Қаржы жүйесінің бір буыны - шаруашылық субьектілерінің қаржысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қаржы жүйесінің бір буыны - шаруашылық субьектілерінің қаржысы. Ұйымдар қаржысы - қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану бойынша нақты ақша айналымында пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады. Бұл негізгі және айналмалы капиталды, кәсіпорынның ақша құралдардың қорларын және оларды бөлу мен пайдалануды қалптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастары. Қаржы қызметінің нақты құрылымы көбінесе ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына, оның көлеміне, қызмет түріне және компания басшылығымен қойылған міндеттерге байланысты болады. Ұйымда кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе шаруашылық құндылықтың артуы табысты көрсетеді.

Ұйымның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс табу кез келген ұйымның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасады.

Нарықтық экономика ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және ұйымның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр ұйым өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.

Ұйым табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Ұйымның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады.

Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады. Тағы да айта кететін жағдай - табыс ұйым жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін ұйым қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Нарықтық экономика жағдайында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру кездерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы ұйым қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады.

Ұйым іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық - бұл өндіріс ұйым жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Нарықтық қатынастар жағдайларында ұйымның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мумкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан ұйымды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мумкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.

Бәсекелестік ортада ұйымның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті ұйымның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті келемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың ұйым қызметіндегі рөлі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жөткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:

  • ұйым табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
  • ұйым табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
  • ұйымдардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.

Зерттеу объектісі ретінде ұйымның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда ұйымның табысының жалпы ұғымына және оның ұйым қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарау барысында ұйымдардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, ұйым табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.

Үшінші тарауда қазіргі таңдағы ұйымдардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.

  • Ұйымдардағы табысты алудың алғышарттарыТабыс және оның теориялық негіздері мен экономикалық маңызы

Экономикалық теорияда табыс деп - тұрақты және нарықтық құрамындағы заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын атайды. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару болып табылады. Былайша айтқанда, табыс - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың айырмасы.

Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше қолданылатын көп мағыналы ұғым. Айта кететін жайт, табыспен байланысты көзқарастарды зерттеу нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, «бухгалтерлік және экономикалық табыс» деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келеді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізу нәтижесі деп қарастырылса, ал екіншісі - капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылуда.

Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамалары батыс елдерінде де даму алды. Батыстық пікірлерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін қолданылады:

  1. салықтарды есептеу үшін;
  2. кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
  3. тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.

Қарастырылған табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жөткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін қолайсыз болып табылады.

Бүкіләлемдік банктің, анықтамалықтардың бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулықтарында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады: табыс дегеніміз - ақша қаржатының келуі немесе активтердің құнының өсуі, немесе пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады.

Ұйым табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

  1. негізгі қызметтен алынатын табыс;
  2. негізгі емес қызметтен алынатын табыс.

Ұйымның негізгі қызметінен алынған табысы деп - шаруашылық субьектісінің негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары жатады.

Ұйымның негізгі емес қызметінен алынған табысы деп - шаруашылық субьектінің нақтылы негізгі қызметінен басқа жұмыстарды орындау барысында тапқан табыстарын айтады. Яғни, өзге табыстарға мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.

Қазіргі кездегі нарықтық экономикада ұйым табысының рөлі оның атқаратын функцияларыменен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

  • табыс ұйым қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Басқаша айтар болсақ, ұйымның табыстылығы оның атқаратын қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері ұйымның өзіне байланысты болса, кейбіреулері ұйымның қолынан келмейтін шаралар болып табылады;
  • табыс ынталандырушы функция қызметін атқарады. Табыс ұйымдардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, нарықтық шаруашылық қызметте шешуші рөл атқарады. Табыс «ұйымдардың басты мақсаты» деген анықтаманы барлығымыз білеміз. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің алғы шарты болып табылады;
  • табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде түседі.

Сонымен, ұйымның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Қазіргі замандағы экономика ғалымдары ұйымдардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

  1. акционерлік меншікті арттыру ;
  2. табысты арттыру;
  3. басқарушылық сыйақыларды артгыру;
  4. әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

1. 2 Ұйымдағы табыс

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең күрделі және талдамалы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл ұйымның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы. Бұл жерде табыс ұғымы ұйымның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.

Кез келген шаруашылық етуші субьектінің негізгі мақсаты өз қызметінен табыс түсіру болады. Табыс - өндірістік, коммерциялық, делдалдық және басқа да қызметтен алынған ақша немесе материалдық құндылықтар. Табыстың нарықтық экономикадағы рөлі ол атқаратын функцияларымен белгіленеді: мемлекеттік бюджет көзі, ұйымдар мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көздері.

Табыстың есебінен шаруашылық етуші субьектінің бюджет, банктер мен басқа да ұйымдардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі де орындалады. Осылайша, табыс ұйымның өндірістік және қаржылық қызметін бағалау үшін аса маңызды көрсеткіш болып келеді. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайды. Табыс бойынша алдын ала төленген қаражаттың қайырымдылық деңгейімен сол ұйымның активтеріне салымдардың тиімділігі анықталады.

Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайында акционерлер мен қаржы менеджерлері, ұйым қарамағында қалатын табыс мөлшеріне бейімделе отырып, ұйымның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Ұйымның табысының қалыптасуы және пайдаланылуы оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен, міндеттерімен анықталады. Табыс жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі кездк қолданып жүрген бағалар негізінде жасалады. Табыс көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Табысты тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы.

Табыс белгілі бір нысандарды орындайды. Олардың ішінде айта кететіндері:

  • ұйымның қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды;
  • пайда ынталандыру нысандарына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және ұйымның қаржы ресурстарының негізгі элементі болып табылады;
  • пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағатандыру үшін қаржыландыруға пайдаланылады.

Табыс табу кез келген ұйымның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және ұйымдардың өндірістік-техникалық базасының кеңейуіне негізделеді. Бұл ұйымның өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен бюджет алдындағы, банктер мен басқа да ұйымдар алдындағы міндеттемелер орындалады. Сонымен, табыс ұйымның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы ұшін келесідей негізгі шарттар қажет:

  1. жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол еңбек өнімділігін үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
  2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  3. Табысты бөлу механизмі белсенді рөл атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
  4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде ғана мүмкін. Ұйым табысын қалыптастыру және үлестіру

Табыс ұйым қызметіндегі атқаратын рөлі үлкен, ол ұйымның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай ұйым кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс ұйымның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен рөл атқарады.

Ұйым табысының қалыптасуы және оның орналасуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Ұйымның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады.

Жалпы табыстың құрамында ұйымның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни ұйымның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің табыстары кіреді. Сондай-ақ, жалпы табыс негізгі қызметінен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе кандай-да бір активтерті сату арқылы жүргізілген операциялардың нәтижесін, қамтиды.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі - өндірістік өзіндік құн, оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалдық шығындар бөлімінде өзіндік құнды төмендету болып табылады.

Ұйымдарды қаржыландыру - бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыландыру деп - ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін немесе кең мағынада - капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу үрдісін айтады.

«Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз байланысты. Егерде қаржыландыру - бұл ақша қаражаттарының қалыптасуы болса, инвестициялау - бұл оларды пайдалану. Екі түсінік өзара байланысты, бірақ та біріншісі екіншісінен туындайды: қаржыландыру көздері болмай, қандай да бір инвестицияларды жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, ұйымның қаржы ресурстарының қалыптасуы әдетте оларды пайдалану жоспарын ескере отырып жүргізіледі.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.

Ұйымның табысы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі - ұйымның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтеріне жататындар:

  • өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
  • негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
  • өткізуден тыс операциялардан қаржы нәтижелері.

Ұйымдар табыстарының негізгі көзі - өнімді сатудан келетін түсім, нақты алғанда, оның өнімді шығаруға жіне сатуға материалдық, еңбек және ақшалай шығындарды шегеруден кейін қалған бөлігі. Сондықтан, әр шаруашылық етуші нысанның маңызды міндеті - қаражатты жұмсауда қатаң үнеудеу режимін сақтап отыру және оларды аса тиімді пайдалану арқылы ең төмен шығындармен барынша көп кіріс алу.

Негізгі қызметтің нәтижесінде өнімді сатудан келетін түсімнен басқа табыстар көзі ретінде берілген коммерциялық несиелер бойынша пайыздар, сатып алушылар төлеген аванстар, дебиторлық берешекті өтеуге сомалар және басқа да түсімдер болуы мүмкін.

Негізгі қызметімен қатар ұйым инвестициялық және қаржылық қызметпен айналысады, оның нәтижесінде табыстардың сәйкес түрлері қалыптасады. Осылайша, инвестициялық қызметтен негізгі қорларды, материалдық емес активтерді сатудан табыс түсуі мүмкін, дивидиенттер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдардан, бұрын берген несиелерді өтеуден пайыздар және инвестициялардан басқа да табыс түрлері алынуы мүмкін. Қаржылық қызметінің нәтижесінде акцияларды, облигацияларды, басқа да құнды қағаздарды шығарудан табыстар түседі.

Кез келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысқа әне капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады.

Инвестиция - бұл табыс табу мақсатында кәсіпкелік қызмет обьектісіне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер т. б. Инвестор ұйымның қызметіне салған қаржылық үлесі нәтижесінде кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Ұйымда қаржыландыру көздерін таңдау барысында келесі негізгі бес міндеттерді шешу қажет:

  1. қысқа және ұзақ мерзімді капиалға деген қажеттілікті анықтау қажет;
  2. оңтайлы ұрылымын анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен пассивтерінің құрамын анықтау керек;
  3. ұйымның тұрақты төлемқабілеттілігін және сәйкесінше қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз еу керек;
  4. максималды пайда әкелетіндей етіп ұйымның өз және қарыз қаражаттарын пайдалану керек;
  5. шаруашылық қызетті қаржылындыруға деген шығындарды төмендету керек.

Кез келген ұйым экономикалық жүйенің элементі болып табылады және кәсіпкерлік қызмет бойынша серіктестермен, әр түрлі деңгейдегі бюджеттермен, капитал иелерімен және басқа да субьектілермен белгілі бір қарым-қатынастарға түседі. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде ұйымда нарықтың басқа субьектілерімен қаржылық қатынастар пайда болады. Дәл осы қатынастар ұйым қаржысының мәнін құрайды.

Ұйым қаржылары оның өндірістік-шаруашылық қызметі барысында пайда болатын және оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.

Қаржылық қатынастар құрамында ұйымның ақшалай қатынастарының келесідей топтарын бөліп көрсетеді:

  • контрагенттермен - бастапқы табыстарды қалыптасыру және шаруашылық ішіндегі мақсатты қорларды құру және қолдану бойынша ( жарғылық капитал, жинақтау мен тұтыну қорлары) ;
  • басқа ұйымдар мен кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу бойнша, бұл жағдайда қаржылық ресурстардың қозғалысы қор сипатында емес түрде жүзеге асырылады (келісімшаттық міндеттемелерін бұзған жағдайда айыппұл төлеу, әр түрлі пайлық салымдар салу, бірлескен қыметтен түсетін пайданы үлестіру, мемлекет пен басқа да кәсіпкерлік ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алу, олардан дивидиендтер алу) ;
  • өнім тұтынушылармен - ұйымдар олармен байланысқа түсе отырып келісімшарттардың түрлері мен нысандарын өзі таңдайды. Міндеттерді орындау шаттары мен санкцияларды пайдалану тәртібін өзі анықтайды. Өз өнімдеріне деген бағаны өздері қалыптастырады. Жабдықтаушылар бағаларының негізділігін өз бетінше анықтайды. Жоғарыда аталған факторлар кәіпорынның қаржылық шекті нәтижелеріне біршама әсер етеді;
  • сақтандыру ұйымдарымен - міндетті және ерікті сақтандырудың әр түрлі түрлерін таңдау бойынша;
  • банктік жүйемен - қарыздарды алу және өтеумен, пайыздарды төлеумен байланысты есепті-кассалық қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар банктерге өзінің бос ақша қаражаттарын белгілі бір ақы үшін уақытша пайдалануды ұсыну бойынша;
  • мемлекетпен - бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құрастыру және қалыптастыру, қолану бойынша. Ақшалай қатынастардың бұл тобы бюджетке және бюджеттен тыс қорларға алуан түрлі салықтарды, алымдарды, жарналарды және тағы басқа төлеу арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағынан, өндірістік емес сфераны, мақсатты бағдармаларды және тағы басқа бюджеттік қаржыландыру түрлері жүзеге асырылады;
  • жоғары басшылық құрылымдармен - ұйым ішіндегі қаржылық ресурстарды қайта үлестіру бойынша «тікелей» және «көлденең» өзара байланыстар.

Жоғарыда аталған қаржылық қатынастар үшін ортақ нәрсе, ол:

  • олардың ақшалай нысанда спатталуы және ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелеуі;
  • екі жақты сипатқа ие болатындығы және ұйымның басқа да қатысушыларымен белгілі бір шаруашылық операцияларының нәтижесі болып табылатындығы;
  • ақшалай қаражаттың қозғалу үрдісінде, қаржылық қарым-қатынастық негізінде әр түрлі бағыттағы ұйымның ақшалай қорлары қалыптасады.

Ұйымды қаржыландыру көздері - ішкі (меншікті капитал) және сыртқы (қарыз және таратылған капитал) болып бөлінеді. Ішкі қаржыландыру өз қаржысын пайдалануды, оның ішінде ең алымен - таза пайда мен амортизациялық аударымдарды пайдалануды қарастырады.

Өз қаражаты есебінен қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржы және қаржы жүйесі
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Ресейдің қаржы жүйесі
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz