Заманауи халықаралық құқық


І-лекция
Заманауи халықаралық құқық: оның тарихы, дамуы, мазмұны мен жүйесі.
- Халықаралық құқықтың пайда болу тарихы мен дамуы.
- Халықаралық құқықтың адам және мемлекет өміріндегі маңызы.
- Халықаралық құқықтың жүйесі.
1. Жеке меншікке негізделген әлемдік шаруашылық, дамыған елдердің экономикасы өз жемістерін берді: алғашқы автокөліктер, отарбалар және вагондарымен қоса темір жолдар, ұшу аппараттары пайда болды. Бұл мәселе мемлекет ішінде ғана емес, мемлекеттер арасындағы қатынастардың да құқықтық реттелуіне түрткі болды. ХХ-ғасырдың басы халықаралық құқықтың тамаша ескерткіштері, туындылары әскери қозғалыстарды ашу туралы, жер соғыстарының ережелері (заңдары) мен дәстүрлері туралы, жер және теңіз соғыстары жағдайындағы бейтарап державалардың құқықтары мен міндеттері туралы 1899 және 1907 жылдардағы Гаага Конвенциялары табылады.
ХХ-ғасырдың елеулі оқиғасы - 1919 жылы Ұлттар Лигасының және 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. Әмбебап ұйымдар бола отырып, бұлар халықаралық құқықтың дамуына өз үлестерін көп қосты. БҰҰ фашизмге қарсы күресте біріккен, одақтасқан мемлекеттер тарапынан құрылып, қазіргі халықаралық құқықтың демократиялық дамуында ерен еңбек сіңірді. Жарғысы демократиялық қағидаларды қамтыды. Халықаралық құқықтың жүзеге асыру қызметін қарастыратын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Халықаралық Сотының тарапынан іске асырылатын БҰҰ Жарғысы біздің дәуіріміздің негізгі халықаралық құжаты. Одан бұрын араларындағы даулы мәселелерді бейбіт шешу тәсілі ретінде мемлекеттерді соғыстан бас тартуға шақыратын 1928 жылы қабылданған Брианна-Келлог актісі ХХ-ғасырдың маңызды халықаралық-құқықтық құжаты болып табылды. Бұл құжаттың маңыздылығы сол, оның нормалары кейіннен заманауи халықаралық құқықтың жалпыға міндетті нормалар болып қалды.
ХХ-ғасырдағы ғылыми-техникалық өрлеу бірқатар құқық салаларының қалыптасуы мен дамуына әкелді. Мысалы, әуе, көлік, ғарыш. Енді компьютерлік құқық жайында әңгіме қозғасақ та артық емес. Ал ғылым мен техниканың дамуы табиғаттың өз қалпын сақтап қалуына мүмкіндік бермеді. Ол тек мемлекет ішілік қана емес, бүкіл әлемдік мәселе болғандықтан халықаралық экологиялық құқық ұғымы да пайда болды. Ал мұндай қатынастардың пайда болуымен халықаралық келісімдер мен конвенциялар саны күн өте артып отырды. ХХ-ғасырда қабылданған мұндай құжаттар саны ХХ-ғасырға дейінгі жасалған шарттардан әлдеқайда көп екені айтпаса да белгілі әрі әділ де. Сондықтан 1969 жылы «Халықаралық шарттар құқығы туралы» Вена Конвенциясы кездейсоқ қабылданған жоқ.
Халықаралық жария құқық егеменді мемлекеттің ерікті келіссөздері негізінде бейбіт, қатар өмір сүруде. Халықаралық жария құқық халықаралық құқықтың қағидаларын толық жүзеге асыруды баянды етіп, мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, консулдық және тағы басқа қатынастарды реттеуге арналған құқық жиынтығы. Халықаралық шарттардың жүргізілуі, тоқтатылуы, өзгертілуі осы халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Бұл халықаралық құқық басқа құқық саласына кірмейді.
2.
3. Халықаралық құқықтың 2 жүйесі бар: жалпы және ерекше. Жалпы бөлімі халықаралық құқықтың түсінігін, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын, халықаралық құқықтың субъектілерін, халықаралық құқықтың жауапкершілігі оқытылады. Ерекше бөлімінде болса, дипломатиялық құқық, консулдық құқық, халықаралық ұйымдар және БҰҰ-ның мәртебесі, халықаралық өзен-көлдер және теңіз, әуе құқықтары, халықаралық экономикалық, экологиялық құқықтар тағы басқалары оқытылады.
ІІ-лекция
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері, қағидалары мен
субъектілері
- Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- Халықаралық құқықтың қағидалары.
- Халықаралық жария құқықтың субъектілерінің түсінігі.
- Мемлекет - халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде. Халықаралық ұйымдардың, халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі.
- Мемлекетті мойындаудың түсінігі мен түрлері.
- Халықаралық құқықта құқық мирасқорлығы.
1. Халықаралық құқықтың қайнар көздері болып халықаралық шарттар табылады. Халықаралық құқық пен халықаралық ішкі мемлекеттің айырмашылығы оның субъектісінде. Ішкі мемлекеттердің субъектісі болып заңды және жеке тұлғалар табылса, ал халықаралық құқықтың субъектісі болып егеменді, тәуелсіз мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлттар мен ұлыстар және халықаралық маңызы бар халықаралық құқықтың субъектілері.
Халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер де танылады. Халықаралық шарттардың жасалуы және тоқтатылуы жайындағы мемлекеттің және басқа да субъектілердің арасындағы келісім - халықаралық шарттар.
2. Халықаралық құқықтың қағидалары - халықаралық құқық субъектілерінің негізі болатын жан-жақты және көпшілік таныған тәртіп ережелері. 1970 жылы «Халықаралық қағидалар туралы» декларацияда мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидаларын адал ниетпен қолдану және мемлекеттер өз міндеттерін адал ниетпен орындау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін және БҰҰ-ның басқа да мақсаттарына жету үшін өте маңызды екендігі көрсетіледі. Халықаралық құқықтың қағидалары мынадай құжаттарда бекітілген: 1. БҰҰ-ның 1945 жылғы Жарлығында; 2. 1970 жылғы «Халықаралық қағидалар туралы» декларацияда; 3. 1975 жылғы Хеллсинки Кеңесінің «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы» Қорытынды Актісінде. 1970 жылдың 24-қазанында қабылданған декларация 7 қағиданы қамтиды:
1. Мемлекеттердің егемендік тепе-теңдігі қағидасы;
2. Өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау;
3. Ынтымақтастық;
4. Міндеттерді адал орындау;
5. Күш қолданбау және қолданамын деп қоқаң-лоққы көрсетпеу;
6. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу;
7. Халықтардың өз құрылысын өзі шешу және теңқұқылық.
1975 жылдың 1-тамызында қабылданған Хеллсинки Кеңесінің «Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық туралы» Қорытынды Актісінде халықаралық қағидалардың тағы үшеуі қарастырылған:
1. Шекаралардың мызғымастығы;
2. Аумақтардың тұтастылығы;
3. Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу.
Қағидаларды жалпы 3 топқа жинақтауға болады: 1. Халықаралық ынтымақтастық қағидалары (егемендік тепе-теңдік, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, ынтымақтастық, халықаралық міндеттерді адал орындау) ; 2. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (күш қолданбау және қолданамын деп қоқаң-лоққы көрсетпеу, шекараның мызғымастығы, аумақтардың тұтастылығы, дауларды бейбіт жолмен шешу) ; 3. Халықтардың, ұлттардың, адамдардың құқықтарын құрметтеу және қорғау қағидалары (халықтардың өз құрылысын өзі шешу және теңқұқылық, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу) .
Бұл жерде айта кететін жайт, шынында мемлекеттер еш тең бола алмайды. Мәселен, аумағы, халық саны, экономикалық-саяси дамуы, т. б. Егемендік тепе-теңдік үлкен-кіші (жақсы дамыған, нашар дамыған) мемлекеттердің халықаралық істерді шешу барысындағы дауыс беру құқығын көрсетеді. Ал халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуге мыналар жатады - мемлекеттерді татуластыру, арбитраж қызметі, уақытша бітім жасау, соттың істі қарауы, аймақтық органдардан сұрау арқылы немесе өз қалауы бойынша келістіруші комиссия, қайырымды қызметтер және басқа да бейбіт әрекеттер. Ынтымақтастық қағидасы болса келесілерді қамтиды: 1. Мемлекеттер халықаралық бейбітшілікті және ынтымақтастықты қолдау мақсатында бір-бірімен ынтымақтастықта болуы қажет; 2. Мемлекеттердің ынтымақтастығы олардың әлеуметтік жүйесіндегі айырмашылықтарға байланысты болмауы керек; 3. Мемлекеттер барлық әлемдегі экономикалық өсу ісінде ынтымақтастықта болуы қажет және де дамушы елдерге көмектесуі керек. Халықаралық міндеттерді адал орындау қағидасы негізінде ежелгі заманның әдет-ғұрпынан белгілі нормалар. «Рacta sunt servanda» французшадан аударғанда «келісімдер сөзсіз орындалуы тиіс» дегенді білдіреді. Бұл қағида «Халықаралық келісімдер құқығы туралы» Вена Конвенциясында да көрсетілген. Халықтардың өз құрылысын өзі шешу және теңқұқылық қағидасы бойынша: 1. Барлық ұлттар өздерінің саяси мәртебесін еркін таңдауға және өзінің дамуын өзі жүзеге асыруға құқылы; 2. Барлық мемлекеттер өзін-өзі билеуге әрекет етуі керек; 3. Халықтарды шет мемелкеттерге бағындыруға рұқсат етілмейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау қағидасы БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы декларацияда, 1975 жылғы Қорытынды Актіде, 1948 жылғы Жалпыға бірдей декларацияда, 1966 жылғы Адам құқықтары туралы халықаралық пактіде бекітілген.
Аталған қағидаларға сүйенбеу, оларды басшылыққа алмау - халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын бұзу болып табылады.
3. Халықаралық құқықтың субъектілері дегеніміз халықаралық қатынастардың қатысушылары, олардың белгілі бір құқықтары мен міндеттері болады. Халықаралық құқықтық қатынастардың ең негізгі қатысушылары ретінде мемлекеттер танылады. Одан басқа ұлттар, халықтар, ұлыстар, халықаралық ұйымдар т. б. да халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Халықаралық құқықтың субъектілеріне мемлекетке ұқсас аумақтар, мысалы, Ватикан да кіреді. Ватикан - Римдік католик шіркеуінің әкімшілік орталығы. Оның аумағы Италия астанасында Квази мемлекеті ретінде орналасқан. Оның аумағының көлемі - 0, 44 км 2 (шаршы шақырым), ал тұрғындар саны 1000 адам. Бұл мемлекет басқа да әлемдегі біраз мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар құрған. Мысалы, Индия, Индонезия, Түркия, Жапония т. б. 60-қа жуық мемлекеттер. Ватиканның БҰҰ-ның жанында өзінің бақылаушылары бар. БҰҰ ұйымдастырған халықаралық конференцияларға Ватикан мемлекеті басқа да мемлекеттермен бірге қатысуға құқылы.
4. Халықаралық құқықтың ең негізгі субъектісі - мемлекеттер болып табылады. Мемлекеттің ең негізгі белгілері: халқы, аумағы, мемлекеттік билік, мемлекеттің егемендігі. Халықаралық құқықтық реттеу жүйесінде ерекше орынды мемлекеттің егемендігі алады. Мемлекет егемендігі дегеніміз мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы саясаттағы тәуелсіздігін білдіретін белгі. Мемлекеттер құрылымы бойынша унитарлық (біртұтас) және федерациялық (одақтас) болып бөлінеді. Одақтасқа федеративті және конфедеративті мемлекеттер жатады. Федеративті мемлекеттер құқық жөнінен қарағанда дербестігі салыстырмалы мемлекеттік құрылымның одағы. Бұл автономиялық республика, одақтастық республика, штаттар, кантондар, провинциялар т. б. Ал конфедерация мемлекеттік құқықтық бірлестіктер, егеменді мемлекеттер одағы. Бұл конфедерациялық мемлекеттер бір мақсатты орындау үшін құрылған мемлекеттер одағы. Мысалы, ТМД. Әлемде мемлекеттер ішінде тұрақты, бейтарап мемлекеттік мәртебелі мемлекеттер бар. Мысалы, Швейцария. Бұл мемлекеттер өзіне тұрақтылықты, бейтараптылықты сақтау міндеттерін алған мемлекет, соғысқа қатысудан бас тартатын, соғысқа қатысты сипаттары бар халықаралық міндеттерді өзіне алмайтын, өз даумағын шет мемлекеттерге әскери қойма және басқа да әскери іс-әрекеттер үшін пайдалануға бермейтін мемлекет. Алайда, өзге мемлекеттер секілді өз аумағын шет мемлекеттерден сақтауға құқылы. Мысалы, Австрия, Швейцария, Мальта мемлекеттері. Швейцария 1815 ж. Вена конгресінде қабылданған декларация бойынша бейтараптылық мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебеге Австрия 1955 ж. қол жеткізсе, Мальта 1981 ж. ие болып, оларды бүкіл әлем ресми түрде мойындады.
Халықаралық құқықтың келесі бір субъектілері болып халықтар мен ұлттар, сондай-ақ ұлыстар танылады. Олар өздері өз мемлекеттерін құруға және өзін-өзі ұйғаруға құқылы. Осыған сәйкес билік органдарын құрып, осы органдарда халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады. 1945 ж БҰҰ құрылғаннан кейін халықаралық мемлекеттік ұйымдардың саны өсіп, оның халықаралық қатынастарда құрылымы да өзгерді. Осы халықаралық ұйымдардың көбісі тек қана мемлекеттермен халықаралық құқықтық қатынастарда болады, ал кейіннен тек қана мемлекеттермен ғана емес халықаралық ұйымдармен де халықаралық қатынастарда болады. Халықаралық ұйымдар өздері арасында халықаралық құқықтық қатынастарда болып, бұлар құқықтар мен міндеттер иеленеді және өз жіс-әрекеттері үшін халықаралық жауапкершілік жүктенеді.
5. Халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болғанда немесе қайбір мемлекеттер конституциялық емес жолмен жаңа үкімет құрғанда басқа мемлекеттің үкіметі жағынан қандай да бір өзгеріс көреді. Ол дегеніміз бұл қадамды мойындау немесе мойындамау. Халықаралық құқықтың мойындауы дегеніміз жаңа халықаралық құқықтың субъектісі пайда болуына немесе конституциялық емес жолдармен пайда болған, құрылған жаңа үкіметті акт (құжат) арқылы мойындауы. Халықаралық құқықтық мойындау көлемі бойынша de jure және de facto деп екіге бөлінеді. Де юре заң жүзінде мойындау дегенді білдіреді. Мойындайтын мемлекетпен немесе үкіметпен толық көлемде дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа ресми қатынастарды реттейді әрі мойындайды. Де факто болса, толық емес тек іс жүзінде мойындауды білдіреді. Мойындайтын жақ тек консулдық немесе сауда, сондай-ақ экономикалық қатынастарды мойындайды. Де юреге қарағанда де факто уақытша сипатта болады. Мойындаудың екі теориясы - конституциялық және декларациялық.
6. Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы - бір мемлекеттен екінші мемлекетке халықаралық құқықтар мен міндеттердің өтуі. Құқық мирасқорлығы мәселесі 5 жағдайда туындайды: 1. Мемлекеттердің бөлінуі нәтижесінде; 2. Мемлекет аумақ бөліктерінің бөлінуі нәтижесінде; 3. мемлекеттердің бірігуі нәтижесінде; 4. Аумақтық өзгерістер нәтижесінде; ; 5. Әлеуметтік төңкеріс салдарынан жаңа мемлекет құрылған жағдайда; 6. Деколонизация нәтижесінде.
ІІІ-лекция
Халықаралық шарттар құқығы.
- Халықаралық шарттар құқығы ұғымы.
- Халықаралық шарттар құқығының қайнар көздері мен жіктелуі.
- Шарт жасауға құқық қабілеттілігі. Шарттағы жақтар. Шарт жасау тәртібі.
- Шарттың түрлері мен құрылымы. Шарттың заңдық күші.
- Келісімдердің жарамдылық және жарамсыздық шарттары. Шарттардың заңдық жкүшінің тоқтатылуы мен жойылуы. Соғыстың шартқа тигізер әсері.
Халықаралық шарттар құқығы халықаралық шарттың күші, жасалуы және тоқтатылуы жайында мемлекеттің және басқа да халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын реттейтін халықаралық нормалар жиынтығын көрсететін халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі. Қазіргі кезде әлемде халықаралық шарттардың саны өте көп (30 мыңға жуық) . Халықаралық шарттар құқығының объектісі де халықаралық шарттың өзі саналады. Халықаралық шарттар құқығының кодификациясы сан алуан нормалардың халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалар негізінде келісілген жүйеге айналдырылуы. Халықаралық құқықтың БҰҰ жанындағы комиссиясы халықаралық шарттар құқығының прогрессивті дамуымен және кодификациясымен белсенді айналысады. Ол халықаралық актінің бірнеше жобаларын өңдейді, халықаралық шарттар құқығының қайнар көздерінің негізін қалайды. Олар келесі конвенциялар болып табылады: 1. 1969 жылы қабылданған «Халықаралық шарт құқығы туралы» Вена Конвенциясы. Бұл конвенцияда әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі мемлекеттер арасындағы бейбітшілік, ынтымақтастық құралы ретінде халықаралық шарттың маңызды рөлі орнатылды. Халықаралық шарт жасау тәртібі үшінші елдер үшін халықаралық шарттың мәні, шарттың жарамсыздық негіздері, дауларды шешу тәртібі және халықаралық шарттар құқығының басқа да маңызды мәселелері қаралды. 2. 1978 жылы қабылданған «Шарттар жөніндегі мемлекеттердің құқығы туралы» Вена Конвенциясы. 3. 1986 жылы қабылданған «БҰҰ-ның мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттар құқығы туралы» Конвенция.
Халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық шарт жасауға құқық қабілеттілігі халықаралық құқық субъектілерінің ажыратылмас құқығы болып табылады. Шарттың жақтары болып халықаралық құқықтың барлық субъектілері табылуымүмкін. Көпжақты шарттар ішінде мемлекетпен қатар халықаралық құқықтың субъектілері болып есептелмейтіндер де қатысады. Мұндай шарттарды аралас немесе күрделі деп атайды. 1986 жылғы Вена Конвенциясы бойынша халықаралық ұйымдар халықаралық шарт жасауға құқылы. Барлық халықаралық ұйымдарға қарағанда БҰҰ-ның ең кең шарттық құқық қабілеттілігі бар.
Шартқа қатысушыларға байланысты шарттар екіжақты және көпжақты болып екіге бөлінеді. Көпжақты өз кезегінде жалпы және локалды болып бөлінеді. Кез келген мемлекет оны танудан байланыссыз халықаралық шарттарға толық құқықты қатысуға құқылы. Шарт тек оның қатысушылары үшін міндеттер дайындайды және үшінші мемлекеттер үшін оның келісуінсіз құқықтарды немесе міндеттерді дайындамайды. Үшінші мемлекеттердің мүдделері мен құқықтары халықаралық шарттың объектісі болып табылмайды. Үшінші мемлекеттердің құқықтарын бұзатын шарт жарамсыз деп есептелуі керек. Бірақ шартта үшінші мемлекеттер немесе үшінші ұйымдар үшін құқықтар алдын ала қарастырылмауы мүмкін.
ІV-лекция
Халықаралық ұйымдар және Біріккен Ұлттар Ұйымы.
- Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.
- Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - әмбебап халықаралық ұйым ретінде. БҰҰ-ның тарихы, құрылысы мен қызметі.
- БҰҰ-ның бас және көмекші органдары (Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі, Хатшылық пен Халықаралық Сот) .
- БҰҰ-ның мамандандырылған халықаралық мекемелері.
- Халықаралық конференциялар.
І . Дүниежүзінде 3, 5 мың халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Солардың ішінде негізгі орынды халықаралық құқықтың субъектілері болып табылатын 400-ге жуық халықаралық-үкіметаралық ұйымдар алады. Барлық ұйымдардың ішіндегі ең белгілісі әрі әмбебабы - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) . Мемлекеттер тарапынан құрылған алғашқы халықаралық ұйымдар XІX-да пайда болған. Ең алғашқылары - халықаралық электр байланыс одағы, бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым, халықаралық телеграф одағы, халықаралық пошта одағы. Мұндай ұйымдардың туындауына халықаралық қатынастардың интенсификациялануы (), ғылым мен техниканың дамуы, халықаралық нарықтың пайда болуы мен дамуы себеп болды. Сөйте тұра бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мақсат етіп қоятын ұйымдар кейіннен құрыла бастады. Осы мақсатпен 1919 жылы Ұлттар Лигасы дүниеге келді. Халықаралық-үкіметаралық ұйым дегеніміз шарт негізінде құрылатын және сол арқылы осы ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарын, мақсаттары мен қағидаларын, өкілеттіктерін белгілейтін, сондай-ақ елдер арасындағы байланыстарды жүзеге асыру үшін белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болатын мемлекеттер одағын айтамыз. Халықаралық-үкіметаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі бола тұра, оның ерекшелігі өзінің егемендігінің жоқтылығында айқындалады. Халықаралық ұйымдардың өкілеттіліктері заңды табиғаты бойынша мемлекеттің егеменді құқықтарынан өзгеше болып келеді. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің еріктерінің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Халықаралық ұйым оның мүшесі болып табылатын мемлекет үшін міндетті заң актілерін шығаратын, нормалар қабылдайтын дербес құрылым. Ұйымдар осындай нормаларды 3 түрлі әдіспен шығарады: 1. халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарына өзгерістер енгізу; 2. Мемлекеттердің ұйымнан тыс іс-қимыл тәртібін анықтайтын ережелер белгілеу; 3. халықаралық ұйымның ішкі құқығын құру.
Ұйымдардың жарғылық құжаттарын қайта қарау 2 кезеңнен тұрады: 1. Өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдау; 2. Өзгерістің енгізілуін ұйым мүшелерінің дауыстарымен мақұлдау.
Халықаралық ұйымдардың органдары ұйымның мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұсыныстар шығарады. Олар қатысушы мемлекеттердің міндетті орындауына жатады. Кейбір қаулылар ұйымның ішкі механизмінің жұмыс істеу тәртібін реттейді. Бұған ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау немесе мүшеліктен айыру, бюджеттің көлемі және т. б. мәселелер бойынша шығарылған шешімдер жатады. Халықаралық ұйым өз жарлығымен белгіленген өкілеттік шеңберінде жұмыс істейді. Егер мемлекет жеке субъект ретінде қаралса, халықаралық ұйым - ұжымдық субъект. Өйткені ол қатысушы мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Алғашқы халықаралық ұйымның арнайы халықаралық құқық қабілеттілігі болмаған. Олар бір мемлекетте орналасып, сол мемлекеттің билігінде болған. Қазіргі таңда халықаралық ұйымдар дербес құрылым ретінде белгілі бір мемлекеттің билігінде болмай, халықаралық құқықтың тәуелсіз субъектісі болып табылады. Ең алдымен халықаралық ұйым өзі орналасқан мемлекеттен дербес болуы керек. Халықаралық ұйымның дербестігін, иммунитетін (тиіспеушілік) қамтамасыз ететін арнайы шарт жасалады. Мұндай шарт алғашқы рет 1926 жылы Швейцария мен Ұлттар Лигасы арасында жасалған. Халықаралық ұйымдардың санының көбеюі және олардың халықаралық қатынастарда маңызының артуы халықаралық ұйымдардың құқығы деген саланың туындауына негіз болды. Халықаралық ұйымның құқығы - бұл халықаралық-үкіметаралық ұйымның құру тәртібін, олардың құқықтық мәртебесін, қызмет ету аясын, артықшылықтары мен иммунитеттерін белгілейтін жалпы қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Бұл нормалар 1946 жылы 13-ақпанда шыққан БҰҰ-ның Конвенциясында белгіленген.
Мүше саны бойынша халықаралық-үкіметаралық ұйымдарды екіге бөлуге болады: 1. Дүниежүзілік; 2. Топтық немесе аймақтық. Дүниежүзілік ұйымдарға БҰҰ және оның арнайы мекемелері жатады (ЮНЕСКО - айдындану, ғылым және мәдениет бойынша БҰҰ, МАГАТЭ - атом энергиясы бойынша Халықаралық Агенттік, МОТ - халықаралық еңбек ұйымы, ВОЗ - Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, ВОИС - Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымы т. б. ) . Ал топтық немесе аймақтық ұйымдарға - НАТО (Солтүстікатлантикалық блок) , АБҰ (Африка Бірлігінің Ұйымы), АЕЛ (Араб Елдерінің Лигасы), АМҰ (Америка Мемлекеттерінің Ұйымы) т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz