Яссауи мұрасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тарих тағылымы: Яссауи мұрасы
Жоспар:
Бұл баяндамада түркі еліне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясcауи еңбектерінен үйренеріміз көп сопылық ілімнің негізін қалаушы Ислам дінімен ұштасқан философиялық тұжырымдамаларында талай ғалымның еңбегіне тұздық дүниені баяндалады. Атап айтар болсақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Ежелден өркениет ошағы болған киелі мекен ұлы тұлғаның арқасында әлемге танылды. Диуани хикмет шығармасы ғасырлар бойы ел арасында кеңінен таралды және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы Ясауи мұрасының негізінде қалыптасты.
В этом докладе говорится о том, что в философских концепциях, сопряженных с религией ислама, основоположником богословского учения, в работах которого мы общались с тюркской страной, Ходжа Ахмеда Яссауи. В частности, мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави-один из благородных шедевров, вошедших в список всемирного наследия ЮНЕСКО. Святое место, которое давно стало очагом цивилизации, было признано миру благодаря великому человеку. На протяжении веков произведение "Диуани хикмет" широко распространялось среди народа и сформировалось на основе традиционного мировоззрения казахского народа на основе наследия Ясави.
This report says that in the philosophical concepts associated with the religion of Islam, the founder of the theological doctrine, in the works of which we communicated with the Turkic country, Khoja Ahmed Yassaui. In particular, the mausoleum of Khoja Ahmed Yasawi is one of the noble masterpieces included in the UNESCO world heritage list. The Holy place, which has long been a hotbed of civilization, was recognized to the world thanks to a great man. For centuries, the work "Diwani Hikmet" was widely distributed among the people and was formed on the basis of the traditional worldview of the Kazakh people on the basis of the heritage of Yasawi.
Кіріспе
1.Қожа ахмет ясауидің өмірі
2.Қожа ахмет ясауидің шығармашылығы
3.Пақырнама - қожа ахмет ясауидің рисаласы
4.Ясауи ілімінің зерттелуі
5.Сопылық ілім
6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы жайлы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мұсылман əлемі -- шексіз əлем. Ал Ислам діні -- ғаламшарға тамырын терең жайған көшбасшы діннің бірі. Ислам мен мұсылман əлемінің ұстанымы лаңкестікпен де, экстремизммен де, фундаментализммен де үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Мұсылмандардың киелі кітабы -- Құранда жамандықты уағыздайтын сүре немесе аят мүлде кездеспейді.

Құранның 60-сүресінің 8-аятындағы: Алла дініңе қарсы соғыс ашпаған, баспанаңнан айырмаған адамдарға қайырымды болуға тыйым салмайды. Алла əділетті пенделерді сүйеді, -- деген мəнді сөздер ислам дінінің нағыз толерантты дін екенінің нақты дəлелі. Ең бастысы, Алладан Құран түскеннен бері он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, киелі кітаптағы 114 сүре мен 6346 аяттың бір əрпі де өзгеріске ұшыраған емес. Олар еш уақытта бұрмаланған да емес.

Ислам мəдениетінің казақ жеріндегі ірі ошағы -- Сыр бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан (Ясы) қалалары болды. Осы өңірден əл Фараби, Ахмет Ясауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темірдей атағы əлемге жайылған əскербасылары шықты.

Қожа Ахмет Ясауи -- ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.

Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X - ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады [1].

Оның 90 мыңдай шəкірт -- мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен. XIII - XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: Мəдинада -- Мұхаммед, Түркістанда -- Қожа Ахмет, -- деген.

1.ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ӨМІРІ
Қожа Ахмет Ясауи - сопылық ағымның түркілік бағытының негізін салушы, ғұлама. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде ол көне Сайрам (Исфиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келіп, 1166-67 жылдары қайтыс болды деп жазылған Ал, Ясауи салған сопылық жолдың тарихы болып табылатын Насабнама қолжазбаларында деректер біршама өзгешелеу болып келеді, яғни, Ясауи өмірі әлі де толық зерттелуді қажет етеді.

Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим шайх та өз заманының білімді адамдарының бірі еді. Бала Ахмет алғашқы білімді өз әкесінен алады. Кейіннен отырарлық ғұлама Арыстан бабқа шәкірт болады. Жиырма жасқа толғанда әкесі Яссы еліне сопылық ілім үйренуге аттандырады.

Қожа Ахмет Яссы елінде өмірінің соңғы жылдарына дейін болып, шайықтық қызмет етеді. Ол өз мақсатын жүзеге асыру үшін ұзақ жылдар бойына қорлық пен зорлыққа, кемісітушілікке төзуге мәжбүр болады. Отыз жыл бойы соңынан тас атып, қорлық көргені Түркістандағы ХІХ-ХХ ғғ. Имам - Хатиб Әбд-ал-Қадыр қари қолындағы қолжазбада жазылған.

Насабнама нұсқаларында да, Диуани хикметте де Қожа Ахмет Ясауидің, Жүсіп Хамаданиге шәкірт болғандығы айтылмайды. Ол дерек тек ХҮ-ХҮІ ғғ. бастап парсы тілді шығармаларда кездесе бастайды. Бұл нақшбандийа шайхтарына өз тариқатын түркілер арасында тарқату үшін керек болды, және оны өз мақсаттарына шебер пайдалана білді.

Қожа Ахмет Ясауи қазіргі жинақталған деректерге қарағанда оның өмірі мен шығармашылығы әлі де толық зерттеуді талап етеді. Бір деректер бойынша ол 1103 жылы туылып, енді бір деректерде 1166 жылдар шамасында қайтыс болған делінеді. Оның Бұхар қаласына барып Жүсіп Хамаданидан білім алғандығы туралы дереккөзді де толық зерттеу қажеттігі белгілі.

Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шыққан тегі, өскен ортасы, әдеби дәстүрі туралы мәліметтер аз сақталған. Бұған басты себеп, Кеңес үкіметі кезеңінде Ұлы ғұламаның өмірі мен шығармашылығы зерттелмей келді, ал өзі бірыңғай діншіл, мистик ақын, оның шығармалары зиянды деп теріс қорытынды жасалды. Сөйтіп Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілік, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру мақсаты көзделді.

Ясауи өмірін зерттеуге үлкен үлес қосқан белгілі зерттеуші М.Е.Массон өзінің еңбегінде Қожа Ахмет Ясауидің қазіргі Түркістан қаласы орналасқан мекендегі Ясыда көзге түсіп, көне түркі шайхы Арыстан бабтың тәрбиесін алғанын, әкесі Ибраһимнің түрік нәсілінен шыққанын жазады.

Академик В.А.Гордлевский Қожа Ахмет Ясауиге арнаған еңбегінде оның арғы аталарының имам Әбу Ханифаға барып қосылатынын жаза отырып, оның ұрпағымыз дейтін қожалар Заравшан өлкесіндегі Иабу, Тоқшы дейтін қыстақтарда тұрады дегенді айтады.

Түрік профессоры Ф.Көпіріліде, К.Ераслан да ақынның арғы тегінің Хазірет Ғалидің Мұхаммед Ханафиясынан басталатынын жазған. Ақсақ Темірдің жорықтарын баяндаған оның тарихшысы Шарафеддин Ғали Иезди де осы пікірді Зафарнама атты кітабында келтірген.

Тарих табалдырығын аттаған əрбір ұлы адам тек қана еселі еңбек қалдырмайды. Өзі де жұмбақ ғұмыр кешеді. Олардың əрқайсысы өздері өмір сүрген кезеңнің төл перзенті бола тұрып, бір мезгілде ғасырларды көктей алға озып кетуі де, бір мезгілде өзінен бұрын өтіп кеткен көне дəуірлермен іштей үндесіп жатуы да мүмкін...

XII ғасырда Түркістан қаласының орнындағы Ясы атты кішкене қыстақтың Ясы шаһары деп даңқы шығуы Қожа Ахмет Ясауи əулие атымен тікелей байланысты. Өйткені Əзірет Сұлтанның көзі тірісінде-ақ оны киелі адам деп мойындаушылық көп болған. Бұған жұпыны киініп, сəн-салтанаттан аулақ өмір кешуі, ақын болуы, түрік тілінде жазған негізгі шығармасы Диуани Хикмет атты керемет кітабының жүрекке жылы тиетін, имандылыққа шақыратын жеке тараулары мен шумақтары, қалың бұқараның аузынан тастамайтын ғазалына айналуы үлкен себепші болған.

Бұған біз келесідей анықтамаларды қосқанды жөн көріп отырмыз:

Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі жайлы құнды деректі оның шəкірті, жолын қуушы, ұстазының жолымен сопылық-дəруіштік поэзияны дамытушы Сүлеймен Бақырғани қалдырған. Оның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған.
Сүлеймен Бақырғанидің Ақыр заман кітабы жəне Бибі Мариям кітабы деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-əңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық-мистикалық ой- пікірлерді уағыздайды. Хакім ата өзінің Ақыр заман кітабы атты дастанында былай дейді:

Ысқақ бабтың жұрыны (яраны),

Ибраһим ата құлыны.

Шайқылардың ұлығы,

Шайқым Ахмет Ясауи!

Қожа Ахмет Ясауи туралы ең алғашқы жазылған еңбек Ақсақ Темірдің жорықтарын баяндаған ирандық Шарафаддин Алаяздың (Ғали Иаздидың) Зафарнама деген кітабы. Бұл еңбек 1424 - 1425 жылдары жазылған. Онда Қожа Ахмет туралы: Темір Сейхуннан өтіп, Ахангаран, Шыназ төңірегінде қыстау үшін тоқтап, əскеріне арнап үй салдырды. Содан кейін Иассы ауылына барып, сондағы Иассауи бейітіне зиярат етеді. Иассауидің Мұхаммед-Ханафияға туыстығы бар еді [3], -- дейді.
Мұнан бөлек Қазақстан Ұлттық кітапханасының қорында Ясауи бабамыздың үрім-бұтағын талдайтын шежіре Нəсабнама (Насаб-нама) сақталынған. Қожа Ахметтің шыққан тегі жайлы жазылған еңбектердің барлығы осы Маулана Сафи ад-дин Орұң-қойлақы Насаб-намасындағы шежірені мойындайды [4].
Нəсабнаманың соңында жапырақ тектес етіп жасалынған Ясауидің өз мөрі соғылған. Осы шежіренің орта тұсында: Мен Хасан Хожа Бабаның оғылы Ибраһим Ата деген дерек жолығады.

Нəсабнамада Ясауидің түп-тамыры былай берілгенін көреміз: Ұлы атасы Əзірет Ғали (Əзірет Əлі), одан Мұхаммед-Ханафия -- делінген. Шарафаддин Ғали Иаздидың Зафарнамасындағы:

Иассауидың Мұхаммед-Ханафияға туыстығы бар еді дейтіні осы болса керек. Нəсабнама одан əрі: Хазірет Əли Шаһімарданның Хазірет Фатимадан үш ұлы болған. Бұдан басқа Хазірет Əлидің Иамана (Иемен) патшасы Жафар ибн Қайс қызынан Мұхаммед-Ханафия туған [3; 60], -- дейді.
2.ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ясауидің төл дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің тарихындағы маңызын, оның мұрасының іздерін хатқа түсірген рисалалар (трактаттар) арқылы да пайымдауға болады. Алдымен, Ясауи мәдениетінің айнасы ретінде танылатын Диуани хикмет, Пақырнама және Мират-ул-Кулуб (көңілдің айнасы) рисаласын атап өту керек. Бұлар Ясауидің Хикмет, Хал ілімдерінің айнасы, иасауийа тариқатының этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын негізгі дереккөздері.

Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса баға жетпес асыл еңбегі Диуани хикмет-Ақыл кітабы. Осы атақты еңбек Қазан төңкерісіне дейін әлденеше рет басылып, жұртшылық игілігіне айналған. Атап айтқанда 1887,1901жж. Қазан қаласында, ал 1897және 1901жж. Стамбулда өз алдына жеке-жеке кітап болып жарық көрді.

Диуани хикметте адамзаттың жарық әлеміндегі жарқын өмірімен бірге, бақи дүние, мәңгілік екінші ғұмыры да жан-жақты терең талданып, әр қырынан сөз болады. Бұл ретте сегіз пейіш, жеті дозақтың да шынайылығы, олардың өзіндік ерекшелігі айтылады. Бес уақыт намаз, отыз күн оразаны қаза қылмай, жетім-жесірге қарайласып, кісінің ақысын жемей, біреуді өсектеп, біреуді кемітпей сыйлаған адал адам Алланың шапағатына бөленбек.

Аса ойшыл жанның біздерге қатты ескертіп тапсырып кеткен ең бір аяулы өсиеті - адал еңбек. Кімде-кім аянбай жұмыс жасап тер төксе, ол жанның бағы әйтеуір бірде болмаса, бірде жанады. Ол туралы ғұлама ақын былай деген:

Зар жылаңыз,зар еңреңіз, рақымы келсін,

Адассаңыз рақымы келіп жолға салсын.

Қызмет қыл, Пірмұған қолыңды алсын

Еңбек еткен мұратына жетер достар!

Диуани хикмет

Өзін бұғаулап, босатпай тұрған арам ой, жасанды пиғылдан арылу үшін ұлы бабамыз былайша тебіренеді,

Құл Қожа Ахмет, Хақтың атын есте сақта

Хақтан қорқып, тынбай жылап, түнде жатпа

Намаз оқып, ораза ұста әр ақшамда

Солай болып мұратыма жеттім менә.

Диуани хикмет

Қожа Ахмет бабамыз ... пенденің ешқайсысы да дүниенің түбіне жеткен емес, сол себепті бір жаратушыдан жалбарынып кешірім өтінсін дей келіп,

Сенен бұрын жарандарың қайда кетті

Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті,

Ғұмырлық тәмәм болды,нәубет саған жетті,

Күнәң үшін тәубә қылғыл, Ей,батшағар!

Диуани хикмет

Диуани хикметтің қай бетін ашсақ та, оның әрбір сөзінің астарынан ұлылық, парасаттылық, даналықтың ішкі иірімдері, ел жұртын адалдыққа бастаған меруерттей мөлдір сезімдер байқалып тұрады.
Диуани Хикмет -- Қожа Ахмет Ясауидің өз халқына қалдырған əйгілі мұрасы

Қожа Ахмет Ясауи Диуани Хикмет атты ұрпаққа ғибратты дүние қалдырды. Аталған еңбекте жомарттық, қанағат, достық, сүйіспеншілік, ғылым-білім, адал еңбек, бейбітшілік, жақсылық пен жамандық, əділетсіздік, көрсеқызарлық, адамзаттың асыл арманы, күндестік, өсек-аяң -- бəрі-бəрі жан-жақты кең қамтылған. Бұл шығармада жақсы тəлім-тəрбие, өз басын ғана емес, өзгені ойлайтын кеңдік пен парасаттылық, асыл тектілік бар. 1934 жылы Диуани Хикмет ҚазССР Ғылым Академиясы мен ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорына тапсырылған.

Диуани Хикмет жинағының түпнұсқасы сақталмаған. Оның бізге тек XVI - XVII ғасырлардағы көшірмелері ғана жеткен. Профессор Кемал Ераслан өзінің зерттеулерінде осындай көшірмелердің тоғыз қолжазбасын көрсеткен .

Диуани Хикмет уақыт озған сайын көп түзетулерге, толықтыру-қысқартуларға ұшырап отырғаны анық. Сондықтан қазіргі жағдайда қай хикметтер автордың өз қаламынан туындап, ал қайсы хикметтері көшірушілер болған ізбасар-оқушыларынан туғанын айыру қиын. Сондықтан Ясауидің жалпы хикметтер көлемін дəл көрсету мүмкін емес. Мысалы, ғалым Н.Келімбетов Ежелгі дəуір əдебиеті деген оқулығында былай дейді: Ахмет Ясауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмат (хикмет) берілген. Соның 109 хикматы Ясауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шəкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек. Өзбек ғалымдары 76 хикметін нақты Ясауидікі деп, осы көлемде кітап қылып бастырып шығарған; түрік ғалымдары бірнеше нұсқаларды салыстыра жүріп, ішіндегі 70 хикметін Ясауидікі деп таныған.

Біз өз тарапымыздан ясауитануға шама-шарқымызша үлесімізді қосуда Қожа Ахметтің Диуани Хикмет шығармасының қазақ нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Өйткені М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Əдебиет тарихы бөлімінің жоспарлауымен іске асырылған бұл нұсқа əзірше көлемі жағынан ең үлкені болып табылады. Сондай-ақ бұл кітап Диуани Хикметтің алғаш қазақшаланған түрі ретінде ғалымдарды аударма жағынан да қызықтырары күмəн туғызбайды.

Біз 70 хикметтен тұратын осы жинақ төңірегінде Ясауидің поэзиялық шығармаларына зерттеу жүргіздік.

3.ПАҚЫРНАМА - ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РИСАЛАСЫ

Бұл еңбегінде Қожа Ахмет Ясауи Шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқаттың әрқайсысы он-оннан қырық мақамнан тұратынын жазады.

Шариғат - тура, дұрыс жол. Мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұрағаттары мен діни ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлқын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылады.

Тариқат- жол, сапар. Шындықты мистикалық жолмен танып білу тәсілі. Тарика - моральдық-этикалық жүйенің әлдебір жиынтығы мен психологиялық тәсілдердің тәжірибелік әдістері. Дамудың осы сатысындағы тарика - тұрақ арқылы алынған рухани тәжірибенің психикалық-экстатикалық күймен бірлік байланысының нәтижесінде екенін білу, мистицизмнің мәнін бірте-бірте меңгеру тәсілі болды.

Мағрифат- Алланы танудың сопылық концепсиясы. Мағрифат суфизмнің тәжірибесімен тығыз байланысты. Оның негізінде өзін-өзі тану жатыр. Мағрифат концепсиясы суфизмнің көптеген негіздерімен тығыз байланысты. Мағрифатуллах - Алланың болмысын және танымын білдіретін сөзтіркес. Адамның Алланың сипаттарын, көркем есімдерін (99-Алланың аты) ойлауы, еске алуы міндетті. Мағрифатуллах - Хақ (Аллах) хақында ішкі (көңіл) тәжірибе арқылы немесе ешбір құралдың көмегінсіз танымға ұласу дегенді білдіреді.

Хақиқат - шынайы, нағыз ақиқат - мистикалық жолдың жоғары сатысы. Ақиқатқа жету тек қана мистикалық тәжірибеге тіреледі. Сонымен қатар жеке тәжірибе, дара, өзіндік жігер арқылы ғана жетеді. Адамның өзін тануы Алланы тануға, тұтастан, бүтіннен бөлшекке айналады. Алланы тану жолында, өзіңнің ішкі менін жою, Ақиқаттың менін бекіту болып табылады.

Шариғатты - жабарут - тәңір құдіретінің әлеміне,

Тариқатты - малакут - тәңір билігінің әлеміне,

Мағрифатты - лахут - қол жетпейтін тәңір иесінің әлеміне,

Хақиқатты - насут - әділ, ақиқат әлеміне

қатысты екендігін айтады. Адам бұл мақамдарды түгел игергенде, өзіне иллаһи күш-қуат кіреді. Рухындағы күштің Алланың сыйы, нұры, жаратылыс сыры екендігін таниды.

Пақырлықтың алты әдебі мен сегіз мақалы туралы Қожа Ахмет Ясауи Сұлтан-ул арифин былай дейді.

Пақырдың алты әдебі бар, олар-

-Жақсы-жаман сөзге тыныштық қылмақ,

-Уа, Пір алдында тыныш болмақ,

- Уа, Пірдің ижазатысыз сөйлемеу,

- Уа, Хас ғалымның қызметін қылмақ,

- Уа, нәпсін өлтірмек,

- Уа, анайы істі тәрк қылмақ.

Пақыр мақалы сегіз тұрар. Әуелі - Тәуба, Ғибадат, Махаббат, Сабыр, Шүкір, Ырза, Захид, Ариф. Бұл нәрселердің әуелі -

Тәуба - Хазреті Адам әлейһис сәлемнен қалды.

Ғибадат- Хазреті Ідіріс әлейхис сәлемнен қалды,

Шүкір мен Махаббат - Хазреті Ибраһим әлейһис сәлемнен қалды.

Сабыр - Хазреті Айюб әлейһис сәлемнен қалды.

Ырза - Хазреті Мұса әлейһис сәлемнен қалды

Захид - Хазреті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны
Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Айша бибі мазары
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Пәндер