Фирмадағы стратегиялық жоспарлау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
І БӨлім. Фирмадағы стратегиялық жоспарлау
1.1 Стратегиялық жоспарлаудың мәні және маңыздылығы ... ... ... ... ... .10
1.2 Шетел фирма стратегиясының міндеттері және мақсаттары ... ... ... .13
1.3 Фирмадағы стартегияны бақылау және есепке алу ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ БӨлім. Стратегиялық жоспарлаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау
2.1 Фирманың тиімді дамуы үшін стратегияны таңдау ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.2 Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспарлауды құрастырып талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Таңдалған стратегиялық жоспарлаудың тиімді жақтарын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Кіріспе
Өзектілігі: Стратегиялық жоспарлау - табысқа жеткен көптеген компаниялар пайдаланатын әйгілі амал-тәсіл. Маркетингті жоспарлау стратегия жасауға, ресурстарды ұқсатып пайдалануға, компанияға төніп тұрған қауіп-қатерді анықтауға және келешек үшін қажет болжау мағлұматтарын алуға мүмкіндік береді. Қр стратегиясын жасауда ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп стратегияға деген көзқарасын білдірген. Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.
Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.
Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.
Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.
Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма? Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме?
Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма?
Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба?
Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.
Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып -- біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па әлде шабандап қалып келеміз бе -- ұдайы таразылап отыру үшін қажет.
Бүгінгі күнді ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенін сезінеміз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда -- Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.
Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен үлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар.
Біз басқа елдердің тәжірибесін зерделей алсақ та әрі солай етуге тиісті болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдістерді пайдалана алсақ таг біздің жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелеріміз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмысты өзге ешкім де емес, тек біздің өзіміз ғана игере аламыз.
Неліктен нақ бүгінгі таңда біздің алдымызда осы міндет тұр?
Өйткені кеше біз бұған даяр емес едік, тәжірибеміз бен білігіміз жетіспеді, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкіндік бермеді. Міндеттің өзі де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнің күллі мәні мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелі кезеңнің буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретінде табан тіреп қалуға келіп сайды. Көптеген көріпкелдер біз сәтсіздікке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған міндеттерін игере алмаймыз деп сәуегейлік еткен-ді.
Бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтеп бере алғанымыз -- еңсемізді тік ұстап, иілмегеніміз бүгін-ақ айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан біз бейберекетсіздік пен жөнсіздік шыңырауынан шыға білдік.
Қазір біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде қол жеткізген табысымыз бізге жан-жағымызға үңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымьіз уралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге мүмкіндік береді.
Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді.
Бұл міндеттерді шешуді ертеңге қалдыруға да болмайды, өйткені біз өз реформаларымызды толық аяқтағанша күтіп те отыра алмаймыз.
Басқаша айтқанда, кеше әлі ерте болатын-ды, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін.
Мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын тандап алудың өміршең мәні бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртіпке жүмылдырады және жәрдемдеседі.
Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тізбесіне жинақтайды, ол тәртіпке жұмылдырады әрі Үкіметті осы міндеттер мен стратегияларды күнделікті шешіп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол біздің мақсаттарымыздың іске асуына алып келетін күн сайынғы және жыл сайынғы шешімдерді қабылдауымызға жәрдемдеседі.
Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Осы нұсқауларды өмірге енгізудің жобаланған жоспарларды іске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықтан әрбір министрлік пен ведомство өз жұмысын әрбір күн, ай мен жыл біз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай ілгерілейтіндей етіп ұйымдастыратын жүйені құру аса қажет.
Мемлекеттік қызметшілер күн сайын алдарындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды көріп отыруы, екінші кезектегі және күнделікті міндеттерді шешуге алаңдамастан оларды іске асыруы қажет.
Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың арнасында, жұмыс жинақы -- жұмылған әpi үйлесімді болуңа тиіс.
Келесі жылдан бастап біздің жыл сайынғы жоспарларымыз ұзақ мерзімді басымдықтарымызға сәйкес болуға тиіс. Оның үстіне, мониторинг жүйесі қойылған мақсаттарымызға қол жеткізуде бiз қаншалықты ілгеріледік деген сұраққа жауап беруге тиіс. Сондықтан бізre стратегиялық жос-парлау мен стратегиялық бақылау, есептілік пен жауапкершілік жүйесі қажет.
Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты -- біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Егер біз қоғам мен халықтың түрлі топтарының қажеттіктерінш дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың icкe асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекет халықтың жекелеген топтарымен жане жекеше сектормен ынтымақтастығы негізінде icкe асыруы қажет.
Осы Жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың нeгізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңбе-рінде әзірленген болатын. Бipaқ мен жоғарыда атап өткендей, біздің мемлекетіміз, тұтас алғанда қоғамымыз үшін де координаттар жүйесі болып табылатын, соның шеңберінде жыл сайынғы ic-қимыл жоспарларымызды жасай алатын неғурлым ауқымды болжам мен стратегияны қажет етеді. Сол себепті осы мәселелерге ерекше орын беріліп отыр.
Президенттің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы бұдан кейінгі жыл сайынғы Жолдауы ұзақ мерзімді стратегияның іске асырылуына берілетін бағаны қамтиды, сондай-ақ алдағы жылға арналған нақты міндеттерді айқындайтын болады.
Мақсаты: Жасалынған стратегиялық жоспарды жан-жақты қарастырып қойылған мақсатқа жетудің тиімді жолдарын табу керек.
Еліміздегі көптеген компаниялар стратегиялық жоспарлаумен шұғылданбайды. Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық компаниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді, сондықтан оны жоспралау қажет емес деген көзқараста. Мұндай тұжырым қате, жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек, жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады. Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мәнінде жоспарлау барысын қиындатады. Алайда фирма басшылығына өзгерістерді болжауға, оларға барабар қимыл әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.
Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жоспарлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.
Стратегиялық жоспарлар оны құрстыратын менеджерлердің міндеттері бөлінбегендіктен, жүзеге асырудың бағдарламасыа мен жұмсалатын шығындары анықталмағандықтан, тәжірибе жүзінде іске аспайды.
Стратегиялық жоспарларды ұтымды етіп жасап, оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар), ұйымдастыру жүйесі, сауатты әдістеме, жазбаша жоспардың болуы қажет.
Стратегиялық жоспар айқын көрсетіліп, ұжымда талқылануы керек. Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін, рөлін мақсаттарын талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн. Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп, оның жасау мерзімін, бюджетін белгілеу қажет.
Міндеті: міндеттердің өздері мүмкіншілігінше келешекте өлшеуге болатын нақтылы алға қойылған мақсаттарға айналдырылады. "Нарықтың үлесін өсіру" деген міндеттің нақтылығы "Екінші жылдың аяғында нарықтың үлесі 15 % өсуі керек" деген мақсаттан төмен мағынада болады. Басқарушылар көлем жөне уақыт көрсеткіштері нақтыланған міндетті белгілеу үшін "мақсат" деген терминді пайдаланады. Міндетті мақсатқа айналдыру келешек жоспарлауды және бақылауды жеңілдетеді.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде фирмадағы стратегиялық жоспарлаудың мәні, маңыздылығы, мақсаты, міндеттері қарастырылған. Осы бөлімде стратегиялық жоспарлауды бақылаудыңда мәні ашылды. Теориялық жағынан толық ашылып сипатталды.
Курстық жұмыстың екніші бөлімінде фирмадағы стратегиялық жоспарлардың түрлері көрсетілді және нақты тәжірибелік жағынан сипатталды.
Курыстық жұмыстың соңында қазіргі нарықтық кезеңге сай фирманың стратегиялық жоспарлауы қорытындыланып, түйіні шығарылды.
І БӨЛІМ ФИРМАНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні және маңыздылығы
Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формальды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықган, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уакытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сақталымда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.
Дегенмен, формальды жоспарлау бірталай пайдалармен көмектеседі. Ол пайдаларды Мелвилл Бранч мынадай ретімен атап өтеді: 1. Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді. 2. Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді. 3. Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді. 4. Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мөжбүр етеді. 5. Фирманың төтенше өзгерістерге дайыңдығын жоғарлатады. 6. Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан, оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға біз былай деп анықтама береміз :
Стратегиялық жоспарлау -- бұл маркетингтілік өрісте фирма мақсаты мен потенциалды мүмкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіне, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұнда- маларына, дұрыс шаруашылық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді. Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым мақсаттарын, мүмкіндікгерін, ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді сәйкесінше үйлестіру және оларды бір қалыпта ұстап тұруды басқару процесі. Оның мақсаты - компаниянын табысты дамуына бағытталған өнімді және бизнесті құру мен реформалау. 1970 жылдары энергетикалық дағдарыс, гиперинфляция, экономикалық тоқырау, бәсекелестіктің күшеюіне байланысты АҚШ-та стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері жасалды. Дәстүрлі ұзақ мерзімді жоспарлау орнына стратегиялық жоспарлау келді. Бүгінгі стратегиялық жоспарлаудың негізгі міндеті -- бизнеске кері әсер ететін жағдай туса да, компанияның алдына қойылған мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін бағыттарды таңдау.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді. Бірінші шарт - компанияның іс-әрекеті инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады. Оның мәні -- компанияның әрбір іс-әрекет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде. Екінші шарты -әрбір іс-қимыл түрінің келешегін бағалау. Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі. Компаниялар тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімдеудің шектеулі екендігіне көздері жетті. Мысалы, 1970 жылдары Ford Motor компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды. Алайда нарықты зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобилъдер жағына ауғанын көрсетті. Сондықтаи компания инвестицияларды шығыны көп шағын литражды автомобильдерге жұмсады. Үшінші шарты - стратегияны әзірлеу. Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады. Сондықтан, әрбір компания іс-әрекетін, мақсаттарын, мүмкіндіктерін, ресурстарын зерттей отырып, өз стратегиясын әзірлейді. Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса, оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнім өндіруге бағытталуы мүмкін.
Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады. Олар - корпоративтік, бөлімше, бизнес-бірлік және өндірістік желі деңгейлері. Компанияның бас кеңсесі іс-әрекетін келешекте пайда алуға бағыттаған корпоративтік стратегиялық жоспарлау үшін жауап берсе, штабпәтер оның бөлімшелерін дамыту, бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды. Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрекет бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді. Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке, ал өндірістік желінін жоспары оның мақсаттарына жетуге бағыттайды.
Көпгеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегаялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді. Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндетгерді шешуге бейімделген. Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды, ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауға қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.
1.2 Шетел фирма стратегиясының міндеттері және мақсаттары
Мекеме өзін қоршаған орта шегінде бірдемеге қол жеткізу үшін жұмыс атқарады. Фирманың нақтылы мақсаты немесе бағдарламасы әдетте бастан белгілі. Дегенмен, уақыт өткен сайын мекеменің өсуіне байланысты біршама өзінің анықтығын жоғалта бастауы мүмкін. Бағдарлама анықтығын жоғалтпағанмен, ол басқарушылардың бірқатарын қызықтырмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Ал анықтығын сақтағанмен, ол орталықтың жаңа жағдайларына сәйкестігінен айырылуы мүмкін.
Фирманың толқындар еркімен жүзе бастағанын байқаған басшылар қайтадан мақсатты іздеуге міндетті. Өзіңе өзің сұрақ беретін уақыт жетті: "Біздің кәсіпорнымыз қандай болуы керек"? Осы бір қарағанда қарапайым сұрақтар фирманың қашанда жауап беруіне керекті ең қиын сұрақтарға жатады. Табыстан табысқа қолы жетіп келе жатқан фирмалар оларды тұрақты түрде ескеріп, оған ойланылған, байсалды жауаптар береді. Көптеген фирмалар бұл сұрақтарға жауап ретінде жазба түрінде ресми бағдарламалық мәліметтер дайындайды. Жақсы талқыланған бағдарламалы мәлімет фирма қызметкерлеріне ашылып келе жатқан мүмкіншіліктерді игеруге қатысушылар сезімін туғызумен қатар, оларға мақсат белгілейді, олардың дәрежесін көтеріп, табысты жұмыс атқаруға мақсаттандырады.
Бағдарламалық мөліметтерде фирма жұмысының өрісі (не өрістері) анық түрде көрсетілуі қажет. Жұмыс өріс шекарасын анықтаушыларға тауарлар, технологиялар, клиент топтары, олардың мұқтаждықгары не осы факторлардың үлестері жатады. Фирмалар, әдетте, өз жұмыстарының өрісін шығаратын тауарлар көз қарасы бойынша сипаттамалайды, мысалға, "Біздер логарифм линейкаларын шығарамыз" не технология көз қарасы бойынша: "Біздер химиз компаниясымыз". Осыдан бірнеше жыл бұрын Теодор Левитт оның ойынша кәсіпорынға нарықтық жұмыс жағынан берілетін сипаттама, тауар не технология көзқарасы бойынша берілетін сипаттамаға қарағанда дәлірек деп мәлімдеген . Ол, кәсіпорынға қайсы бір тауарды өндіруші ғана көз қарасымен емес, мұқтаждығы және клиенттің мүддесін қанағаттандырушы көзқарасымен қарау керек деген. Тауарлар және технологиялар ақырында бәрі бір көнереді, ал негізгі нарық мұқтаждықтары және мүдделері мәңгібақи өзгермейді. Мысалға, логарифм линейкасын шығарушы егер өз кәсібін тек логарифм линейкасын жасау адамдардың есептеу мұқтаждығын қанағаттандыру деп таппаса, онда нарықта электронды калькулятор пайда болғаннан кейін шамалы уақыт өткен соң банкрот болады. Нарыққа бағытталған көзқараспен айтылған бағдарлама-лық мәлімет кәсіпорын нақтылы қандай тұтынушьшар топтарын не нақтылы мұқгаждықтарды және мүдделерді қанағаттандыруға арналғанын анықтайды. Нарыққа бағытталған бағдарламалық мәліметті дайындағанда басшылар бағдарламаның не өте қысаң, не өте кең болмағанына тырысуы керек. Графит қаламын жасаушы коммуникация құралдарын жасаймын деп мәлімдемелейтін болса, онда өз бағдарламасын кең тұжырымдамағаны. Бұл жағдайда бар тауардан бастап, жоғары деңгейлі коммерциялық мүмкіншіліктер жағына бет алып, олардың қайсысының фирмаға қолайлы екендігін шешкен жөн.
Фирманың міндеттері және мақсаттары:
Фирманың бағдарламасын әр басқару эшелонының көмекші мақсаттары мен міндеттері толық тізбегіне айрықшалау қажет. Әрбір басқарушының алдына шешуіне ол жауап беретін міндеттер қойылуы керек. Бұл жүйе міндетті шешу әдісін басқару деген атпен белгілі екенін айту керек. Иллюстрациялау мысалы ретінде басқа заттармен қатар тыңайтқыш шығаратын "Интернэшнл минералз энд кемикл корпорейшн" фирмасын алалық. Тыңайтқыш шығару бөлімшесі оның жұмыс бағдарламасы - тыңайтқыш шығару деп баяндамайды. Оның орнына ол бағдарламамыз "дүние жүзіндегі ашаршылықпен күресу" деп жар салады. Мұндай бағдарлама міңдеттемелердің айқын иерархиялық баспалдағына жетектейді. Дүниежүзілік ашаршьшықпен күресу мақсаты дегеніміз -- ол фирманың міндеті ауылшаруашылық өнімдерінің өсімін жоғарылату деген сөз. Ал ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін осындай нөтижеге жеткізетін жаңа тыңайтқыштарды шығару керек. Бірақ зерттеу жұмыстарын жүргізу өте қымбат болғандықтан, табыс көбейгенін талап етеді, ал одан зерттеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінер еді. Сонымен, негізгі мақсат табыстың өсуін қамтамасыз ету болып саналады.
Табысты өсіру бар тауарларды өткізуді өсіру, күнделікті шығындарды төмендету не оларды бірге іске асыру арқылы мүмкін. Өткізуді өсіру үшін отан нарығының көп бөлігін иелену не жаңа шетел нарықтарына шығу керек. Міне, осылар фирма маркетингі өрісінің негізгі міндеттері болып саналады.
Осындай маркетингілтк міндеттерді шешу үшін қажетті маркетинг стратегиясын дайындау керек. Өз отаны нарқындағы үлесін өсіру үшін фирма өз тауарына деген қол жетушілікті кеңейтуі, ынталандыруды интенсивтендіруі қажет. Жаңа шетел нарықтарына шығу үшін ол бағаны төмендетеді және өз күшін ірі фирмаларға шоғырландырады. Кең мағынада айтатын болсақ фирманың маркетингтілік стратегиясы осылай болуы керек.
Әрбір маркетингтілік стратегияны толық түрде суреттеп көрсету керек. Мысалға, тауарды өткізуді ынталандыру сатушылар санының өсуін және жарнаманы интенсивтендіруді талап етеді. Біріншісіне де, екіншісіне де бөлек бөлшектелінген стратегия дайындау қажет. Міне осылай фирма бағдарламасы осы кезеңдегі нақгылы міндеттерге бейімделіп өзгертіледі.
Ал міндеттердің өздері мүмкіншілігінше келешекте өлшеуге болатын нақтылы алға қойылған мақсаттарға айналдырылады. "Нарықтың үлесін өсіру" деген міндеттің нақтылығы "Екінші жылдың аяғында нарықтың үлесі 15 % өсуі керек" деген мақсаттан төмен мағынада болады. Басқарушылар көлем жөне уақыт көрсеткіштері нақтыланған міндетті белгілеу үшін "мақсат" деген терминді пайдаланады. Міндетті мақсатқа айналдыру келешек жоспарлауды және бақылауды жеңілдетеді.
Шаруашылық портфелін өркендету жоспары
Стратегиялық жоспарлау өрісінің негізгі құралы фирма шаруашылық портфелін талдау болып саналады. Әңгіме басшылардың осы портфель жағдайын бағдарлауында, демек, фирма құрамына кіретін барлық өндірістердің жағдайын бағалау болып саналады. "Өндіріс" деген түсінік фирманың бөлімдері, тауар ассортименттері, тіпті болмаса, жай не маркалы тауар болуы да мүмкін.
Мұндай талдау азды-көпті рентабельді өндірістерді ашып, олардың әрқайсысымен не істеу керектігі туралы шешім қабылдауды талап етеді. Әрине, фирма негізгі игіліктерді ең рентабельді өндірістерге орналастырып, ал құлдырай бастағандарын қысқартуды не мүлдем жабуды ойластырады. Ол өзінің шаруашьшық портфелін жауынгерлік әзірлікте ұстап, күш алып келе жатқан өндірістерді бекітіп не қосымшалайды және тоза бастағандарынан құтылуды ойластырады.
Мысалға, "Дженерал электрик" корпорациясының шаруашылық портфелін талдау әдісі екі өрістегі бірқатар көрсеткіштерді бағалауды болжамдайды. Нақтылы сапаның тартымдылығын бағалау үшін корпорация нарық мөлшерін, оның өсу темпін, онан алынатын табыс мөлшерін, бәсекелестік интенсивтігін, іскерлік активтілігінің циклділігін және мерзімділігін және ірі сериялы өндіріс жағдайында не басқарушының тәжірибелілігі арқылы тауар бірлігінің өзіндік құнын төмендетуді ескереді. "Дженерал электрик" коммерция өндірісінің мықтылығын нарықтағы үлесі, бағаларының бәсекелестікке жарамдылығы, оның тауар сапасы, өз нарығын білуі, өткізудің тиімділігі және географиялық артықшылық көрсеткіштері бойынша бағалайды. Осы позициялар бойышпа мықгы көрсеткіштері бар өндірістер жақсылар қатарында саналса жаманырақтарына көрсеткіштері төменіректері жатады. Осындай талдаудан кейін "Дженерал электрик" әртүрлі өндірістер арасында ресурстарды бөледі.
1.3 Фирмадағы стартегияны бақылау және есепке алу
Фирмаларға кейде өз маркетингтілік тиімділіктерін сыни көзқараспен бағалау қажет болады. Маркетинг - бүл міндеттердің, саяси нұсқаулардың, стратегиялардың және бағдарламалардың тез көнеру өрісі болып саналады. Әр фирма өзінің нарыққа деген қатынасын кезеңді түрде қайта бағалап отыруы қажет. Ол үшін белгілі маркетингті ревизиялау атты тәсілін пайдалану керек. Біздер маркетингті ревизиялауға былай деп анықтама береміз:
Маркетингті ревизиялау -- фирманың маркетингтілік жұмыстарын жетілдіру, оны жоспарлау әрекеттеріне кепілдеме беру үшін фирманың оперативті жұмысында пайда болған проблемаларды және ашылған мүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында кешеңді, жүйелі, әділ және үздіксіз түрде маркетингтілік орталықты зерттеу.
Маркетинг ревизорына басқарушылармен, клиенттермен, дилерлермен және басқа фирма маркетингтілік жұмыстарының жағдайын көрсете алатын адамдармен сұхбат өткізуге толық бостандылық берілуі қажет. Төменде маркетинг ревизорының беруі мүмкін сұрақтарының тізбегі келтірілген. Әрбір нақтылы жағдайда олардың бәрі бірдей маңызды емес. Осы сүрақгардың көмегімен жиналған ақпараттар негізінде ревизор бірқатар қорытындылар жасайды жөне бірқатар ұсыныстар береді. Кейбір жағдайда оның қорытындылары таң қалдыруы мүмкін, әлде басқарушыларды есінен тандыруы мүмкін. Содан кейін басшылар қандай ұсыныстардың рационалдырақ екені және оларды қашан және қандай жағдайда іске асыру туралы шешім қабылдайды.
ІІ БӨЛІМ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Фирманың тиімді дамуы үшін стратегияны таңдау
Стратегиялық жоспарлау бар өндірістерді бағалаумен қатар, фирма келешекте қандай өндірістерді иеленгені, қандай өрістерге өз күштерін жұмсау керектігін ашуы керек. Фирманың өсу жоспарын мына мысал арқылы көрсетелік:
"Модерн паблишинг компани" баспасы ай сайын тиражы 300 мың дана денсаулық проблемасына арналған жетекші журнал шығарады. Фирманың маркетингтілік орталығын тұтынушылар ұнатымы, жаңа бәсекелестердің пайда болуы және баспа шығыны көзқарасы бойынша алатың болсақ, өте өзгермелі. Фирма келешек он жылға өзінің өсу жоспарының кешенін дайындауға тырысуда.
Өсу стратегиясын үш деңгейде өткізілген талдау негізінде дайындауға болады. Бірінші деңгейде фирманың қазіргі жұмыс масштабында пайдалана алатын мүмкіншіліктерін анықтайды (интенсивті өсу мүмкіншіліктері). Екінші деңгейде маркетинг жүйесінің басқа салаларымен интеграциялану мүмкіншіліктерін анықтайды (интеграциялы өсу мүм-кіншіліктері). Үшінші кезеңде сала шегінен тыс мүмкіншіліктерді анықтайды (диверсификациялы өсу мүмкіншіліктері). 1 кесте осы үш бағыттың әрқайсысында өсудің нақтылы мүмкіншіліктері туралы түсінік береді.
1 кесте Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері
Фирма бағдарламасы
Фирманың міндеті және мақсаты
Шаруашылық портфелі- нщ өркендеу жоспары
Фирманың өсу стратегиясы
Интнесивті өсу. Интенсивті өсу фирма өзінің қазіргі тауарларына және нарықтарына тән мүмкіншіліктерді аяғына дейін пайдаланбаған жағдайда өзін өзі ақтайды. Интенсивті өсу мүмкіншіліктерін ашу үшін И. Ансофф "Нарықтың және тауардың өркендеу торы" деп атақ алған ыңғайлы әдісті пайдалануды ұсынған.
1. Нарыққа терең түрде ену. Фирманың агрессивті маркетингті пайдаланып өзінің бар тауарларын қазіргі нарықтарда өткізуді өсіру мүмкіншіліктерін іздеустіруі. Ол үшін "Модерн паблишинг компани" баспасы, мүмкін:
а) қазіргі басылымға жазылушыларды ынталандырып, олардың өз достарына сыйлық ретінде басылымға жазылу даналарын көбейтуі;
б) өз басылымын денсаулық проблемаларына арналған журнаддардан артықшылығын көрсетуі не оны темен бағамен ұсыну арқылы бөсекелестер басылымдарынан жазылушыларды өзіне тартуы;
в) жаңа потенциалды жазылушьшарды, демек, қазіргі кезде денсаулық туралы журналдарды оқымайтын, бірақ демографиялық пішіні қазіргі жазылушыларға ұқсас жазылушыларды жасақтауға тырысуы.
2. Нарық шекарасын кеңейту. Фирманың қазіргі бар тауарларды жаңа нарықтарға енгізу арқылы өткізу қабілеттерін көбейту талабы. Ол үшін "Модерн паблишинг компани", мүмкін:
а) бұрын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz