БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..5
0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамытудың маңызы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Оқыту барысында мектепке жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамытудың мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту барысында танымдық белсенділігін дамыту ... ... ... ... ... 17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін ойын арқылы дамытудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамытудың теориялық негізі
0.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамытудың маңызы мен рөлі
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты педагогтың негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдаланып дамытуды қарастырады. [1]
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы балабақша балаларын жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды балабақшадан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі - құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет.Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Балабақша жасындағы баланың танымдық іс әрекеті оқыту үрдісінде жүзге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінен маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқыту тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс әрекет түрі - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі дамиды.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Сонықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы білім соңғы деді. Адам тынымы сыртқы дүние заттары туғызатын түйсіктен басталады, танымның негізгі сезімдік қабылдау деп түсінді. [9]
Таным теориясы - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Балалардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз - білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті күрделі үрдіс. Ол балаларды сыртқы дүние туралы білімді меңгеру ептілігі және дағдымен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Баланың танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу - балабақшадағы оқытудың негізгі мәселелері. Баланың танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында баланың таным белсенділіктерін арттыру олардың өз бетінше ықылас ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Баланың қабылдау, негізінен тәрбиешінің сабақты жүйелі түрді жүргізуіне байланысты. Баланың жаңа материалды қабылдауына арқау болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Олардың оқу танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады балабақша балаларының әсерленгіш, эмонационалдық болып келетінін ескере отыру - тәрбиешінің оқу әрекетіндегі ерекше назар аударуы тиіс, міндетті. [24]
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі 3-4 жас балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы: олар шегені магнит ұстап тұр? Жапырақтың неге жасыл? Жаңбыр қайдан болады? - деген сияқты сұрақтарды үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да өзара таласуды, пікір айтуды түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың Неге?, Не үшін?, Қалай? деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде оларды жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбәланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қощтап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талаптанғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді. [2]
Адам белсенділігінің табиғатының тани білу, еңбек және моралдік белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау тәрбиешінің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау таным белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік деп атайды. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында басқалардың құрдастарымен сол жас бойындағы балалардың өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп, орындауға, өз қылықтарын ережеге, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнына түсінеді. [13]
Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Бала өмірінде алты жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала балабақша оқушысына айналады. Балабақша балаларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістерінен сипатталады. Баланың балабақша жасына өтуі оның іс әрекеттерінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасын өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Балалардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, тәрбиешінің теориялық сауаттылығымен шеберлігіне байланысты. Демек балабақшадағы оқу үрдісі балалардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашу қажет.
Танымдық белсенділік - баланың оқуға білуге деген ынта -ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Балабақша балаларның қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен еркшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікке байқалады деп айтуымызға болады олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейініде еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан балабақша балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Балабақша өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мативтерімен бірге дамиды (оқу іс әрекеттерін табысты болуына деген жауапкершілік). [23]
Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға өте берілгіш келеді. Балалардың қиялы мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп- оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 4-5 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарын заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіңе түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ойы еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Әр түрлі жастағы балалардың танымдық қызығуының өзіндік сипаты мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдақ қызығудың қалыптасу және дамуы - жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс - әрекетке және жеке өмір тәжірибесінде байланысты болады. Сондықтанда баладағы танымдық қызығудың даму деңгейдің тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмұны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін. [7]
Балалар жасына байланысты осы мәселені зерттеу бір қатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Н Рыбникова, Л Гордон, М. Беляева, И. Цветкова, Л. Маневцова, Н. Постникова, К. Романова, Р. Римбург, П. Сирбиладзе ( Мектеп жасына дейінгі кезең ), И. Шевченко
(Жеткіншек жас) В. Ильина, В. Иванова, Н, Костина, Л. Рожина.(ересек мектеп жасы ). 60 - жылдардың барысында мектепке дейінгі балалары байынша А, Абдулаева, М. Морозова, Чо Чюн Силь, Ф. Гусейнова. (мектепке дейінгі балалары қызығуының жүйесін зерттеу ), А. Дусавицкий (балалардың танымдық қызығулары дамуына оқыту құралдарының әсері ), Л. Склярский (үлгерімі нашар балалардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), М. Щеломенцова (балабақша жасындағы танымдық қызығудың дануында ғылыми көркем кітаптардың рөлі ) еңбектері шықты. Қызығуына өте ерте жастан қалыптасады және оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында - ақ оны ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады. Бала күнделікті осы тітіркендіргіштерді үзіліссіз қабылдайды және оларды қайта - қайта қабылдауға тілек білдіреді. Алайда, объектіге деген бұл бағыттылықты оның эмоциялдық тартымдылығына сәйкес уақытша және оны қызығудың алды деп те есептеуге болады. [5]
Білуге құмарлық - бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мүндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге білуге, ұстануға деген қызығунан байқалады. Балалардың өте ерте балалық шағында "қайда?", "неге?", "бұл не?", "неліктен" және т.б. сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығуының пайда болуы мен байланыстаруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.
Балалардың қызығуы өз бетімен пайда болмайдығы ол әлеметтік ортаның, ересектердің әсерінен пайда болады. Балалардың қызығулары олардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, оқу - тәрбие жұмыстарын ұйындастыруда әр тұрлі жаста балалардың өздеріне лайықты қызығулары болатынын ескерту қажет.
Адамның бар қасиеті: мінез - құлқы, қызығу сезімдері әрекет үстінде дамиды. Әрекет үстінде балалар әр түрлі заттардың қасиеттерін байланыстырып, бір шешімге келеді. Балада белгілі білім жүйесі қалыптасады.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата - анасынан, тәрбиешіден алады. Баланың танып білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әр күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білу керек, оны үйрететін бірінші кезекте үлкендер.
Өзін қоршаған ортаның шындығын ұғып білуге ұмтылудың бір көрінісі балалардың сұрақ қойғыштығы. Есейе келе балалар тек заттар туралы ғана емес, айналасындағы әлуметтік көріністер жөнінде нақты білім, хабар, түсінік алғысы келеді. Ересектерден балалар өз сұрақтарына жауап күтеді. Осыдан келеп, оның ізденісіне, білуге ұмтылысына мұқият қарау керектігі туады.
Балалардың қоғамда алатын орны, үлкендермен қарым - қатынасы, әлуметтік өмірге араласуы, олардың өзіне ғана тән ішкі әлемі, қызығуы, қабылдау, ойлау, қиялы, тағы басқада көптеген мәселелер ғылымның сан - саласын тығыстыратын күрделі әлем.
Баланың қызығуын орнықтыратын: балабақша,оқу үрдісі, тәрбие, тәрбиешілер ұжымы. Бала балабақшаға оқуға қызығып келеді. Оқи бастаған соң жақсы оқыған пәніне қызыға түседі, сәттілігі көбейген сайын қызығуы арта береді. Сәтімен меңгерілген білім қуаныш туғызады. Пәнге қызыққан сайын білімді сәтті меңгерген бала алдымен оқудың мазмұнына, оқытудың әдісіне қызыға бастайды. Бала әуелі жеке пәнге, кейін бірнеше пәнге қызығады. Бара-бара бір уақытта бірнеше пәнге, сонан соң барлық пәнге қатарынан тұрақты қызығады. Сөйте-сөйте оқудың барлық саласына қызығу дамып өріс алады. Тұрақты қызығу ересек және жасөспірім кезінде орнығады. [25]
Мақсатсыз жұмыс - ең қызықсыз жұмыс. Сондықтан да балалардың оқуға қызығуы туындауы үшін олардың не істеп жатқанын және қандай нәтиже алатынын білуі, сонымен қатар жұмыс мақсатының балаларға түсінікті болуы аса қажет. Балаларға өздерінің бос уақытын мақсатты қолданып, өз қызығуын қанағаттандыру үшін іс- әрекеттің әр түрімен шұғылдануы қажет. Таңдап алған саладағы белсенді оқу мен іс- әрекет, танымдық мүмкіндіктер қызығудың дамуына негіз болады.
Адамның кез келген әрекеті белгілі себептен туып, нақты мақсатқа жетуге бағытталған. Бала іс- әрекетінің негізгі түрі: оқудың да өзіне тән мотивтері болады. Егер балалардың іс- әрекетінде мотив болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін. Мұғалімге және оқушыға тиісті мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Демек, қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Балалар білімнің қажеттілігін сезінуі қажет, ал қажеттілік олардың оқуға деген қызығуын арттырады. Оқуға байланысты негізгі түрткінің бірі - қызығу. Бұл адамды еліктіріп әкететін ынтызарлық. Оқудың жемісті болуы оған деген қызығудың нәтижесі. Бала оқуға өзі қызықпаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Ескертетін бір жайт, балаға барлығы оңай болатын оқу ешбір қызықты болмайды, таным мен қуаныш әкелмейді. [18]
Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс- әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.
Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б.
Алда тұрған негізгі міндет - бала үшін қызықсызды қызықтыға айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі- ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда оған қиыншылықты жеңу оңай болады. Оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялайды. [23]
Бірақ "қызығу" түсінігін "ермек", "жұбаныш" түсінігімен бірдей қоюға болмайды. Бала өмірін қызық, қуанышқа кеңелту, оның көңілін көтеру деген сөз емес. Бала өмірінің негізгі мазмұны - оқу. Оқу баланың негізгі іс- әрекеті, сондықтан ол бірінші кезенкте қызықты болуы керек. Бұдан басқа бала еңбекпен, спортпен айналысады, мұражай, үйірме және басқа да мәдени мекемелерге барады. Баланың дәл бүгінгі өмірі саналы, парасатты, мазмұнды және қызықты болуы керек.
Қазіргі уақытта осы аталған зерттеулердің нәтижесінде "қызығу" түсінігі оның даму сатылары нақтыланған, танымдық қажеттіліктер мен қызығулардың байланысы, танымдық қызығудың мәні мен өзіндік ерекшеліктері ашылған. Дегенмен, қазіргі балабақша балаларының танымдық қызығуын қалыптастыру мәселесі мына бір жағдайды есепке алу керектігін көрсетеді: қазіргі алынатын мәліметтердің осыдан біраз уақыт бұрын алынған мәліметтерден өзгешелігі болады. Бұған белгілі дәрежеде жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар, мектепке дейінгі оқытудың теориялық және ғылыми деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар қоғамымыздың рухани мәдениетінің өсуі де ықпал етеді.
Балабақша балаларына жүргізілген бақылаулар нәтижесінде балабақша балаларының танымдық қызығуының мынадай көрсетекіштері байқалады:
* қоршаған ортадағы құбылыстар мен обьектілерге және іс- әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
* білім алуға және оны меңгеруге тырысу;
* таным үрдісі мен танымдық іс- әрекетінің эмоционалдық көрінуі;
* танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
* бос уақытын пайдалана білу сипаты;
* танымдық белсенділігін жалпы сипаты;
* жаңаны білуге ұмтылыс;
* балабақша және оқуға жағымды қатынасы.
Неге бала өмірдің қызығын бүгін көрмей, кейін көруі керек? Көптеген оқушылар мектепте көңілсіз, қызықсыз деп шағымданады. Неге бізге балалардың өмірін бүгін қызықты етуге болмайды? Қызығу қуаныш, қанағат әкеледі және еңбек сүйгіштікті тәрбиелеуге әсер етеді. [11]
Демек, қызығуды тәрбиелеу оқуға немқұрайлы қарауды жеңуге көмектеседі. Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге жәрдемдеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Балабақша балаларының қызығуын қалыптастыру, белсендіру одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерлі тәрбиелеуге көмектеседі.
Балалардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарын оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.
0.2 Оқыту барысында мектепке жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамытудың мәселелері
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - баланың айналамен таныстыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - айналамен таныстырудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын айналамен танысуда қалыптасып, тұрақтана түседі.
Таным қабілетін қалыптастыруда адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат қоғам - бір тұтас дүние. Адам, табиғат қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар балабақшадан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені айналамен таныстыруды балабақшада оқытудың барысында баланың таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін баланың сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бір тұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой өрісі кеңейеді. [4]
Танымдық қабілет әр кімге тән. Тек оны дамыта білу - әр тәрбиешінің міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, балаларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге тәрбиеші мен баланың арасында ұжымдық қарым- қатынас болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.
Тәрбиеші бұл жағдайда танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, балалардың шығармашылығын арттыра отырып олардың қабілеттеріне ерекше назар аударуы тиіс.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әр бір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да,балабақшадағы оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты, жүйелі балалардың интелекті шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. [20]
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес балаларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Балалардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу - әр балабақшаның міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, балалардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, балалардың өздік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.
Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы, балалардың саналылығы, белсенділігі, өз беттілігі, білім мен біліктерінің беріктілігі, ұғынықтылығы және әрекеттелігі талаптарын қамтиды. Бұл талаптардың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерін дәлеледеуге ұмтылысынан көрінеді.
Оқу үрдісі балалардың танымдық іс- әректті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әркеті негізінде балаларға танымдық белсенділік қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімінің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Демек, балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет. [8]
Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында балалардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ балаларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Сонымен қатар психологтардың, дидактикалық ғылымдарның және әдіскерлердің іргелі еңбектерінде балалардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген.
Баланың өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды балалардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын балалардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - тәрбиешінің міндеті.
Ахмет Байтұрсынов баланың өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжерибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық, кез келген балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Ал, В.Г. Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
в) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындалуы;
Баланың оқу таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі - баланың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениеті мен байланысты. Білімді игеру барысында бала кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекетінің бір қатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек. [15]
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: баланың нақты тапсырмалары, нұсқаулар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, тәрбиешінің басқаруымен баланың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер мотивтер т.б.
Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде балалардың жалпы белсенділігін арттырады. Баланың өзіндік жұмыс оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.
Балалардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бір қатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А. Данилов, И.Я. Лернер, Л.В. Занков, М.И. Махмудов, А.А. Люблинская, А.Н. Леонтьев, Н.Б. Менчинская, П.Я. Гольперин, Д.Б. Эльконин, М.И. Левина, Ю.К. Бабанский, Т.И. Шамова, С.П. Баранов) зерттеу обьектісіне қарау жүйелі талданған.Г.И. Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды балалар санасына жеткізу үшін ең алдымен тәрбиешілер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдеді. Б.П. Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz