Басқару әдістемелері мен нысандары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Басқару әдістемелері мен нысандары

1. Басқару әдістерінің түсінігі мен түрлері.

2. Басқару нысандары.

1. Басқару әдістерінің түсінігі мен түрлері.

Басқару әдістері деп - басқару субъектілерінің басқару объектілеріне әсер ету әдістері тәсілдерін, құралдарын басқару субъектілері өздерінің алдында тұрған міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру.

Әкімшілік құқықта басқару әдістері екіге бөлінеді:

1. әкімшілік әдістер, яғни олар азаматтардың, заңды тұлғалардың материалдық мүдделеріне әсер ете отырып, оларды қажетті мінез-құлыққа итермелеу.

2. Әкімшілік құқықтық әдіс, яғни бағынушының еркін басқарушының еркіне бағындыруды айтамыз. Әкімшілік құқықтық әдістер басқару қызметінің үстемдік ету табиғатын айқын көрсету, әкімшілік билік субьектілері өздерінің алдында тұрған саяси, әлеуметтік, экономикалық және т. б. мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін келесі әкімшілік құқықтық әсер ету әдістерін қолданады:

• Әсер ету әдісіне байланысты:

а) тікелей әсер ету немесе субординация, ол келесі формуладан. көрінеді: «делай как приказано» және оның 7 түрлі әдісі бар:

- субьектілерінің еркіне тікелей әсер ету, дерективтің сипаты бар;

- командалар оларды орындаушыларға жүзеге асыру варианттарын таңдау мүмкіндігін бермейді және қалай бұйрылса солай орындалуын міндеттейді. «Приказ не обсуждается!»;

- үкіметтің, ведомствалардың актілері кең қолданады. Заң өрісі қысылады;

- бұйрықтарды орындаушыларды бақылайтын және оларды бұзған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын үлкен әкімшілік аппараттың болуы;

- ынталандыру, басқаратын субьектілерінің қарауымен жүзеге асыру;

- кең түрде экономикалық емес мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

ә) жанама әсер ету немесе координация әдісі формуласы: «делай как лучше!».

Басқару әдістерінің әсер ету негіздері мен мазмұнына байланысты:

1. Сендіру, иландыру - бұл келесі элементтерді қатыстыра отырып санаға, эмоцияға, сезімге әсер ету белгілі бір әрекет жасауға ынталандыру, белгілі бір мүдделерді қозғауға негізделген процесс. Демократиялық қоғамда сендіру әдісі басты әдіс, өйткені:

а) ол жүйелі түрде қолданады;

ә) заң нормалары мен бұйрықтары ерікті түрде орындауды қамтамасыз етеді және азаматтарда заңды орындау әдетін қалыптастырады;

в) сендіру әдісі мемлекетке мәжбүрлеу әдісіне қарағанда арзанға түседі.

2. Марапаттау әдісі деп марапаттаушы тараптың пайдалы деп есептейтін әрекеттерін адамдардың мүдделеріне, санасына, сезіміне әсер ету арқылы жүзеге асыру шараларын айтамыз.

3. Мәжбүрлеу әдісі

Мәжбүрлеу - бағынушының еркін терістей отырып, оның мінез-құлқына сырттай әсер ету. Мәжбүрлеу әдісінің белгілері:

а) олар құқық бұзушы әрекеттерге қарсы әрекет болып табылады;

ә) олар тек заңды бұзған нақты субьектілерге қолданылады;

б) олар заңдық және құқық қорғау актілері арқылы қолданылады;

в) олар мемлекеттің монополиясы.

2. Басқару нысандары .

Басқару нысандары - бұл тек басқару қызметінің сыртқы көрінісі ғана емес, сондай-ақ оның нәтижесі де болып табылады. Басқару нысандары екі түрге бөлінеді:

1. құқықтық нысандар, яғни қолданылғаннан кейін заңдық салдар туғызатын және толық заңдық рәсімделуден кейін қолданылатын басқару қызметі. Құқықтық нысанның үш түрі бар:

а) құқық актілерін дайындау және қабылдау;

ә) шарттар жасасу;

б) басқа да заңдық маңызы бар әрекеттер.

2. құқықтық емес нысандар:

а) ұйымдастыру әрекетері:

• заңдардың мазмұнын түсіндіру;

• атестация және инструкция өткізу және жүргізу;

• басқару органдарының жұмысын тексеру және талқылау;

• мәжіліс, конференциялар, еңбек коллективтерімен кездесу өткізу.

ә) материалдық, техникалық қамтамасыз ету:

• ақпараттық, анықтамалық қамтамасыз ету;

• іс жүргізуді жүзеге асыру;

• есеп, тіркеу жұмыстарын жүргізу.

Әкімшілік құқық субъектілері

1. Азаматтар әкімшілік құқық субьектісі ретінде

2 Қоғамдық және діни бірлестіктер әкімшілік құқық субьектісі ретінде

3 Президент, үкімет, жергілікті атқарушы органдар әкімшілік құқық субьектісі ретінде

1. Азаматтар әкімшілік құқық субьектісі ретінде

Азаматтар өзінің өмірінің барлық кезеңдерінде мемлекеттік органдардың ішінде ең көбі басқару органдарымен қатынасқа түседі. Әкімшілік құқық нормалары азаматтар мен мемлекет арасында қалыптасқан қатынастарды реттейді. Азаматардың конституциялық құқұқтары мен бостандықтарын дамытады және бақылау жасайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмі қалыптасқан. Азаматтардың әкімшілік құқықтық жағдайы оның жалпы құқықтық статусының бір бөлігі болып табылады және ол келесі элементтерден тұрады:

1. әкімшілік құқықтық қабілеті және әрекет қабілеті

2. мемлекеттік басқару аясындағы азаматардың құқықтары мен міндеттері

3. азаматардың құқықтары мен бостандықтарының заңды кепілдіктері.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық статусының орталық элементі болып оның басқару аясындағы құқықтары мен міндеттері табылады. Азаматтардың әкімшілік құқықтық қатынастардағы құқықтарын келесі түрде бөлуге болады:

а) құқықтарын жүзеге асыру механизміне сәйкес 2-ге бөлінеді

--абсолютті құқықтар, яғни азаматтардың өз еркімен жүзеге асыратын құқықтары

--қатысты салыстырмалы құқықтар, яғни бұларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқару органдарының актісі қажет.

б) құқықтады алуға сәйкес :

-адамдардың арызынсыз құқықтарды алуы

- арыз жазуы арқылы құқықтарды алуы

- мемлекеттік басқару органы субьектілерінің қарауымен берілетін құқықтар

Азаматтардың әкімшілік құқықтық міндеттері:

1. жалпы міндеттер

2. арнайы міндеттер

Кепілдіктер

Әкімшілік құқықтық кепілдіктер тек ғана мемлекеттік басқару аясындағы азаматардың құқықтары мен бостандықтарын ғана емес сондай-ақ қоғамдық өмірдің басқа да салаларындағы азаматтардың, еңбек, жер және т. б. құқұқ салаларындағы құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Әкімшілік құқықтық кепілдіктер азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарымен тығыз байланысты. Азаматтардың әкімшілік құқықтық кепілдіктердің түрлері:

1. шағым жасау

2. сотқа шағым беру

2. Қоғамдық және діни бірлестіктер әкімшілік құқық субьектісі ретінде

Діни және қоғамдық бірлестіктер мемлекетік басқару органдарынан тәуелсіз қызмет ете отырып, біздің конституцияның нормаларына сәйкес азаматық қоғам құрудың негізгі атрибуттары т. б. олар арқылы азаматтар өздерінің мәдени, рухани, саяси және т. б. мүдделерін қанағаттандыра алады.

Әкімшілік құқықтың қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметін реттеуде маңызы зор. Олардың салыстырмалы тәуелсіздігіне қарамастан қоғамдық және діни бірлестіктердің қызмет ету аясын, және қызметінің тәртібін тек ғана мемлекет бекітеді. Мемлекет өз тарапынан бұл бірлестіктердің қызметіне бақылау жасайды. Олардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырып, өзінің реттеу қызметін жүзеге асырады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің басқа ұйымдардан келесі ерекшеліктері бар:

1 бұлар ерікті тәртіппен құрылады

2 мемлекеттік басқарушы өкілеттілігі жоқ

Әкімшілік іс жүргізу.

1. Әкімшілік іс жүргізу түсінігі және қағидалары.

2. Әкімшілік іс жүргізу субъектілері.

3. Әкімшілік іс қарау. Әкімшілік іс жүргізудің құрылымы.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау.

1. Әкімшілік іс жүргізу түсінігі және қағидалары.

Әкімшілік іс жүргізу - бұл әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттелетін атқарушы билік органдарының және заңда көрсетілген басқа да жағдайларда, сондай-ақ басқа да органдардың лауазым иелерінің әкімшілік басқару актілерін шығару және әкімшілік материалдық нормаларды қолдану арқылы жүзеге асатын қызметі. Әкімшілік іс жүргізу бір жағынан, заңды іс жүргізудің бір түрі, екінші жағынан, іс жүргізу нормаларымен ретттеліп отыратын басқару нысаны болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізудің 2 түрі болады:

1. Әкімшілік құқық шығарушылық - атқарушы органдардың бұқаралық құқықтық актілерін дайындау, бекіту және ресми жариялау түріндегі қызметі;

2. Құқық қолдану қызметі - бұл атқарушы билік субъектілерінің әртүрлі заңдық маңызы бар жеке істерді қарау және оған қатысты шешім шығару қызметі. Бұл екіге бөлінеді:

а) құқық беретін;

б) әкімшілік құқықтық юрисдикциялық қызмет - бұл белгілі бір әкімшілік дауларды, істерді қарау мен оларға жауапкершілік қолдану қызметі.

2. Әкімшілік іс жүргізу субъектілері.

Әкімшілік іс жүргізу субъектілері:

а) атқарушы органдар - әкімшілік іс жүргізудің міндетті қатысушысы;

ә) әкімшілік іс жүргізудің қатысушысы ретінде мемлекеттік және өкілді органдардың басшылары қатыса алады;

б) әкімшілік іс жүргізуде тараптар ретінде қоғамдық ұйымдар қатыса алады;

в) әкімшілік іс жүргізудің толық түрдегі субъектілері болып азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.

Әкімшілік іс жүргізу кезінде қолданылатын қағидалар:

а) әкімшілік іс жүргізу кезінде мән-жайларды дәлелдеудің қарапайымдылығы;

ә) тиімділік қағидасы, яғни әкімшілік іс жүргізудің қолайлы түрде бөлшектенуі;

б) жариялылық қағидасы;

в) әкімшілік істерді қарауға азаматтардың тікелей қатысуы;

г) төменгі буынның шешім шығарудағы басты рөлі;

ғ) заң алдындағы теңдік қағидасы.

3. Әкімшілік іс қарау. Әкімшілік іс жүргізудің құрылымы.

Әкімшілік іс қарау - бұл жеке нақты әкімшілік істерді шешу және қарау үшін әкімшілік құқық субъектілерінің нормативті реттелетін қызмет тәртібі.

Кез келген процесс логикалық байланысты субъектілердің белгілі бір кезекпен жүзеге асыратын қызметтерінің және әрекеттерінің кезеңдерінен тұрады. Осы сияқты әкімшілік іс жүргізуде бір-біріне тәуелсіз дербес кезеңдерден тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір міндеттерді жүзеге асырады.

Әкімшілік процеске жалпы қатысты, сондай-ақ оған кіретін кез келген әкімшілік іс қарауға қатысты келесі кезеңдерді атап өтуге болады:

1. шешілуге тиісті мәселені ашу;

2. осы мәселені талдау және шешімнің жобасын жасау;

3. жобаны қарау;

4. жобаны бекіту;

5. шешімді орындаушыларға жеткізу;

6. шешімнің орындалуын ұйымдастыру және оған бақылау жасау;

7. бұрын қабылданған шешімдерді қайта қарау, оны түзету, өзгерту және күшін жою.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жалпы әкімшілік құқықтық процестің құрамдас бөлігі. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудың келесі кезеңдері (стадия) бар:

1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қозғау , яғни әкімшілік іс жүргізу пайда болу жөніндегі хаттаманы толтыру. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қозғау кезінде келесі әрекеттер жасалуы мүмкін:

а) әкімшілік құқық бұзған субъектіні тексеру (жеке тінту, құжаттарын, киімін тексеру) ;

ә) әкімшілік қамауға алу, яғни адамдарды 3 сағатқа қамауға алуы;

б) көлік құралдарын қамауға алу;

в) заңды ұйымдардың жеке есеп шоттарын қамауға алу;

г) субъектілердің мүлкін қамауға алу;

ғ) субъектілерденн жауап алу.

2. Әкімшілік істерді қарау . Әкімшілікі құқық бұзушылық туралы істерді өкілетті органдар мен лауазымды адамдар қарайды:

а) әкімшілік комиссия;

ә) ауылдық немесе селолық әкімдер;

б) жасы кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын инспекция;

в) ішкі істер органдары;

г) әкімшілік қызметтер атқаратын лауазымды адамдар мен органдар;

ғ) аудандық, қалалық соттар.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау мерзімі 15 тәулік.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулы шығару . Қаулының 2 түрі бар:

а) әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы;

б) әкімшілік іс қарауды тоқтату туралы қаулы.

4. Қабылданған шешімнің орындалуы .

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулығы шағым жасау, наразылық білдіру - бұл қосымша кезең. Әкімшілік шағым беру мерзімі - 7 күн.

Әкімшілік жауапкершілік

1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі, белгілері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.

1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері.

Әкімшілік жауапкершілік - өкілетті мемлекеттікк органдар немесе лауазым иелерінің әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңда көрсетілген негізднрде әкімшілік мәжбұрлеу шараларын қолдануда көрінетін заңдық жауапкершілігінің бір түрі.

Әкімшілік тәртіпсіздік үшін субьектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға арнайы мемлекеттік органдар мен лауазым иелері құқықты:

1 Президент

2 Парламент

3. Үкімет

4. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар заңдарда көрсетілген шектерде

Әкімшілік жауапкершіліктердің тән белгілері бар:

1 олар тек сотпен ғана емес сондай-ақ басқада органдармен қолданады.

2 олар қызметпен тыс тәртіппен қолданады.

3 материалдық мүдде есептелінбейді.

4 оларға мейлімше қарапайым тәртіппен тартады.

Әкімшілік жауапкершіліктің белгілерін талдай отырып, біз келесі оның негіздерін шығара аламыз:

1 нормативті негіз

2 фактілік негіз- яғни нақты субьектілерінің нақты бір әкімшілік құқыққа қарсы іс-қимылы

3 процессуалдық негіз - яғни өкіметті субьектілерінің нақты бір әкімшілік тәртіпсіздік бойынша қолданған мәжбүрлеу түріндегі актісі. Шынай әкімшілік жауапкершілік туындауы үшін осы 3 негіздің барлығы болуы тиіс және жоғары көрсетілген кезең бойынша болуы тиіс.

Соңғы кезднрде әкімшілік жауапкершіліктің маңызы артып отыр. Оған келесі себептер бар:

1. ғылыми - техникалық революцияның теріс нәтижелері

2. соңғы кездердегі қоғамдағы тәртіптің босануына байланысты жария биліктің дұрыс қызмет етуіне бағытталған әкімшілік жауапкершілік түрлерінің пайда болуы.

3 жаңадан қабылданған салық, кедең, жер, қаржы немесе басқада салаларды реттелген заңдарда әкімшілік санкциялардың көбею.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік тәртіпсіздік -бұл әкімшілік жаза қолданылатын, әкімшілік нормаларын бұзатын, әрекет немесе әрекетсіздік.

Әкімшілік тәртіпсіздіктің өзіне тән белгілері:

1 құқұққа қарсы

2 кінәлілік

3 көпшілік түрде жасалынуы

уіптілігі

4 қоғамға қауіптілігі

5 әкімшілік жазаға тартылуы

3с Әкімшілік жауапкершіліктің құрамы -бұл құқықпен бекітілген әкімшілік жауапкершілікке тартудың мүмкіндігі пайда болатын белгілі бір белгілердің жиынтығы

Әкімшілік жауапкершіліктің құрамы 4 түрлі элементтен тұрады:

1. Әкімшілік жауапкершіліктің объектісі:

а) жалпы объект - бұл әкімшілік нормаларымен қорғалатын әртүрлі құқық салалары ретейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы

б) тектік объект - жалпы обьекттілердің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастардың тобы

в) түрлік (видовый) объект - бұл бір тектік объектілерге кіретін әртүрлі бір тектес қоғамдық қатынастардың жиынтығы немесе тобы.

г) тікелей объект - бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынас

2 Әкімшілік тәртіпсіздіктің объективтік жағы - бұл әкімшілік құқықтың нормаларында көзделген әкімшілік тәртіпсіздіктің сыртқы көрініс белгісі:

а) іс қимыл:

1. әрекет немесе әрекетсіздік

2. қайталанған іс әрекет, яғни бір тұлғаның бір жылдың ішінде бұрып жазаға тартылғанша қарамай жаңа ә. тәртіпсіздік жасауы

3 . бірнеше рет жасалған іс қимыл

б) іс- қимылдың жасалу әдісі- бұл құқық бұзушының қолданған әдістері, құралдары, тәсілдері және оларды қолдану тәртібі.

в) тәртіпсіздіктік жасаған жер - қоғамдық жер, темір жол желесі, шекара аймағы, аэропорт, порт, вокзал т. б.

г) тәртіпсіздік жасаудың уақыты - түнгі уақыт, тиым салынған уақыт т. б.

д) жасаған тәртіпсіздіктің зиянды зардаптары

е) себепті байланыс.

3 Әкімшілік тәртіпсіздіктің субъектісі:

а) жеке тұлғалар

1. 16 жасқа толуы керек

2. есі дұрыстық

б) заңды тұғалар

в) арнайы субъектілер

1. қызмет бабына және еңбегінің ерекшелігіне байл

2. басқада құқықтық статусының ерекшеліктеріне байланысты(шетел азаматтары, азаматтығы жоқтар) .

4 Әкімшілік тәртіпсіздіктің субьективтік жағы - бұл субъектінің бұзылған құқық бұзушылыққа және оның салдарларына өзінің психикалық қатынасы. Оның белгілері:

1. кінә

а) қасақана (10бап)

б) абайсыздық (11бапа)

2. мақсат .

Әкімшілік жаза

1. Әкімшілік жазаның түсінігі.

2. Әкімшілік. жаза атаулары.

3. Әкімшілік жазаны қолданудың ережелері.

4. Әкімшілік жазаны қолдану мерзімі және әкімшілік жазаға тартудың ескеру мерзімі.

5. Көптеген әкімшілік тәртіпсіздік үшін әкімшілік жаза тағайындау.

1. Әкімшілік жазаның түсінігі

Әкімшілік жаза - бұл заң негізінде құзыретті органдар мен лауазымды адамдардың әкімшілік тәртіпсіздік жасаған тұлғаларға қолданылатын мемлекеттік әсер ету шаралары. Әкімшілік жазаның мақсаты:

1. тәрбиелеу немесе құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу;

2. істеген іс-қимылы үшін жауапкершілік шарасы;

3. құқық бұзушылықтың жасалуының алдын алу профилактикасы.

Әкімшілік жазаның жазалаушы сипаты бар, өйткені ол әкімшілік құқық субьектілердің кейбір құқықтары мен бостандықтарынан айырады немесе оларға әртүрлі міндеттер қояды. Әкімшілік жазаның алдын алу қызметін превенция деп атайды. Превенция 2 түрде болады:

1. Жалпы превенция - бұл жалпы субъектілердің әкімшілік тәртіпсіздік жасауының алдын алу;

2. Жеке превенция - әрбір нақты жеке тұлғаның әкімшілік тәртіпсіздік жасауының алдын алу.

Әкімшілік жазаның келесі мынадай түрлері болуы мүмкін:

1. бір реттік немесе созылмалы жаза;

2. негізгі және қосымша жаза;

3. орталықтандырылған немесе орталындырылмаған жаза.

2. Әкімшілік жазаның түрлері (атаулары) .

1. Ескерту;

2. Айыппұл - бұл әкімшілік тәртіпсіздік жасаған тұлғаға салынатын мүліктік сипаттағы ақша сомасы. Айыппұл заңда көрсетілген тәртіп бойынша және онда көрсетілген мөлшерге сәйкес қатаң салынады.

3. Әкімшілік тәртіпсіздік жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын құралдар мен заттарды ақшасын қайтарып беру жолымен тартып алу. Осы затты мемлекет субъектілерден тартып алып оны сатып, сатуға кеткен шығыннан басқа соманы егесіне қайтарып береді.

4. Конфескация (тәркілеу) - бұл әкімшілік тәртіпсіздіктің тікелей объектілерден немесе оны жасау үшін қолданылған құрал-саймандарды қайтарымсыз түрде алып қоятын мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза. Тәркілеу тек ғана құқық бұзушының өзіндік меншігіне жататын заттарға ғана жүргізіледі. Тәркілеуді жүргізу үшін келесі құжаттарды толтыру қажет:

а) тәркілеу туралы қаулы;

ә) осы қаулының орындалуы туралы акт.

5. Азаматтарға берілген арнайы құқықтардан айыру. Бұл осы құқықтарды жүйелі және дөрекі түрде бұзған реттерде қолданылатын әкімшілік жаза. Мысалы: жүргізу құқығынан айыру, аң аулау құқықғынан айыру.

6. Әкімшілік қамау - бұл әкімшілік құқық бұзушыларға ерекше жағдайларға ғана қолданылатын әкімшілік жазаның ерекше түрі. Әкімшілік қамауға алу мерзімі 15 тәулік. Әкімшілік қамауға алуды аудандық (қалалық) сот жүзеге асырады және ол туралы қаулы шығарады. Ең ұзақ мерзім - 30 күн.

7. Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасауды бекіту - бұл әкімшілік жазаның жаңа түрі. Бұл жаза шаруашылық субъектілерне бір жылға дейінгі мерзімде қолданылады. Бұл жазаны заңда арнайы белгіленген органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады (салық инспекциясы, СЭС, өрт сөндіру органдары т. б. ) .

8. Белгілі бір қызмет түрлеріне берілетін лицензиялардан (патенттерден) айыру. Мысалы: білім беру саласында.

3. Әкімшілік жазаны қолдану ережелері.

Әкімшілік жазаны қолдану ережелері:

1. Әкімшілік жазаны тиісті органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегінде қолданады.

2. Әкімшілік жаза құқық бұзушының әрекеттерінде әкімшілік тәртіпсіздік құрамы болған кезде ғана қолданылады.

3. Әкімшілік жаза әкімшілік тәртіпсіздіктің құрамы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің тиісті нормасында немесе заң нормасында болғанда ғана қолданылады.

4. Әкімшілік жаза жасалған тәртіпсіздіктің сипатына қарай тәртіпсіздік жасаған тұлғаны жеке басына қарай және заңда көрсетілген жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларға байланысты қолданылады.

4. Әкімшілік жазаны қолдану мерзімі және әкімшілік жазаға тартудың ескеру мерзімі.

Әкімшілік жазаға тартудың мерзімі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған күннен бастап 2 ай. Созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық кезінде сол құқық бұзушылықты тапқан күннен бастап 2 ай. Әкімшілік жазаға тартудың мерзімінің басталу күні әкімшілік тәртіпсіздік жасаған күннен кейінгі күннен есептеледі. Әкімшілік жазаға тартудың біткен күні әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының шыққан күні есептеледі. Қылмыстық істі қоғамға қауіптілігінің төмендегіне байланысты әкімшілік іс қарауға жіберген кезде әкімшілік жазаға тартудың мерзімі тергеушінің ол туралы қаулы шығарған күнінен басталады.

5. Көптеген әкімшілік тәртіпсіздік үшін әкімшілік жаза тағайындау.

Әкімшілік тәртіпсіздіктің бірнеше рет жасалуын анықтаудың келесі белгілері бар:

1. Ең алдымен бірнеше рет жасалу дегеніміз - дербес бірнеше әкімшілік тәртіпсіздік құрамының болуы. Мұндай іс-әрекеттердің саны емес тек қана құрамдардың санының маңызы бар.

2. Әкімшілік тәртіпсіздік бірнеше рет жасалу кезінде бір ғана адам бір уақытта немесе әртүрлі уақытта бірнеше дербес тәртіпсіздік жасайды.

3. Әкімшілік тәртіпсіздік бірнеше рет жасалған кезде оны құрайтын құрамдардың әрқайсысының дербес маңызы бар.

Әкімшілік тәртіпсіздікті бірнеше рет жасау кезінде келесі түсініктер пайда болады: құрамдардың жиынтығы - бір адамның оны жауапкершілікке тартқанға дейін бірнеше тәртіпсіздік жасауы:

а) идеалдық жиынтық, яғни бір адамның бір мезгілде бірнеше әкімшілік тәртіпсіздік жасауы;

ә) реалдық жиынтық, яғни бұл әртүрлі іс-әрекеттермен жасалған құрамдардың жүйесі.

Әкімшілік бұлтартпау

1. Әкімшілік бұлтартпау түсінігі және мәні.

2. Әкімшілік бұлтартпау шаралары.

1. Әкімшілік бұлтартпау түсінігі және мәні.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Объектіге бағытталған тілдер
Климаттық мониторинг
Технология туралы ұғым, артықшылықтары
Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
ӨҢІРЛІК ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Технологияның кезеңдері
Қазақстан метрологиясының дамуы
Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері және оларды шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz