Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Ә. Н. Тойшыбек Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері (курстық жобаның тақырыбы) КУРСТЫҚ ЖОБА Мамандық 5B100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

(шифр, мамандықтың атауы)

Қарағанды 2012


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ӘГП кафедрасы КУРСТЫҚ ЖОБА Мәдениеттану пәні бойынша

(пән атауы)

Тақырыбы: Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері
(баға)
Қабылдаған:

(аты-жөні)

(қолы) (күні)

(баға): Комиссия мүшелері:

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Қабылдаған:(аты-жөні)(қолы) (күні):

Орындаған:

Тойшыбек Әлия (аты-жөні) 10-6321 (сынақ кітапшасының шифрі)
Қарағанды 2012

Аннотация

Мәдениеттану пәні бойынша курстық жоба. Курстық жобаның мақсаты «бұқаралық мәдениет» жайлы бастапқы мағлұматтар алып, түбегейлі түрде меңгеру болып табылады. Курстық жобаның мазмұны, құрылымы, бағдарламалық үзінділері және бастапқы мәліметтері Вячеслав Шестаковтың «ХХ ғасыр мифологиясы» кітабы негізінде жазылып келтірілді. Курстық жобадан «бұқаралық мәдениет» жайлы алғашқы мағлұматтарды алуға болады, сонымен қатар бұқаралық мәдениеттің қазіргі таңда алатын орны, танымал жанрлармен байланысы, батырлар мен танымалылардың айырмашылығы жайлы мағлұматтар кеңінен қолданылған. Курстық жоба А4 форматындағы 28 бетті қамтиды. Жобаны жазу барысында қосымша әдебиеттер кеңінен қолданылды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 1 «Бұқаралық мәдениет» ұғымы 1. 1 Оның идеологиялық және эстетикалық принциптерінің критикасы 2 «Бұқаралық мәдениеттің» имиджі және стереотиптері 2. 1 Батырлар және танымалылар: «бұқаралық мәдениеттегі» батырлықтың ауысуы 2. 2 Жарнама және «бұқаралық мәдениет » 3 «Бұқаралық мәдениет» және танымал жанрлар 3. 1 «Мәдениеттік имперализм» - «бұқаралық мәдениет» экспансиясының саясаты Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4 6 8 11 14 17 20 24 26 28
Кіріспе1 «Бұқаралық мәдениет» ұғымы1. 1 Оның идеологиялық және эстетикалық принциптерінің критикасы2 «Бұқаралық мәдениеттің» имиджі және стереотиптері2. 1 Батырлар және танымалылар: «бұқаралық мәдениеттегі» батырлықтың ауысуы2. 2 Жарнама және «бұқаралық мәдениет »3 «Бұқаралық мәдениет» және танымал жанрлар3. 1 «Мәдениеттік имперализм» - «бұқаралық мәдениет» экспансиясының саясатыҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер тізімі:
46811141720242628:

Кіріспе

Қазіргі заман мәдениетін біз көбінде медиа мәдениетпен байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі заман адамын да, оның мәдениетін де құрастырады. Концепциялар туралы айтпас бұрын жалпы бұқаралық мәдениет ұғымының ғылыми айналымда болсын, БАҚ-та болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір таласты тұстары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей көзқараста еместігін де айта кетуіміз керек.
Сонымен, халықтық өнер - халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы, ал тобырлық немесе сауықтық мәдениет деп қазіргі БАҚ-тың кеңейе күрделенуіне сай туындаған тұлғасыз, бет-бейнесіз қарабайыр көпшілікті, БАҚ арқылы сананы жаулап алуды, сөйтіп онымен манипуляциялауды, яғни өз дегеніне көндіруді көздеген мәдени құбылысты атауға болады. Сондықтан жөні - бұқаралық мәдениет деп атап жүргеніміздің орнын әлеуметі тұрғысынан тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мәдениет алады деп айту болғанымен де, ғылыми қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да болмайды. Қазіргі зерттеушілер өз шығармаларында бұқаралық мәдениеттің пайда болуының уақытын түрліше көрсетеді. Кейбіреулер ол, тіпті, ежелгі өркениеттерде де болған деп пайымдайды. Бірақ, бәлкім бұқаралық мәдениет урбанизация, көпшілік сауаттылықты қалыптастырған жалпы ортақ білім беру ісімен және масс-медианың қалыптасуымен байланысты сипатталатын қазіргі өркениеттің жемісі деп есептеген жөн сияқты. Оған дейінгі бұқаралық мәдениет мүлдем басқа қасиеттерімен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басына дейін бірінен-бірі анық ажыратылған элиталық және халықтық мәдениет болған. Білім мен тәрбие алу мүмкіндіктері бар тектілер, ақсүйектер қалалықтардың арасында кең таралды. Екіншісі - сауатсыз, бірақ дәстүрлерді сақтап келген, қарапайым адамдар қалыптастырған қарабайыр мәдениет.
Бұқаралық мәдениет туралы айтпас бұрын соның дүниеге келуіне негіз болған «бұқаралық қоғам» феноменіне тоқталып өткен абзал. Ол құбылысты терең зерттеген Эдуард Шилздің «Бұқаралық қоғам және оның мәдениеті» деген еңбегінің кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық. Автордың сараптауы бойынша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін негізгі-негізгі деген батыс елдерінде «бұқаралық қоғам» деген атау нық орнықты.
Бұқаралық қоғам жаһандану процестерімен тығыз байланысты. Қазір, жаһандану заманында өмірдің әлеуметтік-саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де адамзат өзінің әр алуан тіршілігін бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау іс жүзінде тежеуге көнбейтін, ерік бермес процесі, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр.
Бұқаралық қоғам - бұл азаматтық қоғам. Мемлекет бұл жағдайда өз-өзін басқаратын азаматтық коғамға өзінің көптеген функцияларын береді. Бірақ адамзат өзінің ұйымдасу формаларының ешқайсысында абсолютті келісімге жете алмай отыр. Бұқаралық қоғамның иерархиялық және бюрократиялық құрылымдары дара тұлғаның құқықтарын шектеудің жаңа формаларын дүниеге әкелді.

Сонымен, бұқаралық мәдениет:
- қоғамдық пікірдің «сұранысына» қажетті күнделікті оқиғалар легін тізбектейтін, халыққа ақпарат беру сылтауымен өз мақсаттарын алға қоятын, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы азаматтардың санасында билеуші элита мүдделеріне сай манипуляциялар жүргізетін және бұқаралық саяси қозғалыстарды қалыптастыратын ұлттық немесе мемлекеттік идеология мен насихат жүйесінің болуынан;
- «бұқара адамына» өзін ғылымға, саясатқа, мемлекеттік өмірге және т. б. қатыстымын деп сезінуге мүмкіндік беретін, бұқаралық сана қабаттарына арнайы зерттеу және соған сай ғылыми дайындықты қажет ететін күрделі құбылыстарды, «халықтық» тілге «аударып» енгізетін, бұқаралық әлеуметтік мифологияның болуынан;
- балаларды әлеуметтендіруге қажетті стандартты қылық дағдыларын тәрбиелейтін, оқушыларды ғылым мен білім негіздерімен үйлесімді таныстыратын бұқаралық жалпылай білім беруші мектептің болуынан;
- түрлі әлеуметтік игіліктерді шексіз тұтыну процесін тіршілік мәні мен мақсатына айналдыратын қатардағы тұтынушының сұранысын басқаратын, беделді мүдделер мен мұқтаждықтар, өмір салты мен сапасының стандарттарын қалыптастыратын жарнама мен сән индустриясының болуынан;
- тәндік имидж индустриясы: бұқаралық спорт пен дене шынықтыру қозғалысы, аэробика, культуризм, косметология және т. б. болуынан;
- демалыс, тынығу индустриясы: детектив, бульвар әдебиеті, триллерлер, кич, оперетта, поп-музыка, шоу-индустрия, туризм және т. б. болуынан тұрады.

1 «Бұқаралық мәдениет» ұғымы

Заманауи «бұқаралық мәдениет» - буржуазиялық идеологияны насихаттаудың маңызды құралы болып табылады [1] . Сонымен қатар ол дүние жүзіндегі демократиялық мәдениеттің дауына зиян тигізеді. XXVII съезде КПСС М. С. Горбачев өзінің саясаттық баяндамасында ерекше атап өткен болатын: «Капитализм халық арқылы мәдениетті біріктіреді және ғасырлар бойы құрылған рухани құндылықтарды бұзады. Өмір мәдениетті сақтау, оны буржуазиялық ыдыратудан сақтау жайлы сұрақтарды қояды. Мәдениет айналасындағы қазіргі заманғы имперализм тәжірибесінің ұзақ уақытқа созылған психологиялық және құқықтық нәтижесі жайлы ұмытуға болмайды. »

«Бұқаралық мәдениеттің» танымалдылығы, оқырман мен көрермендердің қызығушылығын танымал және көңілкөтерушілік жанрларға көңіл аударумен түсіндіріледі. Қазіргі таңда дүние жүзінде жүзеге асырылатын «бұқаралық мәдениеттің» экспансиясы жайлы сұрақ маңызды болып келеді. «Бұқаралық мәдениет» критикасы белгілі бір методологиялық принциптерге негізделуі тиіс деген ойға ешкім қарсы шықпайтын шығар. Алайда осының барлығы мүмкіндік бойынша «бұқаралық мәдениет» ұғымының, оның буржуазиялық идеология жүйесінде алатын орнының, буржуазиялық мәдениеттің басқа элементтерімен байланысының анықталуын қажет етеді.

Дүние жүзінде идеологиялық соғыс жүргізілуде. Осы соғысқа «бұқаралық мәдениет» буржуазиялық және импералисттік идеология жағынан қатысады. Ол өзінің сыналған амалдары арқылы дәстүрлі буржуазиялық құндылықтарды мәңгі еске сақтауға және буржуазиялық тұрмыс қалпының мызғымайтыны жайлы мифті бекітуге тырысады.

«Бұқаралық мәдениет» мемлекеттік аппарат жағынан экономикалық және қаржылық қолдауға ие. Сондықтан, оның әсерін бағаламау дұрыс емес болар. Біз «бұқаралық мәдениеттің» жеңілдетілген модельдерін құра отырып, буржуазиялық мәдениет әсерінің критикасын жақсартпаймыз, керісінше әлсіретеміз. Әлемдегі көптеген халықтардың демократиялық мәдениетін дамыту жолында бөгет бар, ол «бұқаралық мәдениет».

Буржуазиялық мәдениет үшін әрқашан саясат пен мәдениет қарама-қарсы болып табылады. Мәдениеттің буржуазилық теоретиктері келесідей пікір айтқан: саясат - таза емес іс, біздің мақсатымыз мәдениетті сақтау және оны саясаттың енуінен сақтау. Саясат пен мәдениеттің араласуы екі бағытқа алып келеді: бірінші бағыт мәдениетті кез келген мәдениетке төзімсіз қылдыруы мүмкін, ал екінші бағыт тек қана бір әлемдік мәдениет болатын әлемдік идеалды мемлекетті құруға алып келеді.

Мәдениет пен саясат арасындағы байланыс саяси қақтығыстар шыққанда ғана байқала бастады. АҚШ КПС секретарі Гэс Холл айтқандай: «Капитализм әрқашан мәдениет аймағында Уотергейт саясатын жүргізген. Бұл саясат үшін жалған, коррупция тән». Қазір ешкім мәдениет пен саясатты қарсы келтіре алмайтын шығар. Саясаттық шындық 60-70 жылдарды олардың арасындағы өзара әсерді көрсетті, мәдениеттің саясатқа емес, сонымен қатар саясаттың мәдениетке қатысын да ашып көрсетті. Американдық саясаттанушы Р. Келли жазғандай, «қазіргі таңда американдық саясатқа деген тарихшылардың көзқарастары жүйесінде революция туындады. Оның мәдениеттік өлшемінде жаңалықтар ашылды. Енді біз жаңа саясаттану тарихымен танысудамыз».

Біз «бұқаралық және элитарлық» мәдениеттің дилеммасы жалған болып табылады деп ойлаймыз. Ол буржуазиялық мәдениеттің қарама-қайшылықтарын және антитезаларын жасырады. Бұл контекстте американдық Ашина көзқарасымен келіспеуге болмайды, ол өзінің мақаласында былай жазады: «Дилемма: буржуазиялық мәдениеттанушылардың айтуы бойынша, элитарлық немесе бұқаралық мәдениет алдында адамзат тұрады . . . жалған дилемма . . . Ақиқат келесіден тұрады, «маскульт - буржуазиялық идеологияға бағынышты бұқараның мәдениетті, және жоғарғы кластағы еліктегіштерге есептелген элитарлық мәдениет, осы сипатталған екі мәдениет буржуазиялық мәдениеттің екі жағын көрсетеді».

Шындығында, «бұқаралық мәдениет» және модернизм бір-біріне қарсы келетін терминдер ретінде қарастырылады. Модернизм авангардисттік мәдениеттің әр түрлі бағыттарына арқа сүйейді және көркемдік классикалық дәстүрлерді жоққа шығарады. Керісінше, «бұқралық мәдениет» кең аудиторияға ықылас білдіреді. Сонымен, өздерінің эстетикалық манифестісі және аудиторияға қарым-қатынасы бойынша нақты қарама-қайшылықты көрсетеді [2] .

Шындығында, қазіргі таңда барлығы анық болуда, мысалы жарнамаланатын модернизм антагонизмі және буржуазиялық «бұқаралық мәдениет» жалған болып табылады. Анығын айтатын болсақ, Батыстың замануи мәдениетінде авангардтың көпшілік қолданатын мәдениетке айналуы жүзеге асырылуда. Басқа сөзбен айтқанда, модернизм мен «бұқаралық мәдениеттің» әлеуметтанулық және идеологиялық ортақтығы табылуда, олар бір-біріне қарсы емес екен, олар кез келген шын реалистті мәдениетке қарсы екен.

Батыстың көптеген мемлекеттерінде, сонымен қатар АҚШ-та, демократиялық мәдениеттің бай дәстүрі бар. Олар демократиялық кинематографта, демократиялық театрда, ұлттық музыкада және т. б. айқындалады. Бұл мәдениет бұқаралық, ең алдымен демократиялық. Бұл дәстүрлер бүкіл әлемнің демократиялық өнерінің дамуына өз үлесін тигізуде.

«Бұқаралық мәдениет» жайлы көптеген зерттеулердің кемшілігі, бұл феноменді нақты немесе дұрыс емес анықтауы болып табылады. Нәтижесінде, көптеген авторлар өздері байқамай, осы проблеманың байлауында қала берді.

1. 1 Оның идеологиялық және эстетикалық принциптерінің критикасы

«Бұқаралық мәдениеттің» пайда болу уақыты жайлы көптеген көзқарастар бар. Кейбіреулері антикалық дәуірде пайда болды дейді, нақтырақ айтсақ Рим империясы, Орта ғасыр және Қайта өрлеу дәуірінде туындаған. «Бұқаралық мәдениетті» осындай түрде қарастыру шектен тыс кеңейтілген және проблемалық түрде көрсетіледі. Бастапқыда европейлік мәдениет тек қана белгілі бір коммуникация түрін білді, ол - кітап басу [3] . Айта кететін бір жайт, жазбаларды басу жолымен көпретті ұдайы өндіру техникасы ежелгі болып табылады, нақтырақ айтқанда екі жарым мың жыл бұрынғыға тиісті. Алайда кітапбасу бұқаралық ақпараттың тарату құралына айналғанына көп уақыт өтті.

Осы бағыттағы бірінші қадам XVII ғасырда журналдар мен газеттердің пайда болуымен жасалды. Ереже бойынша, бірінші газеттер сауда немесе тауар жайлы ақпаратты беру құралы болып табылды немесе қоғамдық оқиғаларды және саясаттық қақтығыстарды сипаттау үшін де қолданылды. Баспасөздің дамуымен ол оқырмандардың маңызды құралы бола берді, алайда коммерциялық қызығушылықтар газеттік істің негізгі стимулі болып қала берді.

Газеттер мен журналдар бұқаралық типтің баспасөзі болмай тұрып, электрге негізделген - телеграф, телефон, радио және кинематограф, ақпараттық амалдардың пайда болуымен бйланысты коммуникация жүйесінде маңызды өзгерістер болды.

XIX ғасырдың ортасында Эдисон фонографты ойлап тапты. 1840 жылы Чарльз Уистоун және Сэмуэль Морзе телеграфтв ойлап тапты. 1895 жыл радионы ойлап табуға қатысты. 1894 жылы ең бірінші кинофильм көрсетілді, ол басында қарапайым көңіл көтеру құралы ретінде ғана болды, бірақ біраз уақыт өте келе мықты өндіріс сферасына және танымал өнер түріне айналды. XX ғасырдың 20 жылдарына ең бірінші радиохабарлау жүйелері жатады. 30 жылдары ең бірінші телевизиондық хабарламалар басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс телевидениенің дамуын бөгегеніне қарамастан, кескінді жіберудің жаңа түрі 40-50 жылдарды кеңінен тарала бастады.

Айта кететін бір жайт, «бұқаралық мәдениеттің» дамуы Еуропа мен Америкада әрқилы дамыды. Бұл жағдайға американ тарихшысы Д. Бурстин көңіл аударды. АҚШ-нан басқа мемлекеттерде бұқаралық мәдениет орталықтану және ұйымдасқан басқарудың пәні болды. Мысалы, Батыс Еуропадағы университеттер мен шіркеулер мемлекеттермен тығыз байланысқа түсуге тырысты. Сонымен қатар университеттерде қолданылатын баспасөз жазбаларының үстінен жүргізілетін орталықтанған басқару болды. Мемлекет өз жағынан жоғарғы мәдениетті өз қолында ұстауға тырысты, және ол мемлекетке қиындыққа түспеді, себебі ол орталықтанған болды. Ал Ресей Федерациясында барлығы керісінше болды. Жоғарғы мәдениет - Ресей мәдениетінің аз орталықтанған аймағы. АҚШ-да 2, 5 мыңнан астам университеттер және колледждер бар және оларда 7 миллионға жуық студенттер оқиды [1] .

Көптеген зерттеушілер «бұқаралық» немесе «атақты» мәдениет америкалық дамудың жолын көрсетеді дейді. «Көптеген заманауи музыканттар, авторлар және суретшілер өздерін европалық салт-дәстүрдің немесе тіпті ХХ ғасыр авангард дәстүрінің тасымалдаушысы ретінде де қарамайды » - дейді Д. Ковельти.

«Тәуелсіз адам үшін бұқаралық ақпарат құралы қатер тигізетініне ешқандай күмән болмауы керек. Ешқандай білім жиыны, ешқандай эстетикалық жүйе тұрпайылауға (вульгаризацияға) қарсы тұруға әлсіз. Ешқашан киелі зат және әлемдік зат танымастай етіп араласқан емес» - деп жазды Б. Розенберг.

Шынында, Б. Розенберг «бұқаралық мәдениеттің» өзгеруінің себебін тек қана техниканың дамуы деп есептеді. Сондықтан ол өз ойын жеткілікті түрде анық қылдырып жазды. Заманауи технология - бұқаралық мәдениеттің жеткілікті және қажетті шарты. Бұл сұрақтың жауабын халықтық мінез-құлық та, экономикалық құрылғы да, саясаттық жүйе де бере алмайды. Тек жақындағы индустриалды революция ғана шешуші рөл алды.

«Бұқаралық мәдениет» ұғымын түсіну үшін Д. Уайттың шығармаларына жүгінсек. Егер Розенбергте «бұқаралық мәдениетті» сынауда критикалық мезгілдер болса, ал Уайт апологетикалық ұстанымды ұстанған. Ол өзінің «Америкадағы бұқаралық мәдениет: басқа көзқарас» атты мақаласында «бұқаралық мәдениеттің» жетістігін ерекше бөліп айтты, оның ойынша жетістік фильмдер сапасының арттырылуынан, дыбысжазбалар сапасының арттырылуынан көрінеді. Алайда, еш даусыз, 50-жылдарда «бұқаралық мәдениетті» жақтаушылардың дауысы, критиктерінің дауысынан әлсіз шықты.

Белл «Бұқаралық мәдениет және қазіргі заманғы қоғам» атты мақаласында: «Кино, радио, телевидениенің пайда болуымен ең алғаш американ тарихында көңіл көтерудің, ойлардың ортақ жүйесі пайда болды. Осы бұқаралық құралдар байланысының арқасында американдық қоғамның бір бүтінге бірігуі жүреді» - деп жазады. Сонымен, Белл «бұқаралық мәдениетте» американ қоғамының дәстүрлік құндылықтарын қорғайтын шипалы амалды көреді. Беллдің «бұқаралық мәдениетті» мадақтау критикасы реакциялық мінездемені алып жүретіні анық. Батыс ойының «бұқаралық мәдениетке» қатысты эволюциясы осындай. Өзіміз көріп тұрғандай, бұл эволюция «жоғарғы» және «төменгі» мәдениеттің конвергенциясы жайлы ойлардың негізделуі.

Тарих және мәдениеттану теориясы жайлы әдебиеттерден «бұқаралық мәдениеттің» нақты анықтамасын табу қиынға түседі. Бұл феноменнің нақты анықтамаларының жоқтығы, алдамшы мағынаға ие «бұқаралық мәдениет» терминімен байланысты. Тура мағынасын алып қарасақ, «бұқаралық мәдениет» - ол халықтың қолданысы үшін арналған бұқара мәдениеті немесе басқа сөбен айтқанда халықтық мәдениет. Буржуазиялық мәдениеттану бұл ұғымды кеңінен қолданады, себебі бұл термин буржуазиялық мәдениеттің кемшілігін түсіндіреді. Шындығында, «бұқаралық мәдениет» - халықтың емес, мәдениеттің коммерциялық индустриясының құрылуы. Осылай «бұқаралық мәдениет» - бұқара немесе халық мәдениеті деген жалған миф шығады. Шындығында, халықтық мәдениеттің «бұқаралық мәдениетпен» еш байланысы жоқ [4] .

Әр халықтық мәдениеттің тереңге кеткен тамырлары бар, олар кез келген халықтың салтын көрсететін ұзаққа созылған дәстүрлерге негізделген. «Бұқаралық мәдениет» мұндай дәстүрлерді білмейді, оның идеалдары қажеттілікке байланысты адам сенгісіз жалдамдықпен ауысып отырады.

Халықтық мәдениет әрқашан халықтық, ал «бұқаралық мәдениет» кез келген халықтың мінез-құлқына есептелген. Халықтық мәдениет әрқашан шынайы, ол халықтың ойлау қабілетін шағылдырады. Керісінше, «бұқаралық мәдениет» - жалған реалистті, себебі ол мифтердің, ойлап табылған заттардың, иллюзияның құрылуына негізделеді және ол өмірді тануға шақырмайды, керісінше одан безуге шақырады.

Өткір эстетика халықтық және бұқаралық мәдениет арасында құрылған бұл анық антогонизмдерді жасыра алмайды. Сондықтан, соңғы уақытта «бұқаралық мәдениет» термині өзінің танымалдығын жоғалтты, оның орнына «атақты мәдениет» термині келді. Мысалы, АҚШ-та «Атақты мәдениет» журналы шығарылады және атақты мәдениетті оқып-білуге арналған әр түрлі қоғамдар құрылған және осы проблемаларға байланысты көптеген әдебиеттерді шығарады.

«Атақты мәдениет» термині, «бұқаралық мәдениет» терминінің алдамшылдығынан кем түспейді. Ол екі мағынаға ие. Бір жағынан, бұл термин кең таралған, танымал екенін көрсетсе, екінші жағынан өзінің латындық түп тамырының (populis - халықтық) арқасында халықтық мәдениеттің синонимі болуға үміткер.

«Бұқаралық мәдениеттің» идеологиялық және әлеуметтанулық құрылымы, буржуазиялық мәдениет құндылықтары мен ойлар жүйесінің сақталуына деген талпыныс және бар критикаға қабілеттілігінің жоғалуы анық.

Сонымен, постмодернизмде авангард және коммерциялық қиылысу идеясы, «бұқаралық мәдениет» және «элитарлық» жеңеді. Мұнда модернизм және «бұқаралық мәдениет» өздерінің туыстығын буржуазиялық мәдениеттің типтік түрі ретінде анықтайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, «бұқаралық мәдениеттің» - қиын феномен екенін түсіндіреді, себебі бұл термин тек қана идеологиялық емес психологиялық, эстетикалық және құқықтық функцияларға ие. Міне сондықтан «бұқаралық мәдениет» комплексті зерттеудің құралы болуы қажет.

2 «Бұқаралық мәдениеттің» имиджі және стереотиптері

«Бұқаралық мәдениеттің» өзіне тән ерекшеліктерінің бірі, оның негізгі құралы шынайы ойлау тәсіліне бағытталған бейне емес, адам санасының санасыз жағына әсер ететін имдж деп аталатын жүйенің болып табылуы.

Имидж дегеніміз не? Оның таралу аймағы және құрылымы қандай?

Қазіргі таңда «имидж» термині әлеуметтану әдебиетіне еніп кеткен. Уильям Сэфайр «саясаттану сөздігінде» келесідей анықтама береді: «Ол қоғам қайраткері құруға тырысатын өзі жайлы көрінісі». Бұл анықтамада имидж бен бедел арасындағы байланыс көрсетіледі, алайда оның гносеологиялық табиғаты ашылмайды. Американ тарихшысы Д. Бурстин өзінің «Имидж, немесе Американдық арманмен не болды» [5] деген кітабында имидж термині жайлы толығырақ анықтама береді. Ол имиджді жалған фактілерге негізделген иллюзорлық түсінік формасы ретінде анықтайды. «Біз өзіміздің иллюзиямызға бауыр басып қалғанымыз соншалық, біз оларды шындық ретінде қабылдаймыз. Біз оларға мұқтажбыз, біз олардың өмірімізде маңызды, көп болғанын қалаймыз. Біздің өз қолымызбен құрған әлеміміз, имидж әлемі».

АҚШ-да ғылыми-техникалық революция дәуірінен бастап, бұқаралық коммуникацияның арзан техникаларын құрумен байланысты Бурстин «азаматтық революция» деп атап кеткен мезетке дейін, имидждердің өндірілуі «бұқаралық мәдениеттің» жеке функциясы болып келеді.

«Біздің тәжірибемізді толықтырып жатқан имидждердің құрылуы, Америкада ең қажетті, ең құрметті бизнеске айналды». Қазіргі таңда, Бурстин сөзі бойынша имидж барлық жерде идеал орнын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ –тағы «жаңа солшылдар» қозғалысы ( xx ғасырдың 50-60 жж.)
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Мемлекет формациясының типологиясы
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ дәрістер
Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмұны
Саяси сана жайлы
Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz