Ауыл шаруашылық өндірісін несиелеу үрдісіне талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, дағдарысқа байланысты қиын жағдай қалыптасса да, елімізде халықтың әлеуметтік жағдайы төмендемейді. /1/ Ал дағдарысқа қарсы мемлекеттің іс-қимыл жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы - ел экономикасындағы өз ерекшеліктері бар негізгі салалардың бірі.

Ауыл шаруашылығы кез-келген мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама төңірегінде туындаған негізгі сауалдар мен міндеттер қазіргі кезде республикалық кеңесте тереңірек талқылануда. Ауылдық нарықтық құрылымдардың аяғынан тұруы, мол шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, несиелендіру, техника және технологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.

Дағдарыс жағдайында отандық ауылшаруашылық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетінін Елбасы да, Үкімет басшысы да мәлім еткен болатын.

Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді.

Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т. б. ) ауылдық несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын. . Бұл кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына жол ашады.
Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын еместігіне қарамастан, несие кооперативі жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері туралы» Заң жобасын дайындау қажет.

Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуы теориялық жағынан да, практикалық тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша, жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе, дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз, бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің күшті және белсенді саясаты қажет екендігін ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр.

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялар мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.

Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіріуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатан стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк операцияларында жаңа технологиянын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi - несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелік операцияларын қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орын санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.

Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, аграрлық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Кейiнгi жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайюы бұрын болған несие ресурстарының тапшылығын қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң құрылымдық саясаты, қоғамдық сенiмдi арттырып, мемлекеттiң банк секторының динамикалық дамуына мүмкiншiлiк туғызды. Несие ресурстары мен несие операцияларының тиiмдiлiгi бәсеке жағдайында өсуiнiң нәтижесiнде Қазақстан банктерi пайыздық мөлшерлеме және мерзiмге байланысты банктiк қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылыс жасауда.

Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi коммерциялық банктердiң ауыл шаруашылық өндірісін несиелеу жағдайы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, ауыл шаруашылық өндірісін несиелеу өзiндiк ерекше белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып бiлудiң өзi қаржы-несие мекемелерiнiң несие саясаттарының ғылыми негiзiн анықтау.

Зерттеу пәні аграрлық кәсіпкерлікті несиелеу процесінде туындалатын қарыз алушы мен банк арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Осыған орай, коммерциялық банктердiң несиелеу жөнiнде баспасөз беттерiнде көптеген ғылыми еңбектер жарық көрдi. Белгiлi экономист ғалымдарымыз: Көшенова Б. А., Сейiтқасымов Ғ. С., Кемел Н., Мақыш С., Көшербаевтардың коммерциялық банк қызметтерiнен жазған еңбектерiн терең талқылай отырып, өз тың ғылыми-сараптамалық тұжырымдамамды ұсынамын. Халықаралық банктер арасындағы аграрлық заңды тұлғаларға несиелiк қызмет көрсету бағдарламаларын салыстыратын экономикалық көрсеткiштерi бар кестелер келтiрiлдi.

Дипломдық жұмысты орындау кезiнде құқықтық-нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулықтар, жоғарыда аталған отандық және шетел экономистерiнiң ғылыми еңбектерi қолданылды.

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚАРЖЫЛЫНДЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ұғымы, функциялары және негізгі белгілері

Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы баланыстырушы буын болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рол атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.

1- сызба Шаруашылық жүргізуші субьектілер сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына негізгі белгілерді атауға болады:

  1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  2. өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байла­нысты қатынастардың пайда болуы.
  3. жоғары белсенділік шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
  4. шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржысы деп- өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды болу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілср қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мені мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды болу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.

Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған, меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған болігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер ара-сындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

1. 2 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей, коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикапық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қатынастардың бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бакйлау жасау) ; жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің болуы.

  1. Коммерциялық есеп - шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
  2. Жоспарлылық қағидаты шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады, Шаруашылық жүргізуші субъектілер болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (моделдеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн және т. с. с. кіргенде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары- мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайтын, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
  4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер эр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және элеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Шаруашылық субъектілерін қаржылындырудың шетелдік тәжірибесі

Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі - басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары
Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру жүйесінің көрсеткіштері
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Баға белгілеу және бағалар жүйесі
Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz