Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
a) Сыртқы орта факторларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
б) Атмосфераның ластануы
в) Тамақтар және тамаққа қосатын заттар
г) Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
д) Физикалық факторлар және металдармен улану
е) Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлардың шиеленісе түсуі - адам баласының іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі - жер шарындағы халық санының артуы. Нәтижесінде, жер шарының халқын азық-түлікпен, жылумен, энергиямен, киім кешекпен, т. б. материалдық жағдайлармен қамтамсыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет. Оның үстіне соңғы ғасырда адам баласы сандық жағынан ғана емес, ғылым мен техниканы игеру жағынан да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қоршаған орта жағдайын нашарлатып, адамдардың денсаулығына орасан зор зиян келтіруде. Қазірдің өзінде көптеген елдерде азық - түлік, су және энергия тапшылығы сезілуде. Бұл жағдай жер шарының ауа - райы қолайсыз, құрғақшылық аймақтарында жиі байқалып отыр. Олар - Африка, Кіші Азия, Оңтүстік Америка, Орталық Азия елдерін қамтып отырғаны белгілі.
Әлемдік экологиялық проблемалардың қауіптілерінің бірі биосфераның ластануы болып отыр. Ол - жер шарының физикалық, химиялық, биологиялық сапасының төендеуімен және экожүйелердегі күрделі өзгерістер арқылы көрініс беруде. Жер бетіндегі мұндай өзгерістер ірі дауылдар, су тасқындары, жанартаулар атқылауы, жер сілкіну, теңіз бен мұхит деңгейінің көтерілуі немесе тартылуы, қуаңшылық, өрттер сияқты апаттар әкелуде. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқсаусыз өзгерістерді өмірге алып келетін деңгейне жетті.
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Өз кезегінде табиғат адам баласының жіберген қателіктеріне жауап ретінде экологиялық аппаттарды сыйға тартады. Мәселен, қоршаған ортаның химиялық ластануы жер шарында жиі- жиі байқалып отырған жылу эффектісін, озонның жұқаруын, қышқыл жауындар, фотохимиялық улы тұмандықтар сияқты әлемдік экологиялық проблемалар туғызу үстінде. Аталған апатты құбылыстар бүкіл планета тыныштығының тепе-теңдігін бұзып, әлемдік климаттың өзгеру қаупін туғызып отыр. Оны біз соңғы жылдары жиі байқалатын қуаңшылықтан, сортаңданудан, су айдындпрының тартылуынан көреміз.
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері.
Ағзаның орта факторлары әсерлеріне өте жоғары сезімтал болуының негізі болып кейбір арнайы(спецификалық) мутациялар саналады. Ортаның зиянды факторлары барлық адамдарды
зақымдамай, тек кейбір, осы мутацияларға генетикалық бейімді ағзаларды ғана зақымдайды. Адам ағзасына енген химиялық қосылыстар метаболизмінің(биотрансформациясының) генетикалық тұрғыдан бақыланатыны(басқарылатыны) белгілі.
Адам ағзасына күнделікті енетін заттар - ас - су құрамындағы әртүрлі заттар, дәрі - дәрмектер, түтіндер(темекі түтіні), шаң - тозаңдар және ауа құрамындағы түрліше газдар, тіпті күн с отрансформация - 700-ге жуық реакциялардан тұратын қте күрделі үдеріс. Оның 3 - фазасын ажыратады. Биотрансформацияның 1 фазасында ағзаға енген экзогендік молекулалар цитохом 450( CYP - 450) қатынасуымен, монооксигенация реакциясы нәтижесінде, активтенді. Осының нәтижесінде көптеген аралық улы өнімдер түзіледі. Ал, биотрансфориацияның 2 фазасында аралық улы өнімдер залалсызданады.
Егер биотрансформацияның 1- және 2- фазасы үдерістері арасындағы тепе - теңділік сақталса ағза бірқалыпты тіршілік етеді, ал егер 1 фаза реакциялары өте белсенді не 2 фазада заттардың залалсыздануы жеткіліксіз болса, яғни тепе - теңділік бұзылса, жасушада аралық улы өнімдер(эндогендік еркін радикалдар) көптеп түзіліп, жинақталып оксидативтік стрессті қоздырады. Нәтижесінде жасуша тез қартайып өледі.
Осылайша, улы молекулалардың көптеп түзілуі ағзаны жасуша және ұлпа деңдейлерінде улап, қоршаған орта факторларының әсерлерінен ағзаның ауру тәуекелдігінің күшеюіне (өкпенің, көкіректің, атлық бездің, тоқ ішектің т. б ісік ауруларының дамуына ) және дәрі - дәрмектерге деген қосалқы реакциялардың қалыптасуына алып келеді.
Оксидативтік стресс - мембрана липидтерінің асқынтотықты тотығуының бұзылуына алып келетін тізбекті реакциялар салдары болып табылады. Биотрансформацияның 1 фазасында түзілетін эндогенді еркін радикалдар өте қауіпті молекулалар болып табылды және олар жасушаны белсенді “шабуылдап”, мебрана липидтерінің асқынтоқты тотығуын бұзып, мембраналарда саңылаулар пайда етеді. Нәтижесінде жасушаішілік қысым төмендеп гомеостаз өзгереді.
Бұдан басқа, оксидативтік стресс жасушалардың қартаюын тездетеді де олардың ерте өліп қалуына алып келеді. Ұлпалық деңгейде ұлпалардың қалыпты биохимиясы бұзылады.
Осының бәрі қоршаған орта фактролары әсерлерінен дамитын аурулардың және ағзаның қартаюының басты себебі оксидативтік стресс екендігін көрсетеді.
Кейбір ғалымдар биотрансформацияның 3 фазасын метаболизм өнімдерінің ағзадан шығарылу(элиминация) фазасын ажыратады. Бұл фаза негізінен шығару гендерінің - МДR қатынасуымен жүзеге асады.
Биотрансформация ревакциялары не бәрі 50 шақты гендердің қатынасуымен жүреді. Бірақ, бұл гендердің бәрі өте күшті полиморфты жүйе болып табылады, мысалы кейбір цитохром гендерінің СУР 2Д6 60 қа, NAT2 генінің 20 ға жуық әртүрлі аллельдері белгілі.
Биотрансформацияның 1 фазасы (активтену) цитохром 450(CYP 450), ал 2фазасы (залалсыздану) глютатион S тарнсфера (GST) және N - ацетилтрансфера гендерінің өнімдері арқылы жүзеге асады.
1фаза гендері әулесі - метаболизм ферменттерінің қатынасуымен жасушаларда .
Би
CYP 1A1 гені 15 хромосоманың 15q22q-24 локусында орналасқан. Ол 1 фазада темекі түтіні әсерінен активтенеді. Оны кодтатын ферменті СУР 1A2полициклдық ароматтық көмірсулардың алмасуын катализдейді. Осы ферменттің жеңіл индукцияланатын формасы темекі тартушылар өкпе рагының дамуының тәуекелділігінің жоғары болуымен сипатталады. Бұл геннің еуропа популяцияларындағы орташа жиілігі 10% ға жуық.
СУР 1A2гені 15хромосоманың 15q22-qter. локусында орналасқан және адамдардың бауыр жасушаларындағы барлық цитохром 450-дің 10-15%құрайды. Ол көптеген ксенобиотиктердің - ароматтық және гетероциклдық аминдердің, нитроароматтық қосыластардың, микотоксиндердің, эстрогендердің және кейбір дәрі-дәрмектердің (фенацетин, ацетоминофан, кофеин т. б) метаболизмнің активтенуіне қатынасады.
CYP 1A2 нің жеңіл индукцияланатын формасы тоқ ішек, қуық рагының тәуекелдігін жоғарылатады, әсіресе темекі түтінімен, қуырылған еттермен қосылса.
CYP 2Д6 гені 22 хромосаманың 22q13. 1локусында орналасқан. Бұл ген негізгі фармагенетикалық маркер болып табыладыы. Оның полиморфтық эффекті 30ға жуық дәрі-дәрмектердің және қоршаған ортаның химиялық өнімдерінің (бета - адреноблокаторлардың, трициклдық антидепрессанттардың, антиаритмиялық, антигипертензиялық препараттардың) және нейроиедиаторлардың (дофамин) метаболизміне әсер етеді. CYP 2Д6 белсенділігі төмен (“баяу метаболизатролар РМ”) не жоғары (“жедел метабалайзер-ЕМ”) күйінде болуы мүмкін. Бұл геннің еуропа популяцияларындағы жиілігі - 5-10%, азиаттарда 1-2 %.
CYP 2C19-гені 10 хромосоманың 10q24. 1-24 локусында орналасқан және дәрі - дәрмектер метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Ген өнімі - S - - тырысуға қарсы қолданылатын дәрі - дәрмектер, протондық сорғыш ингибиторы (омепрозол) және кейбір барбитураттардың метаболизміне қатынасады.
Баяу метаболейзерлер жиілігі Шығыс халықтары арасында 13-23%, ал еуропалықтар попуцияларында 5%.
2- фаза гендері
GSTMI (глутатоин S трансфераза) гені - 1 хромосоманың 1q13 локусында орналасқан. Ол тотыққан липидтердің, ДНҚ, катехол өнімдерінің кейбір электрофилдік қосылыстарын залалсыздандыратын 2-фазаның GSTMI ферментінің белсенділігін айқындайды.
GSTMI 1 гені - полиморфты ген. Оның “О” аллелінің гомозиготасы GSTM 1 ферментінің белсенділігін бұзады және қоршаған орта факторларының әсерінен өкпе, қуық, тоқ ішек рагының даму тәуекелділігін салыстырмалы жоғарылатады.
GSTM 1 0/0 генінің еуропа популяцияларындағы жиілігі 40 - 50 % жуық.
NAT - 2 ( N - ацетилтрансфераза 2) гені биотрансформацияның 2- фазасының ацетилдеу үдерісін қалыптастырады. Ацетилдеу полиморфизмі осыдан 50 жыл бұрын анықталған және фармакогенетикалық зерттеулердің алғашқыларының бірі болып табылады.
NAT - 2 полиморфтық ген, оның 20- ға жуық аллельдері белгілі. Бұл геннің полиморфтық эффектінің баяу, жедел және өте жедел ацетилдеу сияқты фенотиптері белгілі.
NAT - 2 көптеген ксенобиотиктердің, оның ішінде ароматтық және гетероциклдық аминдедің активтену активсіздену реакцияларына қатынасады. NAT- 2-нің полиморфтық эффекттері зәр шығару жолдарының, қуықтың, сүт безінің, бас жіне мойын, өкпе, тоқ және тік ішектің қатерлі ісктеріне жіне дәрі - дәрмек метаболизміне деген сезімталдық өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді.
NAT - 2- нің баяу ацетилдеуші (NAT 2 SA) және жедел ацетилдеуші (NAT2 RA) ара қатынасының жиілігі әр түрлі популяцияларда түрліше болады. Орталық Еуропа және Солтүстік Америка популяцияларында NAT 2SA жиілігі 65-70%, ал Қытай және Жапонияда 32-40%.
RS (ренин ангиотензин- альдестерон жүйесі) гені - 17 хромосоманың 17q23 локусында орналасқан, оның өнімі - ангиотензин айналдырушы фермент - (АПФ фермент) ангиотензин 1-дің ангиотензин 2ге айналуы және брадикининнің кининге ыдырау реакцияларына қатынасады.
Осы геннің полиморфты эффекттері көпшілік жағдайларда «қоршаған орта - ген» әрекеттесулері арқылы дамып жүрек қантамырлары ауруының, миокард инфарктының, жүрек сол жақ қарыншасының гипертрофиясы, гипертензия және бүйрек қызметінің жетіспеушіліктерінің даму тәуекелдігін жоғарлатыны белгілі.
Ген өнімі - АСЕ ферментінің ең белсенді генотипі АСЕ ДД жиілігі әр түрлі еуропа популяциясында 13% көлемінде болады.
Атмосфераның ластануы
Автокөліктерден, көптеген зауыт, фабрикалардан бөлініп шыққан газдармен және басқа да өнімдермен атмосфераның ластануы әлемдік көлемдегі гигиеналық проблемаға айналып отырғаны белгілі. Химиялық қосылыстар және шаңдар ағзаға өкпе, теоі, кілегейлі қабықша т. с. арқылы еніп, онда әр түрлі реакцияларды тудырады. Олардың кейбіреулерімен адам үнемі жанасып жүрсе, кейбіреулерімен сирек кездеседі. Ағзаның тұқым қуалайтын реакцияларының нұсқалары кез келген факторлар әсерінен пайда болады.
Атмосфераның ластануы салдарынан ағзаның реакциясын тудыратын мутациялардың бірі - a 1 - антитрипсиннің жетіспеушілігі болып табылады. Қан плазмасының бұл ақуызын протеиназ ингибиторы деп те атайды. Қалыпты жағдайда оның концентрациясы екі қабат әйелдерде және қабыну кезінде жоғарылайды. Осы ақуыздың генетикалық нұсқалары көптеген популяцияларда байқалған. Оның жетіспеушілігі Z аллелі (рецессивті белгі) арқылы анықталады. ZZ - гомозигота жиілігі еуропоидтарда 0, 05% гетерозиготалар (MZ; SZ) жиілігі - 4, 5%. Тұқым қуалайтын протеиназ ингнбиторы жетіспеушілігі кездесетін адамдар гомозиготалы (ZZ) болса, созылмалы қабынуға және өкпе эмфиземасына бейім болып келеді. Ғалымдардың болжауынша антитрипсин жүйесі ағзада қабыну құбылыстарының дамуын тежеуде маңызды рөл атқарады. Өкпе ұлпасының болар болмас зақымдануы (қабыну, микроциркуляцияның бұзылуы) нәтижесінде ыдыратушы (протеолиздеуші) ферменттер зақымданған учаскені бұза бастайды. Қалыпты жағдайда протеиназ ферменті синтезделіп, ыдыратушы (протеолиздеуші) ферменттердің әсерлерін жояды да өкпе ұлпасының бұзылыстары тоқталады. Ал, протеиназ ингибиторы өнімінің жетіспеушілігі (мутантты генотип) ыдыратушы (протеолездеуші) ферменттердің өкпенің зақымданған учаскелерін бұзып өкпеде көптеген тесіктердің дамуына алып келеді. Темекі тарту, ауаның ластануы эмфиземаның дамуын едәуір тездетеді.
Адамның мекен ортасында көмірсутектер, оның ішінде полициклдік көмірсутектер көптеп кездеседі. Олар ағзада гидроксилденгеннен кейін белсенді эпоксидтерге айналады. Ал, эпоксидтер канцерогендік заттарға жатады. Адамда осы ферменттің (арилгидрокарбон-гидроксилаза) синтезделуінің индукциялануының көптеген вариациялары белгілі. Мысалы, фермент көп мөлшерде синтезделетін адамдарды - доминантты гомозиготалар, орташа және аз мөлшерде синтезделетіндерді - гетерозиготалылар және рецссивті гомозиготалылар деп қарастыру керек. Өкпе ісігімен ауыратын адамдардың 30% ферменттің көп синтезделетін тобына жатады, ал популяцияда бұл белгі сирек кездеседі. Осындай адамадарға темекіні тартудың және кәсіби қызметінде көмірсутектермен жанасумдың өте қауіпті екенін түсіндіру қажет.
Сол сияқты, қуықтың зілді ісігіне генетикалық бейімділік те белгілі болды. Ол бауырдың N- ацетилтрансфераза генінің мутациясымен байылынысты. Осы ферменттің қатынсуымен ксенобиотиктер (зиянды жат заттар) ацетилденіп (зиянсызданып) ағзадан сыртқа шығарылады. Ксенобиотиктердің ацетилдену жылдамдығына қарай 3 түрлі фенотипті ажыратады: т е з а ц е т и л д е у ш і (қалыпты аллеь бойынша гомозиготалылар), б а я у а ц е т и л д е у ш і (мутантты аллель бойынма гомозиготалылар) және о р т а ш а а ц е т и л д е у ш і (аралық формасы гомозиготалылар) .
Тамақтар және тамаққа қосатын заттар
Генетикалық сезімтал адамдар кейбір тамақ түрлері қолайсыз реакцияларды тудыруы мүмкін. Мысалы, лактозаны көтере алмау. Осындай кемістігі бар адамдарда сүт және сүт өнімдерін пайдаланғаннан кейін асқорыту жолының «дискомфорты» және іштің өтеуі байқалады. Бұл кемістіктің себебі - ішекте лактозаны (сүт қанты) ыдырататын ферменттің синдезделмеуі не жетіспеушілігі болып саналады. Осының нәтижесінде шіріту микрофлорасының көбеюіне қолайлы жағдай туады. Бұл геннің мутантты формалары шығыс халықтарында кең таралған (жиілігі 90-100%), америка негрлері мен үндістерінде (70 - 75 %), ал европоидтарда - 5 - 10%.
Сыр (ірімшек) құрамында кездесетін катехоламиндер кейбір ағзаларда бас сақинасы (мигрень) ауруын тудырады. Бұл тираминнің нашар канъюгациялануымен байланысты. Осы ауруды тудыратын тағы бір тамақ (азық) түрі - шоколад. Мұнда моноаминоксидаза фетментінің активтігі төмен болады.
Адамдардың алкогельге деген арнайы (спецификалық) реакцияларда белгілі. Кейбір адамдарда алкогольді өте аз мөлшерде қабылдаудың өзі беттің тез қызарып, жүрек соғуын жиілетеді(тахикардия), асқазаны бүріп ауырады, бұлшықеттің босаңсуы т. б. улану белгілері байқалады. Ағзаның бұл реакциясы спиртті ыдыратушы екі ферменттің нұсқаларына байланысты:1) бауырдың алкогольдегидрогеназа гендеріне - оның 3 аллелі белгілі (АДН-1 АДН-2 АДН-3) ; 2) альдегиддегидрогеназа гендеріне - оның 2 аллелі белгілі(ALДН -1 ALДН - 2) . Жоғарыда келтірілген алкогольдің болар болмас дозасына деген ағза реакциясы ALДН-1 аллелінің гетерозиготалы күйіне байланысты дамиды
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, өарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлал мен адамның организмінде кездкседі.
Жер бетіндегі 15 жануарлардың 5-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып есептелінеді. Адам паразиттерінің көбісі ауру қоздыратын жндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер - уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға - сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп - көбейетін тұрақты ортасы болып саналды. Оларға безгек плазмоиді, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп - өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгеоістер арқасында микробтар адам организміне де белгілі бір жерде өсіп - өнуге бейімделген, тек сол қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ, қанды жалқыаяқ, іш сүзегі микробтары басқа жерлерде ол ауруларды тудыра алмайды.
Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады. Сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының шырышты сілекей қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды - ауа арқылы таралатындар деп атаймыз. Оларға - тұмау, қызылша, шешек аурулары жатады.
Екіншіден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек-қарын жолдарына түсуі. Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Бұл жолмен ішек - қарында болатын жұқпалы аурулар тарайды. Оларға тырысқақ, іш өту, сальмонеллез, полиемелит жатады. Бұл аурулардың қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-қарынның шырышты сілекей қабығына барады. Негізінен жұқпалы аурулар адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әр түрлі жәндіктер ауру микробын таратушылар. Олардан сақтанудың жолы тек тазалық.
Үшіншіден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, қандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, энцефалиттер, т. б. жатады.
Төртіншіден, жұқпалы аурулар жыныстық қатынас арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, гонория, спид, құтыру, сіреспе, гангрена, т. б. аурулар жатады. Мұндай аурулар теріде, жыныс орындарында жарақаттың болуынан жұғады.
Биологиялық ластаушылады жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір уаурулардың қоздырғыштары үнемітопырақта тіршілік етеді. Жеке басының тазалығын сақтамаудың нәтижесінде жуылмаған жеміс-жидек, көкөніс арқылы олар адам организміне тарайды.
Көптеген ауру таратқыш микроорганизмдер жер асты суларына өтіп, жұқпалы аурулардың тарауына себепші болады. Сондықтан артезиан суларын, құдық пен бұлақ суларын пайдаланар алдында қайнату керек. Өзен, көл, тоған сулары көбінесе осы микроорганизмдермен ластанады. Су көздері - тырысқақ, іш сүзегі, ұантышқақ таралуына себепші болған кездер жиі кездеседі.
Спид вирусы тек дам организмінде ғана ауру тудырады. Жануарлардың организмінде өмір сүре алмайды. Спид ауруын тарататын тек адамға болғандықтан, бірнеше рет пайдаланылған шприц инесі арқылы қан құйғанда немесе нашақорлардың бір инені бірнешеуінен пайдалнуынан да жұғуы мүмкін. Негізінен жыныс жолы арқылы таралады.
Безгек ауруын безгек масасы таратады. Адам қанына безгек қоздырғышы түскен соң бауырға қарай жылжиды. Бауырда өсіп, дамып, ұлпаға одан қанға өтеді. Қайтадан қанға түскен микробтары адамдармың бойын денідеп алып, ауырта бастайды.
Жұқпалы оба ауруын егеу құйрық бүргесі таратады, ал ұйқы ауруының қоздырғышы трипаносомас цеце шыбыны арқылы адамның қанын сорғанда жұғады. Бұл аурумен ауырған адаамның бұлшықеттері әлсіреп, ақыл есі төмендеп, ұйқы басады.
Жұқпалы аурулар тарлған аймақта болған кезде адамдар түрлі сақтық шараларын жасауы керек. Көктемде және күзде орманды алқапта жұмыс істейтін адамдарды энцефалит тырыспасына қарсы егеді. Жас нәресте туа салып оған дифтерияға, туберкулез ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оба, сүзек, безгек аурулары шыққан аймақтарда карантин жарияланып оның алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда, мұндай жұқпалы аурулардың жаппай етек алуы қоршаған ортаның экологиялық ластануынан туындайды.
Физикалық факторлар және металлдармен улану
Адамдардың суыққа, ыстыққа және күн сәулесі әсерлеріне сезімталдығының түрліше болатындығы белгілі болғанымен, бұл реакциялардың гинетиякалық механизмдері әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, суықтың әсеріне әр түрлі нәсілдердің реакциясы түрліше болатындығы анықталған, мысалы:негрлер, кавказ нәсілдеріне қарағанда суыққа өте сезімтал келеді. Мұны оларда жылуды өткізу және қан тамырларының кеңею деңгейлері түрліше болуымен түсіндіреді. Ультракүлгін сәуленің әсәрлеріне адамдардың жекелей және нәсілдік реакцияларының ерекшеліктері анықталған. Оған мысал ретінде - пигменттік ксеродерма ауруының дамуын келтіруге болады. Бұл ауру аутосомды - рецессивті жолмен тұқым қуалайды, мұнда күн сәулесінің әсерінен тері күйіп, жаралар пайда болады да терінің зілді ісігіне айналады. Пигменттік ксеродерма ауруында ДНҚ молекуласының қатысатын бірнеше локустардың (экзонуклеаза, эндонуклеаза, полимеразалар, лигазалар т. б. ) мутацияларына байланысты.
Адамдардың ауыр металлдар(қорғасын, сынап, кадмий, т. б. ) тұздарына сезімталдығының түрліше болатындығы анықталды. Мысалы, сынаптың органикалық қосылыстарымен уланған адамдарда түрліше дәрежеде нейро-психикалық бұзылыстар байұқалған.
Қорғасын мөлшерінің «улы» болмай - ақ, жай көтеріңкі деңгейінің өзі жас балаларда «беймаза» мінез - құлықтық дамуының себебі болуы мүмкін.
Қоршаған ортаның химиялық ластануы
Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптік газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары таралып отырады.
Бізді қоршаған ортаның ластануы төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Химиялық ластану (көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, ақаба сулар, пестицидтер, гербициттер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозольдар)
2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, жарық, шу және тербелістер)
3. Эстетикалық ластану (табағаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының өзгеруі, орман тоғайлардың жойылуы т. б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz