Бағаның экономикалық функциялары


Мазмұны
- Қазіргі заманғы баға қалыптасуының теориялық негіздемесі
- Бағаның экономикалық функциялары
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан күрделі экономикалық қайта құру жолына түсіп, нарықтық қатынасқа, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру есебінен әр қилы меншік түрлеріне көшті. Жаңа жағдайда өндірістің жандануына көптеген факторлар өз әсерін тигізеді.
Баға теориясы мен оларды қалыптастыру практикасы кез келген шаруашылықты жүргізудің басты тетіктері болып табылады. Экономика тұрғысынан алсақ, баға ең алғашқы құн категориясы болып табылады. Экономика өзіндік ерекшелігі бар байланыстар жүйесі ретінде тауарларды тікелей айырбастау актісі, тауар құнының тауарлық және ақшалай көрінісі түрінде пайда болады.
Бағаны анықтау тәсілі нарықтың табиғатын және тұтастай экономикалық жүйені сипаттайды. Баға өндірістің тұтастай құрылымын анықтап, материалдық және ақшалай ағынның қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, халықтың әл-әуқатының деңгейіне әсер етеді.
Баға белгілеу процесіне үкіметпен қатар әр түрлі қаржылық жағдай да көп әсерін тигізеді.
Елдегі ақша айналысы жағдайының да, кредиттік сектордың жұмыс істеу сипатының да мәні бар. Сонымен қатар, баға нарықтық экономика жағдайында экономикалық тұрғыдан басқарудың тұтқасы ретінде кредит, кеден, эмиссия, сыртқы сауда және салық саясаттары, сондай-ақ еңбекақы және табысты бөлу жүйелері үйлескенде әрі халық әлеуметтік жағынан қорғалған жағдайда өз функциясын тиімді және сәтті жүзеге асырды.
Баға белгілеу жүйесі ғылыми-техниқалық прогресті ынталандыруы тиіс әрі ресурстың үнемделуіне және экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуына ықпал етуі қажет. Баға адамның қажеттілігін ескеріп, олардың тұрмыс деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіндей болуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында баға белгіленген кезде меншік түрлерінде орын алған өзгерістер де, тауар-ақша қатынасының одан ары қалай дамитыны да, сондай-ақ ішкі нарықтың қандай жолмен қалыптасатыны да назардан тыс қалмауы керек.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өнімінің бағасын қалыптастырудың пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың тәуекелділігін талдау және бағалау мәселелерін Қазақстан республикасында көптеген ғалымдар мен экономистер қарстырп зерттеп жүр, мысалыға, олар Абдушев Б. М., Абулгазин Д., Баишев Б., Балахматова Г., Джаналеева А., Калдияров Д. , Сулейменов Д., Тургулова А. К және т. б. атап айтуға болады
Осы жоғарыдағы айтылған ойлар мен тұжырымдар жиынтығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтап берді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты -қазіргі заманда баға нарығының жұмыс істеуін және баға қалыптасу үрдісіне кездесетін проблемаларды, нақты кәсіпорын мысалында қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қарастырылған:
- кәсіпорын өнімінің бағасын нарық жағдайындадағы қалыптастырудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан қарастыру және ашу; баға қалыптастыру үрдісін нақты кәсіпорын «Апрель» ЖШС мысалында қарастыру; кәсіпорын өнімінің бағасын қалыптастыру факторларын ұтымды пайдалану мен нарықтық жағдайда тиімді баға қалыптастыру проблемаларын шешу жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - кәсіпорынның өнімінің бағасын қалыптастыру тетіктері мен үрділері.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. «Апрель» ЖШС.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі және әдістемелік базасы ретінде зерттеліп отырған тақырып аясындағы отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының нормативтік құқықтық базасын заңды және нормативті актілер, мемлекеттік бағдарламалар алынды.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы ретінде ҚР Үкіметінің және президентінің жарлықтары, ҚР заңдары мен нормативті актілері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министірлігінің мәліметтері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы қазіргі заманғы баға қалыптасуының категориясы мен функциялары, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, «Апрель» ШШС мысалында кәсіпорынның баға саясатын жетілдіруде оны бақылауда компьютерлік бағдарлама енгізу туралы ұсыныстар жасалды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: диссертациялық жұмыста құрылған теориялық ұсыныс, нұсқаулар мен қорытындылар «Апрель» ШЖС-не енгізілді. Сондай-ақ басқа кәсіпорындарға ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар диссертациялық жұмыста қарастырылған теориялық материалдарды экономикалық мамандық пәндерін оқыту барысында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу актісіне сәйкес «Апрель» ЖШС-не енгізілген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі көрсетілген, мақсаты мен міндеттері құрастырылған, жаңалықтың мәні ашылып, зерттеудің пәні көрсетілген.
Бірінші бөлім «Қазіргі заманғы баға қалыптасуының теориялық негіздемесі» деп аталады. Мұнда баға тетігі, баға белгілеу, баға саясаты жайлы толық қанды мағлұматтар кіріктірілген.
«Апрель» ЖШС кәсіпкерлігінің экономикалық жағдайын талдау» деп аталатын екінші тарауда кәсіпорынға жалпы мағлұмат беріліп, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін және қаржылық нәтижелерін жетілдіруін талдау жасаған.
Үшінші бөлім «Нарық жағдайындағы кәсіпорынның баға саясатын жежетілдіру жолдары» деп аталады. Бұл бөлімде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда кәсіпорынның баға саясаты туралы айтылып, өнімнің өзіндік құнынан төмен баға бойынша тауарлы өнім құрылымы жайлы нұсқаулар жасалды.
Жалпы дипломдық жұмыстың орындалуы мен оны зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттерінің орындалуы туралы тұжырымдамалар мен ұсыныстар қорытындыда толығымен түсіндіріліп көрсетілген.
1. Қазіргі заманғы баға қалыптасуының теориялық негіздемесі
1. 1 Баға экономикалық категория ретінде
Баға - күрделі экономикалық категория. Ол арқылы коғамдық негізгі қатынастардың барысын, өндірістің жағдайын, тауарлардың қалай өтіп жатқанын және олардың құнының қалыптасуын қадағалауға болады. Баға барлық әлеуметтік-экономикалық саясаттың айнасы болып табылады. Оның микро және макроэкономикалық мәні баға белгілеудің тұжырымдамасына тәуелді емес, ол өнімдердің нарықтағы айналасының және өндірістің объективті жағдайымен анықталады.
Баға тетігі, баға белгілеу, баға саясаты - өте күрделі әрі өте нәзік құрал. Сол себепті де біз баға белгілеуді зерттеп-тануды баға теориясына қатысты мәселелерден бастаймыз.
Баға теориясының басты постулаты бағаның түбегейлі негізіне қатысты көзқараспен байланысты. Экономистер мұндай негіз ретінде құнды, мейлінше пайдалы жақты, өндіріс факторларының өзара әрекетін бөліп көрсетеді. Алайда, экономика ғылымында екі теория кеңінен мәлім.
Біріншісі - бағаның негізіне құнды жатқызатын маркстік теория, екіншісі - бағаның негізі ретінде тауардың пайдалылығын қарастыратын австриялық теория.
Бағаның құндық теориясының шығуы экономикалық теорияның негізін қалаған А. Смиттің, Д. Рикардоның, К. Маркстің және т. б. есімдермен байланыстырылады. Бұл теорияға сәйкес тауардың құны тауарда заттандырылған еңбекті білдіреді. Осыған орай, тауардың құны тауарды өндіруге қажетті еңбек мөлшерімен анықталады. Ал, еңбек мөлшері өз негізінде нақты тауарды дайындауға жұмсалатын жұмыс уақытымен өлшенеді. Бұдан шығатын қорытынды: баға тауар өндірісіне қатысты қоғамдық еңбектің шығынын көрсетуі тиіс. Еңбек екі түрлі сипатқа (нақты және абстрактілі) ие: еңбек нәтижесінің заттық көрінісі ретіндегі тұтыну кұнын және абстрактілі еңбектің тауарға енгізілген көрінісі ретіндегі құнын қалыптастырады.
Абстрактілі еңбек сапасы жағынан бір текті болғандықтан, теориялық тұрғыдан тек сандық жағынан ғана бағалануы мүмкін. Алайда, әлемдік тәжірибеде де еңбек шығынын адам энергиясының шығысы ретінде объективті тұрғыдан өлшейтін әмбебап өлшеуіш әлі жасала қойған жоқ. Сол себепті де тауар өндірісіндегі еңбек шығынын жұмыс уақытымен өлшеу әдетке айналды. Құнның шамасы және осыған орай, баға тауардың бағасын жұмыс уақытымен анықтау мүмкін болмаса да, қоғамдық қажетті жұмыс уақытының шығынымен анықталады.
Құн сан және сапа жағынан сипатталады. Бірінші жағдайда ол тұтыну құнын - тауарды (белгілі бір қажеттілікті канағаттандыратын оның қабілетін) қалыптастыратын еңбектің тауардағы мөлшерімен анықталады. Құнның сапалық жағы тауарды бір-бірімен айырбастайтын адамдардың арасындағы өндірістік қатынастың көрінісі болып табылады. Яғни, осыған орай, кұн өзге өнімге айырбастауға жарамды еңбек өніміне ие болады. Айырбастау процесі өнімді тауарға, ал оның тұтыну құнын айырбасқа айналдырады. Түрлі тауарларды айырбастауға кажетті арақатынас айырбас құнын білдіреді.
Әдетте әрбір тауар түрлі тауарларды айырбастауға қажетті құрал ретінде қызмет ететін осындай тауарға, яғни ақшаға айырбасталады. Осыған орай, баға сатып алынған тауарды меншік ретінде иеленуге мүмкіндік беретін ақшаның белгілі бір мөлшерін көрсетеді.
Құн теориясына сәйкес құн өндірісінде болған өзгерістер шеңберінде соңғысын қалыптастыратын негізгі сала қоғамдық өндіріс болып табылады.
К. Маркс «қоғамдық кажетті еңбек шығыны» ұғымын енгізді. Ол бұл ұғымды баға белгілеудің негізгі өзегі деп есептеді.
К. Маркс қоғамдық кажеттілік деп, сол сәттегі қалыпты өндіріс жағдайында және қоғамдағы жұмысшылардың біліктілігі мен еңбек өнімділігінің орташа деңгейінде қандай да бір тұтыну құнын дайындауды кажет ететін шығынды түсінді.
Қоғамдық қажетті еңбек шығыны бұл арада, бір жағынан, қандай да бір өнімнің массасын өндіруге кеткен жиынтық еңбек шығыны ретінде, екінші жағынан - осы тұтыну құнының өнім бірлігіне кеткен еңбек шығынының белгілі бір шамасы ретінде қарастырылады. Қандай да бір өнімді өндіруге кеткен қоғамға қажетті еңбек шығыны осы өнім түріне қатысты коғамдық қажеттілікті қанағаттандыру шегінде жұмсалатын шығынды білдіреді. Қандай да бір өнімді қоғамның қажеттілігінен артық өндіруге кеткен еңбек (мысалы, өнім өтпей қалған жағдайда), қоғамдық қажетті шығынды анықтау барысында арта қоймайды. Бұл зая кеткен еңбек. Керісінше, қоғамдық кажеттілікпен салыстырғанда өнім жеткіліксіз өндірілсе, қоғамдық қажетті шығынға нақты жүзеге асырылған шығын ғана емес, сонымен бірге қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін қосымша жүзеге асырылуы тиіс шығын да кіреді.
К. Маркстің теориясына сәйкес тауар өндірісіне кететін қоғамға қажетті еңбек шығыны өткен шақтағы және нақты еңбек шығынынан қалыптасады. Осылайша, тауардық кұнына өндірістің тұтынылған құралдарының құны және нақты еңбектен пайда болатын кұн кіреді. Соңғысы қажетті әрі қосымша өнімнің құнын қамтиды.
Баға белгілеудің мұндай үлгісі тауар түрлеріне қатысты қоғамдық қажеттілікті анықтаумен, тауар ұсынысын орталықтандыру арқылы қоғамдық өндірісте үйлесімділікті белгілеумен, нормативтік еңбек шығыны негізіндегі тауардың өзіндік құнының калькуляциясымен байланысты.
Баға белгілеудің осы үлгісінің негізгі бір кемшілігі - тауардың сұранысы мен ұсынысының мәні (нарық конъюнктурасы) жете бағаланбайды.
Баға мен баға белгілеудің маржиналдық теориясында іске асатын австриялық тұжырымдамаға сәйкес тауардың бағасы көбінесе өндірушінің шығынына емес, осындай шығынның пайдалылығын сатып алушының қалай бағалайтынына байланысты.
Пайдалылық категориясы қандай да бір нақты тауарды тұтынушының артық көруін, қалауын білдіреді. Мұнда пайдалылықтың мөлшері үлкен сұранысқа ие болған тауардың қосымша шығарылымымен анықталады. Алайда, тауардың пайдалылығын сан жағынан анықтау мүмкін емес.
Шекті пайдалылық теориясын жақтайтындар уақыт өте келе өз жұмыстарында тауарлардың баға динамикасына қарай өзара айырбасталу проблемасына назар аудару арқылы пайдалылықты сан жағынан өлшеудің мүмкін еместігіне көз жеткізді.
Нарықтық баға белгілеу теориясына қатысты барлық әзірлеменің ішінде ағылшын экономисі А. Маршалдың еңбегі айрықша көңіл бөлуге тұратын еңбек. Ол өндіріс шығыны теориясына және шекті пайдалылық теориясының жекелеген ережесіне сүйене отырып, нарықтық бағаның табиғатын түсіндіріп берді. А. Маршалдың пікірінше тұтынушы төлеуі тиіс баға тауардың қаншалықты пайдалы болуымен анықталады. Екінші жағынан, өндірушінің өзі белгілейтін баға өндіріс шығынынан төмен болмайды.
А. Маршалдың негізгі идеясы құн теориясымен қатар жан-жақты баға теориясын құру үшін құн проблемасы бойымша дискуссияға көп баратын әрі абстрактілі құрылымдарды көлденең тартатын батыс экономистерінің зерттеулерін сұраныс пен ұсыныстың нарықтық категорияларының қалыптасуы мен өзара әрекетінің заңдылығын талдауға қарай бағдарлау қажеттігін негіздеуден тұрады.
А. Маршалл шектелмеген бәсекелестік (жетілген, ашық) жағдайында тауарлар бағасының қалыптасуына сұраныс пен ұсыныс арақатынасы әсерінің қарапайым тетігін анықтады.
Сұраныс пен ұсыныс бағамен былайша байланысады: сұраныс баға кұлдыраған кезде, әдетте, артады, ал баға өскенде кемиді, ұсыныс динамикасы көбінесе баға динамикасымен сәйкес келеді. Сол себепті тепе-теңдік бағасы деп аталатын тұрақты баға сұраныс ұсыныспен теңескен тұста, яғни сұраныс, ұсыныс және баға функционалдық-статистиқалық жағынан бір-бірімен байланысты үш шаманың өзгеруіне түркі болатын ішкі ахуал пайда болмайтын жағдайда белгіленеді.
А. Маршалл сұраныс пен ұсыныстың және бағаның қалыптасу заңдылығын талдай отырып, батыстың экономикалық ғылымында нық орын алған бірқатар тың тәсілдемелерді ойлап тауып, жаңа ұғымдар мен категорияларды қолданысқа енгізді. Ол ең алдымен баға талдауына уақыт факторын енгізу кажеттілігін алға тартты. А. Маршалл мұнда өндіріс шығыны мен баға арасындағы әр түрлі өзара байланыстың уақыты жағынан қандай сипатқа ие екендігін қысқа мерзімді ме, әлде, ұзақ мерзімді анықтап алуды ұсынды, өйткені ол көп сауалдың жауабы осыған барып тірелетінін әрі оны талдаудың негізіне айналдыру кажеттілігін ескерген болатын. А. Маршалдың кеңінен танылған әрі батыс экономика ғылымында өріс алған басқа да жаңалықтары бар. Солардың арасынан сұраныс пен ұсыныстың баға бойынша икемділігіне қатысты идеясын айрықша атап, айта кеткен жөн.
А. Маршалл ұсынған баға теориясы өзінің одан арғы дамуында «микроэкономика» деген атауға ие болған экономикалық ғылымның бір бөлігіне айналды әрі жекелеген кәсіпорындар мен фирмалар, тұтынушылар субъектілері деңгейінде нарықтық заңдылықты талдауға арналды.
Осылайша, тарихи аспектіде қарастырылған теориялар бір проблема төңірегіндегі бір-біріне қайшы әрі бір-бірін жоққа шығаратын екі шешім ретінде қарама-қарсы мәнге ие: 30 түрлі мақсатта қолданылатын тауарлар неге олардың бағалары арақатынасында көрінетін белгілі бір пропорцияда айырбасталады? Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылар маркстік саяси экономикаға мән берген емес. Екінші жағынан, марксистер маржиналдық талдауды мойындамайды.
Бүгінгі таңда сипатталған құн теориясының құрылымы баға теориясының, яғни бағаны баға белгілеуші факторлары кешенінің функционалдық өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыратын теорияның құрылымына тәуелді. Батыстың экономикалық теориясында пайдаланылатын осы заманғы баға формуласы ең қарапайым, жеңілдетілген түрінде былай айтылған: «Жетілген бәсекелестік жағдайында тепе-теңдік бағасы, бір жағынан, шекті пайдалылықпен, екінші жағынан, өз кезегінде өндірістік факторлардың өнімділік функциясын шекті өсірумен анықталатын шекті шығындармен теңеседі».
Формуланың осы ұсынған мазмұнды жағы ең алдымен тепе-теңдік бағасының қисық сұраныс пен ұсыныстың қиылысқан нүктесінде болатынын білдіреді. Өйткені шекті пайдалылықтың өзгеруі қисық сұраныс өзгерісінде шешуші фактор ретінде, ал шекті шығынның өзгеруі қисық ұсыныс өзгерісінде шешуші фактор ретінде қарастырылады.
Баға негізінде кұнды (еңбек шығынын) немесе тұтыну құнын (оның нәтижесін) жатқызатын экономика ғылымының алдында тұрған проблеманы шешумен айналысатын ғалым-экономистердің зерттеулері ішінде ресейлік ғалым Е. Пуниннің еңбегі айрықша назар аударуға тұратын еңбек болып табылады. Ол «Маркетинг, менеджмент және кәсіпорында баға белгілеу» деп аталатын өзінің монографиясында екі теорияның бір-бірін жоққа шығармайтыны, қайта, бір-бірін толықтыратыны жөніндегі гипотезаны алға тартты. Бұл ойды негіздеу үшін осы екі мектептің тұжырымдамасынан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тәжірибемен расталған ғылыми негізі бар теориялық ережені бөліп көрсету қажет.
Еңбек құны жөніндегі теория шекті пайдалылық теориясы секілді баға табиғатын бір жақты қарастырды, яғни құбылыстың сандық және сапалық жағына назар салған жоқ. Олардың айтуынша, баға - бұл өндіріс шығыны, басқасы - бұл заттың субъективті пайдалылығы.
Алайда, өткен ғасырдың өзінде К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбекті, тауарды және бағаны талдаудың бастапқы кезеңінде тұрып, былай деп кеткен болатын: тауардың кұнын оны өндіруге кеткен еңбекке байланысты жеткілікті анықтау мүмкін емес, өйткені еңбек шығыны оның нәтижесін, яғни өнімнің тұтыну құнын толық сипаттай алмайды. Алайда, талдаудың абстрактілі деңгейінде бағаның осы екі ұшты табиғаты толық ашыла қойған жоқ, өйткені оны ашу үшін нақты тауар бағасының қалай қалыптасатынын зерттеу керек немесе микроталдау қажет.
Бағаның екі ұшты табиғатын дәледеу үшін кез келген нақты тауар өндірісінің негізінде жататын объективті экономикалық заңдарға жүгіну кажет. Бұл ең алдымен құн заңы және тұтыну кұнының заңы.
Құн заңы - бұл шығын динамикасының кему көрінісі, яғни уақытты үнемдеу заңы. К. Маркс осы заңның мәнін былайша ашып көрсетеді: «Жеке индивид үшін де, қоғам үшін де оның жан-жақты дамуы, оны тұтыну және оның қызметі уақытты үнемдеумен байланысты».
Тұтыну құнының заңы - адамның еңбек ету процесінде тұтыну құнының өзгеруін білдіреді, басқаша айтқанда, өндіруші күштің дамуы еңбек нәтижесінің пайдалылығын арттырады, жұмыс уақыты шығынының бірлігіне шаққанда тұтыну құнының өсуіне септігін тигізеді.
Осы екі объективті заңның әрекеті баға белгілеу процесінің негізі болып табылады. Нақты тауар бағасының негізінде құнның және тұтыну құнының диалектиқалық бірлігі жатады.
Баға белгілеуші факторлардың қатарына бағаның өз базасынан қосымша ауытқуын анықтайтын басқа да факторлар кіреді. Бұл сұраныс пен ұсыныс заңы, ақша айналысының заңы, нарықты монополиялау жөніндегі заң және т. б. Осыған орай, нақты тауардың бағасын казіргі уақыттағы баға белгілеуші факторлар жүйесінің ақшалай көрініс ретінде анықтауға болады.
1. 2 Бағаның экономикалық функциялары
Баға функциясы дегеніміз не? Функция осы қатынас жүйесінде қандай да бір объектіге тән өзгешеліктің сырттай көрінуі болып табылады. Функция экономикалық категорияның ішкі терең мәнін нақты өмірде жүзеге асыру тәсілі.
Баға функциясы оның ішкі мазмұнының сырттай көрінісі болып табылады. Баға функцияларына әрбір нақты бағаға тән нәрселер ғана жатқызылуы мүмкін. Бағаның бес функциясын бөліп көрсетуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz