Мұнаймен ластанған топырақтан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1 Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдер . . . 5
1. 2 Мұнай және мұнай өнімдері көмірсутектерінің биодеструкциясы . . . 12

2. МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 19

2. 1 Зерттеу материалдар . . . 19

2. 2 Қоректік орталар . . . 19
2. 3 Зерттеу әдістері . . . 21

3 НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛДАУЛАР . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 29 беттен, 4 кестеден және 34 аталған әдебиеттер тізімін қосқанда тұрады.

Кілт сөздер: топырақ, микрофлора, мұнай, мұнай өнімдері, бактериялар, көмірсутек тотықтыратын микроорганиздер, морфология, идентификациялау, псевдомонадалар.

Бұл жұмыста мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған топырақтан көмірсутегін тотықтырушы белсенді бес штамм бөлініп алынды. Бұл штамдардың морфолого-дақылдық, физиолого-биохимиялық қасиеттерін зерттей келе, олардың мұнай жəне мұнай өнімдерін ыдырататын бірден бір микроорганизмдер екені қарастырылған.

Жұмыстың зерттеу мақсаты. Техногенді ластанған әртүрлі субстраттардан бөлініп алынған активті микроорганизмдерді іріктеу, зерттеу және идентификациялау болып табылады.

Жұмыста Алматы қаласының Төле би көшесінің автокөліктердің май ауыстыру бекеттеріндегі ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің морфологиялық-дақылдық, физиология-биохимиялық қасиеттері зерттелді. Алынған нәтижелерге байланысты бөлініп алынған микроорганизмдердің индентификациясы жүргізілді.

Осылайша морфологиялық культуралдық және физиологиялық-биохимиялық белгілерді зерттеуде алынған мұнай деструкторлар бактериялары Pseudomonas sp. туысына жатқызылды.

КІРІСПЕ

Қазақстан дүние жүзі бойынша мұнай державасы болып саналатын елдердің қатарында. Мұнай қоры бойынша дүние жүзінде 13-ші орынды иеленсе, ал мұнай шикізатын өндіру көлемі бойынша 18-ші орынды алады. Европа және Азия елдері ішінде Қазақстан Ресей, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі төртінші орында тұр. Территориямыздың 1 млн 700 мың шаршы шақырымын мұнай және газ қоры алып жатыр. Қазіргі таңда 208-ден астам мұнай газ кен орындары ашылған. Басым көпшілігі Батыс Қазақстан облысы аумағында шоғырланған [1] . Қазіргі таңда мұнай жəне мұнай өнімдерін кең көлемде өндіру, тасымалдау, өңдеу барысы қоршаған ортаның ластануына əкеліп соғуда [1] . Мұнай мен газ өндірудегі жұмыстардың дамуы экономикалық пайдалылығымен қатар, қоректік ортаға жағымсыз әсер ететін бірқатар зардаптарға әкеледі. Апаттық төгінділер кезінде топырақ пен судың жалпы массалық ластануы жүреді де, мұнай тірі организмдерге улы әсер етеді. Сондықтан табиғаттың мұнай және мұнай өңдеу өнімдерімен ластануы қоректік ортаның қиын және көп жоспарлы мәселелерінің бірі болып табылады.

Жылына мұнай және мұнай өнімдерін қолдану және тасымалдау кезінде шамамен 50 млн. т. жоғалады [1] . Ластану себептері бұрғылау, шығару, тасымалдау және өңдеу кездеріндегі технологиялық процесстердің бұзылуы болуы мүмкін. Қазақстан үшін мұнай және мұнай өнімдері табиғи ортаның кең тараған ластаушылары болып табылады, сонымен бірге мұнай шығаруға, тасымалдауға және өңдеуге байланысты қоршаған ортаға экологиялық зардабы өсе түседі. Қоршаған ортаға түскен мұнай көмірсутектері табиғи ландшафтардың биологиялық түрлілігін өзгертеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі орналасқан. Осыдан «топырақ организмдер» экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің бас механизмінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, техногенді аумақтардың ұлғаюына, өсімді қабаттың тежелуіне, топырақтың беткі қабатының микрорельефін, гидрологиялық режимін жəне аэрацияның бұзылуына душар етеді. Мұнаймен ластанған топырақтарды тазалау процесі экологиялық таза, əрі экономикалық жағынан тиімді, ауыл шарушылық жерлердің құнарлығын арттыру үшін, қалпына келтіретін жəне көмірсутектердің интенсификациясына бағытталған əдістерді талап етеді. Қазіргі таңда ең тиімді əдіс болып биоремедиация саналады.

Биоремедиация - минералды тұздардан, қант, ферменттерден тұратын биогенді қоспасымен қатар, көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдерден құралған препараттарды қолдану арқылы мұнаймен ластанған топырақ жəне суларды тазалау болып табылады. Сондықтан осындай мəселелерді шешу барысында, мұнай тотықтырушы микроорганизмдерді таза күйінде бөліп, олардың көмірсутек көздерін ыдырату қасиеттерін зерттеудің маңызы өте зор, əрі қазіргі таңдағы ғаламдық мəселелердің бірі болып отыр [3-5] . Сол себепті, мұнайы бар ластанған топырақтарды, суды және басқа да объектілерді тазалау үшін биоремедиация жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде мұнаймен ластанған топырақтардан белсенді микроорганизмдер штамдарын бөліп алу үшін әртүрлі микробиологиялық, биотехнологиялық және физика-химиялық зерттеу процестері жүргізілуі керек. Микроорганизмдердің өзіндік ерекшелігі - клетканы түзу үшін энергия көзі ретінде мұнай көмірсутектерін пайдаланады. Сонымен қатар микробты ферменттердің қатысында мұнайдың биохимиялық ыдырау заңдылықтарын зерттеу де өте маңызды.

Мұнаймен ластанған экожүйенің қайта қалпына келу процесі ұзақ уақыт жүреді және бұзылған территорияның рекультивациясының жаңа технологияларын құру мен енгізу мәселелерін тудырады. Осындай жұмыстардың тиімділігінің негізгі белгісі аз экономикалық шығынмен ластаудың компоненттерінің ыдырау жылдамдығы. Негізгі өңдеулер мұнайлы ластануды жоюдың физикалық, механикалық және биохимиялық әдістерін қолдануға негізделеді.

Топырақты әртүрлі күйдегі, құрамдағы мұнай өнімдерінен тазалаудың перспективті әдісі жердің рекультивациясы болып табылады, оның негізінде жерлердің өзін-өзі тазалау қабілеттілігі жатады.

Мұнай көмірсутектерінің биодеградация процесін тездету ауаны көбейту арқылы, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, арнайы іріктелген астық және бұршақ дақылдар қоспасын топырақты өңдеудің қажетті агротехникалық тәсілдерімен егу арқылы жүзеге асады. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың рекультивациясы үшін ұсынылатын және қолданылатын бактериялық препараттардың құрамына монокультуралар немесе микроорганизмдердің арнайы қосылыстары кіруі мүмкін.

Осыған байланысты қазіргі зерттеулердің мақсаты мұнай өнімдерімен ластанған әртүрлі субстраттардан бөлініп алынған активті микроорганизмдерді іріктеу, зерттеу және идентификациялау болып табылады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдер

Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспары алдағы ұзақ уақытта «қара алтынды» өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі. Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Топырақ қабаты болып жатқан процестер мен өзгерістер туралы ақпаратты жинап, қоршаған ортаның өзіндік индикаторы болып табылады. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты. Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Осындай мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалпы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Топырақтық мезофаунаның жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп, немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерді мұнайдың жеңіл фракциясы тигізеді [1, 2] . Аз уақыт ингибирленгеннен соң ластану әсеріне жауап ретінде топырақтың микроорганизмдер кешенінің тез көбеюі мен белсенділігінің артуы байқалады. Ең алғаш көмірсутекті тотықтырғыш бактериялар саны ластанбаған топыраққа қарағанда тез көбейеді. Көмірсутектерді залалсыздандыру процесіне қатысатын «арнайы» топтар пайда болады. Микроорганизмдердің максимум мәні ферменттер санымен байланысты. Микроорганизмдердің ең көп мәнге жетуі негізінен мұнайдың табиғи деградациялануының екінші сатысында байқалады. Топырақта мұнай және мұнай өнімдерінің ыдырау барысында микроорганизмдер саны ластанбаған топырақтағы микроорганизмдер санына жақындайды. Бірақ көмірсутек тотықтырғыш бактериялар саны көпке дейін үлкен мән көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау
Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи ассоциациясын жасау
Мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациясы
Жаңа мұнайтотықтырушы микроорганизмдер композициясының дақылдау жағдайларын таңдау
Ауыр металдардың өсімдіктерге зиянды әсері
Мұнаймен ластанған топырақты зерттеу әдістері
Ұзақ уақыт сақталған коллекциялық штамдардың деструктивті белсенділігін анықтау
Атырау облысы топырағынан бөлініп алынған көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді зерттеу
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған экожүйелер биоремедиациясындағы көмірсутектотықтырушы микроорганизмдердің рөлі
Көмірсутек тотықтыратын микроорганиздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz