Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанда кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы және даму перспективасы

Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясатының басымды бағытының бірі - ол кәсіпкерлікті құру мен оны дамыту. Өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекет саясатында бірнеше жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметінің заңдылығын күшейту мен оның жүзеге асуын қадағалау және өнеркәсіптік кәсіпкерліктің мүддесін қорғау жұмыстары. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың 5-ші Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның негізгі тапсырмалары болып мыналар табылады:
* өнеркәсіптік кәсіпкерлікте салықтық әкімшілік жүйесін толық жетілдіру;
* қаржылық-кредиттік жүйенің және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті инвестициялық қолдауды дамыту;
* кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту;
* оқыту, ақпараттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті насихаттау;
* кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жүйелендіру және толық жетілдіру. 2004 жыл бойы Қазақстан Республикасында 2004-2006 жылдарға шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде өнеркәсіптегі кәсіпкрелікті дамыту мақсатында келесідей институттар құрылып өз қызметтерін көрсетуде, олар: Технология трансферті және инжиниринг орталығы АҚ; Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы АҚ; Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ; Ұлттық инновациялық қоры АҚ. Сонымен қатар, мемлекет қолдауымен және отандық кәсіпкерлердің өз ұсыныстары нәтижесінде келесідей одақтар құрылған: Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы ЗТБ; Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы ЗТБ; Атамекен Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпыұлттық одағы ЗТҚ. Технология трансферті және инжиниринг орталығы АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздың №775 2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы қаулысын орындау үшін құрылған. Орталық Қазақстанның экономикалцық құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспапрларды ұйымдастыру қолға алынды. Бүгінде ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін жасауда Виртуалды технопарк концепциясы құрылған. Орталықтың екінші қызметі - инжинириг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғарғы технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру. Мемлекеттің дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет - жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттың дамуы, сапаның халықаралық стандарттары және экологиялылығы. Маркетингті сараптамалық зерттеулер орталығы АҚ - 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификациялау процессін сараптамалық қамтамасыз ету үшін құрылды. Бұл орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтер көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты-анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құрып, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді таратады. Шағын кәсіпкрелікті дамыту қоры АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 Шағын кәсіпкрелікті дамыту қорын құру туралы қаулысына сәйкес құрылған. Оның мақсаты шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, мемлекеттің қаржыны тиімді басқару мен қолдануын көтеруге және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық дамуын және құрылуын ынталандыру. Қордың негізгі қызметі, несиелер және лизинг түрін берумен байланысты. Қор Қазақстан Республикасының Үкіметі бөлген республикалық бюджет қаражатының және жеке қаражаты есебінен несиеленеді. Қазіргі таңда қор мына бағдарламалар бойынша қаражаттарды жүзеге асырады:
* Ауылшаруашылық саласына (56 млн. АҚШ доллары) Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық қарызы (АДБ);
* Даму және Қайта орнату Еуропалық Банкінің несиелік лимиті арқылы Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасын дамыту. (77,5 млн. АҚШ доллары);
* Республика бюджеті есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы (300 млн. теңге);
* Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.
Қор өз қызметін бастағаннан бері 577 жобаны 6,3 млрд. теңгеге қаржыландырды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаражатқа қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға үш жыл ішінде 2005-2007 жылдары Қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен шамамен 30 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде алынған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады:
* жобалық қаржыландару
* қаржылық лизинг
* банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру
* франчайзинг
* факторинг
* дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру
* екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.
Ұлттық инновациялық Қор АҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық инновациялық Қор, Акционерлік қоғамды құру туралы 2003 жылғы 30-мамырдағы №502 қаулысымен құрылды. Оның мақсаты ҚР нақты зерттеуді қажет ететін өндірістер мен жоғары технологиялық даму, инновациялық актив өсіміне қолқабыс жасау. Қор қызметінің негізгі бағыты болып саналады:
* ҚР аймағында еншілес қорларды құруға инвестицияларды тарту және инвестициялау;
* инновациялық жоспарларды жүзеге асырушы компанияларды инвестициялау;
* ұлттық инновациялывқ инфрақұрылымның элементтерін құруды инвестициялау.
Инвестициялаудың негізгі түрі заңды тұлғалар жарғылық капиталын ұлғайту және құру кезінде, қатынастың акциясын үлесін алу жолымен жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу. Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ - өз қызметін 2003 жылы шілдеде Елбасы экономиканың шикізат саласында емес жеке сектор ынталарына қаржылық көмек көрсету, болашағы бар кәсіпорындардың жоспарларына инвестицияларды тарту және жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық Стратегиясын іске асыру бойынша қатысу мақсатында Қазақстанның инвестициялық қоры Заңына қол қойғаннан кейін бастады. Қор 49%-ға дейін акцияны алып жобаларда тікелей инвестор ретінде шығады. Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11-маусымында басталған болатын. Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру туралы жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу арқылы қаржылық көмек көрсету. Қазіргі таңда Қор 70 млн. АҚШ долларынан 20-ға жуық жобаны қаржыландырды. 2007 жылы Қор 1.2 млрд. АҚШ долларынан (145 млрд. теңге) астам 22 жобаны қаржыландырды. Қазақстанның Даму Банкі АҚ - ел экономикасына инвестицияларды тартуға қолдау жасау, өңдеуші өнеркәсіп пен өндірістік инфрақұрылының дамуына, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында Қазақстанның Даму Банкі туралы 2000 жылғы 28-желтоқсандағы №531 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 2001 жылы 25-сәуірде құрылды. Мемлекет арнайы құрылған даму институттары арқылы, өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қаржыландыру бойынша иілмелі шарттарды ұсынуда. Кәсіпкерлік бойынша құрылған комиссяилар мен кеңес арқылы мемлекет экономикалық қарым-қатынастарды жүзеге асырып ағымдағы мәселелерді шешу бойынша оларды дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін көмек көрсетеді. Келесі құрылған ұйым Атамекен мен Қазақстанның жұмыс берушілері және кәсіпкерлерінің жалпы ұлттық одағы ЗТҚ. Оны құру туралы шешім Қазақстанның кәсіпкерлері Конгрессін өткізу барысында қабылданған еді. Қазіргі таңда одақтың құрамына мыңдаған Қазақстанның экономикалық секторында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 34 басты салалық қауымдастықтар кіреді. Олардың ішіне мұнай-газды саласы ұйымдарының қауымдастығы, кен қазу және кен-металлургиялық кәсіпорындар, сүт және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шылым өндірушілер және кәсіпорындар, сауда-өнеркәсіптік палаталарының одағы, фермерлер, құс өсіруші және инжиниринг компаниялар кіреді. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы ЗТБ заңды тұлғалар қалауымен құрылып еркіндік, мүшелер құқықтарының теңдігі, өздері басқаруға мүмкіндіктердің болуы, заңдылық, қызмет есептілігі және жариялылығы негізінде жұмыс жасайды. Форум құру мақсаты - өнеркәсіптегі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау және экономикалық реформаның қозғалуына қатысатын кәсіпкерлер ұйымы және қорлардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, салалық және аймақтық одақтарды бірлестіру. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы ЗТБ 2000 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палата Одағы тіркелді. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік Одағының Жарғысында өнеркәсіптік кәсіпкерлікті қолдау басты міндететрінің бірі ретінде белгіленген. 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Стратегияның маңызды міндеттерінің бірі инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асырып, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру болып табылады, бұл индустриалды-инновациялық дамудың қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарастыруды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды талап етеді. Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру - кедейшлік деңгейін төмендету және микро және өнеркәсіптік кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген. Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату, еңбекпен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) көрсету болып табылады. Микрокредит беру жүйесі ел Президентінің халыққа жолдауынан бастау алады. Қазақстан - 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту (10.10.1997 ж.), онда ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады... делінген. Осылайша, Ел Басының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының жағдайы жақсы азаматтарына микрокредит берудің алғашқы бастамасы болды. Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілмелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген немесе заңды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кердиттің максималды сомасы 1,0млн. теңгеден (1000 АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда өзіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы №862 қаулысымен бекітілген Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжырымдамысына сәйкес микрокердиттік жүйені қолдау екі бағыт бойынша жүргізіледі: - Микрокредиттік ұйымдарды ШКДҚ АҚ-тың үлестік қатысуымен құру және оларды ресурстық қолдау; ШКДҚ АҚ-тың үлестік қатысуымен бағдарламаны іске асыру шеңберінде 30 микрокредиттік ұйым құрылды. Қор инвестициялардың құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 98,9 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 2006 жылы Қор инвестицияларының құрылған МКҰ жарғылық капиталына жиынтық мөлшері 18 млн. теңге 9 МКҰ құрылды. - Қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарға кредит беру. Қазақстанда микрокредит беру секторын дамыту бағдарламасы бойынша Қор жалпы сомасы 4 183,76 млн. теңге 129 жобаларды қайта қаржыландырды, оның ішнде 2006 жылы 70 жоба жалпы сомасы 2 703,08 млн. теңге (ставка 6%). 2007 жылы 1-қаңтарда СА деректері бойынша республикада 745 микрокредиттік ұйымдар құрылған. Микрокредиттік ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгеннен бастап (2003 жыл) тіркелген МКҰ саны 7,5 есе немесе 645 ұйымға ұлғайды. Бұл микрокредиттік ұйымдар рөлінің артқанын, кәсіпкерлік субъектілері үшін де, сонымен қатар халықтың көа бөлігі үшін де үлкен мүмкіндіктердің бергендігін білдіреді.

Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқаны белгілі болып отыр. Ең бастысы шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. өсім соншалықты да жоғары емес, небәрі пайыздық бөлігі ғана. Оның ЖІӨ-де өзіндік үлесі бар. Ол 30% құрайды. Қазіргі кезде кәсіпкерлік Қазақсатнның бүгінгі экономикасында лайықты орын алуда.
Біз Қазақстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру тураыл алдымызға өршіл мақста қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады, - деп атап көрсетті Президент.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі - қоғамдық пікір де оған ақрсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғырударды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензиялатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол "Қазақстан-2030" Стратегиясы, "2010-стратегиялық жоспарды" және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары - Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банк, Инновациялық қор, экспортты сақтандыру, жөніндегі корпорация. Инжинниринг және тхнологиялар трансферті орталығы осы жылоды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызады. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден астатын 90-ға тарта жоба қаржыландырылуда.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәсәлелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекге қабілетті өнмідерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-уақатынның жалпы деңгейін көтереді. Респкбликамызда тағы бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Венчурлық капитал
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы мен қазірп жағдайы
Пәндер