Суррогат ана
Негізінен алғанда, 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Неке және отбасы туралы Қа - зақстан Республикасының заңы бойынша суррогат ана де - геніміз - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойын - ша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу. Ал суррогат ана шарты деп - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмб - рион имплантациясын қолдануға ке - лiсiмiн берген әйелдiң ара - сындағы келiсiмді айтады. Ал 2004 жылдың 16 шілдесінде қа - былданған Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы Қазақстан Республикасы - ның заңында суррогат ана ұғымы заң жүзiнде бекiтiлгені белгілі. Осы заң бойынша елімізде адамды клондауға тыйым салынса, ал ерлi-зайыптыларға суррогат ана қызметiне жүгіну құқы берiлген болатын. Түйгеніміз, бізде заңды түрде суррогат ана болуға болады және оның арнайы келісім-шарты бар.
Бала көрудің бұл әдісінде қандай сорақылық бар деуіңіз мүмкін. Әсіресе, (ресми мә - ліметке сәйкес) Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы нәрестелі болу бақытына жете алмай жүргенін ескерсек, пер - зент сүюдің оңтайлы жолы осы дерсіз. Бірақ бір гәптің шеті шығып қалған сияқты. Мәселе балада емес, анада болып отыр. Анығын айтқанда, бұл суррогат ананың пейіл, ниетінде және осы қызметті жарнамалап жүрген делдалдарда болып отыр. Мәсе - лен, жатырын жалға бергендердiң ара - сында әлi тұрмыс құрмаған 20 жастағы қыздар да бар. Бұларға не жорық? Бұдан басқа кәсіп жоқ емес қой. Нарық заманы келге - лі, басқа басқа, дәл әйел затына жұмыстар тұнып тұрған жоқ па. Әркімнің өз құқығы бар десек те, біреудің мұқтаждығын біреу пайда табу пиғылына бұрып жатса, ондай әрекеттен ұтпасымыз анық.
Бүгiнде бұл iс қып-қызыл бизнес көзiне айналып барады. Біреулер суррогат анаға жүгіну бала көрудің соңғы мүмкіндігі деп қараса, енді біреулер үшін жақсы қаржы табудың тиімді көзі болып отыр. Соңғы кездері отандық экономиканың көлеңкелі бө - лігінде суррогат ана қыз - метіне делдал болып ақша табу үрдісі байқалады. Бұл балаға зәрулердің арманын іске асыруға көмектесу деп жұқартып айтайық десек, талай жайттарды көрген соң пікірімізді өзгертуге тура келді. Бұл бизнес түрі бұрындары тасада қалып келсе, енді, міне, өзін жаңа қырынан айқара ашқан түрі бар. Неге десеңіз, елімізде ақылы инкубатор қызметін атқаруға кезекке тұрған әйелдер саны жылдан-жылға көбейіп барады. Қазір бөтен құрсақ қызметіне тек жылдар бойы генетикалық сәби көре алмай келе жатқан отбасылар ғана емес, сондай-ақ тұла бойын бұзғысы келмейтін нәзік - жандылар да бой ұра бастаған.
Kazahk.ru сайтының форумында суррогат ана тақырыбы үлкен танымалдылыққа ие болып отыр.
Мәселен, мынадай сарындағы ұсыныстарды көруге болады: Суррогат ана болсам деймiн. Екi балам бар. Iшкiлiкке, темекiге әуес емеспiн. 10000 АҚШ доллары, Қыздар, суррогат ана болуға келiсетiндерiң бар ма? Жақсы төлеймiз немесе Жұмыртқа клеткасының доноры бола аламын. Өзім жайлы: бойым - 165 см, сүйегім ірі, көзім қоңыр-қара, шашым қара. Өзімнің және балаларымның суреттерін жіберемін. Төлем - 1000-2000 АҚШ доллары. Сұраныс жағына келсек, Срочно ищу сурмаму в Алматы. Оплата от 5 тысяч долларов, т.с.с.
Міне, осындай сарындағы ха - - барландырулар баршылық. Жақ - сы төлейміз дегендеріне қа - - рағанда, аз ақша емес, тіпті бірі 10000 долларды қолма-қол сұ - рап отыр. Ал донордың өзі 1000-2000 долларын сұраса, онда сауда айналымы қай деңгейде екенін бағамдай беріңіз. 2010 жылдың аяғының өзінде-ақ аталмыш сайтта суррогат ана іздеген отбасылық жұптардан 9 хабарландыру ілінсе, ал суррогат ана болуга дайын 11 әйелден ұсыныс түскен. Нарық заңы бойынша ұсыныс сұраныстан артық болса, бұл қызмет түріне баға түсуі тиіс екені белгілі. Расында, осыдан үш жыл бұрын бұл жұмысқа төленетін ақы 15-20 мың доллар көлемінде болса, қазір 10-12 мың доллар шамасында. Бірақ мұндай бағаға қызмет көрсетуге бәрі келісе бермейді. Әсіресе, потенциалды суррогат ананың жоғары білімі болса немесе ол мейірбике болып қызмет атқарса (денсаулық сақтау саласының кадрлары бұл салада үлкен сұранысқа ие), оған берер қаржы көлемі 20 мың доллардан асып түседі.Кейбір нәзікжандылар үшін уақытша ана болу жұмысы негізгі қызмет түріне көшкен сыңайлы. Себебі басқалар үшін баланы дүниеге әкелетін әйелдердің тә - жірибеміз мол дегенге саятын ғаламтордағы хабарландырулар соны аңғартады. Ал жұмыртқа жасушасын ақылы донорлыққа беруге әзірлер жетіп-артылады. Ақша деп алақтаған делдалдар суррогат ана сияқты кінәраты мол бизнестен қомақты қаржы табудың ретін көздейді. Мақала басында тұрмыс құрмаған бойжеткендер тарапынан да суррогат ана болуға ұсыныс түскенін айтқанбыз. Апырмай, бәрі қалып, енді қазақ қызының бұл кәсіпке бет бұруын қалай түсінеміз? Әлде дағдарыс деп даурығып, қолдан келер жұмыс осы деді ме екен. Әйтеуір, бұл жағдайдың көңілге қонып тұрғаны шамалы.Бұл бағытта білекті сыбана жұмыс жасап жүргендер тағы сол делдалдар сияқты. Ақшаның астында қалдырамыз деген же - леумен шалғайдағы ауыл қыз - дарын суррогат аналыққа тарту осы саладағы делдалдардың жерден жеті қоян табатын кәсібіне айналғандай. Ауыл қыздарын 4-5 мың доллар көлемінде ақшаға жалдап, суррогат анаға айналдыру үрдісі үдей түскен көрінеді. Сөйтіп, үстінен 10 мың доллардан аса пайда табу ниеті де жоқ емес. Бұл пікірді А есімді суррогат ана болған 22 жасар азаматшамыз айтып отыр. Қолына тиген ақша 4-5 мың доллар шамасында екен. Қалғаны делдалдың уы - сында кеткен. Ақшасы құрысын, өлермен болсам да енді құрсақ ана болмаспын деп отыр. Себебін сұрадық. Іштен шыққан тұңғыш - ты жатқа қимаған. Жатырдағы бала биологиялық ата-анаға тиісті болса да, туылған соң аналық сезім өз жоғын жоқтаған. Содан бері психологиялық тұрғыда қажығанын айтты. Ән салсаң да, жаныңды салып айтасың. Суррогат ана болып ақша табамын дегендер үшін жоғарыдағы мысал сабақ бола алады. Қалыптасып отырған ахуалдан шығар жол бар ма? Байыптап қарасақ, баршылық. Мәселен, Бразилия заңы бо - йынша, бірге тумаған адамдардан басқаларға суррогаттық ана болуға тыйым салынған. Тек шынайы жаны ашыған туысқаны ғана суррогат ана болуы шарт. Тіпті Австрия, Норвегия, Швеция, Франция және Американың бірқатар штаттарында, Италия, Швейцария, Германия сияқты Еуропа елдерінде де оған тыйым салынған. Ал Италия, Франция, Германия елдерін - де бұл тыйымды бұзғандарға ірі көлем - де айыппұл салынып, тіпті түрмеге жабу да көзделген. Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Израиль, Испания, Канада, Нидерланды және Американың бірқатар штаттары әйел жатырын жалға беруді рұқсат еткенімен, суррогат анаға ақы төленбейді. Мұсылман елдерінің жайы белгілі ғой. Атай көрме дейтіні анық. Осы жерде бір нәрсенің бетін ашық айтуымыз керек. Бір қызығы, суррогат ана болуды табыс көзі ретінде заңмен реттеген елдер қатарында Американың бірқатар штаттары, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей Федерациясы, Грузия, Украина, Белоруссия және Қазақстан бар. Бәлкім, біздің заңнамаға да толықтырулар мен өзгерту енгізу керек шығар. Айтып-айт - пай не керек, елімізде суррогат ана іздеушілер де, болғысы келушілер де күн санап өсіп барады. Анығы, суррогат ана қызметін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz