Адам тұлғасын бейнелеудің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I.Негізгі бөлім
1.1. Адам тұлғасын бейнелеудің ерекшеліктері
1.2. Адам сұлбасының құрылымын салып үйрену барысында бейнені тұтастыққа келтіру
1.3. Адам денесінің пропорциясы
II. Адам денесін бейнелеудегі анатомиялық құрылысы
2
2.1. Адам анатомиясы
2.2. Адам бет - бөлшектерін бейнелеу жолдары
2.3. Адам сұлбасының құрылымын салып үйрену барысында бейнені тұтастыққа келтіру
ІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда, қысқа ғұмырлы, шығармашылық табысқа қол жетпейтін туындыларды жарқырата жарнамалау етек алып барады, соларға дер кезінде тосқауыл қоймасақ, алдағы күндерде опық жейтініміз анық. Кезінде шетел суретшілері мен өнертанушылары сурет негізі - академизмнен бас тартып, түрлі көркеми ағымдардың жетегінде кетті, ал бұл күнде сонны қалпына келтіре алмай әлек. Оны өткен жылғы күзде Алматы симпозиумына келген шетел суретшілері жеткізді және олардың орындаған жұмыстары да оны айғақтайды. Сол себепті де біз студенттерді академизм негізінің қыр-сырына, адам бет-бөлшектерін бейнелеудің әдіс-тәсілдеріне тереңірек үйреткеніміз дұрыс. Өйткені, реалистік бағыттағышебер суретші түрлі сурет ағымдарының жетегіне ілесе қоймасы анық. Гипстік басты салу мен шынайы нұсқаның суретін салудың алғашқы сатысында бір-бірінен аса бір ерекшелік байқалмайды, өйткені олардың ортақ міндеті көлемді көрсету ғой. Ал енді шынайы бөлшектермен жұмыс жасау ерекше сипат алады: адам анатомиясын білу және бұл білімді пайдалану шешуші рөл атқарады. Ендігі кезекте сурет салушы қатып қалған гипстік бастың бейнесін емес, шынайы пішінді, тірі адам денесін, бұлшық еттерін, олардың орналасуын, т.б. көрсетуі керек. Қағаз бетіне түсірілген әрбір штрих, салынған дақ адам анатомиясынан толық хабардар екендігіңді көрсетіп тұруы тиіс. Өң жай ғана көлеңке мен жарықты беріп қана қоймай беттің ерекшелігі мен сипатын: бозарған, күнге күйген, шашының түсін (қара, сары) көздің түсін (көк, қой көз, т.б.) беріп отыруы қажет. Сондықтан да шынайы бейнені салуда жарық-көлеңкенің маңызы өте зор. Өйткені тек нұсқаға жарық көзінің түсуі ғана емес, жарықталған жазық бетінің түсіне де көп нәрсе байланысты. Бөлшектерді мұқият зерттей отырып тұтастай нұсқа бейнесі қалыптасу керектігін ұмытпаған жөн.

I. Негізгі бөлім
1.1 Адам тұлғасын бейнелеудің ерекшеліктері
Қазақ бейнелеу өнері -- көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), "Потанин", "Тезек төре", т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр ("Аға сұлтан портреті", "Бақсы", "Қазақ музыканттары", "Шығыс ұйғырларының киімі", т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен ("Алатау көрінісі", "Жатақ"). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді. 20 ғасырдың 20 - 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В. Иогансон, А.А. Дейнека, С.В. Герасимов, А.А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум.-экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер - А.А. Риттих, Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, Л.П. Леонтьев, графиктер Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В. Гербановский, т.б. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб, т.б. табысты еңбек етті. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды.
Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер - қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды ("Қазақстан жолдары", "Көш", т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың,линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 - 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды.
С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды. М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М.Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И.Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. 20 ғасырдың 70 - 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 - 90-жылдары Қазақ Бейнелеу Өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М.Аманжолов, А.Губашев, Ә.Төлебиев, т.б.). Е.Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С.Дали атындағы алтын белгіге ие болды.

1.2 Адам сұлбасының құрылымын салып үйрену барысында бейнені тұтастыққа келтіру
Қазіргі таңда, қысқа ғұмырлы, шығармашылық табысқа қол жетпейтін туындыларды жарқырата жарнамалау етек алып барады, соларға дер кезінде тосқауыл қоймасақ, алдағы күндерде опық жейтініміз анық. Кезінде шетел суретшілері мен өнертанушылары сурет негізі - академизмнен бас тартып, түрлі көркеми ағымдардың жетегінде кетті, ал бұл күнде сонны қалпына келтіре алмай әлек. Оны өткен жылғы күзде Алматы симпозиумына келген шетел суретшілері жеткізді және олардың орындаған жұмыстары да оны айғақтайды. Сол себепті де біз студенттерді академизм негізінің қыр-сырына, адам бет-бөлшектерін бейнелеудің әдіс-тәсілдеріне тереңірек үйреткеніміз дұрыс. Өйткені, реалистік бағыттағышебер суретші түрлі сурет ағымдарының жетегіне ілесе қоймасы анық. Гипстік басты салу мен шынайы нұсқаның суретін салудың алғашқы сатысында бір-бірінен аса бір ерекшелік байқалмайды, өйткені олардың ортақ міндеті көлемді көрсету ғой. Ал енді шынайы бөлшектермен жұмыс жасау ерекше сипат алады: адам анатомиясын білу және бұл білімді пайдалану шешуші рөл атқарады. Ендігі кезекте сурет салушы қатып қалған гипстік бастың бейнесін емес, шынайы пішінді, тірі адам денесін, бұлшық еттерін, олардың орналасуын, т.б. көрсетуі керек. Қағаз бетіне түсірілген әрбір штрих, салынған дақ адам анатомиясынан толық хабардар екендігіңді көрсетіп тұруы тиіс. Өң жай ғана көлеңке мен жарықты беріп қана қоймай беттің ерекшелігі мен сипатын: бозарған, күнге күйген, шашының түсін (қара, сары) көздің түсін (көк, қой көз, т.б.) беріп отыруы қажет. Сондықтан да шынайы бейнені салуда жарық-көлеңкенің маңызы өте зор. Өйткені тек нұсқаға жарық көзінің түсуі ғана емес, жарықталған жазық бетінің түсіне де көп нәрсе байланысты. Бөлшектерді мұқият зерттей отырып тұтастай нұсқа бейнесі қалыптасу керектігін ұмытпаған жөн.
Бас бөліктерін игеру үшін оның толық бейнесін құрастырып, бөлшектердің негізгі ерекшеліктерін, орналасу ретін (теория жүзінде ғана емес) сезе отырып, қол қимылы мен қарындаштың әр қозғалысын назарда ұстау қажет. Бұл үшін бас сүйекті жақсы зерттеп, біліп оны әртүрлі ракурста салып жаттығу керек. Егер медициналық анатомия сурет салушының білімін толықтырса, онда пластикалық анатомия сол білімді іс жүзінде, яғни сурет салу үдерісінде қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, мұрын сүйектері маңдай сүйегімен біріге отырып кеңсірікті құрайды; сурет салу барысында кеңсірік аталған пішіндердің байланысында тірек нүктесі қызметін атқарады: көз ұяшықтарының шеті, қас сызықтары, мұрын қырлары, т.б. Мұрын қырымен бөлінген екі көз ұяшығында шар тәрізді көз алмасы орналасқан. Көздің, әсіресе оның формасының құрылысын білу көздің әртүрлі бұрылысында және түрліше жарық түскенде жарықкөлеңкенің, рефлекс, т.б. заңдылыққа сай бөлінуіне мүмкіндік береді. Көзді салу кезінде жоғарғы және төменгі кірпіктер мұрынның қасынан дөңгеленген бұрыштар жасап, сыртқы жағынан үшкір бұрыштарды құрайды. Ішкі бұрыштар тереңдей түсіп жас көлшігін туғызады, көз жасы жиналатындай орын қалдырады. Салынған суретте ол мұрын қырларынан түскен көлеңке болып көрінеді. Кірпіктердің өзіндік қалыңдығы болады, қарапайым жарық түскен кезде төменгі кірпік ашық түсті сызықты құрайды, ал жоғарғы кірпіктер көлеңкеге байланысты қою әрі жалпақ боп көрінеді. Жоғарғы кірпіктердің сыртқы бұрыштары төменгілеріне қарағанда ұзынырақ; олар сәл сыртқа қарай шығып тұрады. Бұны көздің бір қырынан салған кезде нақты көре аламыз. Көз сызығы көзашық тұрғанда көлденең созылған төртбұрыш сықылдықабылданады. Көздің қарау бағытына қарай төртбұрыш өзгеріп отырады; қырынан қарағанда қысқарып бара жатқан жақтары жойылады, көз үшбұрышқа ұқсаңқырайды. Егер ашық көзге алдынан дұрыс қарасаңыз жоғарғы кірпіктің биік бөлігі және төменгі кірпіктердің аласа бөлігі тігінен бір-бірімен түйіспейді, өйткені олар бір-біріне қиғаш орналасқан. Көз қарашығын көп жағдайда дөңгелек пішінде салып жатады, бұл дұрыс емес. Шындығында көз шар тәрізді пішін құрайды, яғни дөңес боп көрінеді. Сонымен қатар ол перспективалық қысқаруға түседі.
Көз түсі көздің ішіндегі кішкене шеңбер түсіне байланысты, ол әр алуан: қоңыр, қара, сұр, ашық көгілдір, жасыл. Сол кішкене шеңбер ішінде жарықтың түсуіне қарай үлкейіп, кішірейіп отыратын қарашық бар. Жарық түскен жақтан қараған кезде көзде жылт байқалады, ал оның қарама-қарсы жағынан - рефлекс көрінеді. Көздің жылтырауы көз бетіндегі мөлдір сұйықтықпен түсіндіріледі. Сурет салу кезінде көзқарас бағытын бақылап отыру қажет. Әдетте қарау осі - бір нүктеге барып қиылысады, сондықтан да көз көпшілік жағдайда аздап ішке қарай кіріңкі көрінеді. Егер адам ойланған кейіпте алысқа қарар болса, қарау осі параллель болады. Көздің сипаты, олардың орналасуы әртүрлі болады: көздер үлкен, кіші,сыртқа шығыңқы, кіріңкі, т.б. Олардың ішкі, сыртқы бұрыштары көлденеңінен бір сызықта немесе ішкі бұрыштары, сыртқы бұрыштарына қарағанда төменірек немесе керісінше болып келеді. Кейбір адамдарда көз мұрынға жақын, кейбіреулерінде алшақ орналасады (алайда көздің орналасуы көз ойығының шеңберінде болады). Енді бір адамдарда кірпіктері салбыраңқы қыртыспен көмкеріліп тұрады, бәзбіреулерде керісінше айқын көрініп тұрады, ондай айқын көріну гипсті бастардың суретін салу кезінде кездеседі. Көз қабақпен өзара үйлесіп адам бетіне алуан сипат береді. Дұрыс орналасқан қабақ доға пішіндес боп келіп көз бен маңдайды бөліп тұрады; қас сыртқа қарай жіңішкере түсіп, көздің сыртқы бұрышынан асып тұрады. Қастың екінші, яғни ішкі жағы көздің ішкі бұрышы мен бір түзудің бойында кеңсіріктің тұсында жанасады. Қас, қабақтар әртүрлі сипатта болады. Біреулерде жіңішке, екіншілерінде қалың, иілген немесе жазылған болуы мүмкін. Ал кәрі адамдарда қас қалың, бұйраланып, т.б. боп келеді. Кірпікке жалпы жасалған өң сол адамның көзқарасын көрсетеді. Көзді салғанда үлкен пішіндерден бастап салған жөн. Ұсақ бөлшектерден бастап оларды бір-біріне жалғап сала берудің еш қажеті жоқ.
Жасағар мен кірпік, қарашық, қастарды суреттің алғашқыкезеңдерінде қозғамаған дұрыс. Олар суреттің соңына қарай анықтала жатады.
Кеңсіріктен бастап мұрынның жалпы нобайы белгілі болды. Мұрынның пішінін зерттеп,оның негізгі сүйектері мен шеміршектерін білудің суретші үшін үлкен мәні бар. Зер салып қараған адамға оның төрт жақты пішіні көрінеді. Тура призма тәріздес. Мұрынның жоғарғы жағы қатты сүйек бөлігінен тұрады. Төмен қарай түскен кезде мұрын шеміршектерін байқаймыз. Бұл кеңсірік сүйектеріне қарағанда жеңіл сызықтармен салынады. Мұрын қанаттары мұрынның ұшын екіге бөліп тұрған шеміршектің төменгі бөлігі мұрынның төртінші жағын құрайды, бұл - оның негізі. Оған танау тесіктері орналасады. Мұрын пішіні әртүрлі болып келеді. Олар мұрынды құрап тұрған сүйектер мен шеміршектерге байланысты. Леонардо да Винчи мұрын пішіндерін былай деп классификациялап, оны үш сортқа бөледі: тік мұрын, имек мұрын, құс мұрын. Адамдардың танаулары мен мұрын қанаттары бір-біріне мүлдем ұқсамайды, сурет салушы бұны да естен шығармағаны дұрыс. Танау тесіктері дөңгелек немесе қысыңқы болуы мүмкін, ал мұрын қанаттары жалпақ, томпақ, қысқа, созыңқы болып келеді. Алдынан қараған кезде де мұрын әртүрлі екені көрінеді: жалпақ, жіңішке - бұл жоғарғы бөлікте де, төменгі бөлікте де кездесуі мүмкін. Әдетте суреттегі мұрынның беті жарықтың түсуіне байланысты әртүрлі өңде болады: жарық көзіне жақын беті қатты жарықталады. Сондықтан дөңес мұрынға жоғары жақтан түскен сәуле мұрынның жоғарғы жағын жарықтандырса: ал имек мұрынның төменгі бөлігіне жарық көбірек түседі. Беттің төменгі бөлігін сенімді салу үшін еріннің, иектің құрылысын жақсы білу керек және де еріннің астында тістер бар екендігі сезіліп тұрғандай қып салынады. Тіс пен жақ ерін доғасының негізі болып саналғандықтан, оларды жазық етіп салмай, иіліп дөңес сызық құрайтындығын ескеріп алған абзал.
Бастың суретін салу кезінде профилді сызық ерінді де дәл ортасынан екіге бөліп тұратындығын естен шығармаған дұрыс.
Егер салынып жатқан бас суретшіге төрттен үш бұрылыс жағдайында тұрса, онда еріннің арғы жағы қысқарып көрінгендіктен, кішірейтіле салынады, сол себепті оның контуры әлде дедөңестене түседі. Ерін де - көз секілді адам көзіне бірден түсетін негізгі бөліктердің бірі. Олар пішініне қарай әртүрлі бола береді. Сондықтан да олардың ерекшеліктерін - толықтығын, құрғақтығын, көлемін жоғарғы немесе төменгі еріннің салбыраңқылығын суретте көрсету үлкен шеберлікті қажет етеді. Жұмылған ауыздың дәл ортасынан өтетін көлденең сызыққа назар аударыңыз. Бұл сызық бойынша ауыздың шеттерін жеңіл, әрі дәл анықтап, қылқалам немесе қарындашпен езу бұрыштарын белгілейміз. Мысал ретінде Леонардо да Винчидің Мона Лиза (Джоконда) картинасындағы еріннің салыну мәнерін айтуға болады. Беттің төменгі бөлігін салу кезінде жоғарғы және төменгі жақтардың көлемдерін, өзара байланысын назарда ұстаған абзал. Көп жағдайда жоғары жақ төменгі массивті жақпен сәйкестенеді. Тісі жоқ адамның жоғарғы жақ сүйегі мен төменгі жақ сүйегі бір-біріне аса жақын келіп, әдеттегі көлемін жояды, сол себепті де адамның кәрілігі бірден сезіледі. Жақ сүйектерінің биіктігі, қисықтығы, иілімі, тістің орналасуы, беттің ойықтары адамның жасын және ұлтына сай бет ерекшелігін беруде үлкен мәні бар.
Сурет салуда иектің асты мен жақтың төменгі бөліктері аса ұқыптылықпен салыну керек. Олар мойынмен шекаралас жатқандықтан күрделі болып келеді. Құлақтың орналасуын анықтау үшін оның мұрынға қарағанда бағытын белгілеп алу қажет және құлақты жақпен байланыстырып, олардың жоғары немесе төмен орналасқандығын салыстыру керек. Құлақты салу кезінде оны жан-жақты зерттеп алған дұрыс. Құлақтың орналасу жағдайыбастың иілуіне, бұрылуына да байланыстыболады. Келесі міндет көздің ойыстары мен оған шектесіп жатқан бас сүйектің жоғарғы бөліктері.

Маңдайдың пішіні - биіктігі, ені сыртқа қарай шығыңқы және ішке қарай кіріңкі орналасуы салынып жатқан беттің сипатын беру үшін үлкен рөл атқарады. Жарық мол түскен маңдайдың пішінін шығару аса зер сала қарау мен барлық бөлшектердің сәтті штрихталуын талап етеді. Өте нәзік өңдік жұмыстар арқылы бөлшектер көлемін және жарық пен көлеңкені, нұрсаяны көрсетуге болады. Жақтың сыртқы жазықтығында сәл сыртқа қарай шығыңқы бөлшек бар. Оны суретке салудың классикалық және конструктивті мәні зор; жақтың бұл шығыңқы бөлігі бастың сұлбасын салу кезіндегі тірек нүктесі болып та табылады. Схемада біз пирамида тәрізді пішінді салып жақтың дөңестенуіне қарай сызықтарды қысқарта түссек, бұл жағдайда көз ұяшығының төменгі бөліктері мен ұрттың бейнесін аламыз. Жақтың шығыңқы бөлігі бет жазықтығы шекарасы мен оның жандарын ажыратып тұрады. Адамның бас суретін салу сияқты жұмыстарға қалай-солай қарауға болмайды. Тіпті түкке тұрғысыз ұсақ қателіктің өзі де бірден көзге түсіп тұрады, ұқсастық жойылып, беттің өзгерісі байқалады. Бас пішінін дұрыс салуды терең меңгеру үшін тек нұсқадан қарап салу аздық етеді. Сондықтан да сол отырған натурщик басының бас сүйегін салып алып, сонан кейін бұлшық еттермен қаптау керек. Осы жолмен жұмыстанғанда ғана біздің жүргізген әрбір сызығымыз, адам анатомиясымен конструктивті құрылысына сәйкес келеді. Қорыта келгенде, мынадай ұсыныстардыназарда ұстауларыңыз сұралады:
1. Суретші бөлшектермен жұмыстану кезінде оларды жеке-жеке салып, жұмысты түбегейлі аяқтап тастауына болмайды. Өйткені бөлшектер бір-біріне бағынбай, шашыраңқы көрінеді, оны кейін жинақтау қиындық тудырады. Пішіндерді бір-бірімен салыстыра да алмаймыз.
2. Бөлшектерді бір-бірімен салыстырып шығармайынша жарық пен көлеңкені өзгертуге болмайды, өйткені суретті қою бояумен күңгірт кейіпке түсіріп қойған кезде суретшінің жарық пен көлеңкені көрсетуінен айырады.
3. Қарындаштың графикалық мүмкіндіктері шынайыжарық пен көлеңкеден әлдеқайда төмен болғандықтан қарындаштың шектелу мүмкіндіктерін ескере отырып, ұсақ бөлшектердің өңдік сипатын бір-біріне жақын алу керек, сонда ғана сурет біртұтас болып шығады.
1.3 Адам денесінің пропорциясы
Адам денесінің пропорциясы - антропология мен медицинада дене мүшелерін (бой, тұлға, нық, қол, аяқ т.б.) бір-бірімен салыстыру, олардың ара қатынасын, өзара сәйкестігін анықтау.
Адам денесінің пропорциясын аықтауда көп қолданылатын әдістің бірі иықтың кеңдігі мен қол-аяқтың ұзадығын дененің тұрқымен салыстыру. Осы әдіспен алынған көрсеткіштерге қарай жалпы адам денесіні құрылысы 3 түрге бөлінеді:
брахиморфт - тұлғасы кең, қол-аяғы қысқа
долихоморфт - тұлғасы қушық, қол-аяғы сидаң
мезоморфт - жоғарғы екеуіні аралығындағы адамдар.
Жасына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
Арнайы сурет
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру
Оқушы қабылдауы
Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану
Оқытудың ақпараттық және бейнекомпьютерлік орталары
Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер