Ағзаларды клондау (грек. clon - ұрпақ, бұтақ)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы:Стоматология
Дисциплинасы:Молекулалық биология және генетика
Кафедрасы: Молекулалық биология және генетика
Курс: I
Тақырыбы: Ағзаларды клондау
Дайындау түрі: эссе

Орындаған: Кушмагамбетов Турар
Тобы:102
Бағасы:
Қабылдаған: Кузденбаева Гүлжан Едігеқызы

Ақтөбе 2016ж.
ЭССЕ.
Тақырыбы: Ағзаларды клондау
Клондау деп (грек. clon - ұрпақ, бұтақ) тірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін айтамыз. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау тәсілі бірте-бірте қанатын кең жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы (кейбірі) сәтті шыққан соң, ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы топ кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару.Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек.Яғни клон адамның бет әлпеті,мінез құлқы,дене құрылысы,тіпті ақыл ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс .Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға,тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп,бұл әдісті одан әрі зерттеп,дамытқанды жөн көрді.Ал ғалымдардың көпшілігі қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда. Жасанды адам жасау жобасына АҚШ,Франция,Алмания,Италия секілді әлемнің көптеген елдері қарсылық білдіріп, бұл іске тыйым салатын арнаы заңда қабылданды.Адам баласын клондау ісін қылмыс деп санайтын аталмыш елдер мұндай жұмыспен айналысқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Жасанды адам жасауға қарсылық білдірушілер мынандай бірнеше пікірді алға тартады.Олардың ойынша, біріншіден,өте көп қаржыны талап ететін клондаудың әзірге қажеті жоқ. Екіншіден,клондау әдісі арқылы пайда болған адам барлық жағынан осал көрінеді. Клондау-алғашқы бір молекуладан,жасушадан немесе дарақтан көп үлгілер алу үрдісі клондалған жануарларға бір дарақтан шыққан генетикалық ұқсас ағзалардың тобын жатқызамыз.Мал шаруашылық тәжірибеде құрастырылған жануарларды алу технологиясының екі түрі бар түрдің ішінде және түрдің арасында.Түрдің ішінде құрастырғанда клондалған,түрлердің арасында құрастырғанда химералық жануар алынады.Соматикалық клетканың ядросы осы организм туралы толық генетикалық ақпаратқа ие екендiгi белгiлi, егер бұл ақпаратты iске асыру үшiн барлық жағдайлар жасалса, онда жекелеген тұқымның генетикалық көшiрмелерiнiң (клондарының) шексiз санын алуға болады. Көп соматикалық клеткалар ядролары дифференцияланған қалыпта болғандықтан, алғашқы кезеңде бұл мәселенi олардың дифференциясы өтпеген ұрық дамуының белгiлi бiр стадиясында эмбрионалдық клеткаларды пайдалана отырып шешкен. Шындығына келгенде, адамдарды клондау әдісі әлі жете зерттелмеген. Бұған жасанды адамдар тобының пайда болуына қарсылық білдірген ғалымдардың дәлелді пікірі себеп болып отыр. Дегенмен, адамдарды қолдан жасаудың бірнеше жолы бар екен. Соның бірі, әрі бірегейі - тірі жасушаның ядросынан алынған ДНК-ны әйелдің жұмыртқа жасушасына енгізу арқылы эмбрион жасау. Пайда болған эмбрионды жатырға енгізген соң жасанды баланың іштегі даму кезеңі басталады. Бұл өте күрделі процесс, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықты талап етеді. Энуклеирленген аналық клеткаларға эмбриондық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен эмбриондарды клондау.Эмбриондық клеткалардың ядроларын энуклеирленген аналық клеткаларға көшiргеннен кейiн ядро қайта бағдарланады да жаңа эмбрион дами бастайды. Теориялық түрде донордың эмбрионынан барлық бластомерлерi бiр генетикалық негiзде және бiрдей тұқымдардың дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттi болады. Ядроларды көшiргеннен кейiн дамыған эмбриондар өз кезегiнде ядролардың донорлары ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Бiрнеше генерациялардан кейiн жүздеген және мыңдаған бiрдей эмбриондарды алу мүмкiн туады.
Жасанды адам жасаудың пайдасы қандай? Жасанды адам жасау әдісін жетілдіру жұмысымен айналысып жүрген итальяндық ғалым Северино Антинори өзінің жобасы қоғамға тек жақсылық әкеледі деп сендіруде.Құдайдан бала сұрап, жылап жүргендерге өзінен аумайтын сәби сыйлауды жоспарлайтын жобаның жаман болуы мүмкін емес дейді ол. Бұл жобаның шөлмектегі ұрықтандырудан айырмашылығы сол, тапсы-рыспен жасалатын баланың негізі - сол адамның ядросынан алынған ДНК. Және одан пайда болған эмбрион шөлмек ыдыста емес, кәдімгі әйелдің жатырында өсіп, жетіледі. Оның айтуынша, егер осы әдісті одан әрі дамытып, жетілдірсе, адам баласы тамаша жетістіктерге қол жеткізетін көрінеді. Аталмыш әдісті жетілдіру арқылы ерекше жаратылған адамдарды бойындағы қасиетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клондау - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту
Клондау әдісі
Клондау туралы көзқарастар
ДНҚ гибридизациясы
Функционалды геномика
Генетикалық инженерияның жаңа бағыты – клондаудың мәні мен маңызы
Жануарлар жасушасын культивирлеу
Трансплантация жайында
Ағзаларды клондау жайлы
Малдардың эмбриондарын трансплантациялау
Пәндер