ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.
3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағидалары.
4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері жəне түрле-рі.
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүд-делеріне нұқсан
келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қо-ғамға қауіпті əрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері: – əрекет немесе əрекетсіздік; – кінə; –
құқыққа қайшылығы; – зиянды нəтиже; – əрекет пен зиянды нəтиженің
арасындағы себепті байланыс; – заңды жауапкершілік. Əлеуметтік
қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға жəне теріс
қылықтарға бөлінеді. Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен
ерекшеленетін, əлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан кел-
тірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.
Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған
қылмыстық əрекеттердің тізімі нақты анықталған жəне олар кеңейтілген
түсінуге жат-пайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді. Теріс қылықтар –
əлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қара-ғанда, аз дəрежесімен ерекшеленеді,
қоғамдық өмірдің əр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, əр түрлі
нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, əр
түрлі шаралар көзделген. Теріс қылықтардың түрлері:
1. Азаматтық – бұл мүліктік жəне жеке мүліктік емес қаты-настар саласында
жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден
көрініс табатын, шарт бойынша міндет-темелерді орындауды, азаматтың абыройы
мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуды жəне т.б.
білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты
мəжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мəжбүрлі түрде
орындату сияқты санкциялар жəне басқа да құқықты қалпына келтіруші
санкциялар көзделген.
2. Əкімшілік – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тəртіпке, мемлекет
органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласын-дағы қызметтік міндеттерді
жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші
құқықбұзушылықтар. Əкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту,
арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) жəне əкімшілік
заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
3. Тəртіптік – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асыры-латын,
кəсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тəртібіне нұқсан
келтіретін құқықбұзушылықтар. Тəртіптік шаралар Еңбек туралы заңда,
əскерилер үшін – Тəртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір
санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды
кəсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның əкімшілігі жүзеге асырады.
Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар
құқықты қалпына келтіруші жəне айып-пұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына
келтіруші санкциялар міндетті мəжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты
мəжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар
құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді
жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.

2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы
Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушы-лықтың заңды
жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткі-лікті белгілерінің жүйесі.
Заңды құрамға мыналар жатады: 1. Құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы
əрекетті немесе əрекетсіздікті жасаған құқықəрекетқабілетті жеке тұлға
немесе əлеуметтік ұйым.
2. Құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушы-лықтың неге
бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік жəне тектік түрлерін бөліп
қарастырады. Тектік объект ретінде қоғам-дық қатынастар орын алса, түрлік
объектіге өмір, денсаулық, абы-рой, мүлік жəне т.б. жатады.
3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз əрекетіне жəне
оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің
жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінə табылады. Кінə дегеніміз
тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы əрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінəнің екі түрі болады: қасақаналық жəне абайсыздық. Қаса-қаналық тікелей
жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақа-налықта тұлға өз əрекеттерінің
қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді
жəне осы салдардың тууын қалайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт
Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕР
Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері
Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар
Құқықбұзушылықтың түсінігі және белгілері, оның әлеуметтік және құқықтық негізі
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Пәндер