XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, аналитикалық тәсіл

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3-4

I ТАРАУ. СӨЗЖАСАМНЫҢ ТАРАУ БОЛУ МӘСЕЛЕСІ.

1. 1. Сөзжасамның тілдің жеке бір саласы ретінде қарастырылуы . . . 5-7

1. 2Сөзжасамның ішкі заңдылықтары. Аналитикалық тәсілі; зерттелуі . . . 8-28

II ТАРАУ. XYIII ҒАСЫРДЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ СӨЗЖАСАМЫ.

2. 1. XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сипаты . . . 28-37

2. 2. XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы . . . 38-45

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 47-48

КІРІСПЕ.

Зерттеудің өзектілігі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерін нақты іске асыруды жеделдетуді жүзеге асыру мақсатымен қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларын жүйеге келтіруді де көрсетеді.

Қай халықтың болмасын әдеби тілінің тууы және өсіп-өркендеу аса күрделі құбылыс. Қазақ әдебиетінің тарихы да өзінің бүгінгі биігіне, қазіргі өресіне бірер күнде жете салған жоқ . Талай асу, қиялардан, бел-белестерден өтті.

Ғалымдардың пайымдауынша тарихы XYIII ғасырдан басталатын қазақтың төл әдеби тілін тілдік құрылымдық қабаттарға қарай зерделеу барысында сөзжасам жүйесінің тілдің жеке бір саласы ретінде қаралмай, таза грамматикалық тұрғыдан, сөзөзгерім жүйесінде берілгендегібайқалады.

Әрі бұл ретте ғалым Р. Сыздықова, сөзжасам амал-тәсілдердің ішінде синтетикалық тәсілге тоқталып, бір-екі жұрнақты ғана атап көрсетеді.

Осы тұрғыдан келгенде, XYIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөзжасамы, оның ішінде аналитикалық тәсіл деп аталатын зерттеу жұмысымыздың өзектілігі сонда;

Біріншіден, аталған дәуірдегі қазақ әдеби тілінің сөзжасам жүйесінде сөз жасаушы амал-тәсілдердің бәрі дерлік кездесетіндігі көз жеткізілді.

Екіншіден, ғылыми еңбектерде көрсетілгендей сөзжасам амал-тәсілдерді арқылы тек абстракт ұғым атаулары ғана жасалмайтындығына көз жеткізілді.

Үшіншіден, XYIII ғасырдағы сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған сөздердің қолданысы, ерекшелігі байқалды.

Зерттеудің нысаны : XYIII ғасырдағы туындылардағы аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді зерттеп, тілдік бірлік ретінде сөзжасам жүйесінен алатын орнын айқындау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері :Жұмыстың негізгі мақсаты -XYIII

ғасырдағы қазақ әдеби тіліндегі сөздердің аналитикалық тісіл арқылы жасалған сөздерді қазіргі қазақ тіліндегі деректер негізінде зерттеп, олардың сөзжасам жүйесінен алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау, аналитикалық тісілдің басқа тәсілдер сияқты жаңа лексикалық туындылар жасайтын тілдік процессс екендігін, сол тілдік құбылыстың нәтижесі ретінде пайда болған сөздерді қатарын, үлгілерін айқындау.

Осы мақсатты орындау үшін, төмендегі міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалды:

-Сөзжасамның әлеуметтік тіл білімінде, түркітану ғылымында жіне қазақ тіл білімінде зеррттелу деңгейін анықтау.

- Сөзжасамның белгілі бір тәсіл арқылы жасалатындығы, оның ішінде аналитикалық тәсіл және оның жолдарын, зерттелуін, өзіндік ерекшелігін ашу.

- XYIII ғасырдағы сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған сөздерді зерттеу, қолданылу аясындағы ерекшеліктерді айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Аталған кезеңдегі әдеби тілдің стуктуралық құрылымына қазақ тіл білімінде толық зерттеу жасалынбаған еді. Осы тұрғыдан біздің зерттеу жұмысымыздың өзіндік мәні бар.

Зерттеу әдістері. Сөзжасамдық талдаудың аналитикалық тәсілі бойынша және салыстырмалы-тарихи, синхрондық, диахрондық әдістері, ретроспективтік тәсілі қолданылды.

Зерттеу жұмысының материалдары . XYIII ғасырдың өкілдері туындыларының негізінде сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы терілген мысалдар.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Қазақ тіл білімінің сөзжасам саласындағы XYIII қазақ әдеби тілінің сөзжасам жүйесін ғылыми бағытта зерттелу негізін қалайды. Зерттеу жұмысындағы теориялық тұжырымдар, деректерді практикалық тұрғыдан жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы курстарға пайдалануға болады. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», курсына көмекші құрал бола алады.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

- XYIII қазақ әдеби тіліндегі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің негіздерін танытуда тілдің рөлі ерекше;

- XYIII қазақ әдеби тілінің сипатындағы ерекшелік;

- Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған мысалдар.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы . Дипломдық жұмысының тақырыбы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ тіл білімі кафедрасы мәжілісінде мақұлданды (№1 хаттама, 2007 ж. ) .

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

СӨЗЖАСАМНЫҢ ТАРАУ БОЛУ МӘСЕЛЕСІ.

1. 1 Сөзжасамның тарау болу мәселесі

Қазақ тіл білімі ғылымы іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, тілдік құбылыстары айқындалып, толығуда, дамуда. Сондай сараланған салалардың бірі - сөзжасам.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі-күрделі мәселелер жатады.

Ал сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек.

Сөзжасамның жеке сала болып танылуы - ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі.

Негізінен «сөзжасамның» жеке тарау болу мәселесі 1950-1970 жж. ішінде-ақ ғалымдар арасында үлкен пікір-талас тудыра бастады. Оған дәлел - 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінеді, конгресте сөзжасам мәселесіндегі оқулықты жою мақсаты көзделіп, зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылады.

«Сөзжасамның тарау болу мәселесінің зерттелуінің мұндай жоғары дәрежеде көтерілуіне шетел ғалымдары В. Дреспер, Х. Брекла, Д. Кастовский, Л. Липки, Э. Ульямс, Т. Репер, В. Мотш, М. Хаклерлердің ғылыми зерттеулері себеп болды», - деп жазды осы конгреске қатысқан тілшілер Е. А. Земская мен Е. С. Кубрякова /1. 124-125/.

Шын мәнінде дүниежүзілік конгрестің «сөзжасам» мәселесін зерттеуге бетбұруға үлкен ықпалы болды.

Орыс тіл ғылымында сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан өзіндік ерекшелігін ашып, олармен өзара байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардың қатарында лингвист ғалымдар В. В. Виноградов, Л. В. Щерба, В. В. Лопатин, И. С. Улуханов, Г. О. Винокур, Е. С. Кубрякова, Е. А. Земская, А. Н. Тихоновтарды атауға болады.

Мәселен, академик В. В. Виноградов өзінің таңдаулы-еңбегінде былай дейді: «Исследования закономерностей словообразования тюлучает твердую опору в учении об основном словарном фонде и общем словарном о составе языка, об их соотношение и взаимодествий». / 2. 166/.

Ал академик Л. В. Щерба: «Сґзжасамныѕ негізгі мәселесі V сөзді қалай жасау, ал жасалған сөздің ерекшеліктерін (әсіресе семантикалық тұрғыдан анықтау», - дейді.

Ал В. В. Лопатин мен И. С. Улуханов: «Негізгі мәселе сөз қалай жасалады және қалай жасауға болады», - десе, ғалым А. И. Моисеев: «Сөзжасам объектісі тілдегі сөздердің жасалғандығы және тағы да жасала алуы», - деп қорытады.

Тїркі тіл ғылымында «сөзжасам» мәселесін қарастырған ғалымдардың бірі татар тілінің маманы - Ф. А. Ганиев. Ол «сөзжасам» мәселесіне арналған докторлық диссертациясында: «Сөзжасам татар тіл білімінің бір саласы» деген тақырып бөліп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп танып, сөзжасам заңдылықтарын грамматика, оның ішінде морфология саласынан басқа екенін дәлелдеген. Оның бір дәлелі ретінде сөзжасам жұрнақтары санаулы сөздерге ғана жалғанатынын, ал морфология қосымшаларының сөз талғамайтынын келтірген. /З. б/.

«Сөзжасам» мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары А. Байтұрсынов атындағы.

Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Осындай зерттеулердің нәтижесінде 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген монография басылып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыда зерттеудің нәтижесі болды.

Негізінен қазақ тілі ғылымында «сөзжасамға» қатысты мәселелер морфология тарауында грамматикалық тұрғыдан қарастырылып келгендігі белгілі.

Бұл жөнінде ғалым С. Исаев «сөзжасам» белгілі бір сөз табы ыңғайында талданылып, сол сөз табының грамматикалық сипаты ретінде қаралып, баяндалып отырғандығын айтады.

Тілдіѕ морфология саласында сөз таптары жүйесі ғылыми-теориялық тұрғыдан да осылай сипатталып, сөз бойындағы семантикалық сипат та, грамматикалық сипат та, қолданыстық сипат та бір-бірімен араласып арадағы тілдік қабат шекарасы да, олардың мәні де бұзылып, ерекшеліктері сараланбай, айқындалмай бір-бірімен шатасып кеткендігін көрсетеді. /4. 32/.

Сөйтіп бұл - сөз тудыру немесе сөзжасам проблемасынан гөрі жеке сөз табын жасау, яғни грамматикалық топтар тудыру проблемасы болып, соның негізінде лексика-семантикалық сипаттан гөрі, тілдің лексикалык байлығын арттырып, сөздік құрамын жаңа туындылармен толтыратын тілдік процесс.

Семантикалық құбылыс деп танудан гөрі, грамматикалық сипат алып. грамматикалық топтарды (сөз таптарын) байытып, қатарын көбейтетін грамматикалық құбылыстың шеңберінде қаралып отырғандығы байқалады.

Соның нәтижесінде қосымшалар арқылы сөз жасау жекелеген сөз табының құрамында ғана (яғни сөзжасам грамматикалық топ жасау, сөз таптарын жасау, сөйтіп, лексика-семантикалық құбылыс емес, грамматикалық құбылыс ретінде ғана қаралып келді. Тіпті - дейді, - профессор С. Исаев - қосымшалардың өзі сөз табына және оның түріне қарай жіктеліп отырады: есім сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар немесе зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтар, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар, сондай-ақ, есім сөздерден сын есім немесе есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар т. т. Сөйтіп сґзжасам қосымшалары атына лайық жаңа сөздер (лексемалар) жасаудың бір жолының көрсеткіші емес, лексика-семантикалық сипаттағы тілдік құбылыс және соның көрінісі, амалы емес, сөз таптарын туғызатын грамматикалық сипаттағы тілдік құбылыс деп жаңсақ қаралып жүр. Солай дейді де ғалым сөзжасамға мынадай анықтама береді: «Қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер пайда болады. Сөздің пайда болуы мен жасалуының белгілі бір заңдылықтары бар. Тілдің сөздік құрамының дамып, жаңа сөздердің пайда болуын ғылым тілінде сөзжасам деп атайды. /5. 32/.

Ал А. Ысқақов болса «тілдің жүйесіне лайық қалыптасқан белгілі-білгілі тәсілдер бойынша сөз жасау амалдарын, әдетте сөз тудыру тәсілі деп атаймыз»- дейді де, - сөз тудыру дегеніміз - жаңадан сөз жасау заңдары мен ережелердің жиынтығы деген анықтама береді. /6. 172/.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесін зерттеп, бір жүйеге келтіруші ғалым Н. Оралбаева «сөзжасам - өз алдына зерттеу обьектісі бар тіл білімінің жеке саласы», - дейді. /7. 36/.

Олай болса, «сөзжасам» өз алдына мақсат-міндеті бөлек, жаңа зерттеу нысанасы бар тілдің саласы болғандықтан, оның тілдің негізгі бір жеке саласы ретінде қарастырылуы заңдылық. Әрі «сөзжасамда» таза лексикалық мағына, жаңа ұғым, жаңа сөз атауы әңгіме болады, яғни таза лексикалық мәселе сөз болатындығы айқын. Себебі әр түрлі амал-тәсілдер арқылы жаңа ұғым атауы, жаңа сөз пайда болады. Содан соң жеке сөз өзінің дербестігінен ауысып, жалпы грамматикалық мағынаны білдіреді, сөйтіп барып әр сөз табына тән категориялық белгілерді қабылдайды да, қатыстық грамматикалық мағынаны білдіреді.

Сонда сөзжасамды тілдің морфология саласында сөз таптарын жасаушы тәсілдер ретінде қарау заңсыз.

Сөзжасамның басты белгісі - жаңа сөздер (лексикалық туындылар) жасап, сол арқылы тілдің сөздік құрамын байыту, жаңа ұғым атауының толығуы.

1. 2. Сөзжасамның ішкі заңдылықтары. Аналитикалық тәсілі; зерттелуі

Туынды сөздер арқылы тілдің сөздік қоры байып, үнемі толығыпотырады. Көне жазба ескерткіштер тілінің сөздік қоры мен қазіргі түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің сөздік қорының айырмасы жермен көктей. Өйткені әр заманның өз жаңалығы болады. Ол - заттық дүние, ғылым мен техника, сана мен сезім, мәдениет пен әдебиет тағы басқа өмірдің әр саласына қатысты болатын жаңалықтар. Өмірдегі болып жатқан жаңалықтар жаңа ұғым туғызады, олар тілде жаңа сөздер, атаулар арқылы аталады. Кейде өмірдегі жаңалық өз атауымен бірге басқа халықтан келіп, қосылуы да - бар құбылыс. Бірақ ол тілдің сөздік қорының баюының, молығуының негізгі жолы емес.

Тілдің сөздік қорының өсуі тілдің ішкі мүмкіндігіне, туынды сөздің, тілдің ішкі заңдылықтарына байланысты жасалуына негізделеді. Туынды сөз ешқашан тілдің ішкі мүмкіндігіне сүйенбей жасала алмайды /7, 67/.

Тілдің ішкі мүмкіндігіне тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөзжасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары яғни тәсілдері жатады.

Тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтарды туынды сөз жасау үшін қалай, қандай тәртіпте қолданудың жолдары тілде талай заманнан бері өңделіп, бекіп, түрлі заңдылық ретінде қалыптасқан. Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Оқырман, кґрермен, тәлімгер, жулдегер, қаламгер, қатпаршақ, ақта, сынық сияқты туынды сөздер лексикалық мағыналы сөзге -ман, -мен, -гер, -шақ, -та, -ық жұрнақтары жалғану арқылы жасалған. Ал қызыл ала, қиян кескі, отыз екі, алып кел, асықты жілік сияқты күрделі туынды сөздер жоғарыда келтірілген, туынды сөздерден басқа жолмен жасалғаны көрініп тұр. Бұларда екі сөздің тіркесуінен жаңа мағына жасалған. Сол сияқты буын, екпін, туысқан, кіріспе, талдау сияқты термин сөздердің мағынасы олардың тілдегі байырғы мағынасынан мүлдем басқа. Осы сөздердің терминдік мағынасы туынды сөздің мағынасы болып саналады. Бұл туынды сөздер жоғарыда келтірілген туынды сөздерден басқа жолмен жасалған. Бұл сөздердің құрамында сөзжасамдық жұрнақ та жоқ, не оларға басқа сөздер де қосылмаған, бірақ олардың мағынасы өзгерген.

Келтірілген мысалдар тілде туынды сөздің жасалу жолдары түрлі екенін білдіреді. Олар тілдің сөзжасам жүйесінен белгілі орын алады. Сөйтіп, туынды сөздер тілдің сөзжасам жүйесінен заңды құбылыстары ретіндегі тәсілдер арқылы жасалады.

Сонымен туынды сөздердің жасалуы тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер арқылы іске асады. Бұл тілдегі туынды сөздер кездейсоқ, әркім өзінше жасай беретін, бейберекет құбылысқа жатпайтынын білдіреді.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар: а) синтетикалық тәсіл; ә) аналитикалық тәсіл; б) лексика-семантикалық тәсіл /8, 12/.

Қосымшалы тілдерде синтетикалық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады / 9, 110/.

Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екі тілдік бірліктің қатысуы керек: а) лексикалық мағыналы сөз, ә) сөзжасамдық жұрнақ.

Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады.

Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ақыл, ақ, бәле сөздерінің негізінде жасалған. Сондықтан олар негіз сөз деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.

Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі талап оның лексикалық мағынасы болуы шарт. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді /10, 6/.

Мысалы, көгер, үїндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәріңде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі түлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бјрі де - лексикалық

мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болады, онсыз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның құрамындағы негіз сөзге байланысты. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болады.

Сондықтан оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалық тәсілдерге ғана қатысты мәселе емес, ол - жалпы сөзжасамға қатысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын заңдылық.

Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалған туынды сөздің мағына байланыстығы арқылы туынды түбірдің қай сөзбен не арқылы жасалғанын түсіндіруге болады. Мысалы, өнім деген туынды тїбірдің лексикалық мағынасы өну арқылы шыққан заттың аты /11, 88/.

Ал негізгі түбір сөздердің мағынасының неге олай екенін түсіндіру мүмкін емес: күн, ай, көк, жел т. б.

Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.

Негіз сөз дегеніміз - туынды сөзді жасауға негіз болатын лексикалық мағыналы сөз. Мысалы, дәрігер, аңшы, өнерпаз деген туынды түбірлердегі негіз сґздер: дәрі, аң, өнер. Міне, сонда дәрі мен дәрігер, аң мен аңшы, өнер мен өнерпаз деген сөздердің мағынасы байланысты. Өйткені дәрігер деген сөздің жасалуына дәрі деген сөз негіз болған, сондықтан ол дәрігер деген туынды сөздің мағынасына кірген, сол арқылы дәрі мен дәрігер деген сөздің мағыналық байланысы туған. Сол сияқты аң мен аңшы сөзінің мағыналық байланысы аң сөзі арқылы туған. Өнер мен өнерпаз да сол сияқты. Жалпы туынды түбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады /12, 34/.

Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдық ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген толып жатқан туынды түбірлер жатады. Мысалы, "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген.

Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдық ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір үядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ұядағы туынды түбірлердің мағына байланылыстылығын туғызады.

Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті саналуы оның туынды түбірдің лексикалық

мағынасына арқау болуымен байланысты. Туынды түбірлердің құрамында негіз сөздің өзіндік атқаратып қызметі - жаңа лексикалық мағынаға арқау, өзек болу /14, 109/.

Аналитикалық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Бұл тәсіл - басқа тілдердің сөзжасамында кең орын алатын, кең тараған тәсіл. Оны дүние жүзі тілдерінің сөзжасамына ортақ тәсіл деуге де болады.

Өйткені ол түрлі жүйелі тілдерде қолданыла береді. Алайда, оның сөзжасамдық қызметі барлық тілдерде бірдей емес. Мәселен, жапон, қытай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер
Сөзжасам
Сөзжасам ұғымы және оның құралдары туралы
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz