Инновациялық жобаны бағалау ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Экономика және бизнес Жоғары мектебі
Менеджмент және маркетинг кафедрасы

МӨЖ №5

Инновациялық жобаны бағалау ерекшелігі

Орындаған: Жобаларды басқару мамандығының
1 курс магистранты Алпысбаева Ә.А.

Қабылдаған: э.ғ.д., профессор Құнанбаева Д.Ә.

Алматы, 2019
Кiрiспе

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы қаңтарда еліне жoлдаған өз Жoлдауында Индустриялық - иннoвациялық даму бағдарламасын жария еткені бәрімізге белгілі. Ел басшылығының мақсатына тек иннoвациялық қызметті ынталандыру, аймақтық және әлемдік нарыққа шoғырландырылған, әрі бәсекеге қабілетті өндірісті енгізіп дамыту және еліміздің экoнoмикасын терең диверсификациялау арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарықтық қатынастарға өткен кездерде мемлекеттік эконoмикаға араласудағы рөлі төмен бoлып, бәсеке дамыды. Бірақ дамыған елдердің тәжірибесінен көрініп oтырғандай, рынoктардың принциптердің негізінде ғана өмірдің жақсы, әлеуметтік oртаны қайта құруға және өндірістің материалды техникалық базасын жаңартуға бoлады. Елдің иннoвациялық дамуына мемлекет араласпаса, күтіліп тұрған нәтижелерге әкелмейді, сoл себепті иннoвациялық және инвестициялық саясаттық іске асырылуы жеке зерттелуі мемлекеттік бақылаудың немесе реттеудің oбъектісі болып қалуы керек.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың дамуы айтарлықтай дәрежеде инновациялық және өндірістік инфрақұрылымның дәрежесіне, қазіргі ғылым, технология мен техника жетістіктерін қолдану дәрежесіне тәуелді. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасының дамуының басты факторларының бірі ретінде өндіріс пен қоғамды басқарудың әр саласына жаңа идеяларға, ғылыми жаңалықтарға, технологиялар мен өнім түрлеріне негізделген инновациялық қызметті жатқыза бастады. Қазір мамандар экономиканы дамытудың жолы ретінде инновациялық бағытты ұсынып отыр. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып табылады.

Негiзгi бөлiм

Инновациялық жоба дегенiмiз инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тəжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық- экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат. Инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi; Инновациялық жобаның негізгі құрамдас бөлімдері төмендегідей болады:
1) мəселенің өзектілігін дəлелдейтін кіріспе;
2) маркетингтік зерттеулер нəтижесінде құрылған жоба;
3) жобаның мақсаттар бұтағы бойынша жүзеге асырылатын шаралар;
4) жобаның кешенді негізделуі;
5) 3. жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету негізі;
6) жоба бойынша эксперттердің қорытындысы;
7) жобаны жүргізу механизмі.
Сонымен қатар инновациялық жобаларды жүзеге асырмас бұрын тиімсіздік тəуекелін де қарастырған жөн. Мысалы, қаржылық жоспарды құру кезінде міндетті түрде мынадай пункттер қаралуы тиіс:
:: кенеттен пайда болған мемлекеттік экономикалық тұрақсыздық нəтижесінде жобаның жолда тоқтатылуы;
:: салық тəуекелі;
:: бəсекелестердің əсерінен жобаның аяқталмай қалу тəуекелі.
Тəжірибе жүзінде бірнеше инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін салыстыру, анықтау барысында мынадай шаралар жасалынады:
1. ұқсас жобалардың орта жылдық рентабельділігін банктік орташа ставкамен салыстырады;
2. инфляциялық қауіп қатерінен болатын жоғатуларын салыстыру;
3. инвестициялардың ақталу мерзімін салыстыру;
4. инвестициялардың түсу тұрақтылығын салыстыру;
5. инвестицияға деген сұранысын салыстыру.
Қазақстан Республикасының Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңының 1- бабында инновация өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі ретінде анықталады, сәйкесінше инновациялық қызмет инновацияны өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі жолымен пайдалану. Инновацияны кәсіпкерлік қызметтің спецификалық объектісі ретінде қарастыруға болады. Инновациялық кәсіпкерлік үшін тек инновацияның болуы жеткілікті емес, сонымен қатар үнемі жаңаны іздеу, кәсіпкерлердің оны жасауы үшін мақсатты қызметінің болуы қажет.
Инновация-коммерциялық таратылатын, бәсекеқабілетті, зияткерлік творчестволық қызметтің тиімді нәтижесі.
Инновациялық қызмет жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологияны және өнім түрін өндірістің әртүрлі саласына енгізуге бағытталған қызмет ретінде анықталады.
Й. Шумпетер кәсіпкерлікті экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастыра отырып, кәсіпкерлікті жаңаны енгізуге негізделген инновациялық қызмет ретінде қарастырады [1].
Инновациялық қызмет-идеяларды трансформациялаумен байланысты. В. Рассудовский инновациялық қызметті кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде коммерциялық нәтиже (кіріс) алу мақсатында жаңаны пайдалануға бағытталған қызмет ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, инновациялық қызмет жаңа тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілікті тиімді қанағаттандыруды ұйымдастыру үшін, өндірілетін өнімді жақсарту, жаңа өнімді алу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет [2].
Инновациялық қызметті кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде қарастыру немесе инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызмет болуы мүмкін емес деген де пікірлер бар. Біз кәсіпкерлік қызметтің өзін шаруашылық қызметтің бір түрі ретінде қарастыратын болсақ, инновациялық қызмет - шаруашылық қызметтің бір түрі. Яғни, шаруашылық қызмет топтық ұғым ретінде болады. Бұл жерде шаруашылық қызмет пайда табуға бағытталса кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылатындығын ескерсек, инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде болуы үшін пайда табуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі нарық заманында жаңаны енгізу мен сату тұлғаларға инновация нәтижесін коммер- цияли-зациялауды меңзейді. Бұл жерде біз кәсіпкерлік қызметтің белгілерін анықтау нәтижесінде инновациялық ықзмет кәсіпкерлік қызметке жата ма деген сұраққа жауап табуымызға болады.
Инновациялық жобаны бағалау ерекшелігі белгілері бастамашылық, дербестік, тәуекел мен мүліктік жауапкершілік және пайда табуға бағытталғандық екенін білеміз. Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілер өз бастамасы бойынша жаңаны қалыптастыруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асырады. Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілер пайда табуға бағытталған қызметті жүзеге асырады, яғни өнімді сатудан немесе қызмет көрсетуден кіріс алуды көздейді. Кәсіпкер рыноктың талаптарына сәйкес, тұтынушының сұранысын қанағаттандыратын жаңаны жасауға талпынады. Мұндай жағдайда сатып алушылық сұранысқа әсер ететін факторларға саралау жасай отырып, болашақ өнімнің түрін таңдайды.
Кәсіпкерлік қызметке тән дербестік - қажетті ресурстарды табу, нені өндіру, кімге сату, қаржыландыру жағдайы деген сұрақтарды шешумен байланысты.
Әдебиеттерде дербестік басқа субъектілерден тәуелсіз өз атынан қызметті жүзеге асырудың заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндігі ретінде қарастырылады [3].
Инновациялық қызметпен айналысумен байланысты дербестік рынокқа жаңаша бейімделу, жаңаны іздеу бағыттарын айқындау, жаңа идеяларды жетік меңгеру, оларды іске асыру, инвестиция салу үшін объектілерді таңдау, қаржыландыру көздерін табу, инвесторлармен тиімді инновациялық шарттарды жасаумен байланысты болады. Сондықтан инноватор бүгінгі күнгі сұраныс емес, болашақта болатын сұранысты да болжауы қажет.
Ал келесі белгі ретінде қарастыратын тәуекел Б.Н. Мезриннің айтуынша орташа мүмкін болатын қолайсыз әлеуметтік нәтиже. Сонымен қатар ғалым тәуекелдің дәрежесін де сипаттайды, яғни үлкен немесе кіші зиянның болу мүмкіндігі [4].
В.А. Ойгензихтің пікірінше, тәуекел - субъективтік категория және ол кінәмен қатар өмір сүреді, ол онымен бірге өмір сүруі мүмкін болатын субъектінің өзінің әрекеттерінің нәтижесіне психикалық қатынасы [5].
Келесі ғалым О.А. Пастухин тәуекелді кенеттен болатын қауіп ретінде мүліктік игіліктердің бүліну немес құру қаупі, бұны заң нақты құқықтық салдардың туындауы ретінде байланыстырады деп қарастырып кеткен [6].
Инновациялық қызметтің бастамасы инновациялық жобамен байланысты екендігін ескерсек, кез келген инновациялық жобаларды жүзеге асыру материалдық, қаржылық қаражаттардың жұмсалуын қажет етеді. Бұл барлық жағдайда тәуекелмен байланысты, себебі біз алдын ала қай жоба коммер- циялық болуы мүмкін немесе жаңа өнімге әр кезде тұтынушы табыла ма жоқ па білмейміз. Яғни, жоғарыда атап өткендей инновациялық тәуекел орын алады. Инновациялық тәуекел - кәсіпкердің өндіріске жаңа өнімді, қызметті шығару немесе ескіні өңдеу кезінде рынокта күтілген нәтижеге сұраныстың болмауынан салынған қаражаттарды жоғалту тәуекелі ретінде заңнамаға енгізуіміз қажет.
Кейбір авторлар инновациялық кәсіпкерлікте келесідей тәуекелдің түрлерін қарастырып өтеді: қате инновациялық жобаны таңдау тәуекелі; инновациялық жобаның қажетті қаржыландырылмау тәуекелі; инновациялық жобалардың нәтижесін өткізудегі маркетингтік тәуекел; инновация нәтижесіне байланысты шарттарды орындамау тәуекелі; болжанбаған шығындар тәуекелі; кірістің азаю тәуекелі; бәсекелестіктің күшею тәуекелі; инновациялық жобаға меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тәуекел [7]. Инновациялық тәуекел өндіру сатысында да жүзеге асыру сатысында да болуы мүмкін. Алғашқысында өндіріс мақсатына жетпейді, жоспарланған жаңа жасалмауы немесе жасалған өнім жаңа болмауы мүмкін. Екінші жағдай бойынша инновациялық өнімге тұтынушы- лардан сұраныс болмауы мүмкін немесе болса да күтілген нәтиже бермеуі мүмкін.
Инновациялық қызметтің басқа шаруашылық қызметтерден айырмашылығы жаңа өнімді жасау мен жүзеге асыруға бағытталғандығы. Ал, егер де жаңа өнім болмаса бұл жай кәсіпкерлік қызмет түрінде болады.
Инновациялық жобаны бағалауда негізінен екі мақсат болады: бірінішісі - инновациялық болып табылатын тауар немесе қызметті жасау, соңғысы - инновацияны таратудан жоғарғы таза пайда алу. Инновациялық қызмет субъектілерінің соңғы мақсатқа жетуі жүзеге асырылған қызметінен пайда табу және шаруашылық қызмет аясының дамуына нақты ғылыми-техникалық салым салу. Сонымен инновациялық қызмет кәсіпкерлік қызмет бола отырып, жоғары тәуекел, капиталсыйымдылық, инновацияны жасау және жүзеге асыруға бағытталу секілді арнайы сипаттайтын белгілерге ие.
Инновация ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі ретінде анықталғандықтан, бұл түсініктерді де қарастыруымыз қажет. Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңының 1- бабына сәйкес ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, инженерлiк, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға, ғылымның, техниканың және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған қызмет [8].
Аталған заң ғылыми-зерттеу қызметiн (бұдан әрi - ғылыми қызмет) зерделенiп отырған объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшелiктердi, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеуге және алынған бiлiмдi практикада пайдалануға байланысты қызметтiң түрi ретінде қарастырады.
Біз қарастырғандай, ғылыми-техникалық қызмет - ғылыми қызметтің кең ауқымды түсінігі. Ғылыми-техникалық қызмет нақты тапсырмалар мен тәжірибелік мақсаттарға жету үшін жаңа білімді пайдалануға бағытталған. Сондықтан бір жағынан инновация анықтамасын анықтау кезінде бұл ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет деп қайталаудың да қажеті жоқ деп санаймыз.
Сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУ
Инновациялық жоба
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
Инновациялық кәсіпкерліктің мәні
Жоба ұғымының анықтамасы
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негізі пәнінен дәрістер
Пәндер