Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің бірінші деңгейдегі банк ретінде

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің пайда болу тарихы және маңызы 5
1.2 Ұлттық банкі, оның мақсаты, міндеті, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары және пайдасы 10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛТТЫҚ БАНК
ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүйесінің қалыптасуы және
оның функциялары 17
2.2 Ұлттық банктің құрылымы,басқару органдары және қызметтік
операциялары 22

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. 1993 жылы қарашада Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық Банкке ақша-кредит саласының қызмет істеуіне, оның бюджетпен және банктермен өзара қатыстарының класикалық үрдістерін жүргізуге, қызымет реттеу жүйесін нығайту толық жауапкершілік жүктелді. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету - Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің бірі болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім) қабылдануы, саясат және экономика саласында болып жатқан өзгерістреді есеспке алатын заңдылықты одан әрі жетілдіру, 1995 жылы 30 наурызда ҚР Президентінің заң күші бар Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы жарлығының шығуына ықпал етті. Жарлықта Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкісінің құқықтық мәртебесі және өкілеттігі, міндеттері, қызымет принцптері, оның банк жүйесіндегі ролі анықталады.
ҚР Президентінің заң күші бар Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы жарлығына сәйкес указының ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық болып табылады және Республикадағы Банк жүйесінің жоғарғы (бір Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тікелей бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді, әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозыл, жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеліп отырған курстық жұмыстың мақсаты - Ұлттық банктің нарықтық экономикалық қызметтерін қарастыру, талдау. Осы мәселелер барысында курстық жұмысқа мынадай мақсаттар қойылды:
- Ұлттық банктің нарықтық экономикадағы қызметтерін зерттеу;
- Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту;
- Ұлттық банктің нарықтық экономикалық қызметтерін зерттеу;
- Қазақстандағы Ұлттық банктің даму мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы Орталық Ұлттық банктің нарықтық экономикадағы қызметтерін дамыту және т.б.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Банктің пайда болуы және құрылу мәселелерін қарастыру;
- банктің реттеу органдарының жұмысын бақылау;
- Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкісінің үкімет органдарымен өзара қатынасын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы ұлттық банк жүйесінің қалыптасуы және жағдайын талдау;
- ұлттық банк жүйесінің тиімділігн қарастыру;
- ҚР Ұлттық банкісінің мемлекеттік үкімет органдарымен өзара қатынасын зерттеу;
- Қазақстан Республикасының банк қызметінің заңдылық негізін талдау т.б. жатады.
Курстық жұмыстың құрылымы.Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің пайда болу тарихы және маңызы
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелдік алғаннан соң КСРО Мемлекеттік банкінің Республикалық еңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету, сондықтан ол:
:: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
:: ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
:: несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамаыз етеді.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару, ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық. банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын баскару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды өндеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі жән сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтей оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларын (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млн. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемеленіп қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтермен қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементгерден құрылады:
:: алтыннан;
:: банкнота, монета туріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
:: Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
:: шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
:: шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
:: өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып басқарма және директорлар Кенесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы - Басқарма, ол 9 адамнан - тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган - Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" жарлықтың қабылдануының негізгі мақсаты ақша-кредит саясатын жүзеге асыруда Ұлттық Банктің ролін мейлінше толық көрсету және заңды халықаралық стандартқа бейімдеу болып табылады Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Президенті және Жоғарғы өкілетті органдар алдында есеп беруші механизмнің заңды белгленбеуі құқық қолдану тәжирибесінде проблемалар туғызды, осыған байланысты "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" жарлығында Ұлттық Банктің Президент және Парламентпен өзара қимыл-әрекеттері анық және толық баяндалған. Атап айтқанда Ұлттық Банктің тек Президентіне есепті екені анықталған және оның тапсырмасымен Ұлттық Банкі қызметіне тексеру жүзеге асырылады.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталарының қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма - қол ақшаның инкасациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламетінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін аныұтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.Қолма-қол ақшаның айналымы,олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгереді. Екіші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия-бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.
Колма-қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша монеталардың өосымша шығарылуын сипаттайды. Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялауының негізгі себептерінің бірі-кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырылысулардың біртіндеп қолма-қол сеп айырылысуларға ауысуы, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асасады. Банктердегі депозитттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдрған кезде несие ақшалар құрылады.
Ақша базасы-бұл Ұлттық банкі шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және орталық резервтер жатады. Міндетті резервтер- бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі Ұлттық банкінің келісімі бойнша тек қана қаржылық тқрақты банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдіс деп аталады.
Арттық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері.банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша -несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликатрорының мөлшеріне әсер етеді.Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, міндетті резрвтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды және айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

1.2 Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі, соңғы сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экоиомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жогарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жагдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық ақша - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен белінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларга сәйкес жүргізілетіп операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа иесиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі иесиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді ин-кассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-иесиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу жэне аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылган ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.
Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің ең басты мақсаты- экономиканы төлем құралдармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалнына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-несие құлардарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу қызметін көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне -шаруашылық субьектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкі де соны жасайды, Оның клиенттері -коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Сондықтан Ұлттық банкіні "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинқ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап,оларға қарыздар береді. Ұлттық банкі де және жинақ мекемелерінен салымарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк "банктердің банкі" қызметін атқару үшін:
-Коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
-Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
-Жалпы ұлттыұ ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
-Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық банкінің маңызды қызметі- банктердің, жинақ және т.б несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және Қазақстн Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіге сақтаулары тиіс, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық банк - коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық - несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді соңғы сатыдағы несие беруші деп атайды. Олар - коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер беріледі. Несиелер сауда вексельдерімен, мемлекеттін бағалы қағаздармен , немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстн Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында, аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Аукциондық несиелерді енгізу 1993 жылдың аяғында көп қолданатын дерективті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік береді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді. Кейіннен ауылшаруашылығы энергетика сияқты бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукционда іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілінеген орталықтандырылған несиелері бойынша шартарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық несиелер - жұмыс істеп тұрған банк аралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша - несие саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық несие беру, тек қана массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі.Ломбардтық несиелер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердң резиденттерімен тарта алады. Ломбардтық несиелер бойынша мөлшшерлемелер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, банкаралық нарық мөлшерлемесінен төмен болмайды.
РЕПО операциясы - екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімінде РЕПО ашу Ұлттық банк бастапқы дилерге тек арнайы лицензиясы бар банктер бастапқы дилер бола алады,бағалы қағаздарды сатады., бір уақытты Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөлімдегі РЕПО жабу қатысушыларға ол бағалық қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарын айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы - дилер РЕПО - ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелер немесе банктердің артық өтімділігі қаражаттардың алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет болған жағдайда) үшін қолданылады. Ұлттық банк банкаралық қолма - қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалақтық шаруашылықтың есепайырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
oo қолма - қолсыз және қолма - қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
oo бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай әдістемелік негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
oo есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру;
Елімізде қолма - қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі- коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі- Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп айырысулар.
Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспонденттерімен тікелей есеп айырысу үшін LORO - NOSTRO орталықтандырылмаған корреспонденттік шоттары бойынша - коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.
Ұлттық банкпен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассалық орталығы (ЕКО) клинингтік (қарама-қарсы талаптардың өзара есептеленуі) режимде ашылған бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкаралық есеп мөлшері міндетті қорлар нормативіне сәйкес келу керек. АҚШ - та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер соммасын реттеу арқылы жүзеге асырады. Оларда коммерциялық банктер корреспонденттік шоттарды ашпайды.
1988 жылы жүйені қайта ұйымдастыру алдында банктік мекемелер арасында бір банктің - КСРО мемлекеттік банктің филиал аралық айналымдар (ФАА) жүйесі арқылы жасалынатын ақша қаражаттары, КСРО мемлекеттік банкінің бір мекемесінен екінші мекемесіне клиенттерді есеп айырысу құжаттары негізінде ауыстырылды. Жасалған аудару операциялары тармақты есептеу аралықтарымен тексерілетін болған. Олар біртармақты мемлекеттік банктік мекемелері арасында жүргізілген есеп айырысуларды әртүрлі тармақтардың арасында жүргізілген, есеп айырысуларды, әртүрлі тармақтардың мекемелерінің ағысындағы есеп айырысуларды КСРО мемлекеттік банкінің бас есептеу орталығы (БЕО) реттейді.
КСРО мемлекеттік банк халықшаруашылығындағы есеп айырысулардың жетекшісі - КСРО мемлекеттік банкінің барлық мекемелері қатаң ұстанатын бірыңғай әдісьемесі әрекет етті.
1988 жылдан кейін арнайы банктер пайда болған кезде ФАА арқылы есеп айырысу тәртібі негізінен сақталды. Банктің бір мекемесінен екінші мекемесіне қаражаттар ведомстволық бағыныштылыққа байланыссыз орындалды. ФАА бақылау банкілік мекемесінің белгілі бір арнайы банкіге бағыныштылығына байланыссыз жүргізілді. Сәйкесінше есеп айырысулардың бір орталықтан орталықтандырылған реттеуі жойылды. Филиал аралық есеп айырысуларды КСРО мемлекеттік банкімен бірдей негізде жинақ банктері басқарды. Клиенттермен жасалатын операциялармен өзіндік баланстарына бейнелейтін арнайы банктердің ФАА жүйесіне автоматты қосылуы басқа банктің балансынд ескерілетін қаражаттарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етті . Осындай нақты ақша қаражаттардың қозғалысы бейнеленбейтін формалды бухгалтерліу жазу жасалады. Мысалы, коммерциялық банкіде Несиелік ресурстарды реттеу қорына арнайы банктердің аударған қаражаттары 816 шоттың дебетінде, ФААшотының кредитінде , орталық банкте : ФАА шотының дебетінде банктік жүйесінің несиелік ресурстарын реттеу қоры 815 шоттың кредитінде көрсетіледі.
ФАА шоттар жүйесінің көмегімен банктер арасындағы есеп айырысулардың формалдығы, олардың депозиттердіңэкспансиясын кедергісіз өндіруге инфляцияның тереңдеуіне мүмкіндік туғызады.
Республикамызда банктік реформаның жүзеге асырылуы барысында есеп айырысудың бұл тәртібі өзгертілді.
Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, Республиканың бүкіл аумағында есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді КУБАЖ автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.
Ірі және ұсақ соммалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс - есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді. Бұл банкаралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары, Алматылық клирингтік палатасы болып табылады.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банктерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуде мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас кореспонденттік шоттық өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезекңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңінде - республика деңгейінде өту қарастырылған.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүйесінің қалыптасуы және оның функциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекетін орталық банкі, банк жүйесінің жоғарғы деңгейі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі міндеті Республиканың ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету, банк кредитторлары мен салымшыларының мүдделерін қоғау болып табылады. Ұлттық банк сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар элитентті болып табылады, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарыздарына қызымет корсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валютасымен сатып алу стау және ауыстыру операцияларын жүргізетін коммерциялық банктер мен ұйымдарының қызыметіне қадағалауды жүзеге асырады және банктер қызыметін реттейтін пруденциалды нормотивтер белгілейді, яғни Ұлттық банк ақша-кредит саласынан қызымет істеуіне толық жауапкершілік жүктейді және басқа елдерден орталық банктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі қалыптасуы
Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі
Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарауды жетілдіру
Еуразиялық банк АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау
Банк операцияларын лицензиялау
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер