Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор
Қияр - әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды аорос деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз піспеген деп аударылады. Аорос сөзі бірте-бірте аугурос сөзіне ауысып, орыс елінде огурец (қияр) деп өзгертіп айтылды [4]. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай-ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды [5, 6]. Бұл дақыл Ежелгі Рим, Ежелгі Грек және Месопотамияда да белгілі болған. Көне заманда қияр айтарлықтай кең таралған. Теофраст (б.д.д. 372-288 жж.), Диоскорид (б.д.д. 50 ж.), Марциал (б.д.д. 40-102 жж.) көне авторлары өздерінің шығармаларында қияр туралы бірнеше рет атап өткен. Бұл дақылдың сипаттамасын ежелгі римдік жазушы және агроном Колумнелланың (б.д.д. 60 ж.) 12 томдық ауылшаруашылық энциклопедиясында табуға болады. Ол биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өсіру технологиясын да толығымен жазған. Мысалы, Колумнелла шақпақ таспен жабылған көшетханаларда өсірілген қиярды жыл бойы Тиберия императорының үстеліне берілгенін жазған. Сондай-ақ, ол қиярдың Африкада кең таралғандығын ескертеді [7]. Батыс Азия (Иран, Ирак, Туркия, Сирия) елдеріне қияр 3000 жылдан аса бұрын келген. Арабтарға бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейін кем дегенде 300-200 жыл бұрын белгілі болды. Ол туралы араб ғалымдары, Ибн-Аллавам мен Ибн-Бейтар набаттық егіншілікті сипаттағанда атап өткен [8]. Англияда ХІV ғ. қияр кәдімгі көкөніс дақылы болған, сосын ұзаққа созылған соғыс жылдары бұл дақыл қараусыз қалды. Тек 1573 жылы қайтадан өсіріле бастады. ХVІІІ ғ. Еуропада әйнектелген жылыжайларда қияр өсіріліп басталған, осыдан бастап ағылшындықтар жылыжай қиярының жаңа сорттарын шығара бастаған [9].
Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр [9]. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр. Әлемде қиярды көбірек Қытайда жалпы ауданы - 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде - 200 мың га және Азияда - 300 мың га жоғары өсіреді [10]. Қиярды әлемдік өндіру жылына 12 млн.т құрайды. Оны орташа өнімділігі 15 тга болатын 880 мың га жоғары аудандарда өсіреді. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда - 1 млн. т, Туркияда - 0,8 млн. т, АҚШ - 0,6 млн. т, ал Қазақстанда - 90 мың т қияр жиналады. Қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады [11].
1.2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қияр (лат.Cucumis sativus)-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5м-дей.Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.
Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейдешоқпарбас тәрізді орналасқан [12].
Тамыр жүйесі. Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады. Осы тамыр жүйелері тігінен және жан-жағына көптеп таралып, топырақ қабатына жайылып өсе бастайды. Негізгі бастапқы тамыры 1 метрге дейін болады, осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында (25-30см) орналасады. Осы тамырлардың физилогиялық функциясы қоректік қажеті ертінділерді көптеген ұсақ тамырша түктерімен өзіне сорып, топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтәк мүшелерін қамтамасыздандырады.
Сабақтары. Шырмауық сияқты және қысқа, ұзынды мұртшаларымен жармасып өзіне биік өскен өсімдіктертердің сабақтарымен жоғарылап өсе бастайды немесе бұндай жағдай болмағанда топырақ бетіне жайылып өркендейді. Сабақтары жұмыр-қырлы, қырлы, нәзік, орташа қатты түктерімен қалыптасып өседі. Орталық басты сабақтан бірнеше қатар, біріншіден екінші, екіншіден үшінші сабақтары қалыптасып, осылайша жалғасып, сорттарының ерекшеліктеріне байланысты (3-4 м-ге дейін) өрендей береді. Осылайша сабақтану аз, орташа, көп болуы сорттың ерекшеліктеріне , қоректік алаңның көлеміне, өсіріп-өндіру технологиясының қолайлы жағдайларына байланысты болады. Сабақтанудың түрлері: орталық бір сабақты, көп сабақты (сегізден де көп жанама сабақтар), орташа (5-8 дейін), аз(1-4 дейін). Сабақтарының ұзындығы сортына, өсіру жағдайларына қарай салқындау аймақтарда 1,5 м, ал қоңыржай жылы жақтарда 2-3 м-ге дейін өсіп-өнеді. Сабақтарының ұзындығына қарай 4 топқа бөлінеді: түптісі- 0,1 м, қысқа сабақтысы- 0,1-0,5 м, орташасы- 0,6-1,5 м, ұзын сабақтылары 1,5 м-ден де ұзынырақ болып қалыптасады. Сабақтарының жуандығы: жіңішкесі-0,5 см, ал жуандары-0,5 см-ден жуан. Қысқа сабақтылары ерте піседі, жемістері онша үлкен емес. Сабақтарының жапырақтанулары аз, орташа және көп болып бөлінеді.
Жапырақтануы. Сабағының өсіп-даму кезеңінде жапырақтары кезектесіп қалаптасады. Жапырақ алақандары тұтас, аздап қана қалақтануы болады, жапырақтарының беттері тегіс, аздаған қыртыстары бар, кедір-бұдырланған, шеттері бүтін, тұтас немесе жиектері ара тісі тәрізденіп қалаптасады. Жапырақтарының екі жақ беттері сабақтары сияқтанып түктенеді немесе түксіз де болып өседі. Жапырақтарының сыртқы түр пішіндері әр түрлі сүйірленген, сопақша, бесұшты сопақша болып қалыптасады. Жапырақ алақандарының ұзындығы қысқа (12 см-ге дейін), орташа (12-15 см), ұзын (15 м-ден де ұзын) болады. Жапырақтарының ендері: кішкене (15 см-дей), орташа (15-20 см), енділеу (20 см-ден енді).
Гүлденуі. Қияр дақылы бір үйі бөлек жынысты аталық және аналық гүлдері бөлек-бөлек немесе қос жынысты болып та қалыптасады. Гүлдері жапырақтардың қолтығында, аталық гүлдер бірнешеуден топтасып, аналық гүлдерге қарағанда бір-екі, үш тәулік ерте қалыптасып гүлдейді. Аналық гүлдері жапырақ қолтықтарында біреуден немесе қосақтасып екеуден, анда-санда үшеуден орналасады.
Жемістері. Жемістерінің қысқасы 5 см-ден 10 см-ге, орташасы 11 см-ден 20см-ге, қзындары 21-ден 30 см-ге, өте ұзындары 30 см-ден де ұзын болады. Жемістері жас, қысқа болса, соғұрлым құнды болып есептеледі. Жемістерінің сыртқы пішіндері домалақ, жұмыртқа пішінді, қолорақ тәрізді болады.
Сыртқы беттері тегіс, бүршікті, кішкене бүршікті, ірі бүршікті, ал енді қияр жемістерінің өзіне тән түктері үш түрге бөлінеді: қарапайым, әдеттегідей, ақ, қара аралас (ақ-қара), күрделі бүршікті, кедір-бұдырлы қара-көк, жасылкөк, күңгірт-қоңырға дейін, ал осылардың негіздері сорттарының айырмашылықтарына және өсірілген ортаның жағдайларының технологиясына байланысты өзгеріп қалыптасады.
Өсіріп-өндіру мезгілдеріне қарай үш кезеңге бөлінеді: ерте пісетін сорттарының тұқымдары топыраққа егіліп жаппай көктеп шыққаннан кейін ауа райыныі қолайлы жағдайында жемістері 32-48 тәулікте, орташа пісетіндері 50-55 тәулікте, ал кеш пісетіндері 55-70 тәулікте тағамға пайдалануға жарамды болады. Осы кезеңдерде сорттарының жемістерін тағамға пайдаланған жақсы, өзіне тән хош иісі мен дәмділігі өте ұнамды болады. Жақсы жемістерін қалыптастыра бастаған түптен бірінші, екінші, үшінші жемістерін тағамға пайдаланып, 4-5-ші жемісін түстері сарғайып, сүттей ағарып қабығы піскенге дейін тұқымдыққа қолдану қажет, ал кейбір сорттардың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай тұқымдық жемістерінің сырты бірнеше түрлі торланады, осындай кезінде күңгірт-қоңырға дейін түстері өзгереді. Қияр жемістері жалған жидек, осыған байланысты әрбір тұқымдық жемісте 3-тен 5-ке дейін тұқымдар пісіп жетілетін бөлімшесінде сақталады. Бір тұқымдық жемістен 100-400 дана тұқымдар алынады. 1000 дана тұқымдарының салмағы 15-35 грамға дейін. Тұқымдық жемістер әбден сарғайып, пісіп жетілгеннен кейін, жылы жерге әкеліп қойып жұмсартып, босап иісі шыға бастағанда ұзына бойына пышақпен кесіп тұқымдарын беті кілегейленіп көпіршидә, осыған жеткенде тұқымдарды таза сумен бірнеше рет жуып қағаз, картон, панераның үстіне жайып жылы көлеңке орында кептіреді. Өсімділігі 6-8 жылға сақталады [13].
Қияр - ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 цга, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кгм2, ал 50-60кгм2 мүмкін өнімділік.
2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 цга) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде - қиярдың өнімділігі 2500 цга. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мыңга жерде өсіреді.
Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін - 9-12 тәуліктік көк түйнегін - жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.
Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.
Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мгл) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.
Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.
Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.
Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы - 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.
Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.
Қияр - қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz