Шет тілі сабақтарында ертегілер оқытуда қолданылатын тиімді әдістер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Матайбай Маржан
ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
Алматы, 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының
меңгерушісі
Е. Қ. Нұрланбекова
«» 2018
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
5B011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Орындаған
409 топ Матайбай Маржан
Ғылыми жетекші
магистр аға оқытушы Б. Қ. Қошқарбаева
Алматы, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР ҚОЛДАНА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 1 Шет тілін меңгерту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым . . . 6
1. 2 Шет тілі сабақтарында ертегілер оқытуда қолданылатын
тиімді әдістер . . . 15
1. 3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы жұмбақтар қолдану туралы көзқарасқа сүйеніп жіктелген әдістер . . . 22
1. 4 Шет тілін оқытудада ертегілер мен жұмбақтар қолдана оқытудың тиімділігі . . . 29
2. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Ертегілер мен жұмбақтар арқылы оқытуда ойын әдісін қолдану . . . 34
2. 2 Шет тілі сабақтарында ағылшын тілін ертегілер арқылы
меңгерту сабақтарының нұсқалары . . . 43
2. 3 Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен
жұмыс жасаудың тиімді әдістері . . . 56
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қосымша . . . 71
Кіріспе
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген оқушылар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: Қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мектепте оқушылардың жан-жақты дамуы үшін ертегілер мен жұмбақтардың ролі ерекше. Ертегілер - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ертегілерді оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Ұлы оқытушы В. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек оқушылармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ертегілер оқушыларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ертегі Оқушы үшін - нағыз өмірдің жақсы жақтарын әсірелеп көрсететін түрі. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол оқушыларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, Оқушы мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ертегілер оқушылар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, оқушылар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А. С. Макаренко ойынның оқушылар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де оқытушы ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Өзектілігі: Шет тілін оқытуда ертегілер мен жұмбақтар шет тіліне бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуын арттыру.
Оқушының өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекетін қалыптастыруда ертегілердің рөлі зор, ал, жұмбақттар балының ьанымы мен ой өрісін кеңітеді. Сондықтан да оның мәні ерекше. Жас Оқушының өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ертегілер мен жұмбақтар тыңдап, жаттаумен қалыптасады.
Зерттеу нысаны: Шет тілін үйрету барысында қолданылатын ертегілер мен жұмбақтар.
Зерттеу пәні: Ертегілер мен жұмбақтар арқылы ағылшын тілін меңгертуді дамыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ертегілер мен жұмбақтар арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.
Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау:
- оқушының өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің е ртегілер мен жұмбақтары арқылы тілдік бірліктермен танысу, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп оқушыларының сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде оқушының өздігінен е ртегілер мен жұмбақтары арқылы шет тілін меңгертудің тиімділігін дәлелдеу;
- е ртегілер мен жұмбақтар және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде арқылы шет тілін меңгертудің тиімді әдістерін қарастыру;
- ағылшын тілінде е ртегілер мен жұмбақтар оқу арқылы сөйлеу мазмұнын түсінуге үйретудің әдістемесін ұсыну;
- жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- е ртегілер мен жұмбақтар арқылы шет тілінде сөйлеу және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамытудың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
- ағылшын халық ертегісінің оқушы тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның оқушыға жақсы әсер ету әдістерін анықтау;
-ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.
Зерттеу көздері: Шет тілін оқытуда оқытудың жаңа технологияларын қалыптастыру мен енгізуге бағытталған, мерзімді басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеу нәтижелері; шет мемлекеттерде (АҚШ, Германия, Канада, Франция, Ресей) білім беру жүйесін ақпараттандырудың, оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың іс-тәжірибелері; зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық және оқытушыикалық әдебиеттер.
Зерттеу әдістері: Қ арастырылып отырған тақырып жөніндегі ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау, оқу үдерісінде Интернет ресурстарды пайдалану кезіндегі оқушылардыңәрекетін сырттан бақылау, оқытушының сабақта әртүрлі ертегілер мен жұмбақарды пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, оқытушыикалық тәжірибе жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқытудың мазмұнына, формасына, әдістеріне қарай ертегілер мен жұмбақтар жүйелі пайдаланудың дидактикалық негіздері анықталып, оқыту үдерісіне енгізілсе, онда оқытудың теориялық және практикалық денгейі жоғарылап, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, , тілді меңгеру белсенділігі артады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- шет тілдік білім беру бағдарламасында тиімді болып саналатын ертегілер мен жұмбақтарды тиімді пайдаланудың теориялық негіздемесі ұсынылды;
- шетел тілін үйретудегіертегілер мен жұмбақтарды тиімді пайдаланудың жүйелі түрде қолданудың жаңа мүмкіндіктері талданды;
- шетел тілі сабағында ертегілер мен жұмбақтарды қолданудың тиімділігін көтеретін әдістердің жаңа нұсқаларын жасауға талпыныс жасалды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары ертегілер мен жұмбақтарды тиімді пайдалануарқылы шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мен Интернет ресурстардың оқыту үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер ертегілер мен жұмбақтарды тиімді шетел тілі сабақтарында, тіл үйрету курстарында оқуды ақпараттандыру мақсатында қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, эксперимент нәтижелері мен қорытындыларын тілдік материалдар болып саналатын: ертегілер мен жұмбақтарды тиімді пайдалануәдістемесін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. А ҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕРТЕГІЛЕР МЕН ЖҰМБАҚТАР ҚОЛДАНА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 1 Шет тілін меңгерту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н. Ә. Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, Ағылшын, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты» [2] . Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды оқушыларын үш тілде оқытуға шақырды.
Шет тілін меңгертуде оқу құралдарының маңыздылығы өте жоғары. Әдістемелік құралдың практикалық пайдалылығы - оқушыларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде оқушылардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.
Әдістемелік құралдың практикалық маңыздылығы оқушылардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектептеұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты - үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5-10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
Тәжірибеде қолданылып жүрген барлық кезеңде тілді үйрету әдістемелері ата-аналарға үйде өз оқушысымен дербес айналысуға көмектеседі.
Заттық-дамытушы орта тілдік кеңістікке ену үшін Кадыргалиева С. И. Есбергенова Г. пікірлері бойынша :
- таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;
- сөздік, үстел үстіндегі баспа ойындары, құралдар, кітаптарды;
- жағдайға байланысты, рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындарды;
- ертегілерді сахналау, тақпақтарды мәнерлеп оқуда оқушылар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер мен [4] .
Мектепте оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте оқушылардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы - отбасының ерекшеліктері ескеріледі [5] .
Верещагина И. Н., Рогова Г. В. Шет тілін оқытудың негізгі тәсілдері:
а) оқушыларға таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;
б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка) ;
в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;
г) жұмбақтар;
д) өз ойын білдіріп, өзін-өзі бағалауды арттырудағы психологиялық кедергілерді болдырмайтын ертегілер мен шағын әдеби шығармаларды драмалау [6, 7] .
Жұмыс ұстанымдары Витлин Ж. Л. еңбегінде көрсетілген еді :
1. Мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану, ауызша және материалдық.
2. Оқушының тілдік қабілетін арттыратын оқытушы пен оқушылар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.
3. оқыту үдерісінде оқытушытің сөйлеу тілінің оқушының жаңа үйреніп жатқан тілде 90% болуы.
4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды арттырып, біртіндеп бекіте отырып 3 сөзден бастау. Соңында күнделікті өмірде жинақталған сөздік қорын арттыру.
5. Оқушылардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.
6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.
7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.
8. Оқытушының сұрақтары мен бұйрықтарына әсерінің жылдамдығын дамытады [8, 12] .
Қарым-қатынас адамның көңіл күйі мен эмоционалдық күйін анықтауға, өзінің ішкі дүниесін түсіну тәсілдерімен өзін-өзі нормаларын меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы оқушыларға айналасындағы адамдардың тілдеріне сын көзбен бағалау қарым-қатынасы мен өз ойының нақтылығын қадағалау қабілеттерін дамыту тән. Бұл оқушылар сөздердің дыбысталуы мен мағынасына, оның дыбыстық түріне, тілдегі сөздердің тіркестері мен қабысуларын қызығушылықпен таниды.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектептеересек жастағы оқушылардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Оқушылар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Оқушылардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.
Әңгімелесу барысында (оқытушының көмегімен) қойылған сұрақтың сипатына қарай сөйлем түрлерін қолданады. Ересектер мен құрбыларына өтініш, алғыс, реніш, шағым түріндегі сыпайы қарым-қатынас үлгілерін үйренеді. Өзінің және құрбыларының тіліндегі қателер мен олқылықтарды анықтап, оларды түзей алады.
Зимняя И. А., Сахарова Т. Е. өз еңбектерінде оқушылар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек деп тұжырымдаған [9, 17] .
Оқушылар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т. б. ) .
Оқушылар сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.
Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру оқушыларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді. Түрлі мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі заттар мен еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек іс-әрекеттері және олардың орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.
Мектепте оқушылар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.
Ертегі, жұмбақ, өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында оқушылар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен оқушылар өзіне туған емес (орыс және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.
Оқушылар алдына қойылған коммуникативтік жағдайға байланысты білімдік және тұрмыстық әрекеттерді айқындайтын тіл материалының әдістемелік құралына орай, алдын ала дайындықсыз ойындағысын жеткізуі тиіс.
Өзінің пікірін айтуда тілдік тұрғыдан дұрыс рәсімделген, мөлшері 3 сөз тіркесінен кем болмауы тиіс. Пікір айту сипаттамадан (сурет, бұйым, ертегілер кейіпкерлерінің әлпеті және т. б. ), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т. б. ) тұруы мүмкін.
Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс [10] .
«Тілдің үш тұғырлығының дамуы» курсының аяқталуымен оқушылар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген тыңдалым машықтарын меңгеруі керек, берілген тақырып бойынша айқын сөйлеу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.
5-6 сөйлемнен құралған заттарды сипаттайтын шағын ертегілер, жеке тәжірибеден оқиғалар құрастыру; әдеби шығармалардан түсінгенін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық ертегілер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру. Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту барлық салаларда жүзеге асады, бірақ мектепте басты оқытудың түрі оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқыту қызметі болып табылады. «Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т. с. с. тарауының процессі ретінде белгіленеді. Осы кезеңде, мектептежаста, байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады. Оқытылудағы тілдердің дұрыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасы, яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының айырықша мәнділігі бар. Көптілде айтылуын қалыптастыруға фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.
Сараланған дыбысты қабылдау қабілеті акустикалық және артикуляциялық дағдыларды дамыту барысында қалыптасады. Ағылшын, орыс, ағылшын тілінде дыбыс шығару біртіндеп қалыптасады. Олар 3 кезең арқылы өтеді:
1) артикуляциялық аппаратты дайындау;
2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;
3) буындарда, сөздерде және фразалық сөйлеуде буындарды бекіту [11] .
Бірінші кезең сөйлеу аппаратын артикуляциялық қимылдарға дайындауға бағытталған. Бұл шараны арнайы дыбыстық сөйлеу мәдениетін және Ағылшын, ағылшын тілінде сөйлеуді оқыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асыру қажет. Күнделікті тәртіптік сәт уақытында, таңғы гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін жаттығулар орындауға болады. Дыбысты зерттеу үдерісінің құрылымы фонетикалық қабілетін дамыту әдістемеге кірістірілген «Қатынас» білім саласында ана тілінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелік құралында толық сипатталған.
Барлық оқушылар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар игерілетін белгілі рецептивті лексиканың көлемі: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтіндерде кездесетін лексика.
Жаңа сөздерді саралап айтуды жөндеу, тек таза сөйлеу және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады. Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т. б. ) . Тыныс гимнастикасы әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Оқушылар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, шарларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жібереді және т. б.
Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:
- оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;
- оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;
- қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;
- мектепте оқушыларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет [8] .
Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz