Тауар саясаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тауар саясаты
Тауар саясаты -- маркетингтің кез келген тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған база. Себебі, өнім -- тиімділікті тасымалдаушы және сатушылар мен сатып алушылардың күту объектісі болып табылады. Шығарушы кәсіпорынның көзқарасы бойынша, өнім немесе қызмет түрі кәсіпкерлік максатқа жетудің бірден-бір құралы. Арнайы белгіленген тауар өтімі өнім болып табылады. Алайда, кәсіпорын өзі көздеген мақсатына жету үшін қомақты қаржы түсімін күтсе, ол тек тауардың өтіміне байланысты болады. Сондықтан шығарушы кәсіпорын өз мақсаттарын өнімнің тұтынушы сұраныстарын қанағаттандыруға бағыттайды. Өнім -- тұтынушының басты мәселелерін шешуге арналған ұсыныс және шығарушы кәсіпорынның көздеген мақсатына жету құралы.
Тұтынушының көзқарасы бойынша, өнім -- кәсіпорын арқылы нарыққа қойылған пайдалы тұтынушылық құрылым, әрі тұтынушы өзіне бір пайда әкелу мақсатында сатып алатын құрал. Өнім -- тұтынушыға пайдалы және одан өз мәселелерінің шешімін күтетін белгілі нысандар жиынтығы. Өнімнің пайдасы тұтынушының алғы қажеттіліктері мен функцияларын қанағаттандыру мақсатында (аштықты, шөлді басу), сонымен қатар оның екінші күйін (эстетикалық ләззат, жақсы көңіл күй, бедел, құрмет) жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда, өнім өзінің алғашқы және екінші пайдасын жүзеге асыруға талпыныс жасайды, кей кездері ол артықтық танытып та жатады. Сондықтан өнімді, тұтынушының мәселелерін шешу жолында тұтас және ұсынылған қызметтер (мысалы, автомобиль, сондай-ақ оның маркасы, кеңестер, қызметтер және кепілдік) жиынтығы ретінде қарастыру қажет.
Кәсіпкерлердің белгілі бір жиынтық ретінде үсынған өнім мен қызмет түрлері оның өндірістік бағдарламасын немесе маркетологтар тілімен айтқанда өнімдік сызықты құрайды. Сауда өндірісінде ассортимент жөнінде көп айтылады, осы орайда бір тауардың екінші тауардан айырмашылықтары айқын көрініп тұрады. Тауар саясатының қалыптасу негізін қүрайтын базалық нышан, бұл -- компания ұсынатын тауар мен одан күтілетін сатылым көлемі мен пайда динамикасының жаңалық деңгейі. Нарық пен қоғамдағы тауар айналымы құрылымында тауардың жаңа қыры мен оған байланысты маркетингтің болашағы -- тауар саясатын бағалаудың жиі қолданылатын әдісі болып табылады. Кез келген тауар бір кездері сәтті жасалып, нарыққа түскен, бірақ ертелі-кеш белгілі бір себептермен нарықтан жоғалып кетеді. Бұл орайда ол құбылысты тұтынушылардың тауарға деген қызығушылығының төмендеуімен түсіндіруге болады. Тауар өнімділігінің өсуі мен төмендеу динамикасы оның пайда болу кезеңіндегі бірқатар даму фазаларымен түсіндіріледі. Тауардың өміршеңдігін тауардың өмірлік циклі деп атайды (ТӨЦ). 6.1-суретте тауардың өмірлік циклі көрсетілген.

Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ) тауардың мақсатты дамуын, белгілі бір уақыт аралығындағы түсімі мен кірісін сипаттайды. Тауардың шектеулі тіршілік ету кезеңін алдын ала болжануы және оның айналымының өсуі мен төмендеуі, кірісі мен шығыны ондағы объектілердің пропорционалдығымен түсіндіріледі. Осы орайда ТӨЦ-тің негізгі 4 фазасын анықтауға болады: енгізу, өсу, кемелдену және төмендеу. Осы фазалар нарықтың ерекшеліктерін, тауар өсімінің динамикасын, табысқа жету мен баға анықтау мүмкіндіктері мен бәсекелестік формалары арқылы маркетингтік кәсіптің алға жүктелген шарттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ТӨЦ-тің фазаларына қатысты белгілі бір заңдылықтарын да айта кетуге болады. Өңдеу мен енгізу фазасында айналым баяу жүргендіктен, табыс бірден пайда болмайды. Фирма үшін бұл кезеңде маркетинтік шығындар өзекті мәселелер болып табылады, яғни, өнімді іздеу барысындағы шығындар, оны зерттеу мен өңдеу, өнімді сынау және оны өндіріс пен таралымға дайындау барысындағы шығындар. Өнімді нарыққа енгізудің алғашқы сатыларында өнімнен түсім түседі, бірақ, өнім айналымындағы қиындықтармен күресуге арналған қаржы шығыны ұлғаяды. Сондықтан, табысқа тек алғашқы шығындардан кейін қол жеткізуге болады. Бұл кезеңде маркетингтің басты мақсаты сұраныс тудыру, өнімнің жүйесін қалыптастыру және тауарды нарыққа жылжыту мақсатында жарнама жасап, маркетингтік шаралар ұйымдастыру болып табылады. Тауардың негізгі тұтынушысы ретінде инноваторлар (пионерлік тұтынушы), яғни, тауардың бағасына қарамастан оны сатып алуға қабілетті және алдыңғы қатардағы тәуекелге бел буған сатып алушылар тобы. Бұл фазадан тек, қаржы қоры мол және маркетингтік жүйесі жақсы дамыған кәсіпорын өте алады.
Өсу фазасында тауар айналымы артады, сонымен қатар өсу қарқыны ұлғаяды. Бұрын қалыптасқан маркетингтік шаралар өзінің тиімділігін байқатады. Өндіріс шығынының оңтайлы деңгейі қалыптасып, тұрақталады. Бұл кезеңде табыс өте жоғары. Бұл фазада орналасқан тауар нарығы бизнес үшін тартымды болғандықтан, баға бәсекелестігі күшейеді. Пионер-кәсіпорындар бұл фазада жаңашыл монополияға ие болып, айналым мен табыс көзінің дүмпуін бастан өткізеді. Бұл фаза шығын мен бағаны, сонымен қатар агрессивті бәсекелестікті нарық есебінен үнемдеу фазасы. Маркетингтің мақсаты -- сұранысты мобилизациялау.
Кемелдену фазасына айналымның шарықтау шегі кіреді, бірақ, күшті бәсекелестікке, алдыңғы фазалардағы бағаның төмендеуіне және өнімнің тұтынушылық құрылымын жақсарту қажеттіліктеріне байланысты өсу қарқыны төмендейді. Жарнамалық және өнімді түрлендіру шараларына арналған шығын көбейеді. Сондықтан табыс көзі қысқарады. Маркетингтің мақсаты өнім мен бағаны түрлендіру арқылы оның нарықтағы үлесі мен сұранысын сақтап қалу болып табылады. Бұл фазаға белгілі бір жағдайлардың қысымында тұрған селқос бәсекелестер кіреді.
ТӨЦ-тің құлдырау фазасында айналым мүлдем құлдырайды. Сатылымды ынталандыру үшін шаралар қолданудың қажеттіліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Ақшаға сұраныс
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясатының теориялық аспектілері
Қазақстандағы баға саясаты
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және кәсіпорынның даму стартегиясы
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Еркін сауда саясаты
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
Пәндер