Денсаулық түсінігі және оның құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. "Денсаулық" түсінігі және оның құрамы
2. Денсаулық неге байланысты болады?
3. Студенттің салауатты өмір сүруінің негізін құраушы
4. Зиянды әдеттердің профилактикасы
5. Еңбек режимі және демалыс
6. Физикалық өзін-өзі тәрбиелеу және өсіру
7. Тамақтану режимі, беріктендіру және физикалық жаттығу кезіндегі гигиеналық шарттар

"Денсаулық" түсінігі және оның құрамы

Денсаулық - адам организмінің қалыпты жағдайы. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика, макроэкономика), медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген.
Денсаулық ресурстары дегеніміз- бұл ағзаның денсаулық балансын қолайлы жағына қарай өзгертудегі морфофункциональдық жәнне психологиялық мүмкіндіктері. Денсаулық ресурстарын жоғарлату бүкіл Салауатты өмір салтын сақтау шараларымен қамту болып табылады ( Тамақтану, физикалық жүктемелер, демалу және т.б.).
Денсаулық потенциалы дегеніміз- жеке адамның сыртқы орта әсерлеріне тұрақты үйрену мүмкіндіктерінің жиынтығы. Сыртқы орта реакцияларына тұрақтылық барлық жүйелердің компенсаторлы -- қабілеттілігіне ( жүйке жүйесінің, эндокринді және т.б.) және психиканың өзін-өзі реттеу механизміне негізделеді. (психологиялық қорғану және т.б.)
Денсаулық балансы дегеніміз - денсаулық потенциалы және оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе- теңдік жағдайы.

Адам денсаулығы әртүрлі аспектілермен қарастырылады: әлеуметтік - биологиялық, әлеуметтік -- саясаттық, экономикалық, моральды -- этикалық, психофизиологиялық және т.б. Жалпы түрде денсаулықтың ауруларын анықтауға болмайды, тек адамдардың денсаулығын және ауруларын бөліп қарастыру керек. Бұл адамға тек биологиялық, тірі организмге жақындасу емес, ол тіршілікке био-психо-әлеуметтік түрде байланыс орнату болып табылады. Қазіргі адамдардың денсаулығы эволюция барысында дамыған homo sapiens түрінің нәтижесі болып табылады, бұл әлеуметтік факторлардың әсері осы түрге көбірек әсер еткенін көрсетеді. Олардың рөлі цивилизация дамуының барлық кезеңдеріне әсер етуі өсіп отырды.
Адам денсаулығы табиғаттың жаратылысы ретінде қарастырылады. Бірақ әлеуметтік процестерге байланысты адам денсаулығы өзгеріп отырады, ал табиғат заңы тек адамның фолрмалық қасиетін сақтап қалады. Адамның әлеуметтік және биологиялық ара қатынасы -- табиғатты танудың және денсаулығының сипаттамасын, сонымен қатар биологиялық -- әлеуметтік категориясы бойынша анықталатын ауру түрлерін түсінуге мүмкіндік береді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қабылданған денсаулық анықтамасы: Денсаулық- бұл тек физикалық кемістіктерімен арулардың жоқ болуы ғана емес, толық физикалық жан дүниелік және әлеуметтік жағдайлары. Денсаулық сақтау ұйымының құжаттарында көрсетілгендей, қоғам денсаулығы- бұл әлеуметтік сана.

Денсаулық неге байланысты болады?

Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.
Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.
Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Студенттің салауатты өмір сүруінің негізін құраушы

Жалпы студенттердің денсаулығының қалыпты болуы - жеке адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты болады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын - егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім - ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.
Егемен елдің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.
Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру - денсаулық кепілі. Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Зиянды әдеттердің профилактикасы

Жастар арасында нашақорлықтың туындауына әсере ететін, ересек көрінуге тырысу, ата - ана тарапынан салғырттық, үлкендердің көрсететін жаман үлгілері сияқты біршама себептер мен салдарлар бар. Одан басқа осынау індеттерден арылудың көптеген жолдары ұсынылып, алдын - алудың шаралары қолданылады.
Көпшіліктің көкейіндегі бір мәселе, бір жерден шыққан пікір - осындай жат қылықтардан жастар мен уәкілетті органдар ғана емес, жұртшылық болып, қоғам болып күресу қажет деген түйін тұрады. Себебі бұл - қоғамдық, актуалды мәселе.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат.

Жұмыс режимі және демалыс

Жұмыс режимі - қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні - қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 - 12 сағат болып белгіленді.
Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді. Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.
Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі. Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге -- жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30 минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады.
Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.

Физикалық өзін-өзі тәрбиелеу және өсіру

Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Салыстырмалы шамаларды талдау
Адамгершілікке қарсы қылмыстар
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Пәндер