Активтерді пайдалануды талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Кәсіпорынның қаржылық болжау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
2.2 Активтерді пайдалануды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Қаржылық тұрақтылықты жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Қаржылық бақылаудың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ

Нарықты экономика жағдайларында, ең негізгісі айқын реттелген бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылатын, басқарудың экономикалық әдістерін зерттеу мен тәжірибелік жұмыста қолданудың маңызы өте зор.
Бухгалтерлік есеп халықаралық қатынас құралдарының бірі, жәнеде кез - келген бизнеске сипатты қызметтің әр алуан түрінің байланыстырушы буыны болып табылады.
Басқару процесін ақпараттық қамтамасыздандыру бухгалтерлік және статистикалық есеп-қисабты, оперативтік деректерді, әртүрлі ресмиленбеген есептен тыс мәліметтерді қамтиды. Ақпараттық ресурстарды басқаруда қолдану дәрежесі әрқалай, дегенмен жалпы беталыс болып, басқару шешімдерін өндіру кезінде бухгалтерлік деректердің жеткілікті әлсіз қажетсінулігі табылады.
Көбінесе бұл қалыптасқан таптаурындардан шығады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің ақырғы нәтижелері бойынша, бухгалтерлік есепте бақылау функцияларының басым болуы, есеп беру нысандарының уақытша кешеуілдеуі, олардың мейлінше күрделілігі және т.б. Сонымен қатар, қаржы нәтижелерінің есебі және сол бойынша құрылған қаржылық есеп-қисап, өзінде, өте зор талдамалы әлуетті сыр сақтайды және ағымдыда, келешектікте сипаттағы басқару шешімдерін қабылдау процесінде қолданыла алады.
Бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында қаржы нәтижелерінің бухгалтерлік есебін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық есеп-қисапты құру мақсатында жаңа көзқарастар қалыптасады. Басымдылық ретінде, экономикалық шешімді қабылдау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъекттің қаржы нәтижелерін объективті бағалау үшін қажетті, ақпаратты қалаптастыру мәселесі қарастырылады.
Сондықтан Қазақстандағы қаржылық есеп-қисап жүйесін реформалау бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарының, талдау мен аудиттің (тексерудің), олардың қазақстандық тәжірибеде қолданылу мүмкіндіктерінің мағызының терең түсінілуін талап етеді.
Қаржылық есеп-қисап қаржылық есептің қорытындыланған деректеріне сүйенеді. Ол негізінен, кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстары мен қызметтерін, негізгі құралдарын және басқа мүліктерін өткізудің қаржылық нәтижесінен және негізгі емес операциялардан алынатын табыстардан, осы операциялар бойынша шығындарға азайтылған сомадан құралатын ақырғы қаржылық нәтижелерді көрсетеді, сонымен қатар онда инвестициялық шешімдер мен несиелер беру бойынша шешімдер қабылдау үшін, жәнеде субъектінің келешектегі ақша ағымын, ресурстарын және оның міндеттемелерін бағалау үшін пайдалы ақпараттар болады.
Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің бірі болып табылатын СБУ 2-де (бухгалтерлік есеп стандарты) қаржылық есеп-қисаптың мақсаты субъектінің қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және сенімді ақпаратпен пайдаланушыларды қамтамасыздандыру болып табалатыны туралы айтылуы кездейсоқтық емес.
Қаржылық есеп-қисаптың негізгі нысандары болып табылатындар:
oo Бухгалтерлік баланс;
oo Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру;
oo Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп беру.
Онда, осымен бірге, түсіндірме жазбахат болуы керек, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған басқа материалдармен толықтырыла алады және сонымен бірге оқылады.
Осылай, қаржылық есеп-қисаптан келесідей көріністерді алуға болады:
oo Есеп беру күніне, кәсіпорынның қаражаттың жағдайы мен олардың көздері туралы;
oo Капитал мен мүлік құрылымы туралы (баланс);
oo Абсолюттік сандардағы фирманың капиталы мен мүліктерінің мөлшерлері туралы (баланс қорытындысы);
oo Есепті кезеңде қаражаттың меншікті капиталды арттыруға және кәсіпорын активтеріне жұмсалымның бағытталуына түсуі туралы;
oo Қаржы нәтижелерін қалыптастыру туралы;
oo Ағымды қызметі және ағымды қызметмен байланысты емес зияндар мен табыстардың болуы туралы;
oo Салық салудан соң кәсіпорын иелігінде қалған табыс сомасы, немесеесеп беру жылындағы ыңғайсыз алынған нәтижелер кезіндегі таза зиян туралы.
Алынған қаржы нәтижелері негізінде қаржылық есеп-қисапты дайындау - тек қана бухгалтерлердің емес, сонымен қатар кәсіпорынның басқада экономикалық және техникалық қызметтерінің жұмысы, өйткені есеп-қисапты құру кезінде кәсіпорын қызметінің барлық аспектілері бағаланады және қорытындылары шығарылады. Қаржылық есеп-қисапты дайындау кезінде фирма елдегі қолданымдағы салық салу тәртібіне, жәнеде салықтың төлемін анықтау мақсатында фирмалардың қаржылық есеп-қисабымен өзінің тексеруін жүргізетін салықтық органдар талаптарына бағдарланады.
Қаржы нәтижелерін және қаржылық есеп-қисапты мұқият зерттеу қол жеткен табыстар себебін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысындағы кемшіліктерді айқындайды, оның қызметінің жетілдірілу жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Қаржылық есеп-қисап, бұрыннан белгілі, аудиттің маңызды объектісі болып табылады, негізгі арналуы оның деректерінің сенімділігін орнықтырумен қорытындыланады. Ғылыми білімнің жаңа саласы ретінде, аудит, оның теориялық және, әсіресе, тәжірибелік мәселелерін ары қарай әзірлеуді керек етеді.
Соңғы жылдары, кешендік бағалау ұдайы өндірілетін, қаржы нәтижелері мен бухгалтерлік есеп-қисапқа арналған салмақты және көкейтесті жарияламалар көптеп пайда болуда. Фирманың қаржы нәтижелері мен бухгалтерлік есеп-қисабы аудитінің мақсаты - фирманың есеп беру жылындағы қызметінің тиімділі нәтижелеріне және оның ағымдағы қаржылық жағдайына баға беру.
Қаржылық есеп-қисапты талдау келесі сұрақтарға жауап беруі керек:
oo фирманың, өзінің жыл бойындағы шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша, табысы барма?;
oo фирма алынған міндеттерді орындай алама және мұндай орындаулар ресурстардың жеткіліксіздігімен байланысты фирманы таратуға әкелмейме?.
Қаржы нәтижелері мен қаржылық есеп-қисапқа талдау, бәрінен бұрын, фирманың өзінің менеджерлерімен жүргізіледі. Бұл талдау фирманың ағымды қызметіндегі проблемаларын айқындау және жою үшін, өндірістік-өткізілімділік операцияларының тиімділігін арттыру, бар ресурстарды тиімді қолдану, фирманың қаржалық жағдайының тұрақтылығын күшейту және төлеу қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша оптималды шешімдерді өндіру және қабылдау үшін, шешімі субъектінің дамуына үлкен дәрежеде ықпал ететін, несиегерлер мен инвесторлар алдындағы фирманың жоспарлы қаржылық көрсеткіштері мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Талдау, сонымен бірге, есеп-қисапты тексеру және салықты төлеудің дұрыстығын анықтау мақсатында аудиторларменде жүргізіледі. Аудиторлар қаржылық есеп-қисап негізінде, фирманың жоғарғы басшыларына ұсынылатын жылдық есепке кіретін, фирма жағдайының қаржылық жағдайы туралы ресми қорытынды жасайды.
Дипломдық жұмыстың мазмұнында мен осы жоғарыда келтірілген жағдайларды қамтуға тырысамын, атап айтқанда: қаржы нәтижелері бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығы, қаржылық есеп-қисаптың құрылу негіздері, сәйкес мәселелер бойынша аудитті жүргізудің логикалық әдісі, ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ мысалындағы субъектінің қаржы-шаруашылықты қызметін талдау.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытынды жасауға болады: шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржы нәтижелерінің бухгалтерлік есебінің негіздерін және қаржылық есеп-қисапты құруды білмейінше, осы кәсіпорын есебіндегі коммерциялық жетістік туралы айтуға болмайды, сондықтан дипломдық жұмыстың бұл тақырыбы толық бағалы талдауды және кәсіпорынның қаржы-шаруашылықты қызметін болжауды қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің қазіргі кездегі жүргізілу жағдайларында көкейтесті болып табылады.
Қаржылық талдау экономикалық процестерді және экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді, оптималды басқару шешімдерін қабалдау үшін пайдаланылады.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық талдауы қаржы ресурстарын пайдаланудың мейлінше тиімді әдістерін анықтауға және шаруашылық жүргізуші субъекті қаражатының құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Одан өзге, қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және тұтас қаржылық қызметін болжаудың құралы ретінде алына алады.
Қаржылық талдау ұйымның ақша қаражатының қаржылық ағыны қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржы мен материалдық ресурстарының жұмсалуының нормалары мен нормативтерінің сақталуын және шығынданудың тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдау нәтижелерін ішкі пайдаланушыларда (басшалар, менеджерлер), сыртқы пайдаланушыларда (меншіктенушілер, несиегерлер, жеткізушілер және сатып алушылар, кеңесшілер және т.б.)
Сенімді ақпарат алуға, меншіктерінің нысаны мен кәсіпкерлік қызметіне тәуелсіз, шаруашылық айналымының қатысушыларының бірі қалмай, бәрі мүдделі, Өйткені оның болуы капитал нарығының қызмет атқару тиімділігін арттыруға және бірқатар экономикалық шешімдерді қабылдау салдарларын бағалауға және болжауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттың болмауы серіктестердің бір-біріне деген сенімсіздігін тудырады. Бірлескен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдардың, коммерциялық банкілердің және басқада шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуымен сенімді ақпаратты қажетсіну ерекше маңызбен байқалады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп-қисабының сенімділігі, тәуелсіз аудитормен, шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы мен қаржы-шаруашылықты қызметінің нәтижелеріне қатысты оның берген аудиторлық қорытындысында объективті мақұлдана алады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау, талдамалы ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін қаржылық талдау әдістемесін зерттеудің қажеттілігімен шартталынған. Зерттеудің мақсаты - бұл, қалыптасқан шаруашылық жағдайын объективті бағалау үшін, оптималды басқару шешімдерін өндіру және негіздеу үшін, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің жетілдірілу резервтерін пайдалану үшін талдау құралдарын қолдануда дағдылар алу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде, 2003 жылы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулысымен ұлттық акционерлік компания ретінде құрылған және 1998 жылдың ақпанында акционерлік қоғамға қайта құрылған ҚазМұнайГаз - Тельф акционерлік қоғамы алынды.
1. Кәсіпорынның қаржылық болжау әдістері
1.1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі

Кез - келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтың қойылуы мен жауаптарынан басталады:
1. кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен шамасы қандай болуы керек?;
2. қаржыландыру көздерін қайдан табу керек және олардың оптималды құрамы қандай болуы керек?;
3. кәсіпорынға төлемдік қабілет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметін ағымды және келешекте басқарылуын қалай қйымдастыруға болады?
Бұл сұрақтар, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болып табылатын, қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Олардық әрекет жасау логикасы 1 суретте кескінделген.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару жүйесінің ұйымдастыру құрылымы[1] В. В. Ковалев. Финансовый анализ. М.: "Финансы и статистика",1996г, с.12.
, жәнеде оның кадрлық құрамы, кәсіпорынның мөлшері мен оның қызметінің түріне тәуелді әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, барынша сипатты қаржы бойынша вице-президентпен (қаржы директоры) басқарылатын, арнайы қызметтің оқшаулануы және, ережеге сай, оған бухгалтерия мен қаржы бөлімі кіреді. Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін, әншейінде, бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы фирма басқармасының жоғары буынының жұмысының бір бөлігін құрайды, не болмаса қаржылық сипаттағы басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті және пайдалы талдама ақпаратты оған берумен байланысты. Қаржы менеджері, қаржыландыру көздерін таңдау проблемасымен тұрақты түрде кездеседі. Оның ерекшелігі сонда, қандай болмасын көзге қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өз бағасы бар, жәнеде бұл баға стохастикалық табиғатты болады.
Қаржылық сипаттың шешімі, қаншалықты ақпараттық қор объективті болса, соншалықты ол дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкесті болуына тәуелді. Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтің айрықша маңыздылығы көрсетіледі ("Fortune" журналында 1976 ж. жазылды, ірі америкалық корпорациялардың жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің 25,3 % өз қызметтерін қаржы саласында бастаған). Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері, қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешімдер қабылдауға немесе жоғары басшаларға ұсыныстар әзірлеуге жауапты.
Қаржы менеджері қызметінің саласын бөлу логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын көрсететін, негізгі есеп беру нысаны ретінде, баланс құрылымымен тығыз байланысты (2 сурет).
Қызметтің бөлінге бағыттары, бірмезгілде, менеджер алдында тұрған негізгі міндеттердіде анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей түрде бөлшектенеді.
1 сурет.
Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу процесі.
Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құқықтық және жұмыс қамтамасыздандырылуы

Ақпарат ағыны

БАСҚАРУШЫ ҚОСАЛҚЫ Ж‡ЙЕ
Қаржы бас-қармасының ұйымдастыру құрылымы
Қаржыны басқарудың техникалық құралдары
Қаржылық сипаттағы ақпарат
Қаржы әдістері
Қаржы құрал-дары
Қаржы бөл-імшелерінің кадрлары

Басқару процесі

БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ
Қаржы ресурстарының көзі

Қаржы қатынасы
Қаржы ресурстары

Ақша ағыны

Ақпарат ағыны

ӨНДІРІС

Материалдық ағыны
Ақпарат ағыны

Бюджет, мен-шіктенушілер, контрагенттер
НАРЫҚ

Ақша ағыны

Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:
oo кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздері;
oo кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық әлуетін қолдау үшін қажетті ресурстар шамалары мен құрамы және оның қызметін кеңейту;
oo қосымша қаржыландыру көздері;
oo қаржы ресурстарының жағдайын және пайдалану тиімділігін бақылау жүйелері.
2 - сурет.
Қаржы менеджері қызметінің шешуші салалары
Қаржылық талдау және жоспарлау
БАЛАНС
Меншікті
капитал
Негізгі қаражаттар

Тартылынды капитал
Ағымды активтер
Капиталды басқару
Активтерді басқару

2 - сурет.

Екінші бағыт егжей-тегжейлі бағалауды болжайды:
oo талап етілетін қаржы ресурстарының көлемдері;
oo оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша);
oo қол жеткізу дәрежесі және ұсыну уақыты (қаржы ресурстарының қол жетерлігі шарт талаптарымен анықтала алады; қаржылар қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлікте болуы керек);
oo ресурстың осы түрін алудың құны (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың осы көзін ұсынудың басқа ресми және ресми емес шарттары);
oo қаражаттың осы көзімен байланысты тәуекелділік.
Үшінші бағыт, инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:
қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оптималдығы (материалдық, еңбектік, ақшалай);
негізгі қорға жұмсаудың тиімділігі мен мақсаттылығы, олардың құрамы мен құрылымы;
айналым қаражаттарының оптималдығы;
қаржы жұмсалымының тиімділігі.
Келтірілген бағаларды қолданумен шешімдердің қабылдануы, өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың және пайдалылықтың қоятын талаптарының арасындағы ымыраны ескеретін, баламалы шешімдерді талдау нәтижесінде орындалады.
Қаржылық менеджменттің негізгі міндеттерін бөлуде мәнді дәрежеде бухгалтерлік есеп-қисап мазмұнымен анықталады (3 - сурет).
Табысты қаржы басқару белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдаймыз:
- фирманың бәсекелестік күрес жағдайындағы өміршеңдігі;

Кәсіпорындағы қаржы басқармасы құрамының құрылымдануы.

3 - сурет
Коммерциялық және инвестициялық қызметтің келешектік бағасы мен талдауы
Ағымды баға
қаржылық жағдай
БАЛАНС
Капитал-дар, тауарлар, қызметтер нарығы

Шашыраған активтер
Меншікті капитал
Қысқамерзімді қаржы шешімі

Ұзақ мерзімді қаржы шешімі

Инвестицияланған капиталға беру, тәуекел бағасы
Қарыз ұзақ мерзімді капитал
Ұсыным
Сұраным
Баға

Қысқамерзімді қарыз қаражаты

Жұмылдыру активтері

Капиталды бағалау және басқару

Активті ба-ғалау және басқару

3 - Сурет
oo банкроттық пен ірі қаржылық табыссыздықтан сақтану;
oo фирма бағасын максималдау;
oo фирманың экономикалық әлуетінің өсуінің қолайлы қарқыны;
oo өндіріс және өткізілім көлемдерінің өсуі;
oo пайданы максималдау;
oo шығындарды минималдау.
Сол немесе басқа мақсаттың басымдылығы, туындайтын жағдайларға байланысты, кәсіпорынның өзімен анықталады.
Мақсаттар әртүрлі қаржылық құралдар қолдану жолымен жүзеге асады. Қаржы құралы ұғымының түсініктемесінің әртүрлі тәсілдемесі бар. Жалпы түрде, қаржы құралы ретінде, бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржылық активтерінің жоғарылауы мен екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттерінің жоғарылауы өтетін кез-келген контракт түсіндіріледі. Қаржы құралдары бастапқы (ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиегерлік және дебиторлық қарыздар) және қайталама, немесе туынды (қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактар) болып бөлінеді.
Қаржы құралы ұғымының ықшамды тұжырымы да бар. Оған сәйкес қаржы құралдарының үш негізгі категорияларын бөледі: ақшалай қаражат (кассадағы және есеп айырысу шотындағы қаражат, валюта), несиелік құралдар (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқ.) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар).
Қаржылық басқару әдістері әр алуан. Олардың негізгісі болып табылатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзін-өзі қаржыландыру, несие беру, есептесу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржы ықпалшарасы жүйесі, амортизациялық аударым жүйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құраушы элементтері болып қаржылық басқарудың арнайы әдістері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюталық курстың баға белгіленімі, акциз, дисконт және басқалары. Қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандырылу негізін келесі қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:
oo бухгалтерлік есеп беру;
oo қаржы органдарының хабарлары;
oo банк жүйесі органдарының ақпараты;
oo тауарлық, қорлық және валюталық биржалар ақпараты;
oo басқа ақпараттар.
Қаржылық басқару жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның барынша дербес және ең маңызды элементі болып табылады. Көптеген қазіргі жүйелер, қағазсыз технологияға негізделген (банкілер аралық есептесулер, өзара есепке алу, несиелік карточка көмегімен есептесу және басқ.), ЭЕМ желілерін, дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу пакеттерін қолданусыз мүмкіндікті емес.
Қаржылық басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі, әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздану шеңберінде жүзеге асады. Бұған жататындар: ҚР Президентінің заңдары, жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және басқалары.

1.2 Қаржылық жоспарлау және болжау мазмұны, принциптері және әдістері

Қаржы жоспарлау - бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, қаржы жоспарларын әзірлеу (тапсырма), олардың қарастырылған мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылықтық өзгерістерді жатық, бірқалыпты және байқаусыз жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржы жоспарлау объектісі болып шаруашылық жүргізу субъектілері мен мемлекеттің қаржы қызметі табылады, ал қорытынды нәтижесі - ол, жеке мекеменің қаржы жоспарларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы балансына дейін қаржы жоспарларын құру. Әрбір жоспарда, қаржы және несие жүйелері буындарымен байланысты (бюджетке төлем, банкі несиесінің төлемі, әлеуметтік сақтандыруға аударым немесе сәйкес салықтар және т.б.), белгілі бір кезеңге табыстар мен шығындар анықталады. Қаржы жоспарлаудың нақты міндеттері қаржы саясатыменен анықталады. Бұл, жоспарлы тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаттары мен олардың көздерінің көлемін анықтау; табыстың өсу резервтерін, шығындарда үнемдеуді айқындау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттың бөлінуінің оптималды пропорциясын және басқ. белгілеу.
Жоспарлау сипатталады:
1. экстенсивтілікпен (әлеуметтік-саясаттық және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2. қарқындылықпен (жетілдірілген техника мен әдістерді қолдануды түсіндіреді);
3. тиімділікпен (ақырында, қаржы басқармасының қоятын мақсаттарына жету қажетті екенін көрсетеді).
Қаржы жоспарлауында келесідей тәсілдемелер қолданылады:
а) автоматты (өткен жылдың мәліметтері келесі жылға өткізіледі. Инфляци кезінде мәліметтер инфляция коэффициентіне көбейтіледі). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, ережеге сай, уақыттың жетіспеуі кезінде қолданылады;
б) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қосындыланады және өткен жылдардың санына бөлінеді);
в) нөлдік базалық (барлық жайғасымдар қайтадан есептелуі керек. Бұл әдіс нақты қажетсінуді ескереді және оларды мүмкіндіктермен байланыстырады).
Нарықты экономика жағдайларында, жоспарлау, басқару функциясы ретінде, экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпы қамту нысанын қабылдауы керек. Егер қаржыны жоспарлауда, қаржы экономикасында бөлу процестеріне ерекше көңіл аударылған болса, онда нарық7 экономикасы, сол арқылы тауарлар мен қызметтің өткізілуі жүзеге асатын және олардың өндірілуі мен өткізілуі кезінде қоғамдық қажетті шығындар мойындалатын, алмастыру саласына сүйенеді.
Демек, нарықты экономикада, тауар мен қызметтің өндірілуі мен өткізілуі процесіндегі байланыстың басымдылықты және анықтаушы әдісі болып, ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыныс заңын енгізетін өз мехенизмі бар нарық табылады. Нарықты механизмнің мұндай табиғаты, өндіріс пен алмасу нәтижелерін анықтау әдісі ретінде, бірақ жоспарлау элементтерімен, болжаудың қажеттілігін анықтайды.
Жоспарлаудың маңызды принципі болып үздіксіздік принципі табылады, ол жоспарлаушының жоспарға жыл сайын түзетулер енгізуі жолында қолданылады, жопарлардың икемділігі олардың өміршеңдігін қамтамасыз етеді, ал қаржы техникасы "сырғымалы бюджет" принципінде құрылады, бұл принцип көптеген шығындар кезінде қолданылады, әсіресе мемлекеттік қаржы бөлуді есептеу кезінде. Бұл жоспарлаудың жүйелі-түрлендірме әдісі - жоспарлау, бағдаландыру және бюджеттеу (ЖББ).
1. жоспарлау - бұған, атқаратын қызметі бойынша ұйымның әрекеттенетін бағытының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру мен баяндау енгізіледі;
2. бағдаландыру - мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдарды іріктеу мен жаңа құралдарды табу кіреді. Бағдаландыру алыс және таяу келешекті процестерді көрсетеді;
3. бюджеттеу - жалпы көпжылдық бағдаламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік сандар тіліне өткізу. Бұл сандық көрсетілген операциялардың барлық жиынтығын дәстүрлі бюджеттік топтасу бойынша бөлу процесі.
Тәжірибеде жоспарлаудың келесідей әдістері қолданылады:
экстраполяция: қаржы көрсеткіштерінің динамикасын айқындау негізінде оларды анықтаудан тұрады; есептеулерде есеп беру кезеңі көрсеткіштерінен шыға отырып, оларды өзгерістің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзетеді; көрсеткіш динамикасы келешекке эстраполяцияланады;
нормативті (анықталған нормалар бойынша);
математикалық модельдеу: процесс моделін тұрғызу және оны қаржы саласына өткізу;
баланстық: қаржы ресурстарын қолдану бағыттарын олардың қалыптасу көздерімен келістіру үшін, қаржы жоспарының барлық бөлімдерін өзара байланыстыру үшін қолданылады; оның бұзылуы байланыстар мен келісімдердің бұзылуына әкеледі және қаржы жоспарларының арасында сәйкестенбеушілік туады;
эксперттік бағалар негізінде.
Шаруашылық жүргізудің нарықты жүйесінде индикативтік, яғни ұсынбалы жопарлауда қолданылады; ол ақпаратты-реттеуші роль атқарады және экономикалық реттегіштер арқылы, қаржы қызметінің субъектілеріне жанама ықпал көрсетеді.
Индикативтік қаржылық жоспарлаудың басты мақсаты - болжанатын дамуды қамтамасыздандыру үшін қаржы ресурстарының болжалды көлемі мен бағытын анықтау.
Индикативтік қаржылық жоспарлар тек қана мемлекеттік секторға міндетті сипатта болады, ал меншіктенудің басқа нысанды секторлары үшін - ұсынысты сипатта болады. Соңғысы экономикалық құралдарды қолдану жолымен жүзеге асырылады - реттелетін бағамен, демеуқаржымен, несиелермен, салықтық мөлшерлемемен және жеңілдікпен, жеделдетілген өтеліммен және басқалармен. Маңызды индикаторлар болатындар: валюта курсы, инфляцияның болжалды деңгейі, Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, амортизациялық өтелім нормалары.
Индикативтік жоспар экономикалық процестерді ғылыми негізде көрсетуі керек және экономика мен қаржының дамуының жеке параметрлерін баламалы келістіруі, оларды дамудың ұзақ мерзімді беталыстарына сәйкес қажетті арнаға бағыттауы керек. Бұл, біріншіден, әртүрлі жүйелер мен көрсеткіштер бойынша экономикалық тепе-теңдіктің сақталу қажеттілігіне қатысты (табиғи-затты және құнды баланстану, бағаның тұрақтылығы, табыстар мен шығындардың сәйкестігі, төлем балансының тепе-теңдігі және т.б.). Екіншіден, индикативтік жоспар қлттық шаруашылықтағы қажетті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етуі керек, оның ішінде инвестициялау жолымен. Индикативтік жоспарлау кезіндегі басымдылық тізімі экономикалық және әлеуметтік саясат бағытына тәуелді; бұл - дамудың үйлесімсіздігін жою, инвестициялық қызмет, өндірісті жаңғырту, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыздандыру, ғылымның, білімнің, тұрғын үй құрылысының дамуы, әлеуметтік түрлену және басқалары бола алады.
Индикативтік жоспарлау жергілікті деңгейдеде жүзеге асырылады. Бұл жердеде мемлекеттің, территорияның, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпкерлер) мүдделері мен келісу принциптері міндетті.
2. шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесі

2.1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

Қаржы жағдайын талдаудың маңызды этапы болып баланстың өтемпаздығын талдау табылады. Өтемпаздықты талдау кәсіпорынның несиелендірі қабілеттілігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни оның өзінің міндеттемелері бойынша өзуақытында және толық шамада есептесу қабілеттілігін. Баланстың өтемпаздығы, ақшағы айналдыру мерзімі міндеттемесін өтеу мерзімімен сәйкес, кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады. Баланстың өтемпаздығынан активтер өтемпаздығын ажырата білу керек. Активтер өтемпаздығы олардың ақша қаражатына айналуы үшін қажетті уақытқа кері шама ретінде анықталады. Активтердің осы түрінің ақшаға айналуына қаншалықты аз уақыт кететін болса, соншалықты олардың өтемпаздығы жоғары болады.
Баланстың өтемпаздығын талдау, олардың өтемпаздық дәрежелері бойынша топтастырылған, міндеттемелерімен, төлем мерзімдігінің дәрежесі бойынша сыныпталған активтің қаражаттарымен салыстырмалы қорытындыланады.
Өтемпаздық дәрежесіне тәуелді кәсіпорын активтері келесі топтарға сыныпталады.
Ең өтемпазды активтер (ЕӨА)- оған кәсіпорынның ақшалай қаражатының барлық баптары және қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы жатады (бағалы қағаздар). Ақша қаражаты мен бағалы қағаздар айналымды қаражаттың ең жұмылдырғыш бөлігі болып табылады. Ақша төлемге бірден дайын, ал бағалы қағаздар ақшаға жылдам қолма-қол ауыстырыла алады.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ 2005 жылғы балансының мәліметтеріне сүйенсек, бұл баптар жыл басында 1,423,430 мың тенгеге теңесті. Ал жыл аяғында 2,143,834 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Жылдам өткізілетін активтер (ЖӨА) - есеп беру күнінен соң 12 ай ішінде төлемдер күтілетін, дебиторлық берешек (қысқа мерзімді), Дебиторлық берешек бойынша сома есеп айыру шотына белгілі бір мерзімде түседі, сонымен қатар өзінің міндеттемелерін төлеуге бағыттала алады.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ бойынша, жылдам өткізілетін активтер, 2005 жыл басында 7,368,215 мың тенгені құрады және жыл аяғында біраз көтерілді, сөйтіп 8,288,519 мың тенгені құрады.
Баяу өткізілетін активтер (БӨА) - қорларды және басқа айналымдағы активтерді қамтитын (ұзақ мерзімді инвестициядан басқа субъектілердің жарғылық капиталын алып тастағанда) баланс баптары. Бұл кезде Келешек кезеңдер шығыны бабы жойылады. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру күрделірек болады: сатып алушыны табу қажет, ол белгілі бір уақытты қажет етеді.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ баяу өткізілетін активтері 2005 жылдың басында 2,555,312 мың тенгені құрады, ал жыл аяғында 2,625,453 мың тенгені.
Қиын өткізілетін активтер (ҚӨА) - негізгі қаражат және материалдық емес активтер сияқты айналымнан тыс активтер.
Қиын өткізілетін активтер, ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ есеп-қисабына сәйкес, 2005 жылдың басында 49,025,410 мың тенге болды және жыл аяғында едәуір жоғарылап, 56,040,012 мың тенгеге жетті.
Балансты қаржыландыру көздеріде төлем мерзімділігінің дәрежесі бойынша төрт топқа топталады:
Ең мерзімді міндеттемелер (ЕММ) - оларға қысқа мерзімді несиегерлік берешек жатады.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ есеп-қисабына сәйкес, қысқа мерзімді несиегерлік берешек 2005 жылдың басында 6,174,849 мың тенгені құрады және жыл аяғында 7,056,919 мың тенгені құрады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер (ҚММ) - бұл қысқа мерзімді қарыздың қаражаты және басқа қысқа мерзімді пассивтер.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ қысқа мерзімді міндеттемелері 2005 жылдың басында 8,621,581 мың тенгені құрады және жыл аяғында 10,390,803 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ҰММ) - бұл ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаты, жәнеде келешек кезеңдер табысы.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ ұзақ мерзімді міндеттемелері 2005 жылдың басында 12,273,263 мың тенгені құрады және жыл аяғында 13,649,028 мың тенгеге дейін жоғарылады.
Қаржыландырудың тұрақты көздері немесе орнықтылықты (ҚТК) - бұл меншікті капитал. Сыныпталған топтардың балансын сақтау үшін осы топтың қорытындысы Келешек кезеңдер шығыны бабына сәйкес шаманың сомасына төмендетіледі.
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ бойынша тұрақты қаржыландыру көздері 33,302,674 мың тенгеге теңесті және жыл соңында 38,001,068 мың тенге болды.
Баланстың өтемділігін анықтау үшін келтірілген топтардың активтері және қаржыландыру көздері бойынша қорытындыларды салыстыру қажет. Баланс, абсолютті өтімділікті деп саналады, егер келесі қатынастар орын алса:
ЕӨА = ЕММ; ЖӨА = ҚММ; БӨА =ҰММ; ҚӨА = ҚТК.
Егер осы жүйенің бірінші үш теңсіздігі орындалса, онда бұл төртінші теңсіздіктіңде орындалуын тартады, сондықтан бірінші үш топтың активтері мен пассивтері бойынша қорытындыларын салыстыру маңызды. Төртінші теңсіздік баланстаушы сипатты болады, және ол терең экономикалық ойлы: оның орындалуы қаржылық орнықтылық жағдайының - меншікті айналымды қаражаттың бар екенін - сақталуы туралы куәлендіреді.
Жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігі, оптималды нұсқада белгіленгеннен кері белгіде болса, баланстың өтімділігі көп немесе аз дәрежеде абсолюттіктен айрықшаланады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражаттың жетіспеуі басқа топ бойынша, құндық бағада, артықша өтеледі, нақты жағдайда аз өтімділікті активтер жоғары өтімділікті активтердің орынын баса алмайды.

5 кесте

ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ балансына сәйкес өтімділік топтары бойынша активтер мен қаржыландыру көздерінің қатынасы 2004 және 2005 ж.ж.

01.01.2004ж-ға
01.01.2005ж-ға

01.01.2004ж-ға
01.01.2005ж-ға 2г
01.01.
2004ж-ға
01.01.
2005ж-ға
ЕӨА
1,423,430
2,143,834
ЕММ
6,174,849
7,056,919
А1 П1
А1 П1
Ақшалай қаражат

1,407,501

2,143,834
Задолжполж. по налогам

683,976

571,581

Қысқа мерз. ФИ

15,929

--

Несиег. берешек

5,490,873

6,485,338

ЖӨА
7,368,215
8,288,519
ҚММ
8,621,581
10,390,803
А2 П2
А2 П2
АғымдыДБ
7,368,215
8,288,519
Қысқа мерз. несиелер

2,167,500

3,664,880

Ұзақ мерз. Ағымды бөл.

6,454,081

6,725,923

БӨА
2,555,312
2,625,453
ҰММ
12,121,958
13,455,395
А3 П3
А3 П3
ТМЗ
2,555,312
2,625,453
Ұзақ мерз. несиелер

10,100,553

8,021,673

Басқа мінд.
--
3,225,653

Мерз. Ұзарт. салықтар

2,075,811

2,273,000

Келеш. Кез. Шығ.

- 54,406

- 64,931

ҚӨА
49,025,410
56,040,012
ҚТК
33,453,979
38,194,701
А4 П4
А4 П4
НМА
637,478
844,223
У Капитал
12,136,529
12,136,529

ОС
40,585,357
49,879,600
Алынған капитал

--

-2,652,636

Аяқталмаған.күрд.құр.

6,612,797

4,564,900
Қос. төлен-бейтін капитал

9,743,577

5,611,552

Ұзақ мерз. ФИ
1,189,778
511,007
Резервтік капитал

143,503

1,820,479

Ұзақ мерз. ДБ
--
240,282
Бөлінбеген табыс

11,355,176

21,257,378

Кел.мер.табысы
96,899
128,702

Кел.мер.шығыны
- 21,705
- 107,303

БАРЛЫҒЫ
60,372,367
69,097,818
БАРЛЫҒЫ
60,372,367
69,097,818

Активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 1 тобының қорытындыларын салыстыру жақын уақыттағы түсім мен төлем қатынастарын көрсетеді. 5 кестеден байқағанымыздай, активтердің бірінші тобы (ең өтімді активтер) қаржыландырудың көздерінің бірінші тобынан аз (ең мерзңмдң міндеттемелер). Демек, жылдың басындада, аяғындада баланс өтімділіксіз, және бұл кезеңдерде жақсару жағдайы жоқ.
Активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 2 тобын салыстыру төлем тәртібі күйінің жақын уақытта жақсаратыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, дегенмен, егер бірінші шарт талап етілетін нормаларға сәйкес келмесе, онда, сөзсіз, келесі шарттарда оған сәйкес келмейді.
Жалпы активтер мен қаржыландыру көздері баптарының 1 және 2 топтарын салыстыру ағымды өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қаралатын кезеңге жақын уақыт аралығындағы төлеу қабілеттілікті (немесе төлеуге қабілетсіздікті) куәлендіреді. Егер жоғарыда келтірілген кестені қарастыратын болсақ жақын уақыттағы төлеуге қабілетсіздік туралы қорытынды жасауға болады.
Баяу өткізілімді активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру келешектегі өтімділікті көрсетеді және алдағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлеу қабілеттілігін болжайды, яғни ең кейінгі мерзімдердегі қаржы жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын болжауға мүмкіндік береді.
Активтер мен балансты қаржыландыру көздері баптарының 4 тобының қорытындылары шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктенушілер алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл субъект жойылған жағдайда ғана қажетсініледі. Үздіксіздік немесе әрекеттенуші субъект принципін сақтау, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті айналымды капиталы болуын талап етеді. Ал ол үшін төртінші теңсіздіктің орындалуы қажет, яғни шашыраған активтерден меншікті қаражат көздерінің жоғары болуы.
Ал төртінші теңсіздікте, кестеде келтірілген деректерге сәйкес, орындалмайды және үздіксіздік принципі бұзылған деп айтуға болады, және бәрінен бұрын, қаражаттың үлкен бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады деп қорытынды жасауға болады, ал қарыздарды тарту көрсетілген қызметтер тарифтері бойынша түсетін меншікті қаражаттардың жеткіліксіздігімен байланысты. Тарифтер мемлекетпен реттелетін болғандықтан, әрине онда жаңғырту үшін қажетті қаражаттарды қарастыру мүмкін емес, ал орнықтырылған тарифтер арқылы негізгі қаражаттар амортизациясы ретінде түскен қаражат негізгі қорларды жаңалау үшін жеткіліксіз.
Көбінесе төлеу қабілеттілігін анықтау үшін үш көрсеткіш қолданылады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, мерзімді өтімділік коэффициенті (аралық) және ағымды өтімділік коэффициенті.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді қаржы инвестициясының ең мерзімді ағымды міндеттемесіне қатынасы ретінде есептеледі. Ол арқылы жеткізушілер тұрғысынан төлеу қабілеттілігінің деңгейі бағаланады.
АҚар + Қар ЕӨА
Аб.ө.к. = --------------- = ---------------
МА ЕММ
01.01.2004 ж. бұл коэффициент ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ балансы бойынша 0.23 (1,423,430 6,174,849) тең және 01.01.2005 ж. - 0.30 (2,143,8347,056,919) тең.
Ол ағымды берешектің қандай бөлігі, балансты құру күніне немесе жақын уақытта, өтеле алатынын көрсетеді. Бұл, ағымды міндеттемелердің қандай бөлігінің тез арада өтелетінін көрсететін, төлеу қабілеттілігінің ең қатаң критериясы. Әлемдік тәжірибеде оның мәні 0.2 - 0.3 деңгейінде қабылданады. Кәсіпорын бойынша есептеуден алынған нәтижелерден, бұл коэффициенттің ұйғарынды деңгейде екенін көреміз.
Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті есептеу үшін алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық берешектік және басқада активтер қосылады, ал бөлімі болып сол көрсеткіш қалады - ағымды міндеттемелер. Ол банкирлер тұрғысынан төлеу қабілеттілікті талдау үшін қарастырылады.
АҚар + Қар + ДБ ЕӨА + ЖӨА
М.ө.к. = ----------------------- = -----------------
МА ЕММ + ҚММ
Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті 01.01.2004 ж. ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ балансының деректері бойынша 0.6 (1,423,430 + 7,368,2156,174,849 + 8,621,581)) тең және 01.01.2005 ж. тура солай 0.6 тең (2,143,834+8,288,519 7,056,919 + 10,390,803).
Ол дебиторлармен есеп айырысуды өз уақытында жүргізу жағдайлары кезіндегі төлеу мүмкіндіктерінің болжамын көрсетеді, яғни ағымды міндеттемелердің қандай бөлігі тек қана ақшалай қаражат есебінен емес, сонымен бірге жіберілген өнімдерден, орындалған жұмыстан немесе көрсетілген қызметтен күтілетін түсімдердің есебіненде өтелетінін сипаттайды.
Бұл коэффициент болжалды 0.5 - 0.7 тең болуы керек, яғни ең мерзімді қысқа мерзімді міндеттемелердің әрбір теңгесіне ақшалай қаражат пен дебиторлық берешектің 50 - 70 тиыннан кем емес шамасы келуі керек. Осы коэффициенттің есептелуінен байқағанымыздай, ол ұйғарынды деңгейде орналасқан.
Жалпы өтімділік коэффициенті барлық ағымды активтердің (келешектегі кезеңдер шығынын алып тастағанда) ең мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасын көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелер шамасына (келешектегі кезеңдер табысын алып тастаумен). Бұл коэффициент акционерлер мен инвесторлар жайғасымымен пайдаланылады.
АА ЕӨА+ ЖӨАх0,5 + БӨАх0,3
Ж.ө.к. = -------- = ----------------------------------- ------
МА ЕММ+ ҚММх0,5 + ҰММх0,3

1,423,430+7,368,215х0.5+2,555,312х0 .3 5,874,129
----------------------------------- ---------------- = ---------------= 0.42
6,174,849+8,621,581х0.5+12,121,958х 0.3 14,122,226

2,143,834+8,288,519х0.5+2,625,453х0 .3 6,985,729
----------------------------------- ------------------ =---------------=0.43
7,056,919+10,390,803х0.5+13,455,395 х0.3 16,288,938
ҚазМұнайГаз - Тельф АҚ 01.01.2004 ж. балансының мәліметтері бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті 0.42 тең (5,874,12914,122,226) және 01.01.2005 ж. - 0.43 (13,057,80617,447,722).
Ол ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді қандай еселікте жабатынын орнықтыруға мүмкіндік береді, және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді қолайлы өткізу жағдайлары кезінде ғана бағаланатын емес, сонымен қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарының басқа элементтерін сатумен бағаланатында, шаруашылық жүргізуші субъектінің төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымды өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының себебі келесілер болып табылады: біріншіден, ол ағымды активтермен ағымды міндеттемелердің жабылу дәрежесін көрсетеді: бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуде соншалықты сенімділік жоғары болады; екіншіден, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден артуы ағымды активтерді сату немесе жою кезінде зиянның пайда болуына кедергі жасайды (ақшалай қаражаттан өзге): қарама - қарсы әрекет қаншалықты күшті болса, соншалықты несиегерлер үшін жақсы болады. Бұл артықшылықты жұмысшы капитал деп атайды.
Бұл коэффициент 1-2 шегінде болуы керек. Төменгі шекара, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы керектігімен шартталады, әйтпесе шаруашылық жүргізуші субъект төлеу қабілеттіліксіз болып қалады. Ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден екі еседен артық артуы орынсыз деп есептеледі, өйткені ол компанияның өзінің қаражатын тиімсіз жұмсайтыны және оны тиімсіз пайдаланатыны туралы куәлендіреді. Көріп отырғанымыздай, төменгі шекара осы кәсіпорын бойынша коэффициентті бағалау үшін сақталмайды.
Жоғарыда келтірілген үш көрсеткіштердің әрқайсысы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы жағдайының анықталған жағын көрсетеді, бірақ оның бәрі қаржы жағдайы мен төлеу қабілеттілігінің бағдарлы индикаторы ғана болып табылады.
Атап айту керек, көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қатаң өтімділіктің төменгі коэффициенттерінің ағымды өтімділіктің жоғарғы коэффициенттерімен ұштасуы сирпатты болады. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектіде шикізаттың, материалдардың, құраушылардың, дайын өнімнің артық қорының болуымен, кейде аяқталмаған өндірістің ақтаусыз жоғарылығымен байланысты.
Бұл шығындардың негізсіздігі ақырында ақша қаражатынығ жетіспеуіне және төлеу қабілеттілігінің нашарлауына әкеледі. Осыдан, ағымды өтімділіктің жоғары коэффициенті кезіндеде оны құраушылардың күйі мен динамикасын айқындау қажет, әсіресе баланс активтерінің үшінші тобына кіретін баптар бойынша. Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімдердің, аяқталмаған өндірістің айналымдығын есептеу қажет.
Өтімділікті қаражаттардың айналымдылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезіндегі төлеу қабілеттілігін барынша объективті бағалау үшін, осы нашарлаудың себептерін айқындау қажет. Бұл кезде, тұтынушылармен өнім мен көрсетілген қызметке өтеудің кідіруі, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және т.б. қорларының артық жиналуы себептерімен егжей-тегжейлі тексеріп анықтау керек. Бұл себептер, талданатын субъектіге соншалықты тәуелді емес сыртқы болу мүмкін, ішкі болуыда мүмкін. Бірақ, бәрінен бұрын, өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеу, олардың деңгейіндегі ауытқуды анықтау және оларға әртүрлі факторлардың ықпалының мөлшерін анықтау қажет.
Жоғарыда көрсетілген коэффициенттер нәтижелері бойынша, ҚазМұнайГаз АҚ жылдың басында және аяғында жеткізушілер мен банкирлер жайғасымынан төлеу қабілеттілікті деп, ал акционерлер мен инвесторлар жайғасымынан - төлеу қабілеттілігі жоқ деп бағаланды. Баланс деректері бойынша, жалпы өтімділік коэффициентінің 1-ден төмен болуы салдарынан, жұмысшы капитал теріс мәнде болады. Жаңғырту үшін қаржы қаражаттарының тұрақты жетіспеуі мен оны сырттан тартудың жетіспеуі өтімділік коэффициенттеріне өте үлкен ықпал етеді.

2.2 Активтерді пайдалануды талдау

Кәсіпорын активтері құрылымының өзгерісін зерттеу өте маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы, мүліктегі ағымды активтердің үлесінің артуы келесідей жағдайларды куәлендіреді:
oo ұйым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге ықпал ететін, активтің ең жұмылдыру құрылымдарын қалыптастыру;
oo ағымдағы активтердің бір бөлігін дайын өнімді тұтынушыларды, көрсетілетін қызметті, еншілес кәсіпорындарды, басқа дебиторларды несиелендіруге оқшауландыру;
oo өндірістік базаларды қысқарту;
oo олардың бухгалтерлік есебінің қолданудағы тәртібі салдарынан негізгі қорлардың нақты бағаларының бұрмалануы және т.б.
Активтер құрылымындағы осы пропорцияның өзгеру себептері туралы дәл қорытындылар жасау үшін, баланс активінің жеке баптары мен бөлімдеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет, жекелеп айтқанда, кәсіпорынның өндірістік әлуетінінің жағдайын, негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді тиімді қолдануды, ағымдағы активтер айналымының жылдамдығын бағалау жүргізу.
Баланс активінің бірінші бөлімін талдау кезіндеаяқталмаған құрылыс сияқты элементтің өзгеру беталысына көңіл аудару қажет, өйткені бұл бап өндірістік айналымға қатыспайды және, демек, белгілі бір жағдайларда оның үлесін арттыру қаржы - шаруашылықты қызметтің нәтижелілігіне жағымсыз ықпал етеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық жұмсалымның болуы кәсіпорын жұмсалымының инвестициялық бағыттылығына сілтейді.
Негізгі қаражаттардың меншікті салмағының сыртқы факторлар ықпалы салдарынан өзгере алатынын ескере отырып, мысалы, шикізатқа, материалға, дайын өнімге баға жеткілікті жоғары қарқында өсіп жатқан кезінде, инфляция жағдайларындағы негізгі қаражат құнының кешіктірілген түзетулері жүруі кезіндегі оларды есептеу тәртібі, есеп беру кезеңіндегі абсолюттік көрсеткіштер өзгерісіне көңіл аудару керек.
Кәсіпорын құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйыммен инновация ретінде таңдалған стратегияны жанама сипаттайды, өйткені ол қаражатты патенттерге, лицензияларға, басқада зияткерлік меншікке салады.
Ағымды активтердің (абсолюттік және салыстырмалы) өсуі тек өндірістің кеңеюі немесе инфляция факторлары әрекеті туралы куәлендірмейді, сонымен қатар айналымның баяулауында көрсетеді. Бұл олардың массасын арттырудың қажеттілігін объективті тартады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың амортизация есебі
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Айналымды активтердің жіктелуі
Қысқа мерзімді актив
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы
Қаржылық транзакциялардың тиімділігін арттыру мақсаты
Қазақстандағы комерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағжайы мен оларды талдау
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер