Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Мектеп бөлімі
жаратылыстану-политехникалық
пәндер бірлестігі
Курстық жұмыс
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІ ЕТУДЕ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Орындаған: 0105000 Бастауыш білім
беру мамандығы 0105013 Бастауыш
білім беру мұғалімі біліктілігі бойынша
оқитын 4 курс студенті Жарқынбек Айсұлу
Жетекшісі: математика әдістемесі
пәнінің оқытушысы Е. Мутан
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Оқытуда ең бастысы, оқушылардың тапсырмалар бойынша алатын білім көлемі емес, шынайы оқу нәтижелері, білімді біріктіру, оқушыларды жеке тұлғалық дамыту, алған білімді оқу және өмірлік міндетерді шешу үшін қолдана алу қабілетінің туындауы болмақ.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сыныптағы математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс -әрекетін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері
:
- Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
- Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалықойындарды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс - әрекетін
дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
- Бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну .
Зерттеудің
болжамы
-
егер бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды жүйелі пайдаланылса, оқушылардың танымдық іс - әрекеті дамиды, олардың математикадан білімі көтеріледі және пәнге деген қызығушылығы артады.
Зерттеу әдісі
- тақырыпқа байланысты психологиялық- педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс- тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
Зерттеу нысаны - №51мектеп-гимназиясы, оқушылары, бастауыш мектепте-гі математика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - бастауыш сыныпта математика-ны оқытуда; «Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі»пәнінен лабораториялық, практикалық сабақтарда пайдалану;
I БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІ ЕТУДЕ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
1. 1 Ойын туралы ұғым.
Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Вербицкий, Т. В. Кудрявцев, И. П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н. К. Ахметов,
Ж. С. Хайдаров т. б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған
көрнекті ғалымдар: P. M. Жуковская, Д. В. Менджерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленка т. б.
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты
танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол ойын.
Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Ба-ла ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж. Аймауытов, Л. С. Выготский, М. Жұмабаев, Қ. Жарықбаев, С. Макаренко, М. Мұқанов, Ж. Намазбаева, Т. Собиров, Г. Усманов т. б. арнайы зерттеу еңбектері бар .
Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л. С. Выготский төменгі сынып оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады. Выготский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргендеЛ. С. Выготский төменгі сынып оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т. б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.
«Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады». Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деген.
М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана да керек.
Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т. б.
Төменгі сыныптағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру
Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырт-тай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі жә-не оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. Оқу танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді. Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс -
әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Оқудағы белсенділік оқып - үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой - сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т. б. ) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру. қажет. Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу - танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
II ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың» , «Бала - шапшаң, бала - ұрыншақ», «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған. Бала ойыны алуан түрлі. Дидактикалық ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М. Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойынға мынадай мән
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыныәсерлене пайдаланады.
Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі. Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау. Егер
2ге1-діқоссақ қанша болады?
Тағысолсияқты. 2-ден1-діазайт. Сұрақтар беріледі.
2. 1 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолдану
Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.
Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған
1. Қарапайым түсініктер.
2. 10 көлеміндегі сандар.
3. Кестелік қосу және азайту.
4. Толық ондықтар. Жуз.
5. Біз нені үйрендік ?.
Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.
Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.
Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .
Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.
Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және
басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.
Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.
Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.
Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т. с. с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім бастауыш сыныптарды оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрдым.
Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда бастауыш сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап
Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге, 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.
Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұнын түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.
- Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?
- Құстарды .
- Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы.
- Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық .
Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім.
- Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?
- Барлығы бесеу.
- Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы
суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер.
Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті
орындарын белгілеттім.
- Үйрек нешінші орында ?
- Бірінші.
- Тауық ше?
- Екінші.
- Қораз ше?
- Үшінші.
-Қазше?
- Төртінші.
- Күркетауық ше?
- Бесінші.
Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.
Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін.
Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.
2. 2 Дидактикалық ойындардың түрлері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы оқушыларды тәрбиелеу педагогтарға қойылатын басты міндет болып табылады. Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде қолданылады. Сонымен бірге көбінесе сыныптағы ұжымдық ойындар дидактикалық міндеттеріне қарай түрлерге бөлінеді. Олар: оқыту ойындары, бақылау ойындары, қорытындылау ойындары.
- Егер оқушы ойынға қатыса отырып немесе ойынға дайындық кезінде жаңа білімді меңгерсе, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырса бұл тек ойынға ғана емес математикалық материалдың мазмұнында да айқын көрсетілсе, жаңа білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
- Дидактикалық мақсаты қайталау, бекіту, алынған білімді тексеру болып келетін ойын-бақылау ойыны болып табылады. Бұл ойынға қатысу үшін әрбір оқушыға арнайы математикалық дайындық керек.
- Қорытындылау ойыны- білімдерді интеграциялауды талап етеді. Ондай ойындар пәнаралық байланыстарды таба алуға, әртүрлі оқу жағдайларында әрекет ету шеберліктерін меңгеруге қалыптастырады.
Дидактикалық ойындардың классификациясы.
Дидактикалық ойындар материалдың мазмұнына, ұйымдастыру әдісіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, сабақтың мақсатына қарай әр түрлі сипат алуы мүмкін. Олар: продуктивті, репродуктивті, шығармашылық, конструктивтік, тәжірибелік, тәрбиелік сипаттар.
Дидактикалық ойындардың түрлері.
Дидактикалық ойындар үш түрге бөлінеді.
- Заттық дидактикалық ойындар:дидактикалық ойыншықтармен және басқа әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
- Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар:ойынның бұл түріне «лото», «домино», «сіріңке» сияқты ойындар жатады.
- Сөздік дидактикалық ойындар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz