Кітапхана деректер базасы - Delphi тілінде



Мазмұны

1 Жергілікті және деректер базасы
1.1 Жалпы мағлұматтар
2 Деректер базасын құру
2.1 Каталог құру
2.2 Бүркеншік ат құру
2.3 Кесте құру
2.4 Кесте мен деректер базасы арасындағы байланыс
2.5 Сұрау жасау (запрос)
2.6 Есептеме жасау (отчет)
2.7 Анықтамалық жасау
3 «Кітапхана» деректер базасының құрылысы
4 Программа листингісі
Деректер базасы деп ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламаны айтады. Мұндай бағдарламаны қосқан кезде бейнебетте (экранда) кесте пайда болады, одан қолданушы өзіне керектіні қарай алады. Егер жүйе мүмкіндік етсе, ба,дарламашы оған жаңа ақпарат қосып, керексізін жоя алады.
Жалпы алғанда деректер базасы дегеніміз- файлдар жиыны.
Қазіргі кезде деректер базасы жергілікті (dBase, FoxPro, Access, Paradox)және (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server)болып екіге бөлінеді.
Delphi құрамында dBase, Infomix және Oracle деректер файлдарымен жұмысын құруға мүмкіндік беретін құраластар бар.
Жергілікті деректер базасы бір құралда болады. Құрал ретінде компьютер дискісі немесе желілік дискі бола алады.
Бірнеше қолданушы арасында деректерді бөлуді қамтамасыз ету үшін файлдарды бұғаттау деп аталатын әдіс қолданылады. Ол бір немесе бірнеше компьютерде жұмыс істей алады. Бұл әдістің мәнісі: бір қолданушы деректерді қолданып жатқанда, басқа қолданушы ол деректермен жұмыс істей алмайды, яғни деректер оған жабық болады.
dBase, FoxPro, Access, Paradox- жергілікті деректер базасына жатады.
Деректердің алыс базасы басқа компьтерде тұрады.
Онымен жұмыс екі бөліктен тұрады: тұтынғыш (клиенттік) және серверлік. Тұтынғыш қолданшы компьютерінде жұмыс істейтін бағдарлама бөлігі, ол серверлік бағдарламамен өзара әрекетті қамтамасыз етеді.
Серверлік алыс компьютерде жұмысты қамтамасыз ететін бағдарлама бөлігі. Ол тұтынғышқа бағдарлама деректерін жібереді, орындайды.
Сұраулар SQL (құрылымды сұрау) тілінде берілетін әмірлер.
Алыс сервер бағдарламасы бірмезетте бірнеше қолданушыны қамтамасыз ете алады. Мұнда файлдарды бұғаттау механизмінің орнына бірізді амалдар (транзакция) тетігі жұмыс істейді.
Бірізді амалдар – бұл деректер берілместен бұрын міндетті түрде орындалатын әрекеттер тізбегі. Ол аппарат іркілісінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Алыс деректер базасымен жұмыс қиын, әрі күрделі.


1.1 Жалпы мағлұматтар
Деректер базасы біртектес, реттелген ақпараттар жиыны болып табылады.
Бұған мысалы «қағазда сызылатын» деректер базасы, кестелер жатады.
Компьютерлік деректер базасының ақпараты файлдардан тұрады. Деректер базасы жазбалардан тұрады. Әр жазбада бір дана ақпарат қана болады. Әдетте бұл кесте жолдарына жатады. Жазба өрістерден тұрады. Әр өріс сипаттамасының деректері болады. Әдетте бұл кестенің бағандары болып келеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

САПР кафедрасы

Зертханалық жұмыс №6
Кітапхана деректер базасы

Орындаған: Тойшыбек Ә.Н
СИБ - 10 - 1 тобының студенті
Тексерген: Сайлауқызы Ж

Қарағанды 2011

Мазмұны

1 Жергілікті және деректер базасы
0.1 Жалпы мағлұматтар
1 Деректер базасын құру
0.1 Каталог құру
0.2 Бүркеншік ат құру
0.3 Кесте құру
0.4 Кесте мен деректер базасы арасындағы байланыс
0.5 Сұрау жасау (запрос)
0.6 Есептеме жасау (отчет)
0.7 Анықтамалық жасау
1 Кітапхана деректер базасының құрылысы
4 Программа листингісі

1 Жергілікті деректер базасы
Деректер базасы деп ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламаны айтады. Мұндай бағдарламаны қосқан кезде бейнебетте (экранда) кесте пайда болады, одан қолданушы өзіне керектіні қарай алады. Егер жүйе мүмкіндік етсе, ба,дарламашы оған жаңа ақпарат қосып, керексізін жоя алады.
Жалпы алғанда деректер базасы дегеніміз- файлдар жиыны.
Қазіргі кезде деректер базасы жергілікті (dBase, FoxPro, Access, Paradox) және (Interbase, Oracle, Sysbase, Infomix, Microsoft SQL Server) болып екіге бөлінеді.
Delphi құрамында dBase, Infomix және Oracle деректер файлдарымен жұмысын құруға мүмкіндік беретін құраластар бар.
Жергілікті деректер базасы бір құралда болады. Құрал ретінде компьютер дискісі немесе желілік дискі бола алады.
Бірнеше қолданушы арасында деректерді бөлуді қамтамасыз ету үшін файлдарды бұғаттау деп аталатын әдіс қолданылады. Ол бір немесе бірнеше компьютерде жұмыс істей алады. Бұл әдістің мәнісі: бір қолданушы деректерді қолданып жатқанда, басқа қолданушы ол деректермен жұмыс істей алмайды, яғни деректер оған жабық болады.
dBase, FoxPro, Access, Paradox- жергілікті деректер базасына жатады.
Деректердің алыс базасы басқа компьтерде тұрады.
Онымен жұмыс екі бөліктен тұрады: тұтынғыш (клиенттік) және серверлік. Тұтынғыш қолданшы компьютерінде жұмыс істейтін бағдарлама бөлігі, ол серверлік бағдарламамен өзара әрекетті қамтамасыз етеді.
Серверлік алыс компьютерде жұмысты қамтамасыз ететін бағдарлама бөлігі. Ол тұтынғышқа бағдарлама деректерін жібереді, орындайды.
Сұраулар SQL (құрылымды сұрау) тілінде берілетін әмірлер.
Алыс сервер бағдарламасы бірмезетте бірнеше қолданушыны қамтамасыз ете алады. Мұнда файлдарды бұғаттау механизмінің орнына бірізді амалдар (транзакция) тетігі жұмыс істейді.
Бірізді амалдар - бұл деректер берілместен бұрын міндетті түрде орындалатын әрекеттер тізбегі. Ол аппарат іркілісінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Алыс деректер базасымен жұмыс қиын, әрі күрделі.

0.1 Жалпы мағлұматтар
Деректер базасы біртектес, реттелген ақпараттар жиыны болып табылады.
Бұған мысалы қағазда сызылатын деректер базасы, кестелер жатады.
Компьютерлік деректер базасының ақпараты файлдардан тұрады. Деректер базасы жазбалардан тұрады. Әр жазбада бір дана ақпарат қана болады. Әдетте бұл кесте жолдарына жатады. Жазба өрістерден тұрады. Әр өріс сипаттамасының деректері болады. Әдетте бұл кестенің бағандары болып келеді.
Қағазда деректер кесте түрінде беріледі. Кестенің әр жолы жазба, кесте ұяшалары-өрістер. Кесте бағанының тақырыбы- өріс аты, кесте жолының нөмірі-жазба нөмірі болып келеді.
Әр кесте жеке файлда сақталады. Бірақ деректер базасы мен кестені теңесіруге болмайды, себебі бір өріс жазбасы бірнеше кестеде қолданылуы мүмкін, яғни әр түрлі файлдарда қатыса алады.
Деректер базасымен жұмыс істейтін бағдарламаның ақпарат көзі барлық кесте болады.
Деректер С:, D: дискі каталогтерінде немесе желілік дискілердің бірінде орналасуы мүмкін. Бағдарламаға деректер базасының тұрған орнын білу мәселесі пайда болады. Ол деректер базасының бүркеншік атын пайдалану арқылы шешіледі. Бүркенші ат (Alias) деп деректер базасы каталогінің толық атына сәйкес келетін қысқаша атауды айтады. Деректер базасымен жұмыс істейтін бағдарлама деректерді алу үшін, нақты атты қолданбай бүркеншік атты қолданады.
Деректер базасымен жұмысты қамтамасыз ететін , бағдарлама Borland Database Engine (BDE) жинағы арқылы қосылады. Деректер базасының бүркеншік аты BDE Administrator бағдарламасымен құрылады.

1 Деректер базасын құру
0.1 Каталог құру
Деректер базасы файлдары үшін каталог әдеттегідей, мысалы, Жетектегіш көмегімен құрылады. Деректердің жергілікті базасының файлдары әдетте каталогтің ішкі каталогінде орналастырылады.

0.2 Бүркеншік ат құру
Деректер базасының бүкеншік атауы BDE Administrator бағдарламасымен құрылады. Ол былайша қосылады: Бағдарламалар\Borland Delphi7\ BDE Administrator (1-сурет).
(1-сурет. BDE Administrator сұхбат терезесі)

Терезенің сол жағында Databases тіркемеде, осы компьютерде тіркелген бүркеншік аттары келтірілген. Жаңа бүркеншік ат былай құрылады. Шыққан тілқатысу терезеден Object\New алк керек. Сосын New Database Alias New(деректер базасының жаңа бүркеншігі) терезеде Database Name тізімінен деректердің құрылатын деректер базасына драйвер таңдау керек, нақтырақ айтсақ құрылатын деректер базасының түрін таңдау керек.
Бүркеншік ат құрған кезде әдетте STANDARD драйвері ұсынылады. Ол Paradox пішімінде кесте алуды қамтамасыз етеді. Драйверді таңдап,OK батырмасын басқан соң, бұрынғы сурет үстіне жаңа элемент қосылады.
Мен Кітапхана деректер базасына сәйкес biblioteka бүркеншік атын құрдым. Осы құрылған бүркеншік атын ішкіқұрылым файлында тіркеу үшін OBJECT \APPLY әмірін таңдап, OK батырмасын басу керек.

0.3 Кесте құру
Менің тапсырмама сәйкес екі кесте құрылуы қажет. 1-кесте, кітап авторлары жайлы мәліметтерді қамтуы керек (кітаптың аты, кітап қай тілде жазылды, автордың тұратын мекен-жайы, қай кітап баспасынан шықты және т.б), 2-кесте, қараша айында кітап алған студенттер жайлы мағлұматтар (студенттің аты-жөні, институты, группасы, мамандығы және т.б).
Жалпы түрде кестені қалай құрғаныма тоқталып кетсем, ол үшін:
1. Tools\Database Desktop әмірін қосыңыз.
2. File\New\Table басыңыз. Ашылған Create Table сұхбат терезесінен кесте түрін алу керек (әдеттегідей Paradox 7)
Нәтижесінде Create Paradox 7Table терезесі шығады (2-сурет).
(2-сурет. Create Paradox 7Table сұхбат терезесі )

Кестенің әр өрісі үшін атау мен түр, егер қажет болса өлшем беріледі. Өріс аты деректерді алу үшін қолданылады. Ат Field Name бағанына өндіріледі, ол латын әрпімен 25 нышаннан аспайды. Өріс түрі дерек түрін анықтайды. Түр Type бағанына нышандық тұрақты енгізумен беріледі. Өріс түрі мен оның сәйкес тұрақтылары кестеде берілген (1-кесте).
(1-кесте. Өріс түрлері және оның тұрақтылары )

Түрі
Тұрақты
Өріс мәні
Alpha
A
Нышандар жолы. Size-жол ұзындығы (1-255 аралығында)
Number
N
15 мәнді аралықта жатқан цифрлар
Money
$
Ақша пішіміндегі сан. Сандар разряд тобының бөлгіші арқылы топқа бөлінеді
Short
S
-32767, 32767 аралықтағы бүтін сан
Long Integer
I
-2 147 483 648, 2 147 483 647 аралықтағы бүтін сан
Date
D
Дата
Time
T
Миллисекундпен берілген, түн ортасынан басталған уақыт
Memo
M
Кез келген ұзындықты нышандар жолы. Мұнда мәтін тұрады.
Timestamp
@
Уақыт пен дата
Formatted Memo
F
Нышандар жолы. Қаріп түрі мен өлшемін, бейнелеу әдісі мен нышандар түсін көрсету мүмкіндігі бар
Graphic
G
Сурет, графика
Logical
L
Шын (true) және өтірік (false)
Auto-Increment
+
Бүтін сан. Кестеге кезекті жазбаны қосқан кезде өрістегі сан бір бірлікке артып отырады.
Bytes
Y
Екілікті деректер. Мұндай өрістер Database Desktop бағдарламасы қолданылмайтын деректерді сақтауға қолданылады.
Bynary
B
Екілік деректер. Мұндай өрістер Database Desktop қолданылмайтын деректерді сақтауға қолданылады. Memo түріндегі деректер секілді бұл деректер кесте файлында болмайды. Бұған әдетте аудио-деректер жатады.

Менің тапсырмамдағы кестелер келесі түрде болады.
(3-сурет. Кітап авторлары мен олардың туындылары жайлы мағлұматтар)

(4-сурет. Қараша айында кітап алған студенттер жайлы мағлұматтар)

2.4 Кесте мен деректер базасы арасындағы байланыс
Деректер базасын құру Database, Table, Query, DataSourse құраластарымен қамтамасыз етіледі. Бұлар DataAccess пен BDE құраластар жолағында тұрады.
Database құраласы деректер базасын тұтас, яғни кестелер жинағы ретінде береді, ал Table дерек базасының бір кестесін алады. DataSourse (деректер көзі) оларды байланыстырады, мысалы, DBGrid пен Table құраластарда SQL кестенің SQL-сұрауын орындауды қаматамасыз етеді. DataSourse құраласы деректер көзін алуға бір құраласты пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы, кесте деректерін бейнелеу үшін DBGrid-ті немесе осы кестеде SQL-сұрауды орындау керек.
Менің тапсырмамдағы екі кестені деректер базасымен байланыстырған соң, келесі түрге ие болады (5,6-суреттер).

(5-сурет. Кітапхана деректер базасы)

(6-сурет. Кітапхана деректер базасы)

2.5 Сұрау жасау (запрос)
Қолданушыға деректер базасымен жұмыс істегенде, әдетте оның барлығы емес, кейбір нақты бір бөлігі керек болады. Керекті ақпарат жазбаны қарау арқылы табылады.
Кейбір шарттарды қанағаттандыратын жазбаны қарау үшін, Query құраласы қолданылады.
Query құраласы Table құраласына ұқсас, айырмашылығы оның бүкіл деректер базасын емес, оның тек бөлігін ғана шығарады.
Query құраласының сипаттары

Сипаты
Анықтайды
Name
Құралас аты. Жазбаларды қарау (құралас) мен сұрауды орындау байланысы үшін DataSourse құраласы қолданылады, мысалы, DBGrid
SGL
SQL тілінде жазылған деректер базасының сұрауы
Active
Сипатын true мән берілген кезде сұрау орындалуын белсенді етеді

Кітапхана деректер базасындағы сұрау (запрос) "t" әріпінен басталатын кітап жанрына байланысты орындалады (7-сурет).
(7-сурет. Кітапхана деректер базасының сұрау терезесі)

Деректі кестеден таңдау келесі түрде болады (Бұл сұрау берілген деректер базасындағы Button батырмасына жазылған).
Query1.ParamByName('param_letter'). AsString := '%t%';
Query1.Open;
Label1.Caption := Query1.FieldByName('Zhanr').AsStrin g;

Деректерді сұраудың мәні Label1-ге шығарылады.

2.6 Есептеме жасау
Кітапхана деректер базасындағы есептеме Excel-дан шығарылады(8-сурет). Ол үшін алдымен Excel-да xls кеңейтілуі бар 1 файл құрамыз. Сол файл Delphi - дан шақырылатындай ету үшін функиялар құрастырамыз.
(8-сурет. Кітапхана деректер базасындағы есептеме шығару терезесі)

Деректер базасындағы есептеме (отчет) MainMenu-дағы Запрос тетігін басу арқылы шығарылады. Есептеменің (отчет) функциялары келесі түрде болады:

VExcel := CreateOleObject('Excel.Application' );
VExcel.Visible := True;
VExcel.WindowState := -4137;
VExcel.WorkBooks.Open('G:\Otchet.xl s');

2.7 Анықтамалық құру
Microsoft Word программасында сноскалар көмегімен rtf-кеңейтіліуі бар, деректер базасына қажетті файлдар құрастырамыз. Мысалы, Библиотека жайлы мағлұмат келесі түрде болады: (9-сурет)
(9-сурет. Кітапхана деректер базасының анықтамалық құрастыру кезінде пайдалынылатын файл)

Енді, құрастырған файлымызды Microsoft Help Workshop программасы арқылы анықтамалыққа айналдырамыз.

Ол үшін ашылған терезеден File\ New \Help Project әрекетін орындаймыз. Осыдан кейін Project File Name ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау
Деректер қорының реляциялық кестесі
Delphi тілінде деректер модулін құрастыру және оны пайдалану
Деректер қорларының байланысуы
Delphi ортасында «Кітапхана» ақпараттық жүйесін құру
Автоматтандыру туралы жалпы мағлұмат
Мектеп кітапханасының ақпараттық жүйесін құру
Delphi ортасында
Пәндер