Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене
жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу

Орындаушы: магистрант ________ Испамбетова Г.А. ” ____ ” ________ 2013
ж.
қолы

Ғылыми жетекшісі:
б.ғ.к., доцент _____________ Сраилова Г.Т. ” ____ ” ________
2013 ж.
қолы

Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі,
профессор _____________ Арещенко А.И. ” ____ ” _______ 2013 ж.
қолы

Алматы, 2013 ж.

ТҰЖЫРЫМ

Магистрлік диссертация 98 беттен, 21 суреттен, 18 кестеден тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 160.

Негізгі сөздер: стресс, бейімделу, жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу
жүйесі, кардиореспираторлық жүйе, артериалдық қысым (систолдық,
диастолдық), бейімделу потенциалы, демалудың минуттық көлемі, дене
ұзындығы, дене салмағы, жүрек соғу жиілігі, жасы, қанның минуттық көлемі,
қан ағымы эффективтілік коэффициенті, оттегін тұтыну шегі, орташа
динамикалық қысым, өкпенің тіршілік сиымдылығы, пульстік қысым,
перифериялық кедергі, систолдық көлем, тыныстың минуттық көлемі, тиісті
өкпенің тіршілік сиымдылығы, тыныс алу жиілігі, тыныс алудың минуттық
көлемі, қалыпты жағдай, дене жүктемесі.
Жұмыстың мақсаты: Студент-спортшылардың және спортпен шұғылданбайтын
студенттердің бейімделу потенциалын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің тыныс алу
жүйесінің функционалдық көрсеткіштерін қалыпты жағдайда және жүктемеден
кейін зерттеу.
2. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің жүрек-қан
тамыр жүйесінің функционалдық көрсеткіштерін қалыпты жағдайда және
жүктемеден кейін зерттеу.
3. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің жүрек-қан
тамыр жүйесінің бейімделу потенциалын анықтау және салыстырмалы түрде
талдау жасау.
Зерттеу объектісі және әдістері: Зерттеу объектісі ретінде биология
және биотехнология факультетінің Дене шынықтыру және спорт
мамандықтарының 1 мен 2 курс пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа
факультеттерінің 1-2 курс студенттері алынса, артериалық қысымды Коротков
әдісімен, пульс жиілігін қабылданған әдіспен, жүктеме ретінде Гарвард-степ
тест сынамасы, ал бейімделу потенциалын А.П. Берсенева әдісімен анықталды.
Зерттелген студенттердің саны 130, барлығы 18-20 жастағы студенттер. Оларды
төрт топқа бөлдік: әр түрлі спортпен шұғылданатын студенттер: қыздар – 29,
ұлдар – 35, спортпен шұғылданбайтын студенттер: қыздар – 30, ұлдар – 36.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелері математикалық сараптамадан өтіп, А.П.
Берсенева әдісі бойынша бейімделу потенциалы анықталды.

Зерттеу нәтижелері: Диссертациялық жұмысты жүргізу барысында қалыпты
жағдайда спортпен шұғылданатын студенттердің жүрек соғу жиіліктері әдебиет
көздеріне сәйкес төмен болды. Сондай-ақ, олардың гемодинамикалық
көрсеткіштері де жақсы нәтижелерді берді. Ал спортшы емес студенттердің бұл
көрсеткіштері спортшыларға қарағанда аз ғана өзгеріске ұшырады.

Енгізу туралы нәтижелері: Баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны – 5.
Оның ішінде 3 мақала, 2 тезис. Конференция жұмысына қатысуы – 2.

Аннотация

Зерттеуде басты назар дене жүктемесін жекелеу тиімділігіндегі қан
айналу жүйесінің бейімделу потенциалын бағалауға аударылады. Студенттерінің
тыныштық жағдайдағы және жүктемеден кейінгі жүрек-қан тамыр жүйесінің
физиологиялық көрсеткіштерінің негізінде А.П. Берсенева әдісі бойынша
бейімделу потенциалы анықталды. Бейімделу потенциалы 1 және 2 курс
студенттер организмінің бейімделу мүмкіншіліктерін бағалау үшін қолданылды.
Әр түрлі спортпен шұғылданатын студенттерде спортпен шұғылданбайтын
студенттерге қарағанда организмнің бейімделу мүмкіншілігі жоғары. Бейімделу
потенциалын бағалау әдісінің қол жетімділігі дене жүктемесін жекелеу
тиімділігін, дене шынықтырудың сауықтыру нәтижелігін бағалауда және аурудың
алдын алу мәселелерін шешуде кеңінен қоладанылады.

Аннотация
Центральное место в исследованиях отведено оценке адаптационного
потенциала системы кровообращения (АП) в индивидуальной оптимизации
физических нагрузок. Физиологические показатели сердечно-сосудистой системы
студентов в состоянии покоя определяли на основе адаптационного потенциала
А.П. Берсеневой. АП использовался для оценки адаптационных возможностей
организма студентов 1 и 2 курсов. Выявлено наличие корреляции АП с
физическими способностями организма. У студентов, занимающихся различными
видами спорта, адаптационные возможности организма выше, чем у студентов,
не занимающихся спортом. Широкая доступность метода оценки АП позволяет
использовать его в решении проблемы индивидуальной оптимизации физических
нагрузок, оценке оздоровительной результативности физического воспитания и
предупреждение заболеваемости.

Resume.

The research focuses on estimating are leading the adaptation potential
(AP) of blood circulation system in individual optimization of physical
load. Physiological indicators of cardiovascular system of students at rest
defined on the basis of A.P. Berseneva’s adaptable potential. AP was used
for estimated adaptation possible of the organism of the 1-2 cours of
students. Between AP and the physical ability of the body was found that
correlation exists. At the students, training of the some forms sports,
adaptation possible of the organism higher, than at the students, don’t
training of the sports. The AP evaluation method being easily applicable,
it can be used to individually optimize physical loads, to evaluate of
health effectiveness of physical education and warning of morbidity.

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
КІРІСПЕ 6
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 8
1.1 Бейімделудің жалпы сипаттамасы және организм үшін оның маңызы 8
1.2 Тыныс алу жүйесінің физиологиялық маңызы 21
1.2.1 Қалыпты жағдайдағы тыныс алу жүйесінің қызметі 23
1.2.2 Дене жүктемесінің тыныс алу жүйесінің функционалдық
көрсеткіштеріне әсері
27
1.3 Жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық маңызы 28
1.3.1 Қалыпты жағдайдағы жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі 31
1.3.2 Дене жүктемесінің жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық
көрсеткіштеріне әсері 32
3. Спортшылардың жүрек-қан тамыр жүйе қызметінің
ерекшеліктері 34
4. Гемодинамиканың негізгі принциптері 37
1.4 Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі 40
1.4.1 Бейімделу процестеріне дене жаттығуларының әсері
42
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ 46
2.1 Зерттеу объектілер
46
2.2 Зерттеу әдістері 46
2.2.1 Спирография әдісі 46
2.2.2 Тамыр соғу жиілігін өлшеу
48
2.2.3 Артериалдық қан қысымын өлшеу 49
2.2.4 Гарвард степ-тест сынамасы 50
2.2.5 Организмнің бейімделу потенциалын анықтау
(А.П. Берсенева әдісі) 51
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ 53
3.1Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің
сыртқы тыныс алу көрсеткіштерінің өзгерістері
53
3.2 Спортпен шұғылданатың және шұғылданбайтын студенттердің
физикалық жүктемеден кейінгі сыртқы тыныс алу
көрсеткіштерінің өзгерістері
55
3.3 Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің
қалыпты жағдайдағы жүрек-қан тамыр жүйесінің көрсеткіштерін
зерттеу
62
3.4 Спортпен шұғылданатың және шұғылданбайтын студенттердің
физикалық жүктемеден кейінгі жүрек-қан тамыр жүйесінің
көрсеткіштерін зерттеу 70
3.5 Бейімделу потенциалының нәтижелерін зерттеу 85
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 91
ҚОСЫМША

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

АҚс – артериалдық қысым систолдық
АҚд – артериалдық қысым диастолдық
ӘДҰ – Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы
БП – бейімделу потенциалы
ДМК – демалудың минуттық көлемі
ДҰ – дене ұзындығы
ДС – дене салмағы
ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі
Ж – жасы
ҚМК – қанның минуттық көлемі
ҚЭК – қан ағымы эффективтілік коэффициенті
ОТШ – оттегін тұтыну шегі
ОДҚ – орташа динамикалық қысым
ӨТС – өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ПҚ – пульстік қысым
ПК – перифериялық кедергі
СК – систолдық көлем
ТМК – тыныстың минуттық көлемі
ТӨТС – тиісті өкпенің тіршілік сиымдылығы
ТЖ – тыс жиілігі
ТАМК – тыныс алудың минуттық көлемі

КІРІСПЕ

Студенттердің морфофункционалдық жағдайының мәселелері көптеген
мамандардың назарын аударады. Бұл мәселені зерттеудегі негізгі мән студент-
жастар денсаулықтарының нашарлауының ілгері фоны болып табылады. [1].
Адам жаңа әлеуметтік-экономикалық, саясаттық, қоғамдық жағдайға
бейімделіп қана қоймай, сонымен қатар организмін өзінің қажеттіліктеріне
сай бейімдейтін күрделі әлеуметтік-биологиялық процесс.
Адамның бейімделу мүмкіншіліктерін зерттеу адамның қалыпты тіршілік
ортасының шектен шығуына және ғылыми-техникалық құралдардың дамуына
байланысты ерекше орын алды. Кәсіби саладағы және тұрмыс-тіршіліктердегі
электромагниттік өрістер, вибрациялар, химиялық ластану, иондық сәулелену,
психологиялық жарақаттану, шұлы дыбыстар бейімделудің заңдылықтарын
зертттеудегі өзектілігі өсті. Адам өміріндегі құбылыстар ерекше, әрі
күрделі болған сайын бейімделу процесі қиындай түседі [2].
Жұмыстың өзектілігі. Оқытудың алғашқы жылдарында жаңа әлеуметтік
жағдайларға бейімделу организмнің белсенді мобилизациясын тудырады.
Денсаулықтың интегралды белгісі ретінде организмнің бейімделу
мүмкіншіліктерін қарастырады. Студенттердің жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу
денсаулықты жақсартуда маңызы зор. Сондай-ақ, спорттық нәтиженің өсуі көп
жағдайларда спортшының жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық
жағдайларының жоғарылауына байланысты. Осы уақытқа дейін спортшылардың
жүрек-қан тамыр жүйесінің бейімделу реакциялары мен қанның
микроциркуляциясы толығымен зерттелмеген. Демек, жүрек-қан тамыр жүйесінің
бейімделу мүмкіншіліктерінің сандық бағасын зерттеу өзекті мәселе болып
табылады.
Спортшы өзінің кәсіби саласында тұрғын және спорттық ортасын, киім-
кешек жиынтығын, өзіне сай жүріс-тұрысын, арнайы тамақтану, демалу және
еңбек ортасын т.с.с. жаңа өмірлік қамтамасыз ету жүйесін құрайды.
Жаттықтыру және жарыс процесі кезінде спортшыға максималды жүктемемен,
жарақатпен, аурулармен, эмоционалдық қозумен, шаршаумен байланысты әртүрлі
стрессорлар әсер етеді. Жарыс кезіндегі жағымсыз әсерлер келесі факторларды
тудырады: қолайсыз уақыт, оны өткізудегі қолайсыз жағдай, сәтсіз жеребе,
қарсыласының және оның жаттықтырушысының спорттық ережесіне сай емес
ұстауы, көрермендердің жағымсыз реакциясы, сәтсіз талпыныс немесе жеңіліс,
тенденциоздық төрешілік. Осының барлығы белгілі бір әсермен денсаулықтың
психологиялық және физикалық жағдайының нашарлауына әкеледі [3].
Спортшының бейімделуіндегі көптеген әдістер (биохимиялық,
физиологиялық, психологиялық) организмнің жеке бейімделу мүмкіншіліктерін
болжаудағы мәселелерді шешуге бағытталған. Оқу-жаттықтыру процесіндегі дене
жүктемесінің көлемі мен қарқындылығының жоғарылауы студент-спортшылардың
денсаулық деңгейін қатаң бақылауды талап етеді.
Спортшының бұлшық етінің белсенді жүйесі, афферентті импульсацияның
өзгерісі, реттегіш механизмдерінің қайта құрылуы, энергетикалық алмасу –
осының барлығы бейімделу процесінің бөлігі болып табылады. Спортшының
организмін барлық белгілеріне қарап бұлшықет жүктемесіне бейімделген
организмнің моделі деп санауға болады [4].
Бейімделудің сол және басқа да жақтарын ұқсату және бір немесе бірнеше
факторлардың әрекетіндегі бейімделудің ауытқулар сипаттамасын бақылауға
мүмкіншілік беретін функционалдық және жүктемелік сынамалары ерекше рөл
атқарады. Сынамалардың көмегімен жағымсыз факторлардағы амплитудалардың
жоғарылауы кезіндегі бейімделу реакциялардың ерекшеліктерін талқылау
мүмкін, сонымен қатар бейімделу реакциясының жеке қалыптарын алуға болады.
Адам организмінің бейімделу мүмкіншіліктерінің донозологиялық тексеріліс
әдістерінің ішінен қарапайым және ақпараттық әдіс болып бейімделу
потенциалын (БП) бағалау өзіне назар аударады [5].
Спорттық нәтиженің өсуі көбінесе спортшының шеберлігін көтеруіндегі
жиі шектейтін фактор болып табылатын жүрек-қан тамырлар жүйесінің
функционалдық мүмкіншіліктерінің жоғарылауына байланысты. Алайда, бейімдік
құрылымның орын ауыстыруы және жүректің функциясы, қан тамырлардың жағдайы
бірқалыпты болмайтынын есте сақтау керек. Қазіргі уақытқа дейін спортшының
жүрек-қан тамырлар жүйесінің және қанның микроциркуляциясы жеткіліксіз
зерттелген [6].
Жұмыстың мақсаты: Студент-спортшылардың және спортпен шұғылданбайтын
студенттердің жүрек-қан тамыр жүйесінің бейімделу потенциалын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің тыныс алу
жүйесінің функционалдық көрсеткіштерін қалыпты жағдайда және жүктемеден
кейін зерттеу.
2. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің жүрек-қан
тамыр жүйесінің функционалдық көрсеткіштерін қалыпты жағдайда және
жүктемеден кейін зерттеу.
3. Спортпен шұғылданатын және шұғылданбайтын студенттердің жүрек-қан
тамыр жүйесінің бейімделу потенциалын анықтау және салыстырмалы түрде
талдау жасау.

I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Бейімделудің жалпы сипаттамасы және организм үшін оның маңызы

Адамның денсаулық деңгейін бағалау үшін организмнің бейімделу
мүмкіншіліктері жиі қарастырылады. Қоршаған ортаға адамдар әр түрлі
бейімделеді. Адамның денсаулығы организмнің жеке бейімделу мүмкіншілік
жүйесіне байланысты [7].
Дені сау мен ауру жағдай арасындағы көптеген адамдарда негізгі қауіп
факторы ретінде организмнің бейімделу мүмкіншілігінің төмендеуі болып
табылады. Денсаулық деңгейін бағалау мәселесінде ең алдымен донозологиялық
диагностика әдістемесін құрастырумен байланысты. Тығыз байланыс аурудың
дамуы мен организмдегі бейімделу мүмкіншілігінің төмендеуі арасында бар
екені көпжылдық бақылауда дәлелденген. Организмнің функционалдық резервін
бағалау мен болжау нәтижелері дене мүмкіншілігін, сондай-ақ аурудың даму
қаупін бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
Ауру мен дені сау адамдар арасындағы функционалдық жағдайды бағалау
әдістемесінің дамуы – бейімделу, гомеостаз, биологиялық кибернетика
ережелерін, функционалдық жүйелердің теориясы жайында физиологияны заманауи
тұрғыда негізделген маңызды ғылыми бағыт. Бұл бағыттағы зерттеуде негізгі
орынды организмнің бейімделу мүмкіншілігін бағалау әдістемесі, критериі
және тәсілдерді даярлау жатады. Организмнің бейімделу реакциялары дені сау
және ауруға қарсы физиологиялық өлшем ретінде дәрігерлік ойлауда
мағынасында толық енеді.
Ағзаның негізгі қасиетін сыртқы ортаның жағымсыз факторларға және
түрлі стресстік әсерлерге қарсы тұру қабілеттілігін бағалау үшін сапалық
бағалаудан сандық бағалауға өту және осы қасиетін шартты-сандық қатынасын
өлшеу зерттеулердің жаңа бағыты болып табылады [8].
Организмнің бейімделу мүмкіншілігінің төмендеуі жағымсыз қасиет болып
аурудың пайда болуы мен дамуына себеп болады. Бұқаралық зерттеудегі жалпы
тәжірибелік материалдар бейімделу мүмкіншілігінің төмендеуі аурудың алғашқы
белгілері көріне бастағаннан бұрын шығатынын көрсетеді. Алайда, мұндай
ауысым біртіндеп өтеді. Жақсы мысал ретінде организмге ұзақ уақыттағы
психоэмоционалды күштену әсерін меңгеру болуы мүмкін.
Дені саудан ауру жағдайға өту физиолог үшін организмнің гомеостазды
анықтайтын биологиялық тұрақтылығының бұзылуынан немесе оның бейімделу
қасиетінің төмендеуінен болады. Клиницист ауруды мүшелердің құрылысы мен
жұмысының белгілі патологиялық өзгерістерге ұшырауы, нақты белгілер мен
синдромдардың шығуынан деп есептейді [9].
Қалыпты мен патология арасындағы организмнің функционалдық жағдай
аурудың пайда болуы мен дамуын анықтайды.
Осыған байланысты денсаулық деңгейін организмнің ауруға қарсы тұру
қабілеті деп анықтауымызға болады.
Демек, денсаулық деңгейі жоғары болған сайын, аурудың даму қаупі төмен
болмақ.
Жеке адамның ағымдағы денсаулық деңгейін бағалау және оның
өзгерістерін бақылау мәселесі тұрғындар үшін, әсіресе дене жүктемесіне
немесе жоғары психоэмоционалды күйге ұшыраған адамдар үшін өте маңызды орын
алады.
Бұл ең алдымен күрделі жүйедегі операторларға, ұшқыштарға,
ғарышкерлерге және спортшыларға қатысты. Денсаулықты дәріханадан сатып
алуға болмайтыны көбісі түсіне бермейді, ол үшін қоршаған орта мен организм
арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұратын организмнің функционалдық
резервтерін күнделікті күш салу арқылы төлеу керек [10].
Адам ағзасы қазіргі жағдайдағы ғылыми-техникалық даму нәтижесінде
пайда болған стресстік әсерлерді (өндірістік, психоэмоционалды т.б.) бастан
кешкендіктен жеке функционалдық жүйелер өзгерістерінің және басқару
механизмдерінің күштенуінің қоршаған орта факторларына үздіксіз
бейімделетін динамикалық жүйе ретінде қарастыру керек.
Жаңа жағдайға бейімделу немесе адаптация организмнің белгілі
биосоциалды төлеммен жұмсалатын функционалдық ресурстарының құнымен
жетеді [11].
И.В. Давыдовский бейімделу бағасы терминін 1962 жылы ұсынған.
Адаптация ішкі және сыртқы қайшылықтар әдісі мен нәтижесі болып табылатын,
өмір мен өлім, ауру мен дені сау кезінде соқтығысу мен орын ауысу кезінде
қалыптастын тірі материяға тән қасиет [12]. Адаптацияның құнын төлеу
организмнің резервтік мүмкіншілігіне байланысты. Биосоциалды бюджет
шегінен шығып кеткен және организмнен жаңа талпыныстарды қажет ететін төлем
бейімделу механизмдерінің бұзылуына әкеліп соғады.
Кейде қалыпты жағдаймен салыстырғанда сол және басқа дисгармонияның
белгілі зақымдану құнымен қол жеткізілетін биологиялық қана емес, сондай-ақ
әлеуметтік сипат [13].
Қоршаған орта факторларымен қарым-қатынастағы организм реакциясы әр
түрлі жағдайларға: әсер ету факторларының күшіне, әсер ету уақытына,
функционалдық ресурсты анықтайтын организмнің бейімделу мүмкіншілігіне
байланысты. Стресстік сипат алатын факторлардың әсеріне жауап ретінде
арнайы емес сипат алатын организмде жалпы бейімделу синдромы пайда болады.
Ол қатты күштенген биожүйе құрылымы жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан ол
биоэнергетикалық жағынан тиімді де, әрі орынды. Арнайы емес бейімделу
реакция процесінде ортаның тиімсіз жағдайлары кезінде организм пайдаланатын
функционалдық тұрақтылықты сақтау үшін қосымша энергия саны құралады. Егер
әсер етуші фактор күші жағынан жоғары болмаса немесе оның әсер етуі қысқа
мерзімді болса, онда организм қанағаттанарлық бейімделуді, яғни жоғары
функционалдық мүмкіншіліктерді сақтауы мүмкін. Әсер етуші күш жоғары болып
немесе оның ұзақтығы басқару мүшелерінде айтарлықтай күштену байқалады.
Басқару жүйелерінің қатты күштенуі организмнің қорғаныс күшінің қажуына,
оның функционалдық мүмкіншіліктерінің төмендеуіне әкеледі.
Арнайы өзгерістер бейімделу өзгерістерінің барлық кезеңінде байқалып,
бірақ шарықтау шегі организмнің қорғаныс күші қажыған кезінде болады.
Соның салдарынан нақты жағдай тән функционалдық бұзылу немесе белгілі
патологиялық синдром қалыптасады.
Организмнің толық жағдайы функционалдық жүйе жұмысының нәтижесі
ретінде басқару әсердің тиімділігімен, орта мен организм арасындағы тепе-
теңдікті қамтамасыз ететін қабілетімен және оның өмір сүру ортасына
бейімделушілігін анықтайды.
Ортамен тепе-теңдік қабілеті немесе организмнің бейімделу
мүмкіншіліктері тірі жүйенің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Адаптация гомеостазбен бірге биологиялық объектінің функционалдық құрамы
ретінде биологияның негізгі түсінігіне жатады [14].
Қан айналым жүйесінің функционалдық резерві дәстүрлі түрде
функционалдық жүктеме сынамаларын қолдану арқылы анықталады. Қан айналым
жүйесінің резервтік қуаты организмге жағымсыз әсер еткенде берік қорды
құрайды және соның арқасында бастапқы функционалдық деңгей төмендейді.
Организмнің ағымдағы жұмысы резервті жұмсаумен, сонымен қатар олардың
толығуымен байланысты. Сондықтан маңызды болып резервтің өз уақытысында
мобилизациялауы ғана емес, сонымен қатар қорғаныс пен қалпына келу
процесіне сәйкес стимуляция. Сол үшін де қан айналу жүйесінің функционалдық
резерві жайлы сұрақты талқылағанда миокардты-гемодинамикалық гомеостазды
және вегетативті гомеостазды қарастыру керек [15].
Бейімделу мүмкіншілікті бағалау көп жағдайда денсаулықтың маңызды
критериі ретінде қарастырады. Вaine Brian денсаулықтың жаңа концепциясын
алға қоя отырып, оның динамикалық сипатын ескереді [16].
Организмнің ортаға бейімделуі физиикалық, психикалық және әлеуметтік
ресурстарға байланысты. Организмнің ортамен динамикалық тепе-теңдігі
денсаулық балансын анықтайды. Nanke L. денсаулықты екі аспектіде
қарастырады: жеке мүшелердің қалыпты жағдайы ретінде және адамның мақсатына
жетелейтін организмнің жағдайы ретінде. Екінші анықтама жаратылысы бойынша
денсаулықтың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі [17]. Алайда, кейбір
ғалымдар ӘДҰ анықтамасына сәйкес денсаулыққа физикалық, психикалық және
әлеуметтік аспектілердің әсерін кең ауқымды мағынада сынға ұшыратады. L.
Nordenfelt денсаулық медициналық аспектіде шектелумен және ауру
критерилеріне көп көңіл бөлген жөн деп ұсынады [18]. Бірақ қазіргі
денсаулық түсінігі қорғаныс механизмі, ең алдымен сыртқы ортаның әсерінен
белсенді болатын бейімделу механизмдері мен компенсациялары жайлы түсінігін
қосады.
Адамның бейімделу мүмкіншілігі жоғары болған сайын аурудың пайда болу
қаупі төмен болғаны. Бейімделу мүмкіншлігі оның фундаментальды құрамын
көрсетеді. Ең алдымен бейімделу мүмкіншілігі – орта мен организм арасында
тепе-теңдікті ұстап тұратын функционалдық резервтің қоры. Функционалдық
резерв қоры – жұмсалғаны қалпына келіп тұратын ақпараттық, энергетикалық
және метаболикалық ресурстар. Сондықтан, қазіргі уақыттың әрбір сәтінде
олардың кейбір орта деңгейіне қатысты функционалдық ресурстың кейбір
жағымды немесе жағымсыз тепе-теңдігі бар. Функционалдық ресурстың орта
деңгейі өз кезегінде уақытпен ауысады. Осылай тәуліктік және маусымдық
функционалдық ресурстардың ауытқуын анықтауға болады. Бірақ тіршілікке
әлдеқайда бейім жас ерекшелік өзгерістер болып табылады. Функционалдық
резервтің шығындалуы организмнің негізгі жүйелерінің функционалдық
деңгейлеріне қажетті ұстап тұруымен іске асады. Соңғысы өз кезегінде
гомеостазды қамтамасыз етуде организмнің сыртқы ортамен тұрақтылығын
сақтауда маңызды орын алады. Сыртқы ортаның келеңсіз жағдайларына организм
функционалдық резервті шығындайтын, жеке мүшелердің функционалдық деңгейін
өзгерту жолында бейімделуге мәжбүр болады. Басқару механизмдер жұмысының
арқасында ішкі орта сыртқы ортаға сәйкес қайта өзгереді [19].
Ішкі ортаның сыртқы ортаға ауыспалы гомеостатикалық тәуелділігі
организмнің жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ қарсы фактордың спецификасымен
шартталған әр түрлі сипат алады.
Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу қажеттілігі және
гомеостазды сақтап тұру басқару механизмдерінен белгілі күштенуді қажет
етеді.
Функционалдық резерв жоғары болған сайын гомеостазды сақтап тұру үшін,
сыртқы орта жағдайына бейімделу үшін бұл механизмдердің кұштену деңгейі
төмен болады. Функционалды резерв біріккен бейімделу реакцияларымен тығыз
байланысқан және өзінің құрылымдық негізі бар ақпараттық, энергетикалық,
метаболикалық резервтен құралады. Организмнің функционалдық резерві немесе
оның жеке жүйелері жайлы айтуға болмайды, Ф.З. Меерсон: Адаптация үшін
жауапты жүйенің функционалдық мүмкіншілігінің жоғарылау негізі энергиямен
қамтамасыз ету, иондық транспорт, басқаруға жауапты құрылымның қуаты мен
массасының жоғарылауы – жүйелік-құрылымдық орынның қалыптасу процесін
дамытатын клеткалық құрылымның қатынасын өзгерту болып табылады. Сондықтан,
жүйелік-құрылымдық орынның дамуы ақпараттық, энергетикалық және
метаболикалық ресурстармен байланысты. Соның арқасында басымды жүйелердің
қуаты өседі, оперативті жедел адаптациядан ұзақ мерзімді адаптацияға өту
қамтамасыз етіледі, бейімделу механизмдерінің арнайы емес жоғарылауымен
байланысты стресссиндром төмендейді - деген [20].
Организмнің қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне бейімделуі
функционалдық резервтің шығындалуымен және мобилизациялау жолымен жүзеге
асады.
Бұл резервтердің мобилизациялау процесі жалпы қабылданған бейімделудің
ұзақ және қысқа мерзімді кезеңдерін көрсететін теориясында көрсетілген.
Жедел бейімделуде белгілі ресурстар қолданылатын бұрыннан бар
бейімделу механизмдері мобилизацияланады. Организмнің жаттыққандығы мен
дайындық деңгейіне байланысты сол және басқа факторлардың әсерінен бұл
ресурстардың қуаты өмірлік маңызды жүйелердің гомеостазын сақтау үшін,
организмнің ортамен тепе-теңдігі үшін жеткіліксіз немесе жеткілікті болуы
мүмкін [21].
Бейімделу – тірі организмдердің қозғалмалы жүйелерінің өзгермелі
жағдайларға қарамастан тұрақтылығын сақтап, тұқымын жалғастырып және
дамытып отыратын динамикалық процесс. Ұзақ эволюцияның нәтижесінде шыққан
бейімделу механизмі ортаның тұрақты өзгермелі жағдайларында организмнің
өмір сүру мүмкіншілігін сақтап отырады [22].
Организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасы кезінде дәл осы бейімделу
процесі гомеостаздың сақталуына дейін жетеді. Бұл байланыспен бейімделу
процестері организмнің басқаруын тұрақтандырып қана қоймай, сонымен қатар
“организм-орта” жүйесінде үйлесімділікті сақтап тұрады. Бейімделу процесі
әрқашанда “организм-орта” жүйесінде айрықша өзгерістер пайда болғанда және
басқару реакциялары мен физиологиялық функциялардың максималды
эффективтілігіне жетуге мүмкіншілік беретін жаңа гомеостатикалық жағдайды
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Организм мен орта статикалық емес,
динамикалық тепе-теңдікте болғандықтан олардың қатынастары тұрақты өзгеріп
отырады, артынша бейімделу процесі тұрақты іске асырылып отыруы керек [23].
Адамның бейімделуі – human adaptation – адамның экологиясындағы
негізгі түсініктердің бірі, сонымен қатар басқа да пәндерде (физиологияда,
антропологияда, медициналық географияда, социологияда, этнография және
т.с.с.). адамның жаңа ортаға бейімделуі – әдеттегі жүріс-тұрысынан,
организмнің функциялары мен жүйелерінің өзгерісі негізіндегі күрделі
әлеуметтік-биологиялық процесс. Бұл екі жақты процесс: адам жаңа
экологиялық жағдайға ғана емес, сондай-ақ мұны өзінің қажеттіліктеріне,
тамақтану, баспана, киім кешек, транспорт, инфраструктура т.б. кіретін
өмірлік қамтамасыз ету жүйесін құрайтын жағдайларға бейімдейді [24].
Бейімделуге байланысты Ресейдегі Лесгафт университетінде 20 жыл бойы
зерттеу жүргізілген. Оның 4 түрін анықтаған: бірінші кезең – адаптация алды
– ми қыртысында қозу процесі болады, гипофиз функциясы жоғарылайды, зат
алмасу процесі ұлғаяды. Келесі саты – бейімделгендік – липидтік алмасудың
ұлғаю фазасы. Бейімделуде гормондар ерекше рөл атқарады. Спортшының жұмыс
қабілеті тұрақталады және өседі. Организмге қарқынды, ұзақ уақыттағы
жүктеме әсер етсе немесе демалыс жеткіліксіз болса, нейроэндокринді
регуляция жұмысы бұзылады, сонымен қатар катехоламиндердің және
глюкокартикоидтердің құрамы азаяды. Спортшы ағзасындағы мүшелердің қызметі
бұзылады – бұл дезадаптация кезеңі. Ұзақ демалыстан кейін жүйелі жаттығуда
– қайта бейімделу басталады. Бұл физиологиялық жағынан жаттығу деңгейінің
төмендеуі, организмнің жеке көрсеткіш функциясының бастапқы қалыпқа келуі
[25].
Организмнің бейімделу мүмкіншілігінің төмендеуі, оның функционалдық
жағдайының бұзылуы көрсеткіштердің бірмәнді емес өзгерістерінен болатыны
белгілі, өйткені компенсация процесі мен гомеостазды тұрақты ұстауы адамның
жынысына, жасына және оның бастапқы функционалдық жағдайының әр түрлі
өтетіндігіне байланысты.
Адамның бейімделу механизмдері әр түрлі, сондықтан адамның бейімделу
әлеуметтігін мынадай түрлерге бөледі: 1) биологиялық 2) әлеуметтік
3)этникалық (әлеуметтіктің ерекше түрі). 1) Адамның биологиялық
бейімделуі – түрлі өзгермелі ортаға организмнің барлық функциялары, сыртқы
және ішкі мүшелердің өзгеріс ерекшеліктері айқындалатын, орта жағдайларына
адам организмнің эволюцияның нәтижесінде пайда болған бейімделу. Адам
организмінің жаңа жағдайларға бейімделу кезінде екі процесті анықтайды —
фенотиптік бейімделу немесе акклимитизация нақтырақ айтқанда жеке бейімделу
және пайдалы табиғи қасиеттерді іріктейтін генотиптік бейімделу. Фенотиптік
бейімделу кезінде организмге жаңа ортада тепе теңдікті сақтау үшін
физиологиялық компенсаторлы өзгерістермен анықталатын организм жаңа ортаға
әсер етеді. Бастапқы жағдайға ауысу кезінде фенотиптің бастапқы жағдайы
қалпына келіп, компенсаторлы физиологиялық өзгерістер жоғалады [26].
Адамда адаптация организмнің құрамы ретінде жүрек-қан тамыр, тыныс алу
және энергетикалық жүйелерді автоматтандырылған, өзін реттейтін жүйе болып
табылады. Күрделі регуляторлық процестердің үйлесімділігі жоғары болған
сайын – бейімделу тиімдірек болады. Дене жүктемесіне бейімделу
функционалдық мүмкіншіліктердің көмегімен іске асады. Экстремалды, яғни
климаттық жағдайға бейімделу негізгі бейімделу реакциясының аяқталуы
организмдегі негізгі жүйенің жаңа функционалдық режимінің орнатылуымен
байланысты. Бейімделудің жоғарғы деңгейі егер денеге жүйелі түрде жүктеме
берілсе, онда организмнің функционалдық жүйесінде қарқынды, созылмалы әр
түрлі тітіркендіргіштер жауап ретінде сақталады [27].
Спортшының қозғалыс аппаратындағы бейімделу өзгерістері бірдей емес.
Спортшының мамандануындағы спорттың түрлеріне қарай сабақтың ұзақтығы
немесе спорт шеберлігінің деңгейіне, қозғалыс міндеттерін шешу әдісінде бұл
өзгерістер жалпы немесе жергілікті сипат алады. Жергілікті қайта құруды
спортшы организміндегі жалпы өзгерістермен бірге қарастырған дұрыс. Әдетте
жергілікті өзгерістер арнайы кезде көрінетін және көп мөлшерде жүктеме бар
жерде орын алады.
Организмге қоршаған орта факторларының үздіксіз және ұзақ қолайсыз
әсерінен (климатогеографиялық, тұрмыстық-әлеуметтік, өндірістік т.б.)
бейімделу мүмкіншілігі біртіндеп төмендейді. Дені сау адамнан науқас адамға
айналады. Сондықтан организмнің қоршаған ортаның қолайсыз факторларына
(өмір сүру ортасына, жұмыс істеу ортасына байланысты) денсаулық жағдайы
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [28].
Организмнің бейімделу процесінде зат алмасу тыныштық күйде энергияны
өте үнемді жұмсауға және дене жүктемесі кезінде метаболизмнің жоғары қуатта
жұмыс істеуіне ауысады. Мұндай ауысу биологиялық жағынан өте тиімді және
физиологиялық бейімделудің жалпы механизмі болып табылады [29].
Адамның денсаулық жағдайы соңында бейімделу резервінің қуаты және
санымен анықталады. Морфофункционалды резерві жоғары болған сайын бейімделу
бағасы төмен, яғни жаңа өмір сүру ортасында организм тиімді бейімделеді.
Жұмыс қабілеті де, денсаулығын да сақтап қалады [30].
Генотиптік бейімделуде организмде этникалық топта, генотипте
популяцияның жаңа ұрпақтық сипаттама негізінде бекітілетін организмдегі
терең морфо-физиологиялық ауытқулар болады. Аурулар мен денсаулықтың
қалыпты критерилерін жасауда бейімделу түсінігі жемісті болды. В.В.
Париннің анықтамасы бойынша денсаулық өз кезегінде максималды бейімделу
қамтамасыз ететін организмнің оптималды жағдайы. Бейімделу мүмкіншілігінің
кез келген төмендеуі және денсаулық деңгейінің төмендеуі потологияға жақын
мағынада болып саналады. Сондықтан ауруды күнделікті жағдайға қалыпты
физиологиялық бейімделудің бұзылуы деп қарастыруға болады. Ауру адамды
белгілі жұмысты орындауға қабілетсіз не болмаса, оны орындау кезінде
организмнің өмірлік маңызды параметрлерін қалыпты нрмадан тыс ығыстыруы.
Адекватты емес факторлар әрекеттерінің ұзақтығына байланысты және морфо-
функционалдық деңгейде бейімделудің үш кезеңін қарастырады: бастапқы
бейімделудің орнатылмаған сатысы, ұзақ мерзімді бейімделудің орнатылған
сатысы немесе бейімдеушілік жағдайы. Адекватты бейімдеушілікті
реакциялардың қалыптасуын қамтамасыз ету мүмкін еместігі бөлшекті
бейімделуге немесе дезадаптацияға әкеліп соғады. Дезадаптация қандай да бір
жүйенің бастапқы толық емес салдарынан болуы мүмкін. Адамның бейімделуін
зерттеу оның өмір сүру ортасымен тікелей байланысты. Бейімделудің
механизмдерін адам бейімделуге міндетті болған жағдайда толық түсінуге
болады. Адамның жаңа экологиялық жағдайы күрделі әрі ерекше болған сайын
оның бейімделуі ауыр өтеді. Жастар мен дені сау адамдарға қарағанда науқас
және қарт адамдарда бейімделу мүмкіншіліктері айтарлықтай төмен. Бірақ
кейбір аймақтарда олар толық бейімделе алмайды. Кейде организм бейімделу
кеізінде белгілі бір уақыттан кейін немесе бейімделуге жетпестен бұрын
организм қорлары таусылады. Адамның бейімделу мүмкіншіліктері ғылыми
техниканың қарқынды дамуына байланысты, адамдардың қалыпты орындарын
ауыстыруына байланысты — Жердің экстремалды аймақтарын (Арктика,
Антарктика, шөлдалалар, мұхиттық шельфтер, таулы аймақтар) және ғарыштық
кеңістіктерді меңгеруіне байланысты өзгерді. Бұл бұрынғы контингенттердегі
тұрғындардың сол немесе басқа аймақтардың жарамды не жарамсыз деген сұрақты
шешуге мүмкіндік тұғызады. Ресей Федерациясы аймағында келесі типтер
анықталған: 1. Экстремалды деп эффективті организмнің бейімделу жүйелерінің
басым бөлігі қиын күштенумен өтеді. 2. Жайсыздық деп қиын компенсациямен
жүретін организмнің бейімделу жүйелерінің көп бөлігі өте күшті кернеумен
өтеді. 3. Гипожайлы деп организмнің бейімделу жүйелерінің көп бөлігі
компенсация біртіндеп жүретін қатты кернеумен сипатталады. 4. Прекомфортты,
организмнің бейімделу жүйелерінің көп бөлігі компенсацияның жылдам жүретін
баяу кернеумен сипатталады. 5. Жайлы деп көшіп келгендердің бейімделуінің
басым бөлігі жылдам әрі аурусыз өтуі. Бейімделу теориясының маңызды бөлігі
— бейімделу үшін биоәлеуметтік төлем концепциясы болып табылады [31].
Организмнің бейімделу мүмкіншіліктерінің максималды күштенуін қажет
ететін экстремалды жағдайда адамның бейімдеушілігі биоәлеуметтік төлемді
анықтайтын бағаға жетеді. Экстремалды жағдайдағы бейімдеушіліктің жоғарғы
деңгейі – бұл молекулалықтан организмдікке дейін жететін аса күштенумен
сипатталатын өзіндік биоәлеуметтік мамандану. Нәтижесінде осындай
күштенудің арқасында адам сол және басқа да қасиеттерді алады. Алайда ереже
бойынша бұрын иеленген қасиеттерінің өзгеруін немесе жоғалту әсерінен
жетеді.
Әлеуметтік бейімделу – өмірлік мақсатына, қызығушылығына, оның
қажеттілігін іске асыруға қабілетті, қамтамасыз ету жағдайында көрінетін
тұлғаның әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу еңбек
(оқу) сипаттамасын және жағдайын өзіне қосады, сондай-ақ тұлғааралық қарым
қатынастарды, экологиялық және мәдени ортаға, тұрмыс-тіршіліктегі сипатты
қосады. Әлеуметтік бейімделу процесі тұлғаның әлеуметтік процесімен, топтық
және қауымдық интериорзациясымен тығыз байланысты. Әлеуметтік бейімделу
өмір қауіпсіздік жағдайына тұлғаның бейімделуі және олардың белсенді
мақсаттық өзгерісі деп болжамдайды. Тұлғаның басымдылығы әлеуметтік
бейімделуде аса сәтті болады. Тұлғаның құнды бағыты мен бейімделудің
тәртібі арасында байланыс бар екені анықталды [32].
Адамдардың бағытының көрінуінде және өзінің қабілеттерін жетілдіруінде
әлеуметтік ортамен байланысы басым болады. Сондай- ақ құнды бағыттар еңбек,
тұрмыс, бос уақытта, тұлғааралық қарым-қатынастарды анықтайды. Мысалы,
конвейердегі бірқалыпты еңбек ереже бойынша жоғары білімді адамдарға
жағымсыз әсер етеді, бірақ төменгі білімді және квалификациялы жұмысшыларды
қанағаттандырады. Этникалық бейімделу – олардың әлеуметтік мәдени өмір сүру
ортасына және табиғи аймағына этникалық топтың бейімделуі. Бұл процесті
және осымен байланысты мәселелерді зерттеу этникалық экологиялық мақсатқа
кіреді. Әлеуметтік мәдени бейімделуде өзіндік мәдени тіл, саясаттық,
экономикалық және ортаның басқа да параметрлерімен сипатталады [33].
Ұзақ мерзімді бейімделушілікте физиологиялық факторлар міндетті түрде
келесі процестермен жүреді: а) басқару механизмдерінің қайта құрылуымен б)
физиологиялық резервті пайдалану мен мобилизациялау в) адамның еңбек іс-
әрекетіне бейімделудің арнайы функционалдық жүйесінің қалыптасуы. Бейімделу
процесінде осы үш физиологиялық реакциялар ең басты және негізгі болып
табылады [34].
Әр түрлі дене жүктемесінде әр түрлі көрсеткіштер орнайды. Сауықтыруда
ең маңызды принцип – жүктеме мөлшерін біртіндеп ұлғайту. Дәлелденген
зерттеуде егерде жүктемені қарқынды түрде қолдана берсе, организмдегі
жағымсыз процестерге әкеліп соғады. Ал егер ол адам бұрындары жаттыққан
болса, оған қысқа мерзімді жүктемелерді орындауға болады. Бейімделу процесі
тек үшінші жылы жүктемемен қалыптасқан [35].
Бейімделу потенциалының жоғарылығы организмнің және қанайналым
жүйесінің функционалды қорларын және мүмкіншіліктерін анықтайтын кешенді
көрсеткіш. Адам организмінің бейімделу мүмкіншілігінің критериі ретінде
А.П. Берсеневаның функционалды өзгерістердің индексі арқылы есептелінеді.
Бұл үшін керекті көрсеткіштер: жасы, бойы, дене салмағы, артериалдық қысым,
жүрек жиырылу жиілігі [36].
Бейімделу процесін қалыптастырудағы басты рөлді организмнің стресстік
реакциялары жоғарғы реактивтілігі бар қан айналу жүйесі анықтайды. Көптеген
авторлар бойынша әр түрлі стресс жағдайларында қан айналым жүйесін
организмнің толық бейімделу реакциясының индикаторы ретінде көрсеткен [37].

Адам организмінің бейімделу мүмкіншілігі өз алдында оның
фундаментальды құрамын ұсынады. Ең алдымен бейімделу мүмкіншіліктерін орта
мен организм арасындағы тепе теңдікті тұрақты сақтап отыратын функционалдық
резервтердің қоры деп анықтауға болады. Функционалдық резервтердің қоры –
жұмсалу тұрақты орындалып отыратын метаболикалық, энергетикалық және
ақпараттық ресурстар. Осы қалыппен әрбір берілген уақытта олардың орташа
деңгейінің кейбір функционалдық ресурстардың оң және теріс балансы бар.
Функционалдық ресурстардың орташа деңгейі өз кезегінде уақытпен өзгереді.
Осылайша функционалдық ресурстардың тәуліктік және маусымдық тербелістерді
анықтауға болады. Бірақ аса маңыздысы жас аралық өзгерістер болып табылады
[38].
Студент-жастардың жұмыс және ойлау қабілетінің төмендеуі,
денсаулығының нашарлауы тағы басқа жағымсыз әсерлер семестрдегі және
емтихан тапсыру кезіндегі эмоционалдық сртесстер, әдіс пен дағдының
салауатты өмір салтында жеткіліксіздігінен, гиподинамия, дене даму
әлсіздігі осының барлығы оқу процесіне бейімделуді қиындатады.
Функционалдық қорлардың жұмсалуы организмнің негізгі жүйелерінің
функционалдық деңгейін сақтап тұруында. Өз кезегінде соңғылары гомеостазды
қамтамасыз етіп, организмнің ішкі ортасын тұрақты сақтап тұрудағы басты рөл
атқарады. Қолайсыз жағдайда организм функционалды қорлардың жұмсалуын талап
ететін, жеке жүйелердің қоршаған ортаға функционалдық деңгейлерінің өзгеруі
арқылы бейімделуге тиісті. Реттеуші механизмдердің әрекеттерінің арқасында
ішкі орта сыртқы ортаға сай қайта құралады. Соған қарамастан қисық
гомеостатикалық сипат үшін сыртқы жағдайдың шектеулі аймақтарында
гоместаздың сақталу мүмкіншілігі бар.
Сыртқы ортаның ішкі ортаға гомеостатикалық ауыспалы тәуелділігі
организмнің жеке ерекшеліктері болып табылатын әр түрлі сипатта болады.
Гомеостазды сақтап тұру үшін және сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына
бейімделу қажеттілігі реттеуші механизмдердің белгілі күштенуін талап етеді
[39].
Функционалдық қорлар қаншалықты жоғары болған сайын гомеостазды сақтап
тұру үшін, сыртқы орта жағдайларына бейімделу үшін бұл механизмдердің
күштену деңгейі төмен болады. Бұл физикалық қорлардың болуын емес, өзінің
жұмысының қарқындылығын жоғарылатудағы потенциалдық қабілеттер деп
түсінеміз. Бейімделу реакцияларының бірігуінде өзара байланысқан
метаболикалық, энергетикалық және ақпараттық қорлардан құралатын
функционалдық қор және құрылымдық негізді құрайды.
Организмнің функционалдық қорларын немесе оның жеке жүйелерін дара
қарастыруға болмайды. "Жүйенің функционалдық мүмкіншіліктерінің жоғарылау
негізі бейімделуге жауапты болып қалыптасу процесіндегі құрылымдық
жүйесіндегі клеткалық құрылымдық қатынастың өзгеруі, массаның таңдауы мен
басқаруға жауапты құрылымның қуатында, иондық тасымалдау, энергиялық
қамтамасыздандыру. Осылайша құрылымдық жүйелік іздің дамуы ақпараттық,
энергетикалық және метаболикалық ресурстарға байланысты. Дәл соның
арқасында басымдық жүйелердің қуаттылығы өсіп, оперативті жылдам
бейімделуден ұзақ бейімделуге, бейімделу механизмдер күштенуінің
жоғарылануына байланысты стресс синдром төмендейді" деп Ф.З. Меерсон жазды
[40].
Стресс ағылшын тілінен аударғанда зорлану, күштену, қиналу деп
қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған
серпілістер мен жауап қайтарумен көрінетін оның қорғану бейімделу
мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейімен қалыптасатынын айтады. Бұл қолайсыз
ықпалдарға физикалық әсерлер ыстық немесе суық температуралар, иондағыш
сәулелер, электр соққы, жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т.с.с.
биологиялық әсерлер, жұқпалар, вирустар, микробтар, уыттары, жәндіктердің
улары, психогендік жай дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы
қасіреттер, көңіл толқулары, әлеуметтік жағдайлардың қазіргі адамдарға
ақпараттың шамадан тыс әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың
арасындағы шиеленістер, қоғамдық заңдар мен жеке адамдардың
ерекшеліктерінің шектеулігі, қимыл қозғалыстардың азаю әсерлері жатады.
Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл
организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды [41].
Стресс атауын медицинаға алғаш рет XX ғасырдың 60 жылдарында Канада
ғалымы Ганс Селье енгізді. Бұл ғылымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз
ықпалдардың оқ жарақат па, жұқпа ма, химиялық ұлану ма, қайғы қасірет
түрлеріне қарамастан оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл
кезде айырша безбен лимфа тіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің
гипертрофиясының асқазан мен ұлтабарлардың шырышты қабықтарында ойық жара
дамыған. Қанда нитрофилдер көбейіп эозинофилдер мен лимфоциттердің азаюы.
Тіндерде зат алмасудың өзгерістері байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер
еткен қолайсыз ықпалының түріне қарамай әрдайым бір түрде болатындықтан
оларда организмнің арнайыланбаған серпілістерді жатқызады. Стресс кезіндегі
спецификалық серпілістердің бір көрінісі болып кез келген жағымсыз
ықпалдардың әсерлерін жасуша қабықтарындағы май қышқылдарындығы асқын
тотығуы, фосфолипаза, липаза, котеаза ферменттерінің артық әсерленуі
есептелінеді [42].
Стресс организмнің тіршілігінде маңызы өте үлкен. Оның әсерінен
организм тіршілігінде қажетті барлық мүмкіндіктердің жұмылдыруы болады.
Осыдан ұдайы өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайларына организмнің
икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады. Ганс Сельенің пікірі бойынша
кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда картикоторопин
түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдында бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабатына әсер етіп, глюкокартикоидтық гормондардың өндіруін артады. Осыдан
қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі.
Мәселен, жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып
тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, тез
өледі. Ал жануарларға алдын ала картикотропин немесе глюкокартикоидтық
гормон енгізіп, содан кейін оларға химиялық зат енгізсе немесе оларды
жарақаттаса одан көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі
артады. Сол себепті картикотропин мен глюкокартикоидтық гормондарды
бейімделу гормондары деп атайды. Осыған байланысты стрессті Ганс Селье
адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл синдром үш сатыдан өтеді: 1) үрей
сатысы, 2) организмнің төзімділігінің көтерілуі, 3) организмнің қалжырау
сатысы.
Үрей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің қозғалыстық икемделу
мүмкіншіліктері тез іске қосылады. Бұл саты соққы және соққыға қарсы
фазалардан тұрады. Соққы фазаларында бұлшық еттің әлсіздігі, артериялық
қысымның төмендеуі гипотермия, гипоклимия қылтамырларының өткізгіштігі
көтерілуі байқалады. Бұл кезде лимфоидтық түйіндердің кері дамуы, теріс
азоттық баланс, асқазанның ойық жаралары байқалады. Бұл организмдегі ыдырау
үрдісінің күшейтетінін көрсетеді. Соққыға қарсы фазаларда көрсететін
бұзылыстар кері бағытта өзгереді. Артериялық қысым және бұлшықеттің күш
қуаты көтеріліп, қанда глюкоза көтеріледі. Гипофиз бен бүйрек үсті
бездерінде картикотропин мен гллюкокартикоидтық гормондардың өндірілуі
тұрақты түрде жоғарылайды. Осыдан төзімділік сатысы дамиды. Бұл сатыда
бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы байқалады. Картикостероидтардың
түзілуі артады. Глюконеогез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқты орта
жағдайларына организмнің бейімделуің жоғарғы деңгейге жетеді. Егер қолайсыз
ықпал ұзақ мерзімдерде әсер етсе, онда организмдердің көрсеткіш қасиеттері
бұзылады. Жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды.
Артериялық қысым төмендейді, ақуыз ыдырауы артады, дене қызуы азаяды,
гипогликемия байқалады.
Стресстің қорғаныштық бейімдеушілігі және патогендік маңызы. Жалпы
адаптациялық синдром кезінде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалдарға
ғана емес, көптеген жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды. Былайша айтқанда бір
жағымсыз ықпалдардан кейін екінші қолайсыз ықпалдардың зиянды әсері
әлсірейді. Мәселен, тәжірибелік жануарлардың терісіне формалин жіберсе,
қатты қабыну дамиды. Ал формалин жіберу алдында аз ғана мөлшерде қан алса,
онда формалин жібергеннен кейінгі қабынудың қарқыны төмендейді. Сондай ақ,
жануарлардың көк тамырына протеализдік фермент трипсин жібергенде миокард
некрозы пайда болады. Ал фермент жіберер алдында жануарлардың бұлшық
еттерін электр ағымымен жарақаттаса, онда фермент жібергеннен кейін миокард
некрозының мөлшері азаяды. Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің
кейбір нүктелерін күйдіріп емдеу т.с.с. медициналық бейдәстүр емдеу
әдістері көрсетілген заңдылықтармен түсіндіріледі [43].
Организмге әсері әлсіз және қоздырғышының ұдайы әсерлеріне эндокриндік
жүйелердің бейімделу мүмкіншілігін әрдайым қолайсыз ықпалдарға дайын
жағдайларға ұстап, организмнің оларға төзімділігі артады. Стресстің
адаптациялық әсерлері мына жолдармен болуы мүмкін. Жағымсыз ықпалдардың
әсерінен организмде энергетикалық және құрылымдық заттардың жұмылдыруы
болады. Осыдан қандағы глюкозаның, амин қышқылдарының, май қышқылдарының,
нуклеотидтердің деңгейі көтеріледі. Бұл зат алмасу өнімдер жүйелерін
құрылымдық із қалыптастыратын адамның жауапты функционалдық басым жүйеге
бағытталады. Өйткені жұмыс атқарып тұрған еттерде ішкі ағзаларда мидың
белсенді орталықтарда қан тамырлар кеміп, қызмет атқармай тұрған басқа
ағзаларға олар тартылады. Осыдан жоғарыда көрсетілген функционалдық басым
жүйелерде нуклеин қышқылы мен ақуыздардың түзілуі артады. Оған қажетті
энергия түзілуінде көбейеді, ал бейімделуге қатыспайтын басқа ағзалар мен
тіндерде нәруыздың ыдырауы артып, олардың түзілуі азаяды. Стресс кезінде
катехоламиндердің әсеріне жасуша қабықшаларында фосфолипаза май
қышқылдарының асқын тотығуы артады. Тіршілікке маңызды мембраналармен
байланысты нәруыздың рецепторларының ионды тасымалдау өзекшелерінің,
натрий, калий, кальций, АТФ ағзаларының және т.б. ферменттердің әсерленуі
болады. Бейімделудің бастапқы сатысында көрсетілген нәруыздың әсерленуі
организмнің бейімделу мүмкіншіліктерінде маңызды орын алады. Стресс кезінде
анаэробтық гликолиздердің ағзалар мен тіндердің гипоксияға төзімділіктерін
көтереді. Стресстен кейін нуклеин қышқылдары нәруыздар түзілуімен атруы
барлық ағзалар мен тіндерге тарайды. Нәтижесінде әр түрлі жүйелік
құрылыстық іздер қалыптасады. Жаңа шартты байланыстардың бекуіне бастап
организмнің иммундық жауаптарына дейін көптеген бейімделістік серпілістер
дамиды. Сонымен стресстің дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар ұдайы өзгеріп
тұратын қоршаған ортаға организмнің бейімделу мүмкіншіліктері артады. Бұл
кезде организмнің төзімділігі әсер еткен жағымсыз ықпалдар ғана емес, басқа
көптеген ықпалдарға да жоғарылайды. Физикалық жүктемелерге организмнің
жаттығу нәтижесінде бұлшық еттердің күш қуатының артуымен қатар,
біліндіретін артық қан қысымымен артады [44].
Ф.З. Меерсонның дәлелдеуі бойынша организмде қайталанатын жеңіл
стресстік жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стрессті шектейтін жүйенің қуаты
артуынан радияцияларға, ұлы химиялық заттарға төзімділігі көтеріледі. Суық
суға шынығу нәтижесінде организмде термореттеу жолдарының қуатының
көтерілуімен қатар әр түрлі жұқпаларға төзімділігі артады. Сондықтан суық
тиюден дамитын дерттер алдын ала ескертіледі, көптеген ауру тұдыратын
ықпалдарға организмнің төзімділігі, гипоксияға жататындар нәтижесінде
көтерілуі мүмкін. Ф.З. Меерсон оны қиылысатын бейімделу деп атады. Кейде
кейбір ықпалдарға организмнің жаттығулар нәтижесінде басқа жағымсыз
ықпалдарға организмнің төзімділігі төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайларға
теріс қиылысқан адаптация немесе адаптацияның құны деп атайды. Мәселен,
ауыр спортпен шұғылданатындардың арасында ұзақ өмір сүрушілер сирек
кездеседі. Адамдардың семіруі мен арықтауы стресс факторларына байланысты.
Күйзеліске ұшырауы биоырғақ пен адамдардың хронотипіне тікелей байланысты.
Биоритм тәуліктік, апталық, айлық, жылдық болып бөлінуіне байланысты.
Мысалы таңертеңмен салыстырғанда кешкі өлшенген салмақ жоғары болады, ал
апталық ритм кезінде жұма мен дүйсенбі күндері салмақ жоғары болады. Жыл
мезгілінде көктемде арықтайды. Ал суық түскенде организмде белсенді түрде
майды жинау басталады. Сондықтан сол уақытта семірмес үшін тамақ рационын
дұрыс сақтаған жөн. Ал айлық биоритм кезінде бірінші екінші циклда жаңа ай
туғаннан кейін он екі күн бойы максималды май ыдырайды. Ал жиырма күннен
бастап май жинап алуға байланысты. Цивилзацияның даму үдерісіне байланысты
биологиялық ырғақтың бұзылуына әкеледі, сондықтан цивилизация аурулары
пайда болады.
Невроз ауруы ол адамдардың қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендеуі,
жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процестерінің бұзылуы. Адамдарда бірінші
және екінші сигналдық жүйесі тепе теңдігінің бұзылуы. Ауру тек адамдарда
ғана емес, сонымен қатар жануарларда да кездеседі. Себебі адам
организміндегі эмоционалдық күйлердің ұзақ өзгеруіне байланысты
катехоламиндердің көбею салдарынан [45].
Гиподинамия ғылым мен техниканың дамуы, автоматизация, яғни қимыл
қоғалыстың аштығы.
Цивилизациялық ауру тамақтану режимінің бұзылуы, бір жағынан
организмге керекті витаминдердің жетіспеуі, екінші жағынан семіздіктің
пайда болуы. Май мен белок ауруларынан бұзылуынан пайда болады.
Бейімдеушілік процестерді меңгеру стресс пен эмоционалды күштенумен
байланысты. Бұл стрессті анықтау негізінде организмнің спецификалық емес
реакцияларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері
Спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
Жүрек - қан тамыр жүйесінің дене жүктемесіне бейімделуі
Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі
ТАЭКВОНДО СПОРТЫНДА ПУМСЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
Лақтырушылардың күш жаттығуының негіздері
Жеңіл атлетика спортының ерекшеліктеріне сипаттама
Пәндер