Агрессивті балалармен психологиялық - педагогикалық әрекеттестік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Агрессивті балалармен психологиялық-педагогикалық әрекеттестік.

Қазіргі кезде жасөспірімдер агрессивтілігі аса өзекті мәселе, қоғамның барлық саласын қамтиды, педагогтер мен ата-аналардың алаңдаушылығын тудырады.

Аталған жасты «қиын», «сыни», «жанжалды» деген терминмен сипаттау дәстүрге айналды.

Психологияда агрессияның 2 түрі бар:

  • Вербалды:
  • жанама - құрдасын кінәлауға немесе қорқытуға бағытталған; ол құрдасын шеттетуге бағытталған шағымдар, демонстративтік айғайлар, агрессивті қиялдар түрінде көрініс табады;
  • тура - басқа адамды кемсіту мен сөзбен қорлауды білдіреді.
  • Физикалық:
  • жанама - тікелей физикалық әсер ету арқылы басқа адамға қандай да бір материалдық шығын келтіруге бағытталған;
  • тура - басқа адамға шабуыл жасау мен оған физикалық жара салып, кемсітуді білдіреді; екі формаға енуі мүмкін - символикалық және шынайы.

Агрессивті балалар мінезінің ерекшеліктері:

  • жағдайдың ауқымды ортасын өздеріне қауіп төндіретін, қауіпті орта ретінде қабылдайды;
  • өзіне деген жағымсыз көзқарасты сезеді;
  • өзін айналасындағылардың кері қабылдауына дайын;
  • өзінің іс-қимылын қастандық деп бағаламайды;
  • өзінің деструктивті қылығы үшін айналасындағыларды кінәлайды;
  • қасақана агрессияшылдық жағдайында айыптылық сезімі жоқ, немесе ол өте әлсіз;
  • өзінің іс-қимылы үшін жауапкершіліктен қашқақтауға бейім;
  • өз эмоцияларын бақылауы әлсіз дамыған;
  • ашудан басқа өз эмоцияларын байқамайды;
  • өзінің іс-әрекетінің салдарын болжай алмайды;
  • агрессияны оң қабылдайды, себебі тек сол арқылы өзінің маңыздылығы мен күшін сезінеді;
  • тұлғалық алаңдаушылықтың жоғары деңгейіне ие;
  • өзін өзі бағалауы адекватсыз, көбіне төмен;
  • өздерін шеттетілген күйде сезінеді.

Балалардың ішкі әлемінен ересектер тарапынан көңіл аудару керек, жаралушы жағдайларда, өзін өзі реттеу мен бақылау машықтарын меңгеруіне конструктивті ықпалды көмек көрсету қажет.

Ықпал ету және мінез-құлық үлгілері:

  • шыдамдылық(төзу) ;
  • түсіндіру(оның іс-қимылының неліктен дұрыс емес екендігін барынша қысқаша түсіндіру) ;
  • назарын басқаға аудару(басқа барынша қызықты нәрсені ұсыну) ;
  • асықпаушылық(жазалауға асықпаңыз, іс-әрекет қайталануы мүмкін) ;
  • марапаттау(жақсы іс-қимылын марапаттап, тағы да мақтау есту ниетін ояту керек) ;
  • елемеушілік(жазғыруларға назар аудармаңыз) ;
  • мәнер(егер ересек дауысын көтерсе, онда жақсы үлгі көрсетеді) .

Тәрбиелеу міндеттері - балалардың іс-қимылымен қатар тілектерін де өзгерту. Өзіндік сананы дамыту орталық психологиялық үдеріс болып табылады. Олар мынадай жаңа құрылымдарда көрініс табады: «есею сезімі», «топқа қатыстылығы», өзі туралы жаңа сұрақтар пайда болуда және оның зияткерлік даму ерекшеліктері мен өзі тәрбиеленетін ортасына тәуелді. Жасөспірім жағдайды адекватты бағалау күйінде емес - оған көмектесу керек. Жұмысты баланың эмоционалды күйін тұрақтандырудан, өзінің қиындықтары бар екенін түсінуден және оны жоюға деген тілекті қалыптастырудан тұрады.

Алдын алу мақсатында түзету жұмысын бірнеше бағыт бойынша жүргізу керек:

  • әлеуметтік тиімді ортада ашуын жеткізу тәсілдері;
  • өзін өзі реттеу тәсілдері, әртүрлі жағдайда өзін өзі ұстау машығы;
  • жанжалды жағдайларда қарым-қатынас машықтарын қалыптастыру;
  • эмпатиясын, адамдарға деген сенімін қалыптастыру.

Алғашқы кезеңде өз ашуын жеткізуге болатын ойындар мен жаттығуларды іріктеу ұсынылады:

- қағазды умаждау және жырту;

- жастықты немесе боксерлік грушаны соғу;

- аяғын тапырлату;

- айтқысы келген сөздердің бәрін қағазға жазып, умаждап, лақтыру;

- онға дейін санау;

- спорттық ойындар, жүгіру.

Жанжалды жасөспірімдердің бұлшық еттері аса күшті болады. Әсіресе ол қол, бет, мойын, иық, кеуде бөлігі мен іш жақта жоғары. Мұндай балалар бұлшық ет релаксациясына мұқтаж. Жаттығуды баяу музыканың сүйемелдеуімен өткізген дұрыс. Ол адамды барынша сабырлы, салмақты етеді, сонымен қатар өз ашуын жақсы түсінуіне, ұғынуына, өзін өзі реттеу машықтарын меңгеруге және барынша тепе-тең эмоционалды күйді ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану, физикалық жаттығулар ақыл-ойдың еңбекке қабілеттілігі мен психологиялық тұрақтылықты белсендендіруге ықпал етеді, гормондық сала қызметіне ықпал етеді, ләззат алу гормондарының - эндорфиндердің қалыптасуын күшейтеді. Бұл ретте адреналин мен «күйзелістердің» бөлінуі күрт қысқарады. Қимыл белсенділігі аса жоғары эмоционалды шиеленісті төмендетеді, өзінің кері эмоцияларын басқаруға және меңгеруге септігін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік қарым - қатынасқа арналған тренинг
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Психотерапевтік өызметтің мәні
Жасөспірімдердің агрессиялық мінез - құлық мәселелері
Шиеленістің қатысушылары
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Терең тұлға аралық қатынастары
Интернетке тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz