Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері


Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері
1992 жылы наурыз айында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге халықаралық басқада ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. атап айтқанда, Қазақстан негізгі волюта-қаржы қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997жылдың басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында игі нәтижелерін беруде. Нәтижесінде соңғы бес алты жылда Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мәселен, 1992 - 1995жылдары халықаралық қаржы институттарының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім- шарттарға қол қойылды. Осы жылдары бірқатар елдер - Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания т. б. -Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие берді. Сондай-ақ, Жапония, АҚШ секілді және басқада донор елдердің үкіметтері Қазақстанмен қаржылық ынтымақтастықты жылдан-жылға дамытып келеді. Мұның өзі Қазақстандағы нарықтық экономика бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға көмектесу мүмкіндігін және республика экономикасына шет ел инвестицияларын көптеп тартуда зор ықпалын тигізуде. Оған шетел бірлескен кәсіпорындары да өз үлесін қосып отыр. Олардың жалпы саны 1996ж, 746 болса, 2002 жылы1, 5мыңнан асты.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея мемлекеттері бар.
Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық "Шеврон" компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім Америка капиталының бастамасы болды. "Теңізшевройлә жобасы бойынша 2010 жылы тәулігіне 700 мың барелден 100 млн тоннадай асатын мұнай өндіруге қол жеткізу көзделген. Бірлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, "Шеврон" сонымен бірге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетілдіруге, мәселен, аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қатысатын болады. Осы бағытта соңғы жылдары республикада бірнеше ондаған американ компаниялары мен банктерінің өкілдері және бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс істеуде.
1997 жылы қыркүйектің 12-ші жұлдызында Президент Н. Назарбаев АҚШ-тың Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы, белгілі қаржыгер Дэвид Рокфеллер бастаған осы кеңестің делегациясын қабылдады. Н. Назарбаев АҚШ делегациясын біздің экономикамыздың ерекшеліктерімен, оны тұрақтандырудағы белгілі бір табыстарымен, Қазақстан рыногын одан әрі ырықтандыру және шетел инвестицияларын тарту жөніндегі шаралармен таныстырды. Кездесу барысында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық жоспарының жекелеген қағидалары, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің келешегі, еліміздің Иран аумағы арқылы Парсы шығанағына шығып әлемдік рыноққа қосылу мүмкіндігі талқыланды. Бізде қолданылып отырған экономикалық заңдардың Еуропалық стандарттарға бейімделе түсу қажеттілігі АҚШ делегациясы тарапынан түсіністік тапты.
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Америкадан бірлескен кәсіпорыны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Олардың Қазақстан Республикасының экономикасына салған инвестициясының көлемі елімізге тартылған шетелдік инвестициялар көлемінің үштен бірін құрайды және Орталық Азия аймағындағы аса ірі көлем болып табылады.
Қазақстан экономикасына инвестицияларды көптеп тартуда 1997 жылғы қыркүйекте Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктер" атты халықаралық конференциясының маңызы зор болды. Онда сол кездегі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Ахметжан Есімов, Премьер - министрінің орынбасары, қаржы министрі Александр Павлов, Қазақстан ұлттық банкісінің бастығы Ораз Жандосов т. б. баяндама жасады. Конференция жұмысына өз өкіметі атынан ұлыбританияның сауда министрі Лорд Стэнли Клинтон-Дэвис қатынасып құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстанның нарықтық экономика жолындағы алғашқы қадамдарына жоғары баға бере келіп, біздің елімізде шетелдік инвесторлардың еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық және іскерлік жағдай жаслғандығына ерекше назар аударды.
Инвестициялардың артуы қазіргі уақытта ең алдымен шетелдік инвестициялары тікелей тартумен байланысты екенін ашып айту керек. Егер өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары Үкімет кепілдемесі арқылы алынған шетелдік банкілердің несиелері басым болса, бүгінгі таңда тікелей инвестициялар көлемі өсіп келеді. 1996 жылы біздің елге тікелей инвестициялар көлемі 1, 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Халықаралық салыстыру рейтинг агентстволарының бағалауы бойынша қазақстан қазір Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің арасында тікелей инвестициялардың мемлекеттегі әр адам басына шаққандағы көлемі жағынан Мадьярлар елінен кейінгі екінші орынға көтерілген. Осымен байланысты 1997 жылы 28 ақпанында Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі қойылған жұмыстарды іске асыруға кірісті. Осының нәтижесінде Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі бүгінде 24 млрд. АҚШ долларына жетті.
Қазақстан экономикасының дамуына сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде Қазақстанның сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың қаржы түріндегі көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Бір қуантарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 жылы экспорт импорттан 1 млрд. 250млн. доллар көлемінде асып түскен немесе 64пайызға өскен. Сол жылы оның алдыңғы 1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсіп кешені өнімнің экспортын 2, 5 есе арттырды. Сөйтіп, ол импорттан алғаш рет 1, 7 есе асып түсті. Ал 2001 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. АҚШ долларынан асты.
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерінің үлесіне, 23-24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиді. Ескере кететін бір нәрсе - сауда көлемі Батыс Еуропа елдерінде арта түсіп, Шығыс Еуропа (бұрынға социалистік мемлекеттер) елдерінде едәуір кеміп бара жатқыны байқалады. Батыс Еуропа қалтасы қалың инвесторлары үшін Қазақстан кәсіпорындарының есігі барған сайын айқара ашылып келеді. Алдағы кезде алдағы Еуропа Сыртқы сауда бірлестігіне мүшелікке өтететін болады. Міне, сол кезде Еуропа одағына кіретін елдермен екі арадағы сауданың бұданда кең өріс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сөзсіз.
Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларының басты түрі металл (34%), мұнай, газ, көмір, минералдық тыңайтқыш (35%), азық түлік тағамдары (12%) қалғандары химия тауарлары (9%), транспорт құралдары, приборлар және аппараттар (5%) . Оның басым көпшілігін бұрынғы одақтас республикалар сатып алды.
Қазақстан басқа елдерден отын-энергетика ресурстарын (27%), машиналар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, приборлар және аппарат құралдары (26%), химиялық тауарлар (10%), азық түлік (11%) алады. Сырттан алынатын тауарлардың 75% ТМД елдерінен келеді. Бізбен негізінен сауда істейтін елдер Ресей (57%), Түркменстан (7%), Белоруссия, Германия, Қытай, Түркия (3%), Украина, Моңғолия, Финляндия (әрқайсысы 2%-дан) . Бұл көрсеткіштердің, әрине, жыл сайын өзгеріп отыратынын айтқан жөн.
Тағы ьір көңіл аударатын мәселе - Қазақстанның жағрафиялық жағынан әлемнің негізгіэкономикалық аудандары аралығында орналасқандағы. Сондықтан мұның өзіде Азия-Тынық мұхит аралығындағы елдер мен сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға тиімді болып, кең мүмкіндіктер ашып отыр. Бұған ерте кездегі Ұлы Жібек жолы жүрген жерлерде енді темір жол қатынасының дамуы үлкен әсерін тигізуде. Бұл жолдың ұзындығы болашақта 13, 5 мың шақырымға жеткізілуі тиіс. Қазақстан жерінен өтетін темір жолдың ұзындағы - 1, 8 мың шақырым, соның ішінде Достық - Алашанькоу темір жолы 1991жылы салынды, ал 1996 жылы май айында Иран мемлекетінің күшімен Теджен-Серахс-Мешхед темір жол торабы іске қосылды. Болашақта жол Ақтоғайдан-Алматы-Шеңгелді, одан әрі Ташкент-Теджент-Серахс-Мешхед-Тегеран-Анкара-Стамбул арқылы өтеді. Бұл жолдың тек Қазақстан үшін ғна емес, сондай-ақ халықаралық маңызы өте зор. Атап айтқанда, бұл темір жол магистралі арқылы егер 1997 жылдың аяғы 1998 жылдың басында Қытайға Батыс Қазақстаннан 100 мың тонна мұнай әкелінген болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш бес есеге жуық өсіп, 500 мың тоннаға жеткен. Тек Достық-Алашанькоу стансасы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам жүк өткізеді. Ал болашақта оны 12 млн. тоннаға жеткңзу көзделіп отыр. Сондай ақ, екі ел арасындағы автомобиль жолы арқылы жүргізілетін жүк тасымалының үлесі де артып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz