Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ. . . …. … . . . 3

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА 3- 4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК- РӨЛДІК ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Мектепке дейінгі ұйымдарда . . . 5

1. 2 Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың рөлі мен маңызы . . . . . . 10

2 БАЛАБАҚШАДА СӘБИЛІК ШАҚТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ӘРЕКЕТІНЕ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Балалбақшада сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың тиімді жолдары . . . … . . . …. . 18

2. 2 Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

ҚОСЫМША . . . 37

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси,

экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық

білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы өзіндік орнын баса көрсетуде.

Баланың сәбилік кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Сәбилік кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э. Эриксонның, Ф. Пиазженің, Б. Г. Ананьевтің, А. В. Дмитриевтің, Фрейдтің, Л. Выготскийдің В. Т. Лисаковскийдің және т. б. еңбектері бар.

Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол сәбиді осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, тәрбиеші қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күні тәрбиешінің алдында тұрған ең басты міндет - балалардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.

Зерртеудің пәні: Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды материалдары арқылы дербес әрекеті ойынға тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы тәрбие беру ерекшеліктері қалыптасады.

Зерттеудің құрылымы: Курстық жұмыс негізінен, кіріспе (зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зерттеу міндеті, зерттеу көздері, зерттеу әдістері, ) 1 тарау, ( теориялық негіздері ) 2 тарау (практикалық әдістемелік жолдары ) және қорытынды

(пайдаланылған әдебиеттер тізімі ) бөлімнен тұрады.

Зерттеу орны: №9 балабақша

Зерттеудің нысаны: Балабақшадағы сәбилік шақтағы балалардың оқу-тәрбие барысындағыіс-әрекетіне басшылық жасау.

Зерттеудің мақсаты :Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Тақырыптың мазмұнына байланысты жазылған ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасау.

2. Сәбилік шақтағы балалардың оқу-тәрбие барысындағы озат педагогикалық, психологиялық, философиялық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеудің әдістері: Психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтай-талдай отырып балалардың дербес әрекетіне басшылық жасау.

1 Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың теориялық негізі

1. 1 Оқыту барысында сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың мәселелері

XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт.

Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға баса назар аударылады.

Өмірдің екінші жылында мына қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп, жүре бастайды, сөзі қарым- қатынас құралы болады;

Жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады. Бірінші жарты-жылдықта балалар 3-4 сағатқа белсенді сергейді, екінші жартыжылдықта - 4-5 сағатқа.

Балалардың психикалық және дене дамуының қарқыны өмірдің бірінші жылына қарағанда, екінші жылында өте қарқынды болады.

1 жылдан бастап - 1 жыл 2 айда бала өз еркімен қасықпен тамақтануды үйреніп, 2 жылда ол өз еркімен тамақтану машықтарын жақсы меңгере алады. 1 жылда балаға өз еркімен киініп, шешінуді, керек киімді тауып әкелуді және т. б. үйрету қажет. 1 жыл 9 айда бала үлкендердің аздап көмектесуімен жартылай шешінуді білуі қажет (колготки, бәтеңке, құлақшын шешуді) . 3 жылда ол ересектердің көмегінсіз өз киімінің жартысын киіне алады.

Сәбилік шаққа ауысу заттар дүнесіне жаңаша көзқарастың дамуына байланысты болады. Олар бала үшін тек іс- әрекет жасауға ыңғайлы объект қана емес, сонымен бірге белгілі бір міндеті бар және пайдаланудың белгілі әдісі бар, яғни қоғамдық тәжірбиеде оған бекітілген функциясы бар ұйымдар ретінде көріне бастайды. Баланың негізгі ынтасы затқа жаңа іс-әрекет жасауға үйренуге ауады, енді үлкендер осы іске ұстаз, көмекші, қызметші рөлін атқарады. Ерте сәбилік шақта бүкіл кезең бойына жетекші іс-әрекет болып табылатын заттық іс-әрекетке көшу жүзеге асады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттар мен жұмыс жасаудың қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Әрине, бала заттың қоғам бекіткен, сол сәттегі қажеттілікке қарай өзгермейтін тұрақты қасиетін үйрене бастайды. Бұдан бала заттық қасиетін үйренгеннен соң, оны тек қана сол мақсатқа пайдаланады деген ұғым шықпайды. Мысалы, ол қарындашпен қағаз сызғылауды үйрене тұра, сонымен бірге қарындашты домалатуды да, одан құдық жасауы да мүмкін. Бұл жердегі ең маңыздысы сол-бала заттың шын мағынасындағы не үшін керек екендігін біледі. Екі жасар еркетотай бәтінкесін басына киген кезде, өзіне-өзі күледі, себебі бәтінкенің қызметі басқа екенін түсінеді[1. 15-36 б ] .

Заттық іс-әрекет дамуының бастапқы кезеңінде қимылмен өзара байланысты. Іс-әрекеттің затпен байланысы дамудың үш фазасын өтеді. Бала затпен өзіне таныс іс- әрекеттің кез-келгенін жасай алады. Заттытек өз қызметіне ғана пайдаланады. Ескі іс-әрекетті қайталау жүзеге асады, бұдан бала еркін, негізгі қызметін көрсетеді.

Заттық қимылды игеруге байланысты баланың ол үшін жаңа жағдайдағы жаңа заттармен кездескенде бағалау мінезі өзгереді. Егер бала қолына таныс емес затты алып, онымен өзіне бұрыннан белгілі тәсілдерді қолданып, іс-әрекет жасаса, кейін оның назары жаңағы заттың неге керек екенін, оны қалай пайдалануға болатынын анықтауға ауады. «Бұл не?»- деген бағдар «мұнымен не істеуге болады?»- дегенге ауысады.

Осы кезеңде игерген қимылдың бәрі бір типтес емес және баланың психикалық дамуы үшін оның бәрінің маңызы бірдей емес. Іс-әрекеттердің ерекшелігіне байланысты. Кейбір заттар анық белгілі бір пайдалану әдісіне ие. Олар - киім, ыдыс, жиһаз. Оларды пайдалану тәсілін бұрмалау мінез- құлық ережесін бұзғанмен бірдей бағаланады. Басқа заттармен әлдеқайда еркін айналысуға болады. Оған ойыншықтар жатады.

Өмірдің екінші және үшінші жылында балаларды тәрбиелеу процесінде сергектену процесіндегі олардың әрекеттену маңызына үлкен назар аударылады.

Оқыту процесінде балаларды дамыту. Балалардың назары үйренген және өз еркімен орындай алатын - құрылыс материалдарына, көпшілік дидактикалық ойыншықтар - пирамида, матрешка, салынбалы кубик және т. б. ойыншықтар мен материалдарға түседі.

Әрекет ету балалармен үлкендердің қарым-қатынасын орнатуға көмектеседі. Әрекет етуді меңгеру процесінде балалар сенсорлы дамиды, мәні мен құрамын қабылдау жетіледі (нысаны, түсі, көлемі, кеңістіктегі орны) . Бала тәрбиешінің тапсырмасын басында үлгі бойынша, кейін өз еркімен орындайды (2-3 түсті шарлардан белгілі түсті таңдау және т. б. ) .

Сенсорлы тәрбиелеу тапсырмаларды шешуде, түсі, формасы бойынша ойыншықтарды, құралдар мен материалдарды таңдауда маңызды рөл атқарады.

Бір белгілері бойынша қарама-қарсы, бірақ басқаша жағынан ұқсас (мысалға, бір түсті, бірақ көлемі әртүрлішарлар) заттарды таңдауы тиіс. Сюжетті ойындар үшін қуыршақтар және көлемі орташа бейнелі ойыншықтар, ірі ыдыс-ақ жиынтығы, қуыршақ жиһазының кейбір заттары (үстел, орындық, керует) қажет. Балалар ірі және мықты ойыншық жиһаздарға өздері отырып алады.

Жинақтама ойыншықтарды дұрыс орналастыру: қуыршақтың жанына көрпе қою және үстелге ыдыстарды жинап қою және т. б. Бұл балаға ойын ойнауда бір емес, бірнеше заттарды қолдануға көмектеседі, яғни ойынды қиындатады.

2 жылдың соңында балалардың әрекетінде сюжетті ойындардың элементтері байқалады. Ойында ойыншықты ғана емес, орнын ауыстыратын нақты заттарды қолдана бастайды. Балалардажүйке-психикасы дұрыс дамыған кезде бір-бірімен қарым-қатынас жасау талабы қалыптасады. Қарым-қатынас жасау элементтері ең алдымен, балалар әрекетке түскенде пайда болады (теңдесін қайталау, онымен ойнау - допты тебу) .

Алайда балалардың арасында төбелесу жиі туындайды, себебі балалар сөйлей алмағандықтан, өз талаптарын түсіндіре алмайды. Теңдесінің ойын-шығы төбелесудің себебі болуы да мүмкін. Балаларды сүйіспеншілікке, нәзіктікке үйрету керек: басынан сипау, балаға аяушылық таныту.

Өмірдің 3 жылында балаларда қозғалыстың басты түрі жүру болып табылады. Бала одан үлкен қажеттілікті сезінеді, сондықтан да ол балаға бағдарлай алу мүмкіндігін береді. Төңірегіндегілерді кеңінен бағдарлай алудағы баланың белсенді қозғалысы психикалық іс-әрекеттің дамуынасебепші болады (сезіну, қабылдау, көрнекі-әсерлі ойлау) . Бұған қоса, баланың жүруі аса автоматтандырылып, қолдың белсенді әрекетіне алғышарт жасайды. Ол тепе-теңдікті жоғалтып, құлап қалудан, қолға заттарды алып, әкетіп жүруден қорықпайды.

Бос кеңістікті қамтамасыз ете отырып, балада қимыл белсеңділігінің әртүрлі түрлерін қалыптастыру үшін арнайы құрал-жабдықтады алу қажет (баспалдағымен төбешік, ылди алаңы және т. б. ) .

Аяқ пен қол қимылының үйлесімділігін дамыту үшін балалар қолда таси алатын (ірі жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, себеттер), тесмамен сүйрейтін (машина), алдынан итеріп сүйрейтін (сырғанау) ойыншықтар жиынтығы болуы керек.

Қимыл белсендігін реттеу - бала дене дамуының маңызды жағдайы. Қимыл ойындарын міндетті жүргізу керек. Қимыл ойындары кезінде балалармен сезінген қуану, таңқалу сезімдеріқимылды жақсы меңгеруге себептеседі. Баланың жалпы дамуындағы маңызды бағалылық әнмен сүйемелденген қимыл ойындарын, ән ырғағында орындалатын қимылды, қимыл үйлесімділігін, ырғағын тәрбиелеуге көмектеседі. Гимнастикамен айналысу белсенді қимылды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Өмірдің 3 жылында балаларда қарым-қатынас қабілеті қалыптасады. Бұл заттар мен құбылыстардағы жалпы ойдағы бөлінісі, бұған негізделген олардың ой бірлестігі. Басында балалар заттарды сыртқы айқын белгілері бойынша жалпылайды: кез келген жұмсақ, үлпілдек ойыншықтарды мысық деп атайды.

Балаларда заттар мен ойыншықтардың айырмашылығын жаттық-тыруда:

- ең алдымен таныстар арасында үлкендермен айтылатын затты тануды үйрету керек;

- сосын бөгде адамдар арасында;

- бір белгісі бойынша жақын (көлемі, түсі) ;

- көп белгісі бойынша ұқсастар арасында (бір түсті, бір көлемді қоңыз және тасбақа) ;

Түсі, формасы, ұзындығы, материалы бойынша ерекшеленетін біркелкі ойыншықтардың топта бар болуы қарым-қатыныс қызметтерін дамытуға көмектеседі [2. 13-25 б ] .

Баламен сөйлескен кезде үлкендер заттардың сипатты белгілерін көрсетуі керек (құстар ұшады, доп сырғанайды және т. б. ) .

Баланың белсенді сөзі үлкендермен қарым-қатынаста қажеттілік туындағанда дамиды. Баланың ыммен, ишарамен көрсетілген өтінішін қанағаттандырмау керек. Алайда оның мүмкіндігін есепке алу қажет.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол сәбиді осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл сәбилік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі - эмоциялық жаутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.

Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауға, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине сәбилік шақта баланы үйрету көбінесе алдын- ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады .

Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалғаны сәби өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайы үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Сәбидің бағдарлау реф-лекстері білім құмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты

И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.

Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала сәбидің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады [3. 125 -135 б ] .

Сәбилік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын- ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға сәби қабілетті болады. Сәбилік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен сол, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде

үйренеді [3. 96-125 б ] .

1. 2 Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың рөлі мен маңызы

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде.

Бала психикасында алғашқы үш жасында болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.

Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.

Баланың психикалық дамуына тік өмір сүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу - ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалып-таспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап қалу каупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашқы ол-сіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл- күй туғызады [4. 96-148 б ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Балалар психологиясындағы жаңатарау
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жана әлеуметтік ситуациясының пайда болуы
Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz