨ-нің 1, 08% - ын құрады.

Ресей Федерациясында - 78, 7 млн әйел жынысты тұлға (халықтың жалпы санының 54%-ы, яғни 146, 8 млн, Росстат мәліметтері бойынша 2017 жылдың 1 қаңтары) . 2016 жылы 35, 2 млн әйел жұмыс істейді (барлық жұмыспен қамтылған халықтың 48, 7%-ы, яғни 72, 3 млн) . Экономикалық белсенді әйелдер арасында 22, 3 млн (63, 5%) некеде тұр, 4, 9 млн (13, 9%) тұрмыс құрмаған, 2 млн (5, 8%) - жесір, 5, 9 млн (16, 8%) - ажырасқан. 2016 жылы Росстаттың алдын ала мәліметтері бойынша, Ресейде 985, 8 мың некелесу және 608, 3 мың ажырасу тіркелді, 1 млн 893, 3 мың бала туды. 14 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар саны - шамамен 25 млн.

2017 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдегі жәрдемақы көлемі [9]

Жәрдемақытүрі
Өлшемі
Жәрдемақытүрі: Жүктілікжәрдемақысы
Өлшемі: .
Еңтөменгіорташажалақы формула бойыншаесептеледі:
Еңтөменгіжалақы x 24/730 (7800 x 24/730 = 256, 44 рубль) - 1384, 7 тг
2017 жылы жеңілдіктерді есептеу үшін күнделікті орташа табыстың ең көп мөлшері:

(670, 000 рубль + 718, 000 руб. ) / 730
Жәрдемақытүрі: 12 аптаға дейін клиникада кеңес алуға тіркелген әйелдерге біржолғы төлем
Өлшемі: 613, 14 руб. - 3310, 9 тг
Жәрдемақытүрі:
Өлшемі: 16 350, 33 руб. - 88291, 7 тг
Жәрдемақытүрі: Баланы отбасындатәрбиелеуге беру
Өлшемі: 16 350, 33 руб. - 88291, 7 тг
Егермүгедек бала тәрбиегеберілсе, жетіжастанасқан бала, сондай- бар балалар - 124 929, 83 рубль. - 674 621, 1 тг (әрбір бала үшін)
Жәрдемақытүрі: ай сайынғыжәрдемақы 1, 5 жылғадейін
Өлшемі: - 3065, 69 рубль. -16 554, 7 тг
аз мөлшері - 6131, 37 рубль. - 33 109, 1 тг
- 23120, 66 руб. - 124851, 5 тг
Жәрдемақытүрі: Аналық капитал
Өлшемі: 453 026 руб. - 2 446 340, 4 тг
Жәрдемақытүрі: .
Өлшемі: 25 892, 45 руб. - 139 819, 23 тг
Жәрдемақытүрі: ай сайынғыжәрдемақы
Өлшемі: 11 096, 76 руб. - 59 922, 5 тг

Жәрдемақы түрлері:

  • жүктілік және туу жәрдемақысы;
  • жүктіліктің ерте кезеңдерінде медициналық мекемелерде тіркелген әйелдер үшін біржолғы жәрдемақы;
  • баланың туылуына біржолғы жәрдемақы;
  • 1, 5 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы;
  • Ресей Федерациясы субъектісіне белгіленген ай сайынғы бала жәрдемақысы;
  • аналық капитал;
  • баланы отбасында тәрбиелеуге беру кезінде біржолғы жәрдемақы;
  • әскери қызметте немесе әскери қызметте болған жүкті әйелдің біржолғы жәрдемақысы;
  • Әскери қызметке шақырылған жауынгердің баласына ай сайынғы жәрдемақы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Норвегиядағы әлеуметтік қызметтің бастамалары
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі ұсынымдамасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz