Алгоритмдік ойлау дағдысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Жаңартылған бағдарламаны география курстарында пайдаланудың маңыздылығы
Кіріспе
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері мен тиімділігі
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарламаның өзектілігі мен маңыздылығы
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
География курсында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
2.1. География курсында жаңартылған білім беру жүйесін қолдану
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы география пәнінің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Электронды оқулықтың көмегімен географияны оқыту. Электрондық оқулық және оның құрылымы
Жаңартылған бағдарламаны география курстарында пайдалануды жетілдіру жолдары
3.1. Жаңартылған бағдарламасы аясында қашықтықтан оқыту, модульдік технология, дамыта оқыту технологияларын қолдану.
3.2. Жаңартылған бағдарламаның тәрбиедегі маңызы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Министрлік 100 нақты қадам Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016 жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы - 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сынып-тарда аяқталады [1].
Осы ретте, пәндер бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша қиындықтар туындауда. Әсіресе, география пәні бойынша жаңартылған білім мазмүны бойынша сабақтар берудің ерекшеліктеріне жіті мән берілмеуде. Осы өзектілік арқылы, курстық жұмысымның мазмұны ашыла түспек.
Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше.Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекесестікке қабілетті болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми - педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы география пәнің оқытуда жатыр.
География - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.
Зерттеу объектісі: География сабағында жаңартылған білім мазмұны
Зерттеу пәні: география
Зерттеудің мақсаты: География сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері: География сабағында жаңартылған білім жүйесін енгізу
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекеттегі география сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы тұтастығы басшылыққа алынды. Қазіргі уақыттағы жүргізілу деңгейімен маңыздылығы қарастырылды.
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Диплом жұмысының тақырыбына сай, жаңартылған оқу бағдарламасы әдістемелік зерттеулер жүргізу негізінде талданды.
Зерттеу әдістері: ақпарат жинақтау, талдау, сараптау, зерделеу.
Зерттеу көздері: Елбасы Н.Н.Назарбаевтың жолдауы, жаңартылған оқу бағдарламасына көшкен пән мұғалімдерінің мақалалары, конференциялар мен семинарлардың жинақтары.
Ғылыми болжамы: География сабағында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері зерттеліп, педагогикалық тұрғыда басшылыққа алынған жағдайда, мұғалімдер үшін үлкен әдістемелік көмек болары сөзсіз.

І. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек [2].
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра кәсіби шебер түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құнды-лықтары да жатады. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі мектеп сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да мектеп сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
География курстарына арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушы-лардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптас-тырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдал-анылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға пән мұғалімдерін дайындау. Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі - мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану: оның мүмкіндіктерін жаңа материалды баяндауда (білімді виртуальды өмірде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу, баяндалған материалды бекіту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.
Енді мұғалімдерді оқушылардың үйрететін мезгілі келді. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғанындай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі қажет. Бұл мәселе - білім беруді ақпараттандырудың қажетті шартына айналып отыр.
Мектеп мұғалімдерін ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткізілетін салаларының бірі ретінде қарастырылған.
Негізгі мақсаты: білім мекемелері қызметкерлерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, оның ішінде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру.
Егер мұғалім компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдістемесі элементтерін демонстрация жасау.
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру [3].
Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемаларының оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.
Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.
Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр.
Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Wеb - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен виртуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру -- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз -- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,-деген жолдар -- соның дәлелі [4].
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тіл - дерін білуге тиіс, оларды оқыту нәти - жесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деген болатын. Жолдауға орай Қазақстан Республикасы мектепке білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Мектептің білімге арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс жасауды қолға алуда.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
экономика;
адамдардың өзін өзі басқаруы;
қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;
еңбек нарығының құрылымы;
шекарамыздың ашықтығы;
еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі;
оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
әлем стандартына сай білім беру;
бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
әлем азаматын тәрбиелеу;
тәжірибелік дағдыларды дамыту;
функционалдық сауаттылықты арттыру;
мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты - география курсы бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
география курсы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
география курсы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
география курсы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында география курсы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті география курстарының стандарты деген не?
география курстарының жалпы білім беретін бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:
оқушылардың дайындық деңгейіне, география курстарының мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:
мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының іс-әркетін, білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму үдерісін реттейді.
Қазіргі жаһандану заманында ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек? сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам - мектеп мұғалімі. Мектеп мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл емес. Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген география курсының мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын [5].
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің Білім беру үдерісі (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Кесте №1
Білу
Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну
Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану
Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Анализ
Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез
Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау
Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу

Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары
Кесте №2
Мақсаттар
Сұрақ үлгілері
Пайдаланатын етістіктер
Білу
Не? Кім? Қашан? Не ... үлгісі болып табылады? ... не тұспалданады?
Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну
Түсіну
... басқаша қалай түсінуге болады? ... бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?
Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу
Қолдану
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? ... қандай жағдайларда?
Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу
Анализ
Неге? Қалай? ... себебі ен болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ... себебі қандай? ... бір-бірімен қалай үйлеседі?
Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжіри-беден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу
Синтез
Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізін-де қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?
Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау
Бағалау
Бұл жақсы ма және неліктен?
Бұл қисынды ма және неліктен?
Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. География курстарының сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.
Кесте № 3
1- сынып
2 -- сынып
3 -- сынып
4 -- сынып
Өзім туралы
Өзім туралы
Тірі табиғат
Менің Отаным-Қазақстан
Менің мектебім
Менің отбасым және достарым
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Адами құндылықтар
Менің отбасым және достарым
Менің мектебім
Уақыт
Мәдени мұра
Бізді қоршаған әлем
Менің туған өлкем
Сәулет
Мамандықтар әлемі
Саяхат
Дені саудың-жаны сау
Өнер
Табиғи құбылыстар
Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті
Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті
Атақты тұлғалар
Қоршаған ортаны қорғау
Тағам және сусын
Қоршаған орта
Су-тіршілік көзі
Ғарышқа саяхат
Дені саудың-жаны сау
Саяхат
Демалыс мәдениеті.
Мерекелер
Болашаққа саяхат

Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
Кесте №4
Ұзақ мерзімді жоспарлау
· Оқу бағдарламасы
· Пәннің мазмұны
Орта мерзімді жоспарлау
· Жұмыс сызбасы
· Тізбектелген сабақтар
Қысқа мерзімді жоспарлау
· Жеке, дербес сабақ

Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Кесте №5
Рухани құндылықтар
Дағдылар
:: шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
:: сын тұрғысынан ойлау;
:: қарым-қатынас жасау қабілеті;
:: білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
:: өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
:: проблемаларды шешу қабілеті;
:: жауапкершілік;
:: ғылыми-зерттеу дағдылары;
:: денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
:: қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
:: өмір бойы оқуға дайын болу.
:: жеке және топпен жұмыс істе

Акт саласындағы дағдылар

Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады. Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады.
Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы.
Бастаушы сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын дағдылары:
Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
Проблеманы шеше білу;
Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.
Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
Топтық тұжырымдарға келе білу;
Топ алдында өз тұжырымын айта білу.
Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі құзыреттіліктер:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті)

Азаматтық (Қазақстан халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін, терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі)

Коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау)

Әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті)

Ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін үштау)

тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру)

болашақта таңдайтын өз мамандығына қарай ақпаратттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты жүйелеу
Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу -- оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brоdіе, 2000), ойын баламалары (Bеrgеn, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Реtеrs, 1998). География курстарында ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар география сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар - тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, Алға (Gо) деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.
Кесте №6
Негізгі сипаттамалар
Дәтүрлі оқыту үлгісі
Жаңартылған білім үлгісі

Оқыту мақсаты
Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі
Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету
Мұғалімнің рөлі
Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі
Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйым-дастырушы, кеңесші, менеджер
Оқушының рөлі
Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі
Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі
Білімді ұсыну формалары
Дайын күйінде, үлгі бойынша, cөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы
Аудио, визуалдық, графика-лық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы
Білімді қолдану
Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану
Алынған білімді нақты жағдайда қолдану
Оқушы қызметінің формасы
Фронтальды және жеке
Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары
Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері
Сөздік әдістер
Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негіз-делген интерактивті тәсілдер

Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі

География курсының мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында ортақ тақырыптардың берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады?
Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі,жараты-лыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру маз - мұнын белгілейтін типтік оқу жос - парында 6-11 сыныпқа арналған тіл - дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы - лым, жазы-лым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, мек - тептің 6-11 сыныптарында оқу - шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі - оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам - гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату [6].
Мектеп оқушысы география және информатика, жаратылыс-тану, адам және қоғам, технология және өнер, де - нешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және баға-лау деңгейлерінде кү - тілетін нәтижелерді көре отырып, мең - геруге талапта-нады.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет
Екінші тіл (қазақорыс тілі)
Үшінші тіл: ағылшын
Т1 қазақ тілі
Т2 орыс тілі
Ағылшын тілі
3. Топтық жұмыс: І- топ Оқылым
ІІ- топ Тыңдалым
ІІІ- топ Айтылым
ІV- топ Жазылым ұғымдарына сипаттама береді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы;
4.Логикалық ойлау дағдысы;
5. Сыни ойлау дағдысы;
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы;
7.Критикалық ойлау дағдысы;
8.Проблемалық ойлау дағдысы;
9.Технологиялық ойлау дағдысы;
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы;
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?
Ықтимал себептері
● Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
● Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
● Бағалау үшін;
● Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
● Тақырыпты қайта қарау үшін;
● Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
● Күрделендіру үшін;
● Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
● Түсінуге көмектесу үшін;
● Бағамдау үшін.
2. Тиімді сұрақтар қандай болады?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Жабық сұрақтар "иә""жоқ" деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлемде болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
:: Біз ...қалай істей аламыз?
:: Сен қалай ...?
:: Егер ..., не болады?
:: Маған ...туралы айтып бере аласың ба?
:: Сен ...туралы не ойлайсың?
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау
Ұзақ
мерзімді
Орта
мерзімді
Қысқа
мерзімді
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спираль - ді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдар-лама Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз? ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген.Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды.Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші жəне үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді.
Мысалы, 1.2.1.1. кодында 1 - сынып,
2.1 - бөлімше, 1 - оқу мақсатының реттік саны.
Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі - оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуни-кативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналы-суы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.
Үштілділік саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуни-кативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Бұл мақ-сатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады. 1-сыныптан қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асыра-ды. Үштілді оқу оқушының сөйлеу əрекетінің (тыңдалым, айтылым,оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін жəне сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

ІІ. География курсында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері

География курсында жаңартылған білім беру жүйесін қолдану

Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдер: бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегияларын қолдану.
География сабағында Блум таксономиясы кеңінен қолданылып келеді. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді [7].
Блум таксономиясының жеті модульін пайдаланып оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі. Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Бұл технологияда оқушылар жеке,жұппен, топпен өз ойларын балалар алдында айта алады. Сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал туғызып Жүрек жылуы тренингтер өткіземін. Бір-біріне ыстық жүрек жылуы тілектерін білдіреді.
Кесте №7
Тақырыбы
Қазақстанның физикалық картасы
Мақсаты
Қазақстанның физикалық картасы жайлы жалпы түсінік қалыптастыру
Жалпы мақсаты
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже
Білімдерін жетілдіру арқылы есептерді шеше алады
7 модульдің қолданылуы
АКТ, Оқыту мен оқудағы тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Миға шабуыл, Семантикалық карта, сәйкестендіру тест, Бес жол өлең, Қатесін тап, Сөзжұмбақ
Қолданы-латын ресурстар
Слайдтар, тапсырмалар, интербелсенді тақта, стикерлер
Ұйымдас-тыру кезеңі
Оқушылармен амандасып,түгендеп психологиялық ахуал туғызу Жүрек жылуы тренинг арқылы бір-біріне амандасып, жағымды көңіл күйін білдіреді.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшысын сайлаймын.
Әр топқа бағалау парағын таратып беремін.

Сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білу

Қызығушы-лығын ояту

Миға шабуыл әдісін пайдаланып, өтілген тақырыптарды еске түсірейік.Сұрақтар беріледі.
Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы диалогқа түсіру.Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырмаларды орындау.Сөзжұмбақ құрастыру.
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Оқушылар сөзжұмбақтарды шешеді.
Түсіну
Топтарға кітаппен жұмыс жасау
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды,оқушы өз бетімен игереді,түсінбегенін түртіп алады және ең бастысы сыни ойлау дағдысы қалыптасады.
Оқушылар өз ойларын ортаға сала білуге үйренеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Қолдану
Оқушыларға төменгі,ортаңғы, жоғарғы деңгей тапсырмалар беріледі. Қатесін тап тапсырмалар таратылады. Жауаптары интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
Алған білімдерін қолданып үйрену.Бір-біріне түсіндіреді, қолданып үйренеді. Есептің қатесін дұрыстайды.
Окушылардың міндеті мұғалімді тыңдау,өз ойлары мен пікірлерін айту
Талдау
Тірек схемасы , Бес жолды өлең
Топтар өздерінің білімдерін тірек схемасы бойынша талдайды, схема құрастырады. Бес жолды өлең шығарады.
Әр топтардан бір-бір оқушыдан ортаға шығып қорғайды. Бес жолды өлеңді оқиды.
Жинақтау
Семантикалық картамен жұмыс. Постермен өткен тақырыпты қорғау
Топтар семантикалық картаны толтырып, сабақты жинақтайды.
Топтар сұрақ-жауап арқылы өзара жарысады және ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау, Бағдаршам, бағалау парақшалары
Оқушыларға стикерлерді толтыруды ұсыну
Өзін-өзі топпен бағалайды.
Рефлекция
Стикерді толтыру. Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойларын жазып тақтаға іледі. БББ кестесі
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойларын жазып тақтаға іледі
Стикер толтырады.

Сабақты ұйымдастыру барысында оқушылардың барлығы да жетістікке жететініне сенімді болуы керек. Жетістік- тұлға болып қалыптасудағы ең негізгі шарт болып табылады. Оқушы егер талпынып жетістікке жете алмаса, ол өзіне деген сенімін жоғалтады.Тұрақты түрде қайталанатын сәтсіздіктер оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетеді. Тәжірибиелі ұстаздар мұны жақсы біледі. Олар ешқашан ескертулер мен екілік бағаларды көп қолданбайды. Керісінше, сәтсіздікке жолыққан оқушыларды барынша қолдауға, жәрдем беруге тырысады, міндетті түрде қолпаштап, кішкентай жетістігі үшін де мақтауға тырысады. Егер оқушылар алдына қойған тапсырманы орындап, жұмысты барынша қызығушылықпен және рақаттанып орындайтын болса және де сабақ қызықты әрі тартымды болып өтсе- бұл оқушылардың оқуға деген жігерін арттырады.
Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқушылар не еістеп жатқанын және не үшін бұл жұмысты орындап жатқанын нақты білуі қажет Басқа сөзбен айтқанда, мақсат айқын болып, оған жету жолдары да анық болуы қажет [8].
Сабақ өту барысында зейінді жіберілген қателіктерге емес, кішкентай болса да сәттіліктер мен жеңістерге назар аудару қажет.
Жұмыс барысындағы жеңіс- мұғалім, оқушы және ата-ананың арасындағы түсіністіктің негізі болып табылады. Әр дама өз өмір жолында әр түрлі жылдамдық пен өзінің жолымен жүреді, мұны өзгертуге болмайды. Дегенмен, өмір жолында адами құндылықтарды жоғалтпауға әсер ету бұл- оқу мен тәрбиенің негізгі мақсаты.
Оқыту және тәрбие беру барысында оқудың түрлі формаларын қолдануға болады: тірек-конспектілер, сынақтар, географиялық диктанттар, сөзжұмбақтар, практикалық жұмыстар, т.б.
Оқыту кезінде әр түрлі педагогикалық технологиялардың маңызы өте зор. Қазіргі таңда мұндай технологиялар өте көп. Олар: қашықтан оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы мен ерекшелігі
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңартылған білім беру мазмұнының тиімді әдістерін таңдау және қолдану
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде көне ескерткішіліндегі сын есімдерді қалай оқытуға болады
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Пәндер