Құлақтың есiту табалдырығының спектральдық сипаттамасын алу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Құлақтың есiту табалдырығының спектральдық сипаттамасын алу.

Орындаған: Шер Мухаммад Халида

Тобы: ФӨТҚБ-03-18

Қабылдаған: Махамбетова Мария

Шымкент 2019

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Менің жұмысымның негізгі мақсаты студенттердi аудиометрдiң құрылысымен таныстыру, оларға құлақтың есiту табалдырығын табуды, аудиограмма салуды және оны талдауды үйрету болып табылады. Сонымен қатар осы тақырыпты оқу барысында кез келген студент адам құлағының есiту мүмкiндiгiн анықтайтын әдiстi аудиометрия деп атайтынын, аудиометрияда арнайы құрал - аудиометрдiң көмегiмен әртүрлi дыбыс жиiлiгiне сәйкес келетiн есiту табалдырығы анықталатынын ескере алады. Алынған нүктелердiң жиыны құлақтың есiту табалдырығының спектральды сипаттамасы немесе аудиограмма деп аталады. Аудиограмманың қалыпты жағдайдан ауытқуын зерттей отырып, адамның ауруға шалдыққан есiту органдарына диагноз жасауға болатын түсіне алады.

МА-31 аудиометрі эксперименттік мақсаттарда және зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдаланылады.

Науқаспен байланыс тек қондырылған микрофон арқылы орындалуы тиіс, онсыз тест жүргізуде ауытқулар болуы мүмкін. Науқасты құралдың баптау жүйелерін көрмейтіндей етіп орналастыру керек. Науқасқа науқас пернесын беріп, оған тек “үн” естілгенде ғана басу керектігін түсіндіру керек. Оң құлаққа жасыл, сол құлаққа қызыл телефоны кигізіледі. Осындай ретпен дайындалған құрал өшіру (-) тетігі арқылы қосылады және 30 секундтан кейін құрал жұмысқа дайын болады.

Құралдың негізгі мақсаты зерттелетін құлақ үшін өлшенетін сигналды 1-ші каналға қосып реттеуге болады, бұл кезде жоғарыда айтылған орындалу 2-ші канал арқылы жүргізіледі “оң-сол” ауыстырғышы тетігі көмегімен өлшенетін құлақ таңдалатындығында.

Негізгі бөлім

Көп жағдайларда реттегiштi қозғалта отырып дыбыс жиілігін, телефон арқылы науқастың құлағына анық естiлетiндей дыбыс беру қажет. Науқастан “дыбысты естiдiм” деген жауап алғаннан соң (осы сәтте “жауап - ответ” шамы жануы керек), жиiлiктi толығымен естiмегенше кемiте берген дұрыс. Осылайша дыбыс интенсивтiлiгiн әрбiр 10 дБ шамаға өзгерте отырып, науқастың телефон арқылы еститiн дыбысының ең минималды интенсивтiлiгiн және соған сай келетiн ауыстырып қосқыштың орнын белгiлеуіміз керек. Ол үшiн планкалардың қиылысқан жерiне қарандашпен аудиограмма қағазының үстiне нүктенi белгiлеу керек. Жиiлiктi ауыстырып қосқышты жиiлiктiң келесi мәнiне келтiрiп, соған сәйкес келетiн есiту табалдырығын анықтау керек. Осылайша дыбыс жиiлiгiнiң мәндерiн 0, 125-8 кГц аралығында өзгерте отырып, жиiлiктiң әрбiр мәнiне сәйкес келетiн есiту табалдырығын анықтау керек (анықталған мәндердi төмендегi кестеге жаз) . Нәтижесiнде алынған нүктелер жиiлiктердiң мәндерiне сәйкес келетiн есiту табалдырығы болып табылады.

Жиiлiктi әрбiр мәндерiне сәйкес, бiр құлақ үшiн есiту табалдырықтарын сипаттайтын нүктелердi сызықпен қосқанда, аудиограмма алынады. Бұл сызықтарды түрлi-түстi қаламмен жүргiзген ыңғайлы болады. Жоғарыда көрсетiлген рет бойынша екiншi құлақтың аудиограммасын алу керек. Егер бiр құлақтың есiту қабiлетi екiншi құлақтың есiту қабiлетiнен 40 дБ шамаға артық болса, онда нашар еститiн құлаққа ауа, бас сүйегi мен ұлпа арқылы естiлетiн болады. Осы кезде өлшеу қателiгi де жоғары болады. Осыны болдырмау үшiн сезiмталдығы едәуiр жоғары құлаққа телефон арқылы қосымша шуыл беру қажет. Қосымша шуылдың интенсивтiлiгi “ауыстырып қосқыш” арқылы реттелiп отырады.

  • Қысқаша теориялық мағлұмат.

Дыбыс деп серпiмдi орта бөлшектерiнiң қума толқын түрiнде таралатын, жиiлiгi 16 Гц-тен 2 Гц аралығындағы адамның құлағы ести алатын тербелмелi қозғалысты айтады. Осы тербелiстер адамның сезiм мүшелерiне әсер еткенде дыбыс сезу қабілетін туғызады. Дыбыс үнге және шуға бөлiнедi. Үн деп тербелiсi тұрақты немесе белгілі уақыт iшiнде жиiлiгi белгiлi заңдылықпен өзгеретiн, яғни қалыпты өзгеретін дыбысты айтады. Үн орта бөлшектерi тербелiс пiшiнiнiң өзгеруiне қарай жай және күрделi болып бөлiнедi. Жай үн деп тербелiсi гармоникалық заңмен өзгеретiн дыбысты айтады. Оның негiзгi сипаттамасы - жиiлiк. Жай үндi камертон шығарады. Егер үннiң тербелiсi гармоникалық емес заңмен өзгерсе, онда күрделi үн деп аталады. Оны музыкалық аспаптар, адамның дыбыс шығару аппараты шығарады. Күрделi үн жай үнге жiктеледi. Жиiлiгi азы негiзгi үн, ал қалғандарын қосалқы үн деп атайды. Күрделi үннiң аккустикалық бейнесі деп интенсивтiлiгi әр-түрлi жиiлiктердiң жиынын айтады. Оның бейнесi - сызықты сызба болады. Сызықты спектр деп - үздiк-үздiк жиiлiктерден құралатын бейненi атайды. (2-сурет) .

2- сурет. 3- сурет.

Шу деп уақыт iшiнде ретсiз өзгеретiн күрделi дыбысты айтады. Шуды бейберекет өзгеретiн күрделi үннiң жиыны деп қарастыруға болады. Оның спектiрi - тұтас спектр болады (3-сурет) .

Дыбыстың да энергетикалық сипаттамасы-интенсивтiлiк болып табылады. Дыбыстың интенсивтiлiгi немесе күшi - дыбыс ағыны энергиясының тығыздығы арқылы сипатталады.

Қалыпты дыбыс құлақ интенсивтiлiгiнiң кең аймағын қабылдайды. Мысалы: дыбыс жиiлiгi 1 кГц болғанда, адам құлағы еститiн дыбыстың ең төменгi күшi J 0 =10 -12 Вт/м 2 , жоғарғы күшi J max =10 Вт/м 2 болады Бiрiншi нүкте естудiң төменгi табалдырығы, екiншiсi - ауырсынуды сезiну немесе естудiң жоғарғы табалдырығы деп аталады. Бұл интенсивтiлiктердiң қатынасы 10 13 тең болады.

Егер өлшенетiн шамалар үлкен аралықта өзгерсе, онда дыбыс интенсивтiлiгiн өлшеу үшiн логарифмдiк шкала қолданылады, яғни шамалардың өздерiн бiр-бiрiне салыстырғаннан да, олардың логарифмiн салыстыру өте ыңғайлы. Шкаланың J 0 берiлген жиiлiктегi алғашқы деңгейiн есiту табалдырығындағы J 0 дыбыс интенсивтiлiгiне тең деп алып, ал J кез-келген дыбыстың интенсивтiлiгiн оның J 0 -ге қатынасының ондық логарифмi арқылы сипаттайды.

, (2)

Дыбысты сезiну кезiнде, оның жоғарлығы, тембрi және қатаңдығы ажыратылады:

  • дыбыс тербелiсiнiң жиiлiгi құлақта оның биiктiгi арқылы бағаланады. Неғұрлым дыбыс тербелiсiнiң жиiлiгi жоғары болған сайын соғұрлым дыбыстың биiктiгi жоғары болады.
  • тембр - дыбысты сезiнудiң сапалық сипаттамасы. Ол дыбыс толқынының гармоникалық құраушыларының жиыны.
  • дыбыс интенсивтiлiгiне байланысты анықталатын дыбыстың физиологиялық сипаттамасын дыбыс қатаңдығы деп атайды. Бұл байланыс құлақтың сезiмталдығына байланысты күрделi болады. Сезiмталдылық құлақтың физиологиялық қасиетiне байланысты болады. Ол дыбыстың физикалық сипаттамалары: тербелiстiң жиiлiгiне, дыбыс толқынының интенсивтiлiгiне (дыбыс күшi) байланысты өзгередi.

Акустикада түйсiк (сезу) пен түршiгудiң арасындағы байланыс, яғни дыбыстың қатаңдығың өлшеу Вебер-Фехнердың психика-физикалық заңымен анықталады. Бұл заңда түршiгудiң шамасын геометриялық прогрессия бойынша көбейтсе, онық әсерiнен болатын сезудiң шамасы арифметикалық прогрессия бойынша артады: E=k⋅lg (J /J 0 ) мұндағы J - дыбыс интенсивтiлiгi, J 0 -есiту табалдырығындағы дыбыс интенсивтiлiгi, k - пропорционалды коэффициент. Егер жиiлiк ν = 1 кГц болса, онда k = 1 деп алуға болады.

Онда: E= lg(J /J 0 ) = lg10 13 =13

Демек қатаңдылық шкаласы 13 бөлiктен (бiрлiктен) тұратынын байқаймыз. Қатаңдылық шкаласын фон (Ф) деп атайды: E(ф) = 10⋅lg (J/J 0 ) .

4-сурет.

4-суретте көрсетiлген сызықтар есiтуi қабiлетi қалыпты адамдарды зерттеу нәтижелерiнiң орташа мәндерi бойынша салынған әр-түрлi жиiлiктегi дыбыстың қаттылығымен интенсивтiлiгiнiң арасындағы байланысты көрсетедi. Ең төменгi қисық өте жай естiлетiн дыбыс интенсивтiлiгiне сәйкес келедi және оны есiту табалдырығы деп атайды. Бұл қисық барлық жиiлiктерi үшiн Е Ф =0, ал 1 кГц үшiн J 0 =10 -12 Вт/м 2 мәндерiне дәл келедi. Ең жоғарғы қисық ауырсыну табалдырығына тура келедi. Кез-келген аралық қисық қатаңдығы бiрдей әр-түлi жиiлiктегi соған сәйкес келетiн дыбыс интенсивтiлiгiн көрсетедi. Қажеттi қисық арқылы сол жиiлiктегi қатаңдығың сезiнуге болатын дыбыс интенсивтiлiгiн анықтауға болады. Мысалы: дыбыс жиiлiгi 125 Гц интесивтiлiгi 135 дБ болса, осыған сәйкес келетiн дыбыс қатаңдығы қандай болады? 4-суреттен 125 Гц-мен 135 дБ-ның қиылысқан жерiнен дыбыс қатаңдылық деңгейi 10 фон екендiгiн анықтауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Естуді жоғалту деңгейі
Түйсік жайлы
Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
Есту және тепе-теңдік мүшелері
Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы
Көз ауруларының микробиологиялық диагностикасы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстардың адам организіміне әсері. Статикалық электр тогы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Құлақ
Иттер мен мысықтардағы құлақ кенелерін емдеу
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz