Евро валюта және евро несие нарығы пайда болуы мен ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем
Тілдер Университеті

Тақырыбы:
Евро валюта және евро несие нарығы пайда болуы мен ерекшеліктері

Орындаған:Биқожа А.Е.
Экономика-242
Тексерген:Серікбаев С.К

Алматы-2019

Әлемдік валюта жүйесі 19 ғ-дың орта шенінде құрылған. Әлемдік валюта жүйелерінің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы әлемдік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келу дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді. Егер аталмыш шарттар өзгерсе, әлемдік валюта жүйесі құлдырап, өз қызметін тоқтатады да, оның орнына жаңа валюта жүйесі құрылады. Әлемдік валюта жүйесі мен ұлттық валюта жүйесі сыртқы экономикалық қызмет көрсететін ұлттық банктер арқылы байланысады. Аймақтық валюта жүйесі өнеркәсібі дамыған елдердегі валюта жүйесі төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аймағында ұйымдастырылған экон. қатынастарды білдіреді. Ұлтттық және әлемдік валюта жүйелері арасындағы байланыс пен айырмашылықтар олардың негізгі белгілерінен көрінеді . Егер ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға -- елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал әлемдік валюта жүйесі -- бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді. Әлемдік валюта жүйесі төмендегідей валюта жүйелерін қамтиды: Алғашқы әлемдік валюта жүйесі стихиялы түрде 19 ғ-да өнеркәсіптік революциядан кейін алтын-ақша стандартына негізделіп қызмет ететін жүйе ретінде қалыптасты. Бұл жүйе заңды түрде мемлекет аралық келісімшарттармен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілгендіктен, ол Париж валюта жүйесі деп аталды. Екінші әлемдік валюта жүйесі Генуя халықаралық экономикалық конференциясында (1922) құрылды. Генуя валюта жүйесі алтын стандарты қағидасына негізделді. Үшінші әлемдік валюта жүйесі БҰҰ-ның Бреттон-Вудста (1944, АҚШ) өткен қаржы-валюта конференциясында дүниежүз. сауданы ұйымдастырудың валюталық, қаржы-кредиттік қатынастардың ұйымдастырылу ерекшеліктерінің бекітілуі негізінде қалыптасты. Бреттон -- Вудс валюта жүйесінде алтын стандартының орнына доллар қабылданды. Бреттон-Вудс конференциясының шешімі бойынша екі халықар. валюталық-кредиттік ұйым: Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі құрылды. Төртінші валюта жүйесі Халықаралық валюта қорына мүше елдердің Кингстондағы (1976, Ямайка) келісімі негізінде орнықты. Ямайка валюта жүйесі СДР-дің (қарыз берудің арнайы құқығы) халықаралық валюталық есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілуіне жағдай жасады. Ең соңында, аймақтық сипаттағы Еуропа валюта жүйесі экономикалық интеграциялану процесін ынталандыру мақсатында Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің қатысуымен құрылды (1979).

Еуропа валюта жүйесі ЭКЮ-дің (еуропалық валюта бірлігі) қызмет етуіне негізделген. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЭКЮ есеп айырысу бірлігі ЕВРО деп аталатын ақша бірлігіне ауыстырылды. [1]
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.
Yenлттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт жүйесі 1879 - 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :
- ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;
- алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;
- алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:
- жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
- жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.
1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық бас қосуда (саммитте) әсер етілетін байланған валюталык бағам жүйесі туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда - Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз валютасының құның б елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және б елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін а елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты - дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды.
Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валютасы ауысқан мемлекеттер ұлттық валюта атаулары
Әлемдік экономикадағы евроның жағдайы
Еуропалық қаржы нарығындағы Евро
Евро аймағы
ХХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы Орталық Шығыс (ОШЕ) елдері экономикалық және әлеуметтік реформалар
Валюталық тәуекелдер: бағалау және басқару әдістері
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Қазақстанда валюталық операцияларды жүргізу ерекшіліктері
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Пәндер