Бағаналық клеткалар


Марат Оспанов атындығы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Стоматология
Группа: 102
Кафедрасы: : Молекулалық биолигия және медициналық генетика
Тақырыбы: Бағаналы клеткалар
Формасы: Эссе
Дайындаған: Кушмагамбетов Турар Дауренович
Тексерген: Кузденбаева Гүлжан Едігеқызы
2016 жыл
Эссе
Бағаналық клеткалардың медициналық маңызы
Бағаналық жасушалар- ағзаның бастапқы біріншілік негізі, өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар. Бағаналық жасушалар кез-келген жасуша ортасына тез бейімделіп, мамандана алады. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал тін жасушалары өздерінің бастапқы бағаналық қасиетін сақтап қалады. Тіршілік ету барысында адам ағзасындағы барлық жасушалар өздеріне тиесілі қызметтері бойынша ғана жұмыс атқарады, ал тін жасушалары әр түрлі жасуша түріне айналып, шексіз бөліну қасиетіне ие.
Тін жасушалардың түрлері: эмбрионалдық, постнаталдық, гемопоэтикалық тін жасушалары, мезанхималық тін жасушалары, кіндік қанының тін жасушалары. Эмбрионалдық- тотипотентті тін жасушалары ішіндегі ең аз маманданған, аналық жұмыртқа жасушасын жасанды жағдайда ұрықтандырғаннан кейін 5-7 тәулік өткен сон эмбрионның даму сатысының бастапқы кезінде, яғни бластоциста кезеңіндегі ішкі масса. Жасанды қоректік ортада эмбрионалдық тін жасушаларын өсіру арқылы шексіз көп өсу мен мамандану қасиеті жоғары линияларды алуымызға болады. Постнаталдық- табиғаты жағынан әртүрлі постнаталдық ұлпалардан алынған немесе табиғи потенциялы өмір сүру барысында төмендеген ересек ағзадан алуға болады. Бүгінгі күні жасушалық терапия бағытының дамуына үлкен үміт артқан жасушалар -осы постнаталды түрге жатады.
Гемопоэтикалық тін жасушалары- мультипотентті қанның әртүрлі жасушаларын түзуші, оттегін тасмалдау қасиетіне ие, ұю жүйесінің қызметіне жауапты және бактерия, вирус, ағзадан тыс агенттерден қорғау, иммундық жауап қайтару қызметтерінің атқарылуын қамтамасыз ететін жасуша түрі. Мезанхималық тін жасушалары-адамның барлық қатты ұлпаларының құрамдас бөліктерін түзу қасиетіне ие; сүйек пен шеміршектен жүрек пен бауыр жасушаларына дейін, қаңқа бұлшық еттері мен жүйке жүйесіне дейін. Қан түзуші тін жасушаларынан айырмашылығы “терапиялық мөлшерде” алу мақсатында мезанхималық жасушаларды жасанды қоректік ортада алдын ала өсіріп, көбейтіп алу қажет. Кіндік қанының тін жасушалары-постнаталдық жасушалар арасындағы ең жас және мамандану қасиеті жоғары түрі. Кіндік қанының басым бөлігі қан түзуші жасушалардан тұрады, сонымен қатар жасанды қоректік ортада бұлшық-ет және тамыр, бауыр және жүрек жасушаларына, жүйке, эндокриндік және ағзаның басқа да жүйелеріне айналуға бейім. Шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек бағаналық жасушаларды медицинада пайдалану саласы енді дамып келеді. Жаңа туған дені сау сәбилердің кіндікбауынан алынған қанның көптеген ауруларға дауа екені анықталып отыр. (Ұлыбританияның Guardian («Гардиан») 18. 03. 2009ж басылымында бағаналық жасушалар туралы ғылыми жаңалық жайында мақала басты) Қазіргі медицина жаңа туған сәбидің серігі мен кіндік қанын пайдаға асырып, оларды сүйек кемігінен басталатын қан ауруларына қарсы қолданып жатыр. Жаңа босанған аналардың сәбилерімен бірге туған жолдасын, яғни плаценттің құрамындағы өзекті жасушалар ақ қан ауруымен ауыратын сәби үшін, не болмаса қан дертіне шалдыққан адам үшін өте пайдалы.
King’s Сollege ауруханасы донорлардан 2 500-ге жуық плацент жинаған. Осыдан бірнеше апта бұрын орталықта жиналған қанды қан рагымен ауыратын ересек адам ем ретінде қолданған. Кіндікбау мен жолдас қаны қазірдің өзінде талай адамның өмірін сақтап қалды. Зерттеулер бұл сала бойынша жалғасып жатыр. Ғалымдардың ойынша, кіндікбау қанының құпиясы ашылған сайын оны қолдану мүмкіндіктері де молая береді. Guardian-ның жазуынша, кіндікбау қанын пайдаланып жатқандардың басым көпшілігі қан өнімдерін тұтынатын ата-аналар жыл өткен сайын көбейіп келеді, олар басқа қан дертіне шалдыққандар .
Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, кіндік қан құрамының тін жасушаларының мөлшері және репопуляция қасиетінің жоғары болуы планцетарлы қанның гемопоэтикалық жасушаларын аллогенді трансплантация жұмыстарына кеңінен қолдануға болатындығын көрсеті. Оңтүстік Кореяның ғалымдарының жүргізген зерттеу тәжірибелерінің мәліметтеріне сүйенсек, кіндік қанының тін жасушалары қан түзуші жасушалардан басқа жүйке жасушаларына да айнала алады. Омыртқа жарақатының әсерінен 19 жыл бойы жүру қабілетінен айырылған 37 жастағы әйел адамға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялау арқылы жұлын миының жасушалары қалпына келіп, жүру қызметі қалпына келді.
Науқастардың трансплантациядан кейін тірі қалуы трансплантаттың кері реакция беру дәрежесімен және оның дамуымен өлшенеді. Реакция донордың реципиент жасушаларына қарсы Т-лимфоциттің агрессиясына сәйкес. HLA жүйесі бойынша донор мен реципиент арасында неғұрлым сәйкессіздік көп болса, соғұрлым трансплантаттың кері реакция беру әсері жылдам, әрі өткір түрде өтеді. Ал кіндік қанның тін жаушаларын трансплантациялау кезіндегі артықшылық жасушалар суспензиясындағы Т- лимфоциттердің иммундық жас болуы және концентрациясының аз болуы реципиентке трансплантаттың кері реакция беруі жеңіл және даму жиілігі төмен болады. Ұлыбританияда кіндік қанын тауып беріп қызмет көрсететін екі түрлі криобанк бар. Олардың біреуі - Энтони Нолан атындағы қайырымдылық қоры құрған банк, екіншісі NHS Blood and Transplant Service деп аталатын мемлекетке қарайтын орталық. Бұл екі орталық Денсаулық сақтау министрлігінен қаржылай көмек алып, дами түсуді көздеп отыр. Мұндай арнайы медициналық орталықтың банктерде жиналған кіндік қанын Ұлыбританияда сегіз айлық ақ қан ауруымен ауыратын балаға қолданғанда оң нәтижеге қол жеткізді.
Гемопоэтикалық тін жасушаларын трансплантациялауға қолданылатын аурулар: гемотологиялық аурулар; Онкологиялық аурулар; Аутоиммундық аурулар; 2005жығы мәліметтерге сүйенсек бүкіл дүние жүзі бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын 21 мемлекеттегі 35 криобанкте 175000 үлгі дайындалып сақталынады. 2007 жылғы санақ бойынша кіндік қанынан бөлініп алынған тін жасушаларын криосақтауға арналған банктер саны Еуропада 20-дан астам, АҚШ-та 25. Ал 2010 жылғы санақ бойынша әлемдегі 47 ірі банктерде 26 астам үлгілер сақталынған. 2000жылы әлемде кіндік қанының тін жасушаларын трансплантация жұмыстарының саны 1200 жетті, соның ішінде 200 туыстық трансплантация. 2001жылы алғаш рет ересек науқастарға кіндік қанының тін жасушаларын трансплантациялауға болатындығы жайлы ресми мәліметтер жарияланды. Трансплантация жұмыстарының 90%-дан астамы сәтті орындалды. Тіркеуші-банктерде сақталған тін жасушаарының әлемдік коллекциясының саны 72000 үлгіге жетті. 2003 жылдың қыркүйек айындағы мәліметтер бойынша әлемдік кіндік қанын 2592 науқасқа, соның ішінде 1012 үлгісі ересек адамдарға трансплантацияланған. 2006 жылғы жасушалық терапия бойынша Халықаралық бірлестік ұйымының (ISCT) мәліметтеріне сүйенсек жыл соңына қарай кіндік қанын трансплантациялау саны 6000 жетті. 2009 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу- банктеріндегі ( EUROCORD) жетекшілердің мәліметі бойынша кіндік қанын трансплантациялау саны 2 жетті. 2010 жылы кіндік қанын Европалық тіркеу- банктерінде кіндік қанын трансплантациялау саны 28 000 жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz