Абайдың өсиет сөздері


«АБАЙ МҰРАСЫ-АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ»
МАЗМҰНЫ
Абай рухани әлемінің кеңістігі . . . 10
Сыдықов Е. Б.
Абай ұлттық мақтанышымыз . . . 12
Еспенбетов А. С.
Қ. М ұхамедханов- абайтанушы . . . 14
Григорьев Е. И.
«Ты в глубину мою взгляни» (Абай) . . . 15
Шаңбай Т. Қ.
Абай және Шәкәрім: даналық сұхбаты . . . 19
Ердембеков Б. А.
Абайдың бір өлеңі жөнінде . . . 21
Әубәкір Ж. М.
Абайдың туған күні хақында . . . 25
АБАЙ ДАНАЛЫҒЫ
Сыдықов Е. Б., Сұлтанов. Ө. С.
Абай мен Әлихан . . . 28
Калимова Ж. Ү.,
Антонимия құбылысы және оның Абай шығармаларындағы көрінісі . . . 32
Жақсыбаева Ф. З. ,
М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы мақтап сөйлеу актілерінің прагматикалық ерекшеліктері . . . 34
Қабышев Т. Б. ,
Абай және Тайыр шығармаларындағы үндестік . . . 36
Аитова Ж. Ж.,
Абай және Әсет . . . 38
Кеңесбаева Ш. С.
Абай және Т. Әміренов . . . 44
Саңқайбаева П. С.
Ұлы ұстаз, ғұламасы халықтың . . . 48
Бибеков Қ. Т.
Абай шығармашылығындағы мәтін түзу мәселесі . . . 51
Оразғалиева Л. М.
М. О. Әуезовтің абайдың тілдік дәстүрі жайлы көзқарасы . . . 54
Шарипова Р. М.
Роль духовного наставника хакима абая в философском становлении Шакарима . . . 57
Түсіпбаева С. Қ.
Абай өлеңдеріндегі киім атауларының лексика-семантикалық топтары . . . 59
Кенжебулатова А. М., Карабалаева М. Р.
Миропонимание любви в творчестве Абая и Пушкина . . . 62
Аубакирова М. Б.
Абайы бар халықтың - мұрасы бай . . . 64
Асылғожина Р. Е.
Шәкәрім аудармаларындағы ұждан мәселесі . . . 67
Марқабаева А. М.
Қазақстанның ауылшаруашылығында нарықтық қатынастардың қалыптасуы ерекшеліктері . . . 70
Әбділманатқызы Ә .
Нұрлыбек Баймұратұлы поэзиясындағы Абай дәстүрі . . . 72
Секей Ж .
Абай және алаш қайраткерлері . . . 74
Оразымбетова Р. Ж., Утегенова Н. К.
Абай тағылымы - сабақ болар мектеп . . . 77
Баданов Е. С. , Каримова Б. Ж.
Шоқтығы биік ақындар . . . 79
Сәбитова І. А. , Аитова Ж. Ж.
Абай және Данте шығармаларындағы үндестік . . . 82
Иманжапар М. Т.
Абай дәстүрі . . . 83
Дихамбаева А. К. Оразбаева Г. Д.
Абай шығармаларының жас ұрпақты білім мен өнер жолына баулуда алар орны . . . 87
Оразбаева Г. Д., Дихамбаева А. К.
Абай в диалоге культур . . . 89
Лекерова А. Ж .
Философское наследие Абая, Пушкина . . . 91
ҒЫЛЫМ МҰРАТЫ
Шанбай Т .
«Наука совести» Шакарима и «диалог» Гюлена . . . 94
Сейітова Ш. Б., Кегенбаева А.
Қазақ менталитетіндегі діни наным-сенімнің көрініс табуы . . . 96
Ақтанова А. С .
Шәкәрімнің «мұтылғанның өмірі» поэмасындағы автобиографиялық жад . . . 99
Тоқсамбаева А. О.
Мәшһүр-Жүсіптің айтыс өнеріне қатысы . . . 102
Ғарифолла Әнес
Мәтін және дискурс: қолданысы, мағыналық және тілдік ерекшеліктері . . . 105
Ғарифолла Әнес
Ауызша жеткен мәтіндер - бір дәуірдің тілдік ерекше нұсқалары . . . 108
Момынова Б .
Параэлементтердің тілдегі орны мен маңызы, сөйлеу кезіндегі қызметі мен мағынасы . . . 112
Рамазанова Г. Х.
Текст: смысл текста . . . 114
Нуртазина Е. М., Завалко Н. А.
Теоретические основы формирования профессионально-исследовательской культуры учителя начальных классов в системе университетского образования . . . 116
Әбікенов М. Т .
Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы болжам және болжау концептілерінің қолданылу ерекшеліктері . . . 120
Құсманова К. А.
Айтыс поэзиясындағы этномәденитанымдық айғақтар . . . 122
Құсманова К. А.
Айтыс поэзиясының лингвомәденитанымдық қызметі . . . 125
Рахманбекова Н.
ХІХ ғ. Екінші жартысындағы көркем шығармалардағы әскери киім және қару-жарақ атаулары жайында . . . 128
Жақсыбаева И.
Отбасын қорғаудағы әлеуметтік саясат мәселелері . . . 130
Жақсыбаева И.
Қазіргі қазақ отбасындағы әйел-ананың орны . . . 135
Каримова Б. Ж.
«Қазақ тілі» газетінің алғашқы редакторы . . . 143
Каримова Б. Ж.
Ахмет байтұрсынұлы - ұлтымыздың бас баспагері . . . 146
Сыздықов С.
Аңшылық дәстүрдегі ұлттық характердің көрінісі (Ақселеу Сейдімбектің «Рамазан мерген» әңгімесі) . . . 148
Сыздықов С.
Кісілік - ұлттық мінездің биік көрінісі. (Ақселеу Сейдімбектің «Қақпаншы» әңгімесі аясында) . . . 150
Секей Ж.
Сұлтан Тәукейұлының «Жайдарман» повесі . . . 154
Секей Б.
Мұстафа Шоқай және Хасен Оралтай . . . 155
Хибадуллина А. С.
Сәбит Дөнентаевтың көркемдік бағыттағы публицистикасы . . . 157
Рахманкулова Г. Д.
Ценностно-смысловые составляющие жизненного мира как основа профессионального самоопределения личности . . . 160
Досымбаева А. Қ., Қадыров А. Қ .
Бөкейхановтың әдебиеттану мен абайтануға қосқан үлесі . . . 162
Кенемолдина Н. Е.
Қазақ тілі сабағында ауызша және жазбаша тіл дамыту . . . 165
Садуова Ж. Н.
Тыңдаушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту . . . 167
Садуова Ж. Н.
Жоғары оқу орындарында студенттерді психологиялық дайындау . . . 170
Тулеев Ж. М.
Кедейшілікке қарсы күресті әлеуметтанулық талдау . . . 172
Қадыров А. Қ.
Эпикалық дәстүр жалғастығы . . . 174
Атантаева Б. Ж., Оспанова А. К.
Абайдың қазақ тарихындағы ел билеу ісіне қосқан үлесі . . . 176
Жарыкбасова К. С., Шумаев Р. Р., Жарыкбасов Е. С.,
Исследование органолептических, физико-химических, микробиологических показателей
качества и безопасности . . . 178
Какимов А. К., Тазабаева К. А., Жарыкбасова К. С., Шумаев Р. Р.,
Результаты предварительных клинических исследований сметанообразного продукта «здоровье»-
как продукта для жителей абайского района . . . 179
Камалджанова Т. А.,
Творческое наследие А. Кунанбаева . . . 181
Мустафаева А.,
О проблемах арабского термина (на материале лексико-семантических процессов в странах арабского востока) . . . 183
Әбдікәкімов М. Т. ,
А бай поэзиясындағы елдік және ұлттық мәселелер . . . 185
Мұхаметжанова Н. А., Кариева Т. А.
Абай мұражайы - Семей қоғамының рухани мәдениетінің асыл мұрасы . . . 188
АБАЙ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ КЕҢІСТІГІ
Абай туралы белгілі, айғақты болған мәселелерді әсіресе осындай биік ғылыми конференцияларда қайталай бермеуіміз керек. Заман озып, ел кемелденген сайын бірте-бірте Абай тану тереңіне түсе берген жөн. Абай туралы тың айтар сөзің болса айт, айтылғанды қайталама демекпін. Сонда, Абайдың ойшылдық әлеміне еніп рахат сезімге бөленбекпіз. Осы бағытта, мен сіздерге Абай ойшылдығының бір арнасы, оның ол лә мәкан туралы тұжырымдамаларына сөзімді арнамақпын.
***
Адамның нағыз мекені - рух. Рухани әлем нағыз шындық. Физикалық әлем, оның сыртқы көрінісі. Сыртқы шындықтан рухани әлемге өту қиынның қиыны. Рухани әлемге өткендер дүниенің тұтастығын өзгеше қабылдамақ. Сондай адамның бірі - хакім Абай. Мұндай адамдар адам-зат тарихында сирек кездеседі. Метафораға салып айтсақ, олар астың дәмін келтіретін тұз секілді. Астың дәмін келтіргенмен тұз мөлшері асқа қарағанда аз болады. Осы азшылық адам-зат баласының рухани әлемінің асыл тұлғалары, грек мифологиясындағы иықтарымен әлемді көтеріп тұрған Атланттар.
Абайды мұқият оқығандар біледі, ол кісі физикалық әлем мен рухани әлемді зерттеушілерді бір-бірінен бөліп қарастырған. Ол физикалық әлемді зерттеушілерді ғалымдар, ал одан әрі кетіп, рухани әлемді зерттеушілерді хакімдер деген. Абай қарасөзінде «әрбір хакім ғалым, ал әрбір ғалым хакім емес» - деген түйін жасаған. Әрине, әрбір ғалымның хакім болуына мүмкіндігі бар, бірақ, сол мүмкіндіктің іске асуы осал шаруа емес. Мысалы, физиктер Исаак Ньютон, Альберт Эйнштейн сияқты ғалымдар хакімдік сатыға жеткендер деуге болады. Ресей ғылымы тарихында Владимир Вернадскийді айтуға болады. Орыс әдебиетінен сөзсіз Лев Толстой мен Михаил Лермонтовтарды атау әбден орынды.
Адам-зат, адам баласы адасады. Сонда оған көмекке көшбасшы боп үш тайпа адамдар келеді дейді Абай, олар: пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер. Пайғамбарлар мен әулиелер туралы арнайы әңгіме. Хакім дегенге тоқталсақ, Абайдың айтуынша хакімдер болмаса дүние ойран болмақ. Сонда ақын қай дүниені айтып отыр дегенге келсек, әрине осы дүниені және оның ақыреттің егіні екендігін қоса айтып отыр. Ізгілік екі әлемге тән. Соны тең ұстайтын, әрине хакімдер.
Хакімдік ғылымнан биік нысана. Оның кеңістігі - рухани әлем. Рухани әлем мазмұны - ізгілік. Білім сапасы ізгілікпен анықталмақ. Рухани білім өлшемі туралы Абай нақтылы айтқан. «Алланың сөзі дыбыссыз, харіпсіз» - дейді ол. Дыбыс пен харіп біздерге ғана қажет, онсыз білім жоқ. Ал, Алланың білімі дыбыссыз, харіпсіз. «Алла ішімді айтқызбай білуді ойла». Дұғаны айғайлап оқудың қажеті шамалы, ішің, ниетің таза болуы керек, ол Аллаға белгілі болмақ. Мұхаммед пайғамбар, біздің түсінікке салсақ, сауатсыз болған, ол кісі харіп танымаған, бірақ оның білімі аян білім яғни, рухани білім еді. Абай пайғамбар емес, бірақ оның да білімі рухани білім. Ол біз сияқты университет, аспирантура, доктарантура оқымаған, бірақ оның біліп айтқандарына, бүгінгі зиялы қауым басымызды иіп отырмыз. Демек, Абай әлемінің рухани кеңістігі - ғарыштық мазмұнда. Бұл хакімдерге тән қасиет.
Абай рухани әлемнің мекені «ол лә мәкан» туралы айтқан. Ақын айтады:
«Мекен берген, халық қылған, ол лә мәкан,
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен» - деп, Абай ол лә мәканды үш мағынада қолданған.
Біріншіден, ол лә мәкан адам-затты жаратқан, оған мекен берген құдірет. Адам баласына осы қара жерде ғұмыр кешуіне мүмкіндік берген - қуат, діни лексикаға салсақ - құдірет.
Екіншіден, ол адам-заттың Түп Иесі. Біздің жаратылысымыз ол лә мәканнан бастау алмақ. Адам деген идея, мәңгілік болса, оның жаратылыс құпиясы ол лә мәканда. Сірә, Абайдың «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан» - деуі, осы ол лә мәканға қатысты болса керек. Ол болса ол лә мәкан тұрақтылық пен мәңгіліктің мекені, бізше, ғылыми тілмен айтсақ - символы.
Үшіншіден, ол лә мәкан, біздің уақытша мекенімізден жалған ғұмырдан қайтатын мекеніміз. Абай «және оған қайтпақсың, оны ойламай» дегенде, біздің дүниеден қайтқанда барар мекенімізді айтып отыр. Алайда, ол мекеннің қайда екені ешкімге беймәлім. Бұл рухани әлемнің ерекшелігіне, субстанциясына қатысты әңгіме. Мекенді анықтау физикалық әлемге тән. Рухани әлемде мекеннің адресі болмақ емес. Ол сонысымен рухани тылсым әлем деп аталады.
Тағы қосарым, Абай үшін ол лә мәкан өмірдің мәні туралы ой-сана. Қорқыттың жан жұбанышының сыры да осында болатын. Европада бұл өмір философиясы деп аталады, оның өкілдері өздеріңізге белгілі Фридрих Ницше, Артур Шопенгауэр тағы басқалар.
Өмір жолы - тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп, екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.
Имек жолдағы тиянақ, ол Рух, ол Дін!
***
Абай рухани әлемнің мазмұны ізгілік туралы өз формуласын ұсынған. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» - бұл күллі адам баласы тәжірибеде қолы жете алмай отырған биік мақсат. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының кіреберісіндегі маңдайшасына жазылып қойылатын сөз. Әлі оған да жетерміз. Осы биік мақсатты орындау үшін қандай міндеттер атқарылуы керек?
Жаратушы пендесіне тіл, сана, ақыл берді. Демек, тілге келу керек. Сұхбат керек. 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ (Еурпадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы) саммиті Астанада өтпек. Бұл Абай арманы, Мұхтар Әуезов айтқан «Абай жолы». Осы ізгілік жолында Егемен елдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи теңдесі жоқ ерлік жасап, Астана төріне, бір-бірімен көп істе келісе бермейтін ел басшыларын жинап саммит өткізуі баға жетпес саяси жеңіс қана емес, ғажап рухани қазына болмақ. Елу алты ел бір стол басында отырып, бірін-бірі бауыр санап тілге келсе, одан асқан ізгі іс бола ма?
Абай ізгілікті әр адамның жеке түсінігінен іздейді. Жалған өмірде мағмұрлық жеңіп кеткенде, адамға желік пайда болады. Шәкәрім айтқандай «билік пен байлық адамзатты мас қылады». Сондай жағдайға түскен жанға қарата Абай былай дейді: «Алды үміт, арты өкініш, алдамшы өмір, желігін жерге тығар кісің бар ма?». Қандай адамның болмасын желігі жерге тығылған, одан қашып құтылған жан жоқ. Сондықтан Абай әркімге қарата тағы да былай деген: «Қай қызығы татиды қу өмірдің, татуды араз, жақынды жат қыларға». Әрине, қу өмірдің еш қызығы бұған татымайды. Тату болу, бауыр болу, жақыныңды жат қылмау бұл оның рухани өсиеті. Осы өсиетке берік болайық ағайын!
***
Қадірлі ағайын, мұсылман қауымы бетін қыбылаға қарата намаз оқығанда, оң жағына бұрылып, «Ассаламаләйкүм Рахметолла» деп, содан сол жағына бұрылып «Ассаламаләйкүм Рахметолла» деп тағы қайталайды. Сол сияқты әркім оң жағына бір қарап, сол жағына бір қарап алып барып Абай айтқан «Түп иесіне» басын иген абзал.
Оң, солға қарап сәлем берудің адамшылық негіздегі мәнісі оң жағыңдағыданда, сол жағыңдағыданда кешірім сұрау, тазару. Ол лә мәканнан таза рух болып келіп, тәнге ендік, жалған ғұмырымызда есепсіз пендешілік жасадық, қара жерді басып жүріп, өмір қызығына белшеңнен батқан соң, адам алдында кінәлі, Алла алдында күнәлі болмай қоймайсың, сондықтан енді жерде қайтадан тазарып Рух болып ол лә мәканға қайтуды ойға алған жөн.
Ол лә мәканнан таза келіп ең, тазарып қайтуың керек. Ол үшін пенделікпен атқарған істерің үшін Түп иесінен кешірім сұра, соған ғана Абай айтқандай «өзге мақсат ақылға толар ма екен» сірә толмас, бірақ ниеттің дұрыс болғаны ләзім!
Сыдықов Е. Б., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
АБАЙ - ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ
Абай дүниеге келген өлке - әрбір қазақ үшін айырықша қасиетті, ерекше киелі. Өйткені ол жай ғана Еуразия кіндігі болып қана қалмай, барлық халықтың бас иіп, тағзым ететін, ұлттың тамырына қан жүргізетін қайнар бұлағына айналды.
Абайға байланысты өткізілетін әр салтанатты жиын барысында ғасырлар бойы жасалған адамзаттық құндылықтар деңгейіндегі өз руханиятымыз бен мәдениетіміздің орнын айқындап, болашағымызды әлемдік өркениет биігімен өлшегеніміз орынды.
Абай қазақ халқына теңдессіз, құдіретіне баға жетпес мол қазынасын қалдырып кетті. Соның арқасында өзімізге өзгелер көзімен қарауға, сыртқы ортаның ықпалын, қазақ халқына деген әсерін сезінуге, әлем жұртшылығына өзімізді таныстыруға мүмкіндік туып отырғандығы анық.
Ұланғайыр Еуразия құрлығының бел ортасында, киелі Сарыарқа өңірінде байырғы заманда да, одан бергі кезеңдерде де небір ғұламалар мен заңғар ойлы кемеңгерлер дүниеге келген. Қасиетті жер әркез, әр кезеңде өз данышпандарын дүниеге әкеледі, әр халық өзінің ұлыларын мақтан етеді. Бұл қасиетті топырақ та таланттарды тудырған, Абайдай алыпты, Шәкәрімдей дананы, Мұхтардай мұхитты дүниеге әкелді. Абай өз шығармалары, ондағы негізгі ұстанымдары арқылы әлем мәдениетінің жетістіктерін халқының бойына сіңірді. Ғасыр басында қазақ зиялыларының өсіп жетілуіне, озық ойлы интелигенциясының қалыптасуына әсер еткені айқын. Соның негізінде Алаш қозғалысының буыны бекіп, Алашорда ұйымының құрылғаны әмбеге аян. Бұл ұйымның көздеген мақсаты да Абай көздеген көкжиекті бағдар етіп, отарлау саясатына қарсы күресті, демократиялық түлеуге жетісуге тырысты.
Кешегі аспантекті көктүркі бабаларымыздың ерлік салтын жалғастырып, сандаған ғасырлар бойына тарих тезінде азаттық жолында күрескен алаштай арыс елдің арман-мұратын жүзеге асырып, Тәуелсіздіктің берік тұғырын орнатып, дала өркениетін қазіргі жаһандану үрдісіне лайық өрістете білген қазақ елінің мемлекеттілік тәжірибесін тану арқылы тұрақтылық пен дамудың жолын сараларымыз анық. Кешегі тоталитарлық жүйедегі қазақ ұлтының өз алдына отау құрып, шаңырақ көтеріп, егемендік байрағын желбіретіп, дербес мемлекет атануы елімізде жүргізіліп отырған салиқалы да сындарлы саясаттың жемісі.
ХХІ ғасырдағы қазақ көшін кемеңгерлікпен бастап, ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде біртұтас, іргесі ажырамас мемлекет құра біліп, оның көсегесін көгертіп, бетегесін биіктеткен Н. Ә. Назарабаевтың көрегенділігі мен көсемдігі тарих толқынындағы алмағайып тағдыры бар қазақ елінің маңдайына біткен тәңірлік бағы, қазақ көшінің маңдай түзер темірқазығы. Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатып үлгермеген балаң мемлекетті аяғынан нық тұрғызып, ертегідегі алып батырдай күн санап емес, сағат санап ер жеткізген, самұрықтай дүр сүлкінтіп түлеткізген, ордалы елін осындай жарқын күнге жеткізген Елбасы феномені - мәрт ұлттың болат өзегі.
Қазақ халқының көп ғасырлар рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы әрі жаңа сатыға көтерушісі болған Абай әлем халықтарының тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып-біліп, еркін бойлап, өзіндік шығармашылық қатынас, пікір-тұжырым қалыптастырды. Ақын қазақ сахарасынан шығып орыс мәдениетіне, сол арқылы Еуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз өзі жол тартып, қазақ әдебиеті мен мәдениетін, танымы мен түсінігін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті. Батыстың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен философиясына Абай жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, өзіндік Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-келбетімен келді.
Абайдың әр мерейтойын халықаралық деңгейде атап өту - Абай әлемінің бар құдыретін, болмысын, дүниеге көзқарасын барша әлемге кеңінен таныту. Абайды жан-жақты тану арқылы туған халқымыздың мәдени, тарихи келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани дүниетанымын жер-жаһанға әйгілеу. Сол арқылы еліміздің әлем халықтары алдындағы мәртебесін көтеру.
Абайдың тұтас философиясы, ұлылығы, дүниетанымы бір ғана қазақ халқының маңдайына сыймайды, оның дүниеге көзқарасы мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған саф алтын қор екендігі сөзсіз. Бүгінгі таңда адамдар санасында жаңғырулар мен рухани серпілістер жүріп жатқан уақытта Абайды жаңаша қырынан, жаңаша келбетімен тануға тиіспіз. Абай өз халқының ғасырлар бойғы рухани мәдениеті мен әлем әдебиетінің алтын қорының арасын, өткен ғасыр мен бүгінгі ғасырды жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Сол себепті де, Абай қазақ халқының бай мұрасын Шығыс, Батыстың ғұламалары мен ойшылдарының ілімдерімен салыстыра, саралай зерттеген. Оның философиялық ой-толғамдарының да сол ғұламалар ой тұжырымдарымен сабақтасып, дала заңдары тұрғысынан толықтырылуы түсінікті жайт.
Халықтың рухани, мәдени қазыналарының алмасуы арқылы бірін-бірі тану-білу тарихында қазақтың ұлы ақыны Абайдың орны мен ролі ерекше.
Абайдың туғанына 150 жылдық той кезінде ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың: «Бүгінгі күннің тұрғысынан қарағанда Абай қазақ халқының ғана емес, әлдеқайда кең ауқымда қабылданады. Ол көркем ойдың әлемдік тұғырдағы құдіреті» - деуі Абай әлемінің шырқау биігін аңғартқандай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz