Банк жүйесінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ПӘН: Ақша, несие, банктер
ТАҚЫРЫП: Банк жүйесі: түсінігі, түрлері жəне құрылымы

Орындаған:

Тексерген:

Курстық жұмыс қорғауға жіберілді
______________________

Астана 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1.1 Банк жүйесінің мәні және пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банк жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .7
1.3 Әлемдік банк жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
2.1 ҚР банк жүйесінің ағымдық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12
2.2 ҚР банктік қызметтер нарығындағы
бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Альфа – Банктің активті және пассивті
операциялары ... ... ... ... ... ... ... 20
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазіргі кездегі дағдарысқа байланысты банктердің
жағдайы ... ... ... ... ... .24
3.2 ҚР банк жүйесінің даму проблемалары мен
перспективалары ... ... ... ... ...2 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Банк жүйесі - банк операцияларының
бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің
жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы
банкілердің жиынтығы. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады
және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша
шығарады, оның міндеті – ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің
міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында белгіленген.
Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың
міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі
қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық,
депозиттік, т. б. операциялар жасау) [1].
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру
себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін
пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің
қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның
тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. банктердің және тауар-ақша қатынастарының дамуы
тарихи түрде қатар жүрді және тығыз түптелді. Банктер басқарудың барлық
деңгейлерінде халық шаруашылығының жұмыс істеуіне тікелей және күнделікті
байланысты [2]. Олар арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылады. Бұл ретте банктер қаржы
делдалдары ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың
жинақтарын және шаруашылық қызмет процесінде босайтын басқа да бос ақша
қаражатын тартады және оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға береді,
ақша есептерін жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер
көрсетеді, сол арқылы өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімнің
айналымына тікелей әсер етеді.
Банктер нарықтық экономикадағы басты қаржы делдалдары болып
табылады. Өз қызметі барысында олар ақша нарығындағы тауарға айналатын
жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Осылайша, клиенттердің
салымдарын қабылдай отырып, Банк жаңа міндеттеме - депозит, ал несие бере
отырып - қарыз алушыға жаңа талаптар жасайды.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне
көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер
береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және
Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік
береді. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз
дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда.
Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар,
реформалар жүзеге асуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты. Банк жүйесі, түсінігі, түрлері және
құрылымын зерттеу арқылы ҚР банк жүйесінің қызметтерін айқындау.
Осы мақсатқа сай мынадай міндеттерді орындауға тура келеді:
- Банк жүйесінің мәні және пайда болуын зерттеу;
- Әлемдік банк жүйесінің дамуын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымы және даму бағыттарын
талдау;
- ҚР банк жүйесінің қазіргі тенденцияларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін дамыту мәселелерін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, екі бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАНК ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. Банк жүйесінің мәні және пайда болуы

Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы
операцияларының негізгі массасын шоғырландырады. Кез келген жүйе барлык
қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар
өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен
де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфракұрылым,
банктердің бірлестігі жэне т.б [3].
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе - елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалык жүйсіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты кызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалык өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
сабақтасады. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк
жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы
шебін Орталык банк кұрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара
әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдык элементтерімен, олардың өзара
әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі
белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік
жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға кабілетті. Оны біртұтас
ретінде жэне бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде керсетуге
болады. Бүл оның жекелеген бөліктерінің кажет болған жағдайда бір-бірін
алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша
банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал
ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жйнақ акша жүйесіне сеніп тапсыруға
болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып
қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму,
қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элеменгтермен, жаңа байланыстармен
толыгуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады.
Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге гана арналған өз тәртібі,
ережесі, нұскауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық
мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа
жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін - өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын
жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйесінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға карай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың
тұрақты даму жағдайында баска саясатты жүргізеді [4].
7. Банк жүйесі - басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарга
бағынады [5].
Қорыта келе айтарымыз, банк жүйесіне, сонымен бірге, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке
мекемелер де, сондай-ақ, банк инфрақұрылымын калыптастыратын эрі несие
институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша
мекемелер де кіреді.
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі
құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады [8].
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады.
Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс
секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне
ықпалын тигізеді [9].
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер
ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие саясаты. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан
Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның
тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына
қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді [10].
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері. Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-
несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты
— екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және
қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету [11].
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
Сонымен, банк жүйесінің құрылымы жалпы экономикалық саясаттың,
сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да
саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған
саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

1.3 Әлемдік банк жүйесінің дамуы
Өтпелі кезеңнің банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің, оның ішінде Қазакстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуга болады. Оны нарықтык жүйеге де жатқызуга болады, алайда, ол
алдындагы банк жүйесінің әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму
жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты жүйедегі
өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне де жатқызуға болады. Оның
біріншісінде банк қызметінің нормативтік және зандық базасы әрдайым
өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің құрылымы үдайы өзгереді.
Мәселен, Қазакстанның да, Ресейдің де банк заңдары соңғы 10-15 жылда кем
дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға ұдайы толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе,
кейде жаңа банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар
банкротқа ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік
емес мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңиің
әлі тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр [6].
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп
көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцияларының арасына қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға тыйымдар
мен шектеулер енгізеді;
- барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін
келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен (елдің орталык банкісі),
депозиттік банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаумен жэне несиелеумен
ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда саласында), достастық
банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік банктерден (50),
консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен (қысқа мерзімді
операцияларды орындайды (олардың саны - 9) және бірқатар банктік емес
мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді.
Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл
елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- біріншісі - 3 аса ірі банк - Швейцарияның Біріккен банкісі,
Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялык несие банкісі;
- екіншісі - несиелеу мен есеп айырысуга маманданган, негізінен жергілікті
салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және жинақ ақша
банктері;- үшіншісі - инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын
жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің құпиялылығы
жэне банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің бақыланатындығы
жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы жүйесіне ие және оларды
Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк, Швейцариялық банктер ассоциациясы
жүзеге асырады.АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыған жүйе (ФДЖ) кіреді.
Ол 12 федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың
коммерциялык банк ФДЖ-ға мүше, ал ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер
Депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясына (ДСФК) кіреді,
олардың саны шамамен 3 мыңдай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге мүше емес
банктер бар [7].
Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық банктерді,
мамандандырылған несие институттарын, қаржы компанияларын, үкіметтік несие
мекемелерін, пошталық-жинақ ақша кассаларын қамтиды.
Англияның банктік жүйесінің ерекшелігі дисконттық (есептік) үй —
билль-брокерлердің болуы болып табылады. Олар арқылы Англия Банкі басқа
коммерциялық банктерді кредиттейді, алайда соңғы жылдары олардың рөлі
төмендеуде. Екінші ерекшелігі-Англияда депозиттерді қабылдайтын
лицензияланған ұйымдардың саны өте көп. Іс жүзінде кез келген ұйым банк
мәртебесін алғанға дейін осы ұйым ретінде сынақ мерзімінен өтуі тиіс.
Қорыта келе, шетел банк жүйесінің несие мекемелерінің көптеген басқа
түрлері (оның ішінде зейнетақы қорлары, сенімді пай қорлары,
мамандандырылған қаржы институттары және т. б.). банк операцияларын
орындайды, бірақ бұл ретте өзін банктер деп атауға құқығы жоқ және
соңғысымен де, бір-бірімен де бәсекелесуге мәжбүр болады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДАМУ
БАҒЫТТАРЫ
2.1 ҚР банк жүйесінің ағымдық жағдайын талдау

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының банк секторын дамытудың 2016-
2018 жылдар аралығындағы негізгі көрсеткіштерін талдаймыз.
Қазақстанның банк жүйесі субъектілерінің (ЕДБ - Екінші деңгейдегі
банктер) қалыптасу сәтінен бастап осы уақытқа дейінгі кезеңдегі сандық
құрамының динамикасы 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері құрамының
серпіні
1996 2001 2006 2011 2012 2015 2018
Екінші деңгейдегі 72 101 48 39 39 35 31
банктердің саны, оның
ішінде:
- жарғылық капиталына 6 3 3 1 1 1 1
мемлекет 100%
қатысатын банктер
Қазақстан - 3 3 19 29 16 16
Республикасындағы
резидент емес банктер
өкілдіктерінің саны
Ескерту - [12,13,14,15] әдебиеті негізінде автормен жасалған

Қазақстандық банк жүйесі белгілік межеден өтті – Екінші деңгейдегі
банктердің жиынтық активтері қазіргі уақытта 15 трлн.теңге. Активтер
өсуінің негізгі драйвері-корпоративтік сектор қаражатын тарту есебінен
және жеке тұлғалардың аз деңгейде қамтамасыз етілетін кредиттер.
Қазақстан Республикасының банк секторын дамытудың 2016-2018 жылдар
аралығындағы негізгі көрсеткіштері 2-кестеде берілген.
Олар ағымдағы уақыт кезеңінде Республиканың банк секторының жағдайы
мен даму үрдістерін сипаттайды.

Кесте 2
Қазақстан Республикасының банк секторын дамытудың 2016-2018 жылдарға
арналған негізгі көрсеткіштері (млрд. теңге).
№ пп Көрсеткіштер Жыл
2016 2017 2018
1 ЕДБ активтері 13870,3 15462 18239
2 ЕДБ несиелік портфелі 11656,6 13348 14184
3 Заңды тұлғаларға қарыздар 7049,7 7473 7016
4 Жеке тұлғаларға қарыздар 2530,4 3297 3708
5 Тұтынушылық қарыздар 1446,3 2241 2640
6 ШОБ қарыздары 1870,7 2342 3248
7 NPL-жұмыс істемейтін қарыздар 3842,7 4158 3340
8 Несие портфелі бойынша провизиялар 4008,9 4644 3570
9 ЕДБ міндеттемелері 11872,7 13384 15873
10 Клиенттер 8532,8 9845 11351
11 Заңды тұлғалардың салымдары 5033,4 5895 6909
12 Жеке тұлғалардың салымдары 2764,1 3949 4442
13 Реттеуші капитал 2 072,0 2 347 2 629
14 Банк секторының таза пайдасы 214,6 261,2 286
15 ЖІӨ-дегі банк секторы активтерінің 44,1 45,1 47,2
үлесі,%
16 ЖІӨ-дегі несие қоржынының үлесі,% 37,1 38,9 36,7
17 ЖІӨ-дегі клиенттердің салымдарының 27,1 28,7 29,4
үлесі,%
Есекрту – [15] әдебиеті негізінде автормен жасалған.

ЕДБ активтері 2018 жылы 4368,7 миллиард теңгеге немесе 2016 жылмен
салыстырғанда 31,5% - ға және 2777 миллиард теңгеге немесе 2017 жылмен
салыстырғанда 18% - ға өсті. ЕДБ несиелік қоржыны 2018 жылы 2016 және 2017
жылдармен салыстырғанда тиісінше 21,7% және 6,3% - ға өсті.
Заңды тұлғаларға берілетін қарыздар 2018 жылы 2016 және 2017
жылдармен салыстырғанда тиісінше 0,5% - ға және 6% - ға азайды.
Заңды тұлғаларға қарыздардың азаюы 2013 және 2014 жылдармен
салыстырғанда 2015 жылы: жеке тұлғаларға қарыздардың 1177,6 миллиард
теңгеге (46%) және 411 миллиард теңгеге (12,5%), тиісінше; тұтыну
қарыздарының 82,5% - ға 17,8% - ға; ШОБ субъектілеріне қарыздардың 2013
жылғы 1870,7 миллиард теңгеден 2015 жылы 3248 миллиард теңгеге дейін өсуі
есебінен біршама өтеледі.
Сонымен қатар 2018 жылы жұмыс істемейтін қарыздардың (NPL - 90 күннен
астам мерзімі өткен берешегі бар) 2016 жылмен салыстырғанда 13,1% - ға
және 2014 жылмен салыстырғанда 19,7% - ға азаюы байқалады, бұл талданып
отырған кезеңде ЕДБ қызметінің жақсы көрсеткіші болып табылады. Жұмыс
істемейтін кредиттердің азаюына қалыптастырылатын провизиялардың (өтеу
резервтерінің) азаюы да байланысты: 2018 жылы провизиялар 2016 жылмен
салыстырғанда 438,9 миллиард теңгеге (10,9%) және 2014 жылмен
салыстырғанда 1074 миллиард теңгеге (23,1%) азайды [16].
Банк секторында салымдардың, меншікті капиталдың және таза пайданың
өсуінің оң үрдісі қалыптасады. Заңды тұлғалардың салымдары 2013 жылғы
5033,4 миллиард теңгеден 2018 жылы 6909 миллиард теңгеге дейін өсті. Жеке
тұлғалардың салымдары 2018 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 1677,9 миллиард
теңгеге (60,7%) және 2017 жылмен салыстырғанда 493 миллиард теңгеге
(12,5%) өсті. Реттеуіш капитал 2018 жылы 2017 жылдармен салыстырғанда
26,9% - ға және 12% - ға, ал сандық пайда тиісінше 33,3% - ға және 9,5% -
ға өсті.
ЕДБ капиталының жеткіліктілік коэффициенттері біршама төмендегеніне
қарамастан, 2018 жылы ЕДБ активтерінің рентабельділігі 2016 және 2017
жылдармен салыстырғанда 3,7% және 5,6% - ға, ал капиталдың рентабельділігі
тиісінше 29,6% және 21% - ға өсті.
ЖІӨ-дегі(жалпы ішкі өнім) банк секторы активтерінің үлесі 2016 жылғы
44,1% - дан 2018 жылы 47,2% - ға дейін ұлғайды, ал ЖІӨ-дегі клиенттердің
салымдарының үлесі ұқсас кезеңде 8,5% - ға өсті.
2018 жылы ЖІӨ-дегі несие қоржыны үлесінің 2016 жылмен салыстырғанда
5,7% - ға азаюына қарамастан, банк секторы қызметінің негізгі
көрсеткіштерін талдау тұтастай алғанда ҚР банк секторының жағдайын тұрақты
деп сипаттауға мүмкіндік береді.

2.2 ҚР банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік
Банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік оның ойыншыларын банктік
менеджмент және маркетинг жүйесін үнемі жетілдіруге мәжбүр етеді, олардың
тиімділігі ұлттық және шетелдік сарапшылар жүргізетін қазақстандық
банктердің рейтингтерінде көрініс табады.
Әдетте, ЕДБ рэнкингі активтердің өсуі, меншікті капиталдың өсу
қарқыны, депозиттердің өсуі, кредиттер және кредиттік портфельдердің
сапасы бойынша айқындалады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ашық
көздерінде жарияланған деректер негізінде жасалады және республиканың банк
секторы субъектілерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсетеді.
2018 жылы активтер көлемі бойынша рейтингте ТОП-10 (Каспий өңіріндегі
Deloitte өкілдігі рэнкингтің есебі) келесі Банктермен ұсынылды:
Қазақстан Халық банкі: Standard & Poor ' s: "BB+" (теріс), Fitch:
"ВВ" (Тұрақты), Moody ' s: "Ba2" (тұрақты). 2015 жылы Халық Банкі Forbes
Global 2000 тізімінде 1608-ші орынға ие болды.;
Цеснабанк: Standard & Poor 's:" B+ " (тұрақты);
Ресей Жинақ Банкі: Fitch: "ВВВ - "(теріс), Moody 's:" Ba3;
Банк ЦентрКредит-Standard & Poor 's:" B+ "(тұрақты) - Fitch:" В
"(тұрақты) - Moody 's:" В2 " (тұрақты));
Kaspi Bank: Standard & Poor 's:" BB - "(теріс), Moody ' s:" B1 "
(теріс));
АТФБанк-Fitch:" В - "(тұрақты), Moody ' s:" Саа1 "(теріс), "Эксперт
РА Казахстан": "A;
ForteBank (Альянс Банк, Темірбанк, ForteBank): Standard & Poor 's:" B
"(тұрақты), Moody 's:" Caa2 " (дамушы);
Еуразиялық банк: Standard & Poor ' s: "B+" (теріс), Moody ' s: "B2"
(тұрақты). Еуразиялық банк үшінші рет Asian Banking & Finance халықаралық
қаржы басылымынан "Қазақстанның үздік бөлшек банкі" марапатына ие болды.
Қазіргі экономикалық жағдай республиканың банк секторы
субъектілерінен ұйымдық құрылымдарды, басқару схемаларын қайта құруды,
банк қызметінің халықаралық стандарттарына жауап беретін және банк
қызметтері нарығында одан әрі даму мен бәсекелестікті одан әрі дамытудың
стратегиясы мен тактикасын айқындайтын клиенттерге қызмет көрсетудің
қазіргі заманғы тәсілдерін енгізуді көздейтін кешенді даму бағдарламаларын
әзірлеуді объективті талап етеді.
Ресурстар тапшылығының аясында халықтың бос ақшасы үшін бәсекелестік
айтарлықтай шиеленісуде, олар қазақстандық банктер үшін ұзын ақшаның
базалық көзі болып табылады. 2015 жылғы жағдай бойынша мерзімді және
шартты салымдар құрылымындағы жеке тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы
55,5% – ды құрады (2011 жылдың басында-45,3%) [17].
Банк қызметтері нарығындағы, сондай-ақ мемлекет экономикасындағы
қазіргі заманғы ахуалдың дағдарыстық жағдайларына байланысты жаңа талаптар
тұтастай алғанда банктер іс-қимылының екі айқын бағытын объективті түрде
білдіретіні анық болып табылады: капиталдың белгіленген деңгейге дейін
өсуі (бұл жеткілікті капиталды қажетсінетін процесс болғандықтан, бәрінен
де алыс емес) не қосылу мен сіңіру есебінен ірілендіру. Осыны ескере
отырып, Орта мерзімді перспективада банк секторы субъектілерінің бизнес-
стратегияларын мүмкіндіктерді ірілендіруге және шоғырландыруға және
маркетингтік стратегиялардың халықтың бос ақшасы үшін бәсекелестікке
бағытталуына бағдарлануы әбден айқын.
Қазақстан Республикасының банк саласында соңғы 5 жылда дәл осы
үрдістер байқалады. Банктердің маркетингтік іс-әрекеттерінің мазмұны банк
қызметтеріне деген ішкі сұраныс өмір сүрудің басымдығы және Қазақстанның
кредиттік мекемелері үшін өсу драйвері болып табылатынын көрсетті.
Бәсекелестік қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын жақсарту, қолда бар
және әлеуетті клиенттердің сұраныстарын ескере отырып, жаңа өнімдерді
ұсыну саласында жүргізіледі. Бұл нарық үлесін ұлғайту және банктің
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін объективті қажет.
Сонымен бірге интеграциялау және шоғырландыру процесі арқылы
Қазақстанның банк саласы субъектілерінің қаржылық ұстанымдарын нығайтудың
екінші тетігі де байқалады. Оның негізінде банктерді ерікті біріктіру
тетігі ретінде, сондай-ақ шетелдік банктердің негізгі еншілес құрылымдарын
олардың реттелген бизнес-процестерімен, тәуекел-менеджмент жүйесімен,
кредиттік портфельдің жоғары сапасымен сатып алу жолымен сіңіру процесі
және т. б.
Бұл шынайы сценарий, өйткені сарапшылардың пікірінше, қазақстандық
нарық өткен онжылдықтың басында қарқынды өсу жылдары сияқты шетелдік
қызықты қаржы институттарына көрінбейді.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі ықпалдасу процесінің
үлгісі 2018 жылы екі ірі мәмілені аяқтау болып табылады -
Қазкоммерцбанктің және Халық Банктің қосылуы, сондай-ақ Альянс Банктің,
Темірбанктің және Fortebankаның бірігуі, нәтижесінде елдегі ЕДБ санын 35-
ке дейін қысқартты. Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу режиміне көшуі
және "еркін жүзуге" теңге жіберу - сондай-ақ 2018 жылғы республиканың банк
секторындағы негізгі өзгерістердің бірі.
Банк тәуекелін шектеу кезінде барынша үлкен пайда алудың келешегін
үйлестіретін оңтайлы стратегияны таңдау үшін рыноктың конъюнктурасын
сипаттайтын факторлардың әртүрлі комбинациясына сәйкес негізделген
бірқатар дәстүрлі тәсілдер бар. Қазақстан Республикасының банктері қатаң
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Ұлттық банктің басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі
Банктік қызметтің мәні
Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы
Банк жүйесінің дамуы
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Пәндер