Тәжірибе базасымен танысу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.1 Тәжірибе базасымен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2 Ұйымның ұйымдастыру структурасмен танысу ... ... ... ... ... ... ... . .. 9
2.3 Ұйымның бөлімдерінің жұмысының ұйымдасуы (бухгалтерияның структурасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.4 Ақшалай қаржаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
2.5 Есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.6 Несие мәні және қажеттігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 17
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Есепші - кәсіпорындарда, ұйымдарда, ұйымдық-құқықтық формасына тәуелсіз мекемелерде міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, мүлікті талдау және бухгалтерлік есептің кәсіптік қызметіне дайындалған, маман.Есепші - сәнге және уақытқа тәуелсіз мамандық. Дебет пен кредитті үйлестіре алуға қабілетті, қызметтің әр түрлі саласына қажет маман. Егер сіз математиканы жақсы меңгерген болсаңыз, барлық жұмыс уақытыңызды есепке арнасаңыз, сабырлы және мұқият болсаңыз, онда күмәніңіз болмасын: есептік жұмыста сіз таптырмайсыз! Мамандықтың танымалдығы соншалықты: бірде бір кәсіпорын -- балабақшадан бастап мұнай өндіруші концернді есепшісіз елестетуге болмайды. Кәсіпорында екі жұмысшы болса, міндетті түрде оның бірі - есепші.Есепші мамандығы -- қазіргі таңда қаржы және экономика саласында ең қажетті мамандықтардың бірі. Бухгалтерлік есеп және аудит сферасында бакалаврлардың білім алуы, бухгалтерлік есеп және есептілікке ақпараттарды қалыптастыруда нақты ережелер мен концепцияларды түсінетін, қаржылық есептілікке бухгалтерлік есептің қазіргі дағдыларын енгізе білетін мамандар. Аталған мамандықта оқу үрдісінде студенттер қаржылық, басқарушылық және салықтық есепті ұйымдастыруда ғылыми және тәжірибелік ғылымын толықтырады және қаржылық есептілікті, қаржылық есептіліктің аудиті мен талдауын құра алады.Қазіргі таңда есепші қызметі өзгеріп және олардың алдына қойылған міндеттемелер кеңейіп отыр. Бухгалтерлік есеп шотын жүзеге асырушы шаруашылық қызметті тіркеуші техникалық жұмысшыдан, бухгалтер шығармашылық тұлғаға айналады, кәсіпорынның экономикасын тиімді басқаруға қажетті есептік саясатын жүзеге асырып, қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
1.1. Оқу тәжірибесінің мақсаты мен негізгі міндеттері
Оқу тәжірибесінің мақсаты алған теориялық білімдерін бекіту мен одан әрі тереңдету, оқу тәжірибесі шегінде қаржылық есептілікті құру үшін әдістемелік нұсқауларда қарастырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарын, есеп тіркемелерін және қаржылық есеп берудің негізгі нысандарын құру мен өңдеу бойынша тәжірибелік дағдыларын иелену, сонымен қатар мамандықтың бейініне байланысты өндірістік тәжірибеден өтуге студенттерді дайындау болып табылады.
Оқу тәжірибесінің негізгі міндеттері:
- студенттердің ақша қаражаттары мен есеп айырысу, материалдық қорлар және шаруашылық үдерістер есебі бойынша бастапқы құжаттарды құруға байланысты тәжірибелік қабілеттерін пысықтауы;
- құжаттарды бухгалтерлік өңдеу мен оларды сәйкес есеп тіркемелерінде тіркеу бойынша дағдыларын алуы;
- есеп қызметін және қаржылық есеп беруді құруды реттейтін нормативті, құқықтық актілерді талқылауға үйренуі;
- теориялық білімдерін талдамалық жұмыстарды жүргізуде және қаржылық есептілік нысандарын құруда пайдалану.
1.2. Студенттің оқу тәжірибесінен өту нәтижесінде қалыптасатын құзырлықтары Оқу тәжірибесінен өту нәтижесінде студент келесідей тәжірибелік қабілеттерін, дағдыларын, кәсіби құзырлықтарын иеленуі қажет.
Білу:
- ҚР-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржылық есептілікті құру бойынша заңнамалық актілерді, қаулыларды, жарлықтарды, бұйрықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды;
- шоттар жоспары мен корреспонденциясын, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысандары мен әдістерін;
- бухгалтерлік есеп бөлімдері бойынша құжатайналымының ұйымдастырылуын; - ҚР салықтық заңнамасын.
Істей алу:
- қойған міндеттерін шешу үшін қажетті мәліметтерді жинау, талдау және өңдеу;
- бастапқы бухгалтерлік құжаттаманы дұрыс құру және өңдеу, оны сәйкес есеп тіркемелерінде жазу үшін жүйелеу;
- шаруашылық, қаржылық және есеп айырысу операцияларын дұрыс құру;
- бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және салық салу тәртібін реттейтін заңнамалық актілердің ережелерін қолдану;
- ауызша және жазбаша сөз қозғауды логикалық дұрыс құру;
- кәсіпорынның қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін мәліметтер жинау мен талдау;
- тапсырмаларды орындау және есептік-қаржылық ақпаратты өңдеу үшін техникалық құралдар мен компьютерлік техниканы қолдану. Оқу тәжірибесі студенттермен келесі пәндерді оқығанан кейін жүргізіледі: Бухглтерлік есеп негіздері, Қаржылық есеп 1, Аудит, Басқарушылық есеп 1, Экономикалық талдау. Оқу тәжірибесі оқып зерттелген пәндердің логикалық аяқталуы болып табылады. Студент оқу тәжірибесін игеру нәтижесінде бастапқы құжаттарды құру, өңдеу бойынша, шаруашылық операцияларды есеп тіркемелерінде көрсету бойынша және қаржылық есептілік нысандарын құру бойынша дағдылары мен тәжірибелік қабілеттерін иелену ғана емес, сонымен бірге өзінің болашақ мамандығының маңызын түсіну қажет. Тәжірибенің ұзақтығы 2 аптаны құрайды. Студент тәжірибеден өту барысында барлық берілген тапсырмаларды толық көлемде орындауы керек. Бекітілген мерзімде оқу тәжірибесі бойынша есепті (орындалған тапсырмалар мен тәжірибе бойынша қажетті құжаттар) кафедра тарапынан тәжірибе жетекшісіне тапсыруы қажет. Оқу тәжірибесіне тапсырма кәсіпорын бойынша тәжірибелік материалдар негізіндегі бухгалтерлік есептен өтпелі есеп түрінде болады. Оқу тәжірибесі бастапқы мәліметтер түрінде 1- қосымшада берілген Шолпан ЖШС шартты кәсіпорнының әрекеті бойынша жалпы мәліметтермен танысудан басталады. Студент кәсіпорын туралы көрсетілген мәліметтер мен бухгалтерлік есеп бойынша білімін қолдана отырып, ұсынылған тақырыптар бойынша барлық тапсырмаларды орындау керек. Шаруашылық операцияларды тіркеу журналында жетіспейтін сомаларды анықтап, Үлгілі шоттар жоспарын қолдана отырып, барлық шаруашылық операциялар бойынша шоттар корреспонденциясын құру керек. Шаруашылық операцияларды сәйкес үлгідегі бухгалтерлік құжаттармен және есеп тіркемелерімен рәсімдеу керек. Оқу тәжірибесінің нәтижесі қаржылық есептілік нысандарын толтыру және тәжірибе бойынша есепті дайындау болады.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСУ
Кәсіби іс-тәжірибе жоғарғы білімнің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол келесідей түрлерге бөлінеді:
Оқу (танысу) іс-тәжірибесі;
Оқу (тілдік) іс-тәжірибесі;
Педагогикалық іс-тәжірибесі;
Өндірістік іс-тәжірибесі;
Диплом алды іс-тәжірибесі.
Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) іс-тәжірибесінің мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдетуді қосатын, бастапқы кәсіби құзіреттерді меңгеру, зерттеу қызметінің бірінші дағдыларын алу, іскерлік келіссөздер жүргізу қабілетін алу, оқудың мамандығына сәйкес практикалық қабілет пен жұмыс дағдыларын меңгеруі болып табылады. Оқу (танысу) іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері болып табылады: 1) Жоғары оқу орнының қызметінің негізгі бағыттарымен танысу; 2) Мамандықпен танысу және оның оқыту бағдарламаларымен танысу; 3) Болашақ мамандықтың объектілері болып табылатын ұйымның басқару жүйесімен, ұйымдастыру-құқықтық формасымен, құрылымен жалпы танысу; 4) Болашақ кәсіби қызметтің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу; 5) Іскерлік корреспонденцияға және іс жүргізуге кіріспені зерттеу; 6) Еңбек ұжымында жұмыс дағдыларын алу. Оқу (танысу) іс-тәжірибесі білім алушылар үшін барлық мамандықтарда өткізіледі және 1 курста ұйымдастырылады. Болашақ маманның нақты пәндік саласының бағыты және кәсіби құзіреттеріне байланысты оқу іс-тәжірибесінің танысу, өрістік, экскурсиялық, маршруттық, мектептік, есептік, пленэр және басқа түрлері болады. Оқу (танысу) іс-тәжірибесін аталған мамандық бойынша мамандарды дайындауды іске асыратын арнайы кафедра бекітеді. Оқу (танысу) іс-тәжірибесінің бағдарламасы оқыту бағдарламалары және мамандықтың бағытының талаптарына сәйкес жасалынады. Тілдік іс-тәжірибенің мақсаты білім алушыларда ауызша және жазбаша аудару дағдысын, сонымен қатар іскерлік және достық қарым-қатынас, оның ішінде оқылатын тіл мамандарымен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Тілдік іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады: 1) Білім алушыларды ауызша және жазбаша аударудың теориялық және практикалық негізімен таныстыру; 2) Теориялық және практикалық білім мен қабілеттерді бекіту және дамыту; 3) Тілдік коммуникациялар саласындағы практикалық дағдылар мен қабілеттерді алу; 4) Арнайы лексиканы аудару дағдыларын дамыту және бекіту; 5) Сәйкес мамандық бойынша сөздік қорды кеңейту; 6) Шет ел тіліндегі ауыз-екі сөйлеу тілін, қарым-қатынастың диалогтық формасын дамыту және бекіту. Тілдік іс-тәжірибе тілдерді білетін және политілді білімі бар кадрлерді дайындауды іске асыратын мамандықтардың білім алушылары үшін өткізіледі, ол 2 курстан бастап ұйымдастырылады және білім алушылардың бітіргенге дейінгі мамандығына байланысты болады. Тілдік іс-тәжірибе аталған мамандық бойынша мамандарды дайындауды іске асыратын арнайы кафедрамен бекітіледі. Тілдік іс-тәжірибенің бағдарламасы деңгейлік оқу моделінің талаптарын және шетел тілдерін меңгеруді және политілдік білім принциптерінің талаптарын есепке алуы керек. Бұл іс-тәжірибелердің мақсаты білім алушыларда кәсіби функциялардың дамуына қосымша болатын және көмектесетін құзіреттерді қалыптастыру болып табылады. Кәсіби іс-тәжірибелердің басқа түрлерінің бағдарламалары аталған мамандық бойынша кадрлерді дайындауды іске асыратын арнайы кафедралармен жасалады. Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты жалпы ғылыми, мәдениеттану, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімді бекіту және тереңдету, сонымен қатар педагогикалық қабілет, дағды және құзіреттерді теориялық білімі негізінде қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады: 1) Педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін алу; 2) Оқыту және оқу әдістемесін меңгеру; 3) Педагогикалық шеберліктің негіздерін білу; 4) Оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өзіндік жүргізу қабілеті мен дағдысын шыңдау; 5) Ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеулердің дағдысын меңгеру; 6) Тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру; 7) Оқудың инновациялық технологияларын білу; 8) Оқу және тәрбие жұмысы барысында оқушыларға, олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып индивидуалды қарым-қатынасты жүргізу; Педагогикалық іс-тәжірибе білім алушылардың оқуының барлық кезеңінде әрбір курста өткізіледі және мыналардан тұрады: 1) 1 курс білім алушыларының педагогикалық іс-тәжірибесі; 2) 1 курс білім алушыларының психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибесі; 3) 1 курс білім алушыларының оқу-тәрбие педагогикалық іс-тәжірибесі; 4) 4 курс білім алушыларының өндірістік педагогикалық іс-тәжірибесі. Педагогикалық іс-тәжірибе үзіліссіз болып табылады және теориялық оқытумен қатар жүргізіледі. Педагогикалық іс-тәжірибенің базасы болып табылады: 1) Мектепке дейінгі білім; 2) Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); 3) Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары. Педагогикалық іс-тәжірибе арнайы кафедрамен, педагогика кафедрасының бірлесуімен бекітіледі. Педагогикалық іс-тәжірибенің бағдарламасы мамандықтың оқыту бағдарламаларының талаптарына сәйкес жасалынады және білім алушыларда кәсіби маңызды білім және мұғалім және педагогтың педагогикалық құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған. Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты - кәсіби құзіреттерді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдысын және тәжірибесін меңгеру болып табылады. Өндірістік іс-тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады: 1) Мамандық бойынша кәсіби қызметтің түрлерін, олардың функцияларын және міндеттерін зерттеу; 2) Теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби қабілеттерді, дағдыларды және құзіреттерді қалыптастыру; 3) Инновациялық технологияларды, еңбектің және өндірістің алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру; 4) Ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибені алу; 5) Ұжымдық жұмыс дағдыларын алу, басқарудың ұжымдық принциптерінің құзіретін алу; 6) Өз қызметін өзіндік жоспарлау қабілетін меңгеру, ұжыммен пайдалы қарымқатынас орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өндірістік іс-тәжірибе барлық мамандықтың (педагогикалық және тілдік мамандықтардан басқа) білім алушылары үшін өткізіледі, және 2 курстан бастап білім алушылар бітіргенге дейін ұйымдастырылады. Өндірістік іс-тәжірибе оның мазмұнына байланысты арнайы кафедрамен немесе теориялық оқу жүргізетін кафедрамен бекітіледі, оның нәтижелері өндірістік іс-тәжірибенің аталған түрінің нысаны болып табылады. Өндірістік іс-тәжірибенің бағдарламасы мамандықтардың оқыту бағдарламаларының талаптарына сәйкес жасалынады және ол білім алушыларда кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкес арнайы құзіреттерді қалыптастыруға және кәсіби маңызды қабілеттерді шыңдауға бағытталуы керек. Диплом алды іс-тәжірибесі дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім алушылар үшін ұйымдастырылады. Диплом алды іс-тәжірибенің мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау болып табылады. Диплом алды іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері болып табылады: 1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалды және статистикалық мәліметтерді талдау; 2) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалды жинау, өңдеу және жалпылау; 3) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша қорытындыларды, заңдылықтарды, ұсыныстарды қалыптастыру; 4) дипломдық жұмысты (жобаны) орнатылған талаптарға сәйкес безендіру. Диплом алды іс-тәжірибесі индивидуалдық оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін бітіруші курста жүргізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және жазу үшін оқыту бағдарламасымен диплом алды іс-тәжірибесі қарастырылады. Диплом алды іс-тәжірибесіне басшылықты, ереже бойынша, дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі іске асырады. Диплом алды іс-тәжірибесінің ұзақтылығы, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандартына сәйкес, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға бөлінген кредиттер санымен анықталады. Диплом алды іс-тәжірибесінің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады. Диплом алды іс-тәжірибесінің қорытындысы, арнайы кафедрамен ұйымдастырылатын дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғауында шығарылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын-ала қорғау кафедра отырысында өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Магистранттардың іс-тәжірибесі: Ғылыми және педагогикалық магистратураның оқыту бағдарламасы екі іс-тәжірибеден тұрады: 1) педагогикалық - білім беру ұйымдарында; 2) Зерттеу - диссертацияны орындау орны бойынша. Педагогикалық іс-тәжірибе практикалық дағдыларды және сабақ беру әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Педагогикалық іс-тәжірибе оқу процесінен үзіліссіз теориялық оқу кезеңінде де өткізіле береді. Бұл ретте магистранттар бакалаврда сабақ беруге тартылады. Магистранттың зерттеу іс-тәжірибесі отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, эксперименттік мәліметтерді ғылыми зерттеу, өңдеу және интерпретациялаудың заманауи әдістерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Бейіндік магистратураның оқыту бағдарламасы өндірістік іс-тәжірибеден тұруы керек. Магистранттың өндірістік іс-тәжірибесі оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту, оқылатын мамандық бойынша практикалық дағдыны, құзіреттерді және тәжірибені алу, сонымен қатар алдыңғы қатарлы тәжірибені алу мақсатында өткізіледі. Зерттеуөндірістік іс-тәжірибелерінің мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады. Іс-тәжірибелердің барлық кезеңдерінің көлемі және нақты мазмұны іс-тәжірибе бағдарламасымен анықталады. Іс-тәжірибенің бағдарламасы, білім алушылардың практикалық дайындығын ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен ерекшеліктерін анықтайтын, дайындық (мамандық) бағытының оқу-әдістемелік кешенінің міндетті элементі болып табылады. Іс-тәжірибе басталғанға дейін, кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы Ереженің негізінде, іс-тәжірибенің аталған түрі бойынша, бекітілген кафедра іс-тәжірибенің Бағдарламасын жасайды. Оқу орнымен жасалынатын бағдарламаның мазмұны және кәсіби іс-тәжірибенің базасы мамандықтың бейініне (оқыту бағдарламасына) сәйкес келуі керек. Іс-тәжірибенің бағдарламасы іс-тәжірибе базасынан іс-тәжірибе жетекшісімен келісіледі, кафедра меңгерушісімен, факультеттің әдістемелік комиссиясымен, факультет деканымен қаралады, және университеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітіледі. Қажеттілігін қарай іс-тәжірибенің бағдарламасында міндетті және қосымша әдебиет, жалпы және индивидуалды тапсырмалар өзектендіріле алады, басқа да бөлімдер жаңара алады: түсіндірме хаты, іс-тәжірибенің күнтізбелік жоспары және т.б. Бағдарлама кафедрада жаңа нормативтік құжаттар қолданысқа енгізілгенше сақталады. Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы Бағдарламаның негізінде кафедра іс-тәжірибеден өту бойынша Әдістемелік нұсқаулар жасалады, онда іс-тәжірибе бойынша тапсырмаларды орындауға, студенттердің есептік құжаттармаларын дайындау және рәсімдеуге нұсқаулар беріледі. Әдістемелік нұсқаулар алдыңғы оқу жылының соңына қарай жасалады (38-40 апта) және жаңасымен алмастырғанға дейін кафедрада сақталады (жаңа нормативтік ішкі немесе сыртқы құжаттар шыққанға дейін). Студентке іс-тәжірибе кезеңіне, кафедрадан іс-тәжірибенің жетекшісі жасаған индивидуалды тапсырма берілуі мүмкін. Индивидуалды тапсырманың мазмұны өндірістің нақты шарттары мен мүмкіндіктерін есепке ала жасалуы керек, өндірістің қажеттіліктеріне жауап беруі керек және бір кезеңде оқу процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы керек. Индивидуалды тапсырма студенттің қабілеттеріне және теориялық дайындығына сәйкес болуы керек.

ҰЙЫМНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ СТРУКТУРАСЫМЕН ТАНЫСУ
Басқарудың ұйымдық структурасы - бұл басқарудың звеносы, бір бірімен байланыста және бағынышты, функционалды және ұйымның дамуының бір бүтіндігін қамтамасыз етеді. Ұйымды басқару структурасы - функционалды бөлімдердің специализациялы өңделу, негіздеу процестерінің бір бірімен қабылдануы және басқару реализациясының шешімі.
Басқару структурасы объектіні басқару түріне байланысты мақсаты, өлшемі және оның сыртқы ортаға әсерімен ерекшеленеді.
Ұйымның негізгі структуралық элементтері болып:
- басқарудың деңгейі;
- басқарудың бөлімдері мен звеносы;
- басқару желілері.
Ұйымдық басқару структурасының түрлері
Басқару структурасының дивизиясы - кәсіпорынды ұйымдық басқарудың структурасы, онда басқару және өнімдер мен жеке функцияларға бөлінген. Ұйымдық басқару дивизиясының структуралық негізгі пішіні болып өндірістік бөлімді басқаратын менеджерлер болып табылады.
Басқарудың иерархиялық структурасы - ұйымды басқару структурасы, мұнда тік желілер қолданылады, бұл шешімдерді қабылдау жоғары деңгейде болады, бұл шешімдерді тиіспей ақ төменгі деңгейге міндетті болып табылады.
Басқарудың инновациялы - өндірістік структурасы мынадай бөлімдерде қарастырылады:Инновациялық функцияларды жүзеге асырушы бөлімдерді басқару, стратегиялық жобалау, өндірістік жаңа өнімді өңдеу мен дайындау.
Басқарудың сызықты структурасы - жетекшілер мен оған бағынышты басқарудың звено басқарудың барлық функциясын ретке келтіреді, ал басқарудың объектісі тік өз басқарудың субъектісін ғана басқару командасын орындайды.Басқарудың сызықты - функционалды структурасы басқарудың структурасы, мынаналардан тұрады:
- ұйымдағы негізгі жұмысты орындалатын сызықты бөлімшеден тұрады және функционалды бөлімшелерді қамтамасыз етеді.Сызықты функционалды басқаруда сызықты звенолар шешім қабылдайды, ал функционалды бөлімшелер сызықты басқарушыға нақты шешімдер қабылдауға көмектеседі және хабардар етіп отырады.Басқарудың структура элементі болып басқару звенолары мен оның арасындағы байланыс кіреді.Басқару звеносы басқарудың нақты функциясын орындау үшін құралады. Басқару структурасындағы звенолар функционалды, сызықты, толық болады. Басқару звеносы ретінде жеке тұлғалар мен басқару аппаратық бөлімшелері кіреді. Басқару структурасындағы байланыстар көлденеңді, тігінен, сызықты және функционалды болуы мүмкін.Қатысушылар арасында бөлінген мақсаттар, тапсырмалар және басқару функцияларын, сонымен қатар құқықтар, міндеттер және олардың орындалуының жауапкершілігіндегі процесін іске асыру үшін басқару құрылымы құрылғандықтан, онда басқарудың құрылымын бөліну формасы және басқару процесіндегі еңбек кооперациясы ретінде қарастыруға болады.Басқару құрылымын құқықтарды бекіту міндеттер мен басқаруды іске асыру процесінің басқару жүйесіндегі жауапкершілік түрі ретінде қарастыруға болады.Тұтынушыларға бағытталған басқарудың ұжымды құрылымын құру барысында бөлімшелер белгілі бір тұтынушылар тобының аймағында жіктеледі (мысалы, әскери және азаматтық сала, өндірістік - техникалық және мәдени тұрмыстық тағайындау өнімдері). Мұндай ұжымдық құрылымның мақсаты, бір топқа ғана қызмет жасайтын компания сияқты белгілі бір тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мысал ретінде, тұтынушыға бағытталған басқарудың ұжымдық құрылымын қолданатын ұйым деп коммерциялық банктерді атауға болады. Мұндай жағдайда тұтынушылардың негізгі тобына: жеке клиенттер, компаниялар, басқа банктер, халықаралық финанстық ұйымдар.Осылайша, өндірістік кәсіпкерліктің басқару құрылымы болып өндірістік кәсіпкерліктің ұйымның жүйелік мониторингінің логикасын ескертеді, сонымен қатар өндірістік кәсіпкерліктің ақпараттық жүйесіне белгілі бір талаптар орнатады. Бұл жағдайда міндетті түрде өндірістік кәсіпкерліктің жүйелік мониторингінің ұйымдық негізгі принциптерін қарастырған тиімді, сонымен қатар өндірістік кәсіпкерліктің комплексті жүйелік экономикалық анализін есепке алу кезіндегі негізгі қажеттіліктер мен байланыстарды шығару керек.

ҰЙЫМНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСУЫ (БУХГАЛТЕРИЯНЫҢ СТРУКТУРАСЫ)
Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары Ұйым дегеніміз - қызметтері саналы түрде ортақ мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы. Ұйым дегеніміз жалпы мақсатқа немесе мақсатқа жету үшін топ мүшелерінің ұйымдасқан іс-әрекеттері болып табылады. Ұйымды адамдарға жеке өздері жасай алмағандарын ұйымдасқын түрде жүзеге асыруға мүмкүндік беретін, мақстақа жету тәсілі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның болуы үшін кем дегенде екі мүшесінің болуы керек және олардың бір мақсатқа бағытталуы тиіс.Қоғам мүшелерінің басым көпшілігі бір немесе бірнеше ұйымдарға кіреді. Ұйымдарды саяси ұйымдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, зерттеулік, өндірістік, мемлекеттік, жеке меншік, шаруа қожылықтары, тұрақты немесе тұрақсыз деп бөлуге болады. Яғни топ болып, атқарылатын барлық іс-әрекеттер мен жұмыстар міндетті түрде белгілі бір форманы бейнелейтін ұйымдық құрылыммен ерекшеленеді.Кезкелген ұйымның өзіндік мақсаты болады. Яғни ұйымның жалпы мақсаты, бөлімдердің мақсаттары, бөлімшелердің мақсаттары, цехтың мақсаттары, топтың мақсаттары және жеке тұлғаның мақсаттары секілді. Осы аталған мақсаттардың барлығын ұйымның жалпы мақсатты қамтуы тиіс. Керісінше болған жағдайда қайшылықтардың орын алуы салдарынан ұйым мақсатына жете алмайды.Ұйым өзінің мақсатына табысты түрде жетуі үшін төмендегі мәселелерді басқаруы тиіс: Ресурстар (қайнар көздер): ұйымның негізгі қолданылатын қайнар көздері адамдар, капитал, технология, ақпарат, материалдар болып табылады. Сыртқы ортамен байланысы: тұтынушылар, экономикалық қызметтер, кәсіподақ, заң, бәсекелестер, қоғамның көзқарасы, техника, технология және т. б. жатады. Сыртқы ортадағы болған өзгерістер ұйымның ішкі ортасына да әсерін тигізіп өзгертеді.Тікелей еңбек бөлінісі: ұйымда еңбек бөлінісі жасалғаннан кейін ұйымның мақсатына жету үшін жұмыстарды үйлестіру қажет. Ұйымдағы жұмыстардың жүзеге асуы тек жұмысшымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жұмысшыны басқаратын басшылардың еңбегімен де тығыз байланысты. Осы себепті басқарушы-бағынышты құрылымы пайда болады. Тиімді түрде жұмыстың өз деңгейінде атқарылуы үшін белгілі бір тұлғалардың жауапты болуы керек. Еңбектің жоғарыдан төмен қарай бөлінісін тікелей еңбек бөлінісі деп атаймыз.Жанама еңбек бөлінісі: белгілі бір жұмысты жүзеге асыру үшін әр түрлі ісәрекеттерге қарай еңбек бөлінісін жасауды горизонталды еңбек бөлінісі деп атаймыз. Бұл жағдайда жұмыстары бір-бірімен байланысты, бірақ функционалдық қызметтері деңгейлес болып, бір-біріне бағынбайтын тек өздерінен жоғары тұрған басшыға бағыныштылық құрылымы пайда болады.Бөлімшелер: күрделі құрылымды ұйымдарда жұмыстар бөлімшелерге бөліне отырылып (жанама еңбек бөлінісі арқылы) жүзеге асады. Сондықтан да бөлімшелердің басқарылуы жұмыс тиімділігімен байланысты болғандықтан оны басқару міндеті туындайды. Басқарудың қажеттілігі: ұйым алға қойған мақсатына жету үшін тікелей еңбек бөлінісін жасайды. Ал тікелей еңбек бөлінісі басқару үрдісін тудырады. Жоғарғы және төменгі еңбек бөлінісі арасындағы қатынас басқаруды қажет етеді.
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАР
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
· Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
· Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
· Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;
Ақша қаражаты - бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражатарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары. Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
Курс құрылымы
Тергеушінің қызметі бойынша практикалық кәсіби дағдыларды қалыптастыру
Танысу тәжірибесі барысындағы міндеттерім
“DELPHI тілінің көмегімен мәліметтер базасын құрастыру жолдары”
Мәліметтер базасының теориясы
Түркістан қаласы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің өндірістік іс тәжірибе практикасының есебі
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Жас ерекшелік топтардағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеті
Пәндер