Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі орны ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары ... ... ...5
1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 Валюталық операциялардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі ... ... .25

3 Валюталық бағам есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша операциялардың
есебін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша қаражаттарының есебі» бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде, нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.
Әрбір кәсіпорындағы шетел валютасындағы операциялар - шетел валютасында көрсетіледі және шетел валютасында есептесу болжанған операция, оның ішінде бағалары шетел валютасымен белгіленген тауарларды сатып алған кезде талданып отыратын жағдайлар кәсіпорында жүргізіліп отырады.
Шетел валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы, ағындары 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді.
Мысалы, кезең ішіндегі орташа алынған айырбас бағамы шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды жазу немесе шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 21 (IAS) ХҚЕС шетелдік еншілес ұйымдардың ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.
Ұйымның қолданыстағы шетел валютадағы ақша қаражатының қозғалысы пайда болған күннен бастап, қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен көрсетілуі тиіс.
Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған іске асырылмаған пайда мен шығын ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылмайды. Ол инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар болса, есептілікте кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырмалар жатады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Қазақстан республикасындағы валюталық реттеудің негізгі
орны ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі
қағидалары ... ... ...5
1.2 Валюталық операциялар және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 Валюталық операциялардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15
2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу тәртібі.15
2.2 Валюталық операцияларды құжаттық
рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Валюталық операциялардың синтетикалық және аналитикалық
есебі ... ... .25

3 Валюталық бағам
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32
3.1 Валюталық бағамның түсінігі мен пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ..32
3.2 Бағам айырмашылықтарын есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

4 Ағымдағы шотындағы валюта қозғалысы бойынша
операциялардың
есебін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..45

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

КІРІСПЕ

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін
алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы
жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға
сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің
бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы
тәсілдерін меңгеру Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте
маңызды қажеттілікке айналады.
Курстық жұмысымның тақырыбы Ағымдағы шоттағы шетел валютадағы ақша
қаражаттарының есебі бойынша қарастырлады. Шетелдік валюта – ол ұйымның
қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта болып табылады. Яғни қазіргі кезде
өз қызметін есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде,
нақтырақ айтқанда, валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші
ұйымның бірлескен ұйымы, яғни филиалы болып табылатын ұйымдарда осындай
шетелдік валюталардың сан алуан қызмет түрлері жүзеге асырылып отырады.
Әрбір кәсіпорындағы шетел валютасындағы операциялар - шетел валютасында
көрсетіледі және шетел валютасында есептесу болжанған операция, оның ішінде
бағалары шетел валютасымен белгіленген тауарларды сатып алған кезде
талданып отыратын жағдайлар кәсіпорында жүргізіліп отырады.
Шетел валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы, ағындары 21 Валюталық
бағам өзгерісінің әсері (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына
сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей
жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді.
Мысалы, кезең ішіндегі орташа алынған айырбас бағамы шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларды жазу немесе шетелдік еншілес ұйымның ақша
қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы
мүмкін. Алайда 21 (IAS) ХҚЕС шетелдік еншілес ұйымдардың ақша
қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі
жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.
Ұйымның қолданыстағы шетел валютадағы ақша қаражатының қозғалысы пайда
болған күннен бастап, қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы
айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен
көрсетілуі тиіс.
Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған іске
асырылмаған пайда мен шығын ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылмайды.
Ол инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары
қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар болса, есептілікте
кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша ақша қаражаттарының
түсімдері мен төлемдері туралы деректер берілген жағдайда туындайтын
айырмалар жатады.

Қазақстандағы валюталық құндылықтардың қозғалысын ұйымдастырудың нысаны
бола отырып, соңғы жылдары жедел қарқынмен дамыды: жаңа уəкілетті банктер,
валюта биржасы, айырбастау пункттерінің ауқымды желісі пайда болды,
кəсіпорындардың тауарлар,жұмыстар жəне қызметтер экспортынан валюталық
түсімдердің көлемі өсуде, жылдан жылға өнеркəсіп өнімдерін өндіруші
кəсіпорындардың сыртқы сауда айналымының көлемі өсуде.
Өткенге көз жіберіп, Қазақстанның дербес сыртқы экономикалық қызметі
неден басталғанын еске түсіре отырып, бірқатар аса батыл заң актілерін
атап өтуге болады.
Валюта нарығындағы жұмыс тəртібін Ұлттық банкі белгіледі. Сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыру жəне дамыту, сондай-ақ елдің сыртқысауда
айналымының өсуі елдегі валюталық реттеудің құқықтық тетігінің болуын талап
етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi
Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2002 жылғы
28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі
əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-
2004 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi
ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс
жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк
салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін
дұрыс жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей,
табыс пен шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң екiншiсiнен артық болуына
қол жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.
Сондықтан менiң курстық жұмысымның мақсаты – кәсiпорынның валюталық
шоттағы қаржыларының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк
негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды
қалыптастыру болып табылады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ
РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ОРНЫ

1.1 Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі қағидалары

Валюта дегеніміз мемлекетпен қабылданған заңдық төлем құралы болып
табылатын және айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және
монеталар түріндегі ақша белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының валютасына:
– айналымдағы, сондай-ақ, айналымнан алынған немесе алынғалы
жатқан, бірақ ауыстырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің банкілік билеттері түріндегі теңгелер;
– Қазақстан Республикасындағы банктер мен несиелік
мекемелердің шоттарындағы теңгелік қаражаттар;
– Қазақстан Республикасының валютасындағы бағалы қағаздар –
төлемдік құжаттар, қорларға қатысты құндылықтар және басқа да
борыштық міндеттемелер жатады.
Шетел валютасы – бұл шет мемлекеттердің валютасы. Оған жататындар:
– шет мемлекеттің төлемдік құралы болып табылатын және
айналымда жүретін банкноттар, қазына билеттері және монеталар
түріндегі ақша белгілері, сондай-ақ, айналымнан алынған
немесе алынғалы жатқан, бірақ, ауыстырылатын ақша белгілері;
– шет мемлекеттің ақша бірлігінде, халықаралық ақша және
есептесу бірлігінде шоттарға салынған қаражаттары.
Валюталық құндылықтарға:
– шетел валютасы;
– шетел валютасындағы бағалы қағаздар – шетел валютасындағы
төлемдік құжаттар (чек, вексель, аккредетив), қорларға
қатысты құндылықтар (акция, облигация), және тағы да басқа
борыштық міндеттемелер;
– бағалы металдар – кез келген түр мен күйдегі алтын, күміс,
платина және платиналық тон металдары;
– табиғи бағалы тастар – шикізат түріндегі немесе өңделген
алмаз, рубин, изумруд, сапфир және александрит, сондай-ақ
маржан жатады [1, 150 б.].
Нарықтық экономика жолына түсіп, тәуелсіздік алған жылдарда елімізде
кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің негізі қаланды. Сыртқы
экономикалық қызметтің негізгі стратегиялық бағыты ұлттық валютаның тұрақты
жұмыс істеуі және валюта нарығын тұрақты дамыту болып табылады. Осы
мақсатта кесіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту маңызды болды.
1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда "Валюталық реттеу" туралы жаңа заң
кабылданды. Жалпы алғанда валюталық реттеу бірнеше әкімшілік шараларды
қажет етеді, яғни бұл валюталық түсімнің көтерілуі және елден валюталық
ағылудың қысқаруы деген сөз.
Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем балансын бір қалыпта
ұстау, валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекетке
валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын тигізеді. Сондықтан да
валюталық реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті құқық актілерін бекіту,
хабар жинау, валюта заңдылықтарын қадағалау және қолдану жұмыстары
жүргізіледі.
Қазақстан заңы бойынша, валюталық реттеудің объектісі болып валюталық
байлықтар және олардың операциялары есептеледі. Жаңа заң бойынша валюталық
байлыққа жататындар:
– шетел валютасы;
– бағалы қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел
валютасымен бекітілген номиналдар;
– алтын құймасы [10, 112-193 б.].
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономикасы жағдайында мемлекет
тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы егеменді ел
ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге
тиісті. Қазақстанның алдында валюта байланыстарның қызметін құрумен бірге
халық шаруашылығын кайта құру, оны нарық жолына бұру мәселелерін қатар алып
жұру жұмыстары тұр. Жақын уақыттарға дейін ҚР-да "Валюта реттеу" заңы 1993
жылы 14 сәуірде қабылданған заң бойынша жүрді. Бұл Қазақстан егемендік
алған соң қабылданған 1-заң еді. Бірақ та ол кезде Қазақстан сом зонасында
еді, сондай-ақ, жеке валюта саясатын жүргізуге практикалық тәжірибесі аздау
болды. Бұл кезеңде еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және
алтын валюта резервін құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі
заңның қағидалары либерализациялау деңгейіне жауап беру мүмкіндігінің артта
қалғанын байқатты, ол кей жерлерде қарама-қайшы сипатта болды. Ал қазіргі
кезде жұмыс істеп жатқан ҚР-ның заңының 8-бабын түзетулер енгізілді.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықытық актілерді жасау және бекіту,
ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау,
заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. Сонымен қатар,
валюталық реттеу валюталық операцияларын жасау тәртібін белгілеуге
бағытталған мемлекеттік органдардың қызмет.
Экономикалық белгі бойынша валюталық реттеу – ұлттық экономикасының
мүдделерінде валюталық қатынастарын реттеу бойынша шараларды мемлекет іске
асыру проецесінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Валюталық
реттеу валюта айналысын басқару, валюталық операцияларды бақылау, ұлттық
валютаның бағамына жасалатын ықпал, шетел валютасын пайдалануын шектеу,
валюталық бақылауын өткізу тәртібі жатады.
Валюталық заңға сәйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:
- лицензиялау;
- тіркеу;
- хабарлау.
Валюталық реттеу келесі қағидаларға сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін:
- аймақтық (өлкелік) – валюталық реттеудің осы елге таралуы;
- экономикалық белгілеу – негізгі айырмашылық резиденттер мен
резидент еместер арасында жасалу керек. Мұнда мекенжай өлшемі
азаматтық өлшемнен артығырақ;
- валюталық операцияларын өткізгенде банктердің монополиясы –
валюталық операцияларды өткізудің заңдығын бақылау мақсатында
сыртқы экономикалық байланыстар бойынша есеп операциялары тек
қана өкілетті банктер арқылы өтуге тиісті, мәміле жасалған
жақтар қызмет көрсетуші банкті таңдау керек;
- валюталық операцияның негізділігі, дәлелдігі - алыпсатарлық
болмау үшін валюталық операциялар нақты коммерциялық немесе
қаржы мәмілелер негізінде өткізілуі керек;
- резиденттердің шетелде авуарлары, яғни төлем құралдары (ақша,
чек, вексель, аккредитив) болу құқығын шектеу – бұл шара
капиталдың кемуіне қарсы күреске бағытталған, оның бірнеше
түрі болуы мүмкін: шотты ашуына ғана емес, сонымен бірге,
валютада төлем құралдарының барына да тиым салынады; барлық
несиелер мен барлық табыстарды отанға қайтару және валютаның
барлық түрлерін ұлттық валютаға толық айырбастау; шетелге
тікелей капитал жұмсауды бақылау; шетелдік бағалы қағаздарға
орналастыруын шектеу немесе оларға тиым салу; шетел
авуарларды (төлем құралдарын) құруға мүмкіндік беретін
жасандылықтардан қашу мақсаттарында импортталатын және
экспортталатын тауарлар бағаларын бақылау;
- жедел операцияларға бақылау жасау – валюта нарыққа қысым
болмау үшін резиденттерге валютаны жедел алуын шектеу немесе
тиым салу қажет;
- банкттердің валюталық айқындамасын бақылау;
- алыпсатарлық шеңберіндегі барлық операцияларға (олардың
түрлеріне қарамастан) тиым салынуы керек;
- валюталық операцияларды санаттарға бөлу: еркін жасалатын
операциялар, рұқсат талап ететін операциялар, тіркеуді талап
ететін операциялар, жазбаша хабарландыруды талап ететін
операциялар. Валюталық реттеу елдің валюталық қорларының
шығынын азайтып, валюталық реттеу органдарына нәтижелі ақша-
несие саясатын өткізу мүмкіндігін қамтамасыхз ету үшін
ұйымдастырылуы қажет.
Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мақсаты – тұрақты
экономикалық өсу мен экономикалық қауәпсәздәктә қамтамасыз ету бойынша
мемлекеттік саясатқа көмек көрсету. Мұнда валюталық реттеудің негізгі
мақсаттары:
- Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың
айналыс тәртібін орнату;
- Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға ары
қарай ықпалдасуына жағдай жасау;
- Валюталық операциялар мен капитал ағымдары бойынша
ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Ол ҚР шетел валютасының және шетел
валютадағы бағалы қағаздардың айналым аясы мен тәртібін анықтап, валюталық
операциялардың барлық түрлерін өткізеді, ҚР резиденттер және резидент
еместермен ұлттық валютамен және ұлттық валютадағы бағалы қағаздармен
операцияларды жүргізу ережелерін белгілейді. ҚР Ұлттық Банкі заңнамаға
сәйкес валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды
жасауға лицензиялардың берілуін, олардың әрекетін тоқтатынқырауын немесе
лицензияны қайтарып алуын іске асырады. Қазақстан Республикасында шетел
валютасының сатып алуы, сатуы және айырбастауы резиденттермен және резидент
еместермен өкілетті банктер мен банктік операциялардың кейбір түрлерін
жасайтын өкілетті ұйымдар және айырбастау пунктер арқылы ҚР Ұлттық Банкі
белгілеген тәртіпте әске асырылады. Банктік операциялардың кейбір түрлерін
жасауға құқығы бар, валюталық операцияларын жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасында құрылған банктер өкілетті болып саналады. Өкілетті ұйымдар
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар,
олардың ерекше қызметі – шетел валютасы мен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру болып келеді. Валюталық реттеудің негізгі әдістерінің бірі –
валюталық операцияларын өткізу тәртібін орнату.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі белгілейді:
- валюталық құндылықтарды заңға сәйкес пайдалануымен
байланысты резиденттер қызметін іске асыруға қойылатын
талаптарды;
- резиденттер мен резидент еместермен валюталық
операцияларын, соның ішінде валюталық реттеу режимдерін
іске асыру тәртібін: лицензиялаудың, тіркеудің,
ескертудің (жазбаша забарлаудың);
- Қазақстан Республикасының аумағында қызметін іске
асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының
мониторингі жүзеге асыру тәртібін (валюталық мониторинг);
- барлық резиденттер мен резидент еместер орындау үшін
міндетті есеп пен есеп беру формалары өкілетті
мемлекеттік органдармен, олардың құзырына сәйкес келісу
бқйынша.
Директивалық валюталық реттеу органдарына валюта айналымы саласында
құқықтық актілер шығаруға өкілеттігі бар мемлекеттік органдар жатады. Олар,
бәрінен бұрын, Парламент, Президент, Үкімет, Қаржы Министрлігі, Ұлттық
Банк. Жанама реттеу органдары: банктер және валюталық биржалар.
Парламент заң шығару міндетін іске асыратын жоғарғы өкілетті орган
болып табылады. Ол валюталық қатынастарды реттеуге қатысты заңдар шығаруға
құқылы. Палаталардың бірлескен мәжілісінде Парламент Республиканың Ұлттық
Банкінің Төрағасын тағайындауға келісім береді.
Республика Президенті ұлттық валютаның қызмет ету тәртібін, мерзімін
және шарттарын анықтайды, республиканың мемлекеттік қаржылық
бағдарламаларын бекітеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Банкке қатысты өкілеттігі:
1. Парламент келісімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметінен босатады;
2. Ұлттық Банкінің Төрағасының ұсынысы бойынша Ұлттық Банкінің
Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады;
3. кварталына кемінде бір мәрте Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің жұмысы туралы Ұлттық Банк Төрағасының есебін тыңдайды.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі:
1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын
анықтайды, оны іске асырудың стратегиялық және тактикалық
шараларын белгілейді;
2) республиканың қаржылық жүйесін нығайту жөніндегі шараларды
анықтайды және оларды іске асырады; мемлекеттік валюталық,
қаржылық және материалдық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
барысында заңдылықты сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз
етеді;
3) сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды
анықтайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
халықаралық қаржылық ұйымдармен қызметтестікті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазақстан Республикасының
біртұтас мемлекеттік қаржы саясатын жасау және іске асыруды бағыттап және
бақылап отыратын атқарушы орган болып табылады[3, 17-23 б.].
Министрліктің валюталық реттеу саласындағы біртұтас мемлекеттік
қаржылық саясатты іске асыру жөніндегі негізгі міндеттері:
– мемлекеттік қаржыларды басқару;
– мемлекеттің қаржылық және бюджеттік саясатын жүргізу;
– шетел капиталын басым бағыттарда қолдану саласындағы
мемлекеттік саясатты жүргізу;
– мемлекеттік сыртқы заемдарды және гранттарды, мемлекет
кепілдік берген мемлекеттік емес сыртқы заемдарды
пайдаланудың тиімділігінің мониторингін жүргізу және оны
бақылау.
Осы міндеттерге сәйкес Қаржы Министрлігі төмендегідей қызметтер
атқарады:
– ұлттық валютаны тұрақтандыру мақсатында ақша айналымын
нығайту жөніндегі шараларды анықтауға қатысу;
– мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруға қатысу;
– қаржы рыноктарының инфраструктурасын қалыптастыру және
олардың қызметін реттеу жөнінде ұсыныстар даярлайды;
– мемлекеттік қарыздық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды
және өтеудііске асырады, жергілікті заемдарды шығару
шарттарын тіркейді, мемлекеттің ішкі қарыздарының есебін
жүргізеді, мемлекеттік бағалы қағаздарды тіркеуді жүзеге
асырады;
– құнды металдармен сауда-саттық операцияларын, сондай-ақ,
Үкіметтің резервтегі құнды металдары мен бағалы тастарының
есебін жүргізеді.
Министрлік Ұлттық Банкпен бірлесіп мемлекеттің сыртқы қарыздарының
шегін анықтайды, сондай-ақ, шетел валютасында несие алғаны үшін есептесу
тәртібін жасайды.
Валюталық реттеудің негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі болып табылады. Ұлттық Банк, сонымен қатар, әрі директивалық орган
ретінде, әрі жанама реттеу органы ретінде де бола алады және тиісінше,
валюталық мәселелер бойынша нормативтік актілер шығарады және өзіндік
валюталық операцияларын іске асырады [4, 17-23 б.].
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
заңдары негізінде және оларды орындау мақсатында өзінің өкілеттігіне
жататын сұрақтар бойынша Үлттық Банк Берген лицензия негізінде банкілік
операциялардың жеке түрлерін іске асыратын ұйымдар мен барлық банктерге
міндетті құқықтық актілер шығарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі міндеті баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық реттеу саласында Ұлттық Банк шетел валютасы және шетел
валютасындағы құнды қағаздардың Қазақстан Республикасындағы айналым тәртібі
мен аясын анықтайды, валюталық операцияларды жүргізу тәртібін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аса маңызды міндеттерінің
бірі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының шет ел валюталарымен
салыстырғандағы курсын реттеп отыру.

1.2 Валюталық операциялар және олардың түрлері

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында
тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық
операцияларға төмендегілер жатады:
1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу
операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде
шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару
операциялары.
3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру [4, 30-55 б.].
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді.
Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі
валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды
қамтиды.
Шетелдік кәсіпорын дегеніміз – өзі тұрақты қызмет ететін елдің
аумағындағы кәсіпорынның қызметімен тікелей байланыста болып, өзге елдің
аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын.
Есеп берудің валютасы деп - қаржы есептілігі көрсеткіштері есепке
алынатын валютасын айтамыз.
Шетелдік валюта – қаржы есептілігі көрсеткіштерін есепке алатын
валютадан өзге кез келген валюта болып табылады.
Айырбастау бағамы – бір валютаны басқа ваютаға айырбастаудың нарықтық
өлшемі болып табылады.
Шетел валютасында жүзеге асырылатын операциялар заңға сәйкес жүзеге
асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында
ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық
валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және
сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
Сонымен, қазіргі кезде еліміздегі кәсіпорындардың шетелдік валютадағы
операцияларын есепке алу БЕХС (IAS) 21 Валюталардың айырбас бағамдарының
өзгеруінің ықпалы стандартына сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт тек қана
валюталық баптарды хеджирлеудің есепке алынуын және де валюталық
бағамдардың шетелдік кәсіпорынға таза инвестицияны хеджирлеу кезінде пайда
болатын айырмашылығын жіктеу үшін қажет.
Кәсіпорын қызметі шетелдік қызмет түрлерімен немесе шетелдік валютамен
байланысты болған жағдайда бірқатар терминдер пайдаланылады, атап
атйтқанда:
Шетелдік кәсіпорынға салынатын таза инвестициялар – шетелдік
кәсіпорынның таза активтеріндегі есеп беруші кәсіпорынның үлесі.
Монетарлық баптар – ақша қаражаты, сондай-ақ белгіленген немесе
анықталатын сомаларда алынатын немесе төленетін активтер мен міндеттемелер.

Нақты құн – тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде
активті айырбастауға немесе міндеттемені орындауға болатын сома.
Шетелдік валютамен жүргізілеін операциялар деп – шетелдік валютада
көрсетілетін немесе реттеуге жататын операцияларды айтамыз, оларға мыналар
жатады:
1. Капитал қозғалысына байланысты шетел валютасын сатып алу немесе
сату.
2. Шетел валютасында несиелерді алу немесе беру.
3. Ішкі валюталық рынокта шетел валютасын сатып алу немесе сату.
4. Қолма-қол шетел валютасын шетке шығару немесе тарту.
Қазақстан Республикасының аумағындағы күші бар заңдарға сәйкес барлық
валюталық операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы немесе
валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясын алған банктер
және өзге де несиелік мекемелер арқылы іске асырылуы керек.
Валюталық операциялар дегеніміз:
– бұл валюталық құндылықтарға меншік құқығы мен басқа да
құқықтардың ауысуымен байланысты, сонымен бірге, төлем құралы
ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы
төлемқұжаттарын пайдаланумен байланысты операциялар;
– Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды әкелу және
аудару, Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтардыалып
шығу және аудару;
– халықаралық ақша аударуды іске асыру.
Қазақстан Республикасының 1996 жылы 24 желтоқсанда шыққан Қазақстан
Республикасындағы валюталық реттеу туралы заңына сәйкес, шетел валютасымен
және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен жасалатын барлық операциялар
ағымдағы валюталық операциялар және капиталдың қозғалысымен байланысты
валюталық операциялар деп бөлінеді [9, 17-27 б.].
Ағымдағы валюталық операцияларға мыналар жатады:
– тауардың импорты мен экспорты, қызметтер, жұмыстар үшін
есептесуді іске асыру үшін, сондай-ақ, экспортық-импорттық
операцияларды 180 күннен аспайтын мерзімге несиелеумен
байланысты есептесуді іске асыру үщін Қазақстан
Республикасынан және Республикаға шетел валютасын аудару;
– 180 күннен аспайтын мерзімге қаржылық несие беру және алу;
– капитал қозғалысымен байланысты салымдар, инвестициялар,
несиелер және басқа да операциялар бойынша проценттерді,
дивиденттерді және тағыы да басқа табыстарды Қазақстан
Республикасынан және Республикадан аудару;
– Қазақстан Республикасынан және Республикадан саудалық емес
сипаттағы іске асырылатын аударымдар:жалақыны, пенсияны,
алиментті, мұраны және тағы да басқа.
Капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операцияларға мыналар
жатады:
– тікелей инвестициялар, яғни, табыс табу және кәсіпорынды
басқаруға қатысу құқығын алу мақсатымен кәсіпорынның жарғылық
қорына қаражат салу;
– портфельді инвестициялар, яғни, бағалы қағаздар сатып алу;
– ғимаратқа меншік құқығы үшін төленетін аударымдар;
– тауардың экспорты мен импорты үшін қызмет, жұмыстар үшін
төлемақы төлеуді 180 күннен астам мерзімге кейінге қалдыруды
беру және алу;
– 180 күннен астам мерзімге қаржылық несие беру және алу;
– ағымдағы деп саналмайтын басқа да валюталық операциялар [9,
65-77 б.].
Валюталық заңдар бойынша резиденттер ағымдағы операцияларды шектеусіз
жүзеге асырады, ал капиталдың қозғалысымен байланысты операцияларды Ұлттық
Банктің бекіткен тәртібі бойынша арнайы рұқсатпен ғана жүргізеді.
Резидент еместер:
- өкілді банктерде шетел валютасында және Қазақстан Республикасы
валютасында шот аша алады; кедендік ережелерді сақтай отырып
Республика аумағына шектеусіз мөлшерде валюта аударуға, жіберуге
және кіргізуге құқылы;
- Ұлттық Банк бекіткен тәртіппен Қазақстан валютасына шетел
валютасын сатуға және сатып алуға құқылы;
- бұрын Қазақстан Республикасында сатып алынған немесе заңды түрде
республика аумағына әкелінген валюталық құндылықтарды кеден
тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасынан шығаруға құқылы
[9, 113-143 б.].
Барлық валюталық операциялар өзара тығыз байланысты, сол себепті,
шетел валютасындағы барлық операциялардынақты классификациялау қиын. Тіпті,
операциялар валюталық операциялардың бірнеше негізгі түріне жатуы мүмкін.
Валюталық операциялардың негізгі түрлері:
1. Клиенттердің валюталық шоттарын ашу және жүргізу. Атаулы
операциялар:
– заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға валюталық шоттар ашу;
– шоттағы қалдықтар бойынша пайыздар төлеу;
– кез келген уақыт аралығында шот архивін рәсімдеу;
– клиенттердің валюталык шоттарындағы қаражаттарына қатысты
тапсырмалары бойынша операцияларды орындау;
– экспорттық-импорттық операциялардың орындауына бақылауды
құрайды.
2. Банктің саудалық емес операциялары. Банктер саудалық емес
сипаттағы төмендегідей операцияларды атқара алады:
– қолма-қол шетел валютасын жән ешетел валютасындағы төлем
құжаттарын сату және сатып алу;
– шетел валютасының және шетел валютасындағы төлем
құжаттарының инкассосы;
– банк клиенттерінің пластикалық карточкаларын шығару және
оларға қызмет көрсету,
– шетел банктерінің жол чектері үшін ақы төлеу;
– ақшалай аккредитивке ақы төлеу және ұқсас аккредитивтер
ұсыну.
Шетел бантерімен корреспонденттік қатынастар орнату. Бұл операциялар
банктің халықаралық есептесуді жүргізу үшін қажетті шарты. Қандай да бір
шетелдік банкпен корреспонденттік қатынасты орнату туралы шешімді қабылдау
клиенттердің экспорттық-импорттық операцияларына қызмет көрсетудің
қажеттілігіне негізделуі керек. Халықаралық есептесуді жүзеге асыру
мақсатында банк шетел банктерінде және өзінде Ностро және Лоро
корреспонденттік шоттарын ашады. Ностро шоты – банктің корреспондент-
банкте ашқанағымдағы шоты. Лоро шоты – корреспонденттік-банктің атына
басқа банкте ашылған ағымдағы шоты.
3. Конверсиялық операциялар. Конверсиялық операциялар дегеніміз
қолма-қол және қолма-қол емес шетел валютасын Қазақстан
Республикасының теңгесіне қарсы сату және сатып алу мәмлелер.
Есептік күн ішіндегі шетел валютасын сату және сатып алу
операцияларының айналымы деп бір есептік күн ішінде сатылған жән есатып
алынған шетел валютасының мөлшерін айтады.
Өнімді дереу тапсыру жөніндегі мәміле – мәмілені жасаған күннен екі
банкілік жұмыс күніне қалып отырып іске асырылатын конверсиялық
операциялар. Today типіндегі мәміле мәмле жасалған күні валютаны
тапсырумен түсіндірілетін конверсиялық операциялар. Tomorrow типіндегі
мәміле валютаны мәміле жасалған күннен кейінгі келесі банкілік жұмыс
күнінде тапсыруды көздейтін операция. Spot типіндегі мәміле жасалған
күннен кейін екінші банкілік жұмыс күнінде валютаны тапсыруды белгілейтін
конверсиялық операция.
Жедел мәміле дегеніміз валюта тапсыру уақыты мәмілені жасаған күннен
екі күннен астам банкілік жұмыс күніне қалып отыратын конверсиялық
операциялар. Жедел мәмлелер Форвард, Своп операциялары арқылы жүгізе
асырылады.
Форвард операциясы – мәміле болашақта жасалады деп, дәл қазіргі
уақытта бір валютаны келесі біреуіне келіскен курспен ауыстырып сатып алу
жөнінде жасалатын контракт. Форвард операциясының түрлері:
– аутрайтпен жасалатын мәмілелер – валютаны белгіленген
уақытта тапсыру шартымен жасалатын мәміле
– опционмен жасалатын мәмілелер – валютаны тапсыру уақыты
нақты көзделмейді
Своп мәмілесі қолма-қол спот мәмілесі шартымен валютаны сату және
сатып алуды және дәл сол валютаны форвард курсы бойынша сатып алу және
сатуды көздейтін валюталық операция.
4. Товар экспорты мен импорты және қызмет көрсетумен байланысты
халықаралық есептесу жөніндегі операциялар. Сыртқы саудада
құжаттық аккредитив, құжаттық инкассо және банкілік аударым
сияқты есептесу формалары қолданылады.
5. Банктің валюталық қаржыларды тартуы және орналастыруы жөніндегі
операциялары. Бұл операциялардың мынадай түрлері бар:
1. депозиттер тарту;
2. несие беру;
3. банкаралық рынокта несиелер орналастыру [9,157-189 б.].

2 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Кәсіпорындардың банктегі валюта шотын ашу, жүргізу және жабу
тәртібі

Қазақстан Республикасындағы резидент және резидент емес ұйымдар шетел
валютасымен операциялар жүргізетін болса, банкіде арнайы ағымдағы шетел
валюталық шот ашады. Шот ашу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінің тағайындаға екінші деңгейдегі банктерде клиенттерге шот ашу,
жүргізу және жабу тәртібі туралы қаулысында тағайындалған.
Қазақстан аумағындағы, онда тіркелген кез келген заңды тұлғаның
валюталық қаржылары, кез келген банкте ашылуы мүмкін валюталық шоттарда
сақталады.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын
орындауды және басқа да қызмет түрлерін керсетуді өз міндетіне алады.
Валюталық шотты ашу үшін Банк пен Казақстан Республикасының резиденті -
занды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі)
арасында келісім жасалады және келесідей құжаттар тапсырылады:
– валюталық шотты ашу туралы өтініші;
– мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткеңдігін
растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі
кұжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген кұжаттың
көшірмесі;
– Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп,
куәландырылған кұрылтайшылық құжаттардың көшірмелері;
– ұйымның салық есебінде тіркелгендігін растайтын, салық
қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты;
– аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген
шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының
Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі
жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты;
– қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты;
– Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру қорына
тіркелгендігін растайтын куәлік, құжаттың көшірмесі;
– Есеп айырысу шотының ашылғандығы жайлы банкіден алынған
анықтама тапсырылады.
Валюталық шотты ашқанда банк қызметкері:
- өтініш толтыруының дұрыстығы мен шот ашу үшін клиент берген
құжаттардағы мәліметтердің сәйкестігін тексереді де, клиенттің
өтінішінде өз аты-жөнін, құжаттарды қабылдаған уақыты мен оған
берілген шот нөмірін жазады;
- тексерілген құжаттар мен шот ашу үшін банк комиссиясын төлеу
жөніндегі түбіртектің екінші данасынан заңды іс ресімдейді;
- заңды істі валюталық бөлім бастығына бұрыштама қою үшін
көрсетеді;
- банктің бас бухгалтіріне шот ашу үшін құжаттарды тапсырады;
- клиентпен келісім жасайды, онда шот жұмысының шарттары жазылады;
- клиенттің СТТН, шот нөмірі, ашылған уақыты жазылған қол қою
үлгісінің бірінші данасы және қол қойылған келісімнің екінші
данасы осы шотты ашқан банк қызметкерлерінде қалады;
- ерекше мақсаттарға арналған мөр бедерлемесінің үлгілерін
қабылдауға тыйым салынады.
Клиенттің шоты бойынша барлық операциялар банкпен тек қана клиенттің
жазбаша өтініші бойынша орындалады, онда клиент өз деректемелерін, шот
нөмірін, жасалатын операцияның түрі мен уақытын, банк пайдасына өзінің
ағымдағы шотынан тиісті комиссияны алып жазуға рұқсатын көрсетіп, қолын
қояды. Клиенттің қол қою үлгілерімен салыстырып, өтініш толтыруының
дұрыстығын тексергеннен кейін валюталық бөлімінің қызметкері бұрыштама
қояды. Шот иесінің пайдасына қателесіп ақша жазылса Банк жаңағы ашаны шот
иесінің тиісті тапсырмасынсыз есептен шығарады.
Кәсіпорын валюталық шотты ашқаннан кейін, төлемдерді шетел валютасы
түрінде жүзеге асыра отырып, шарттармен жұмыс жасай бастайды. Банк
клиенттің валюталық қаржыларын сақтау кезінде, тоқсанына бір рет пайыздар
есептейді және оны төлейді.
Банкімен шетел валюталық шот бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарт
құрылады, мұнда есеп айырысудың екі түрі болуы мүмкін:
- транзиттік валюталық шот;
- ағымдағы валюталық шот.
Валюталық шотты ашқан кезде:
- Ағымдағы валюталық шотты ашу – ұйымның қарауында тұрған валютаны
есепке алу үшін қолданылады.
- Транзиттік валюталық шотты ашу – келіп түскен валюталық түсімді
есепке алу үшін қолданылады.
Кез-келген валюталық операция арнайы валюталық шоттар бойынша
жүргізіледі. Ашылған шоттардың әр түрлі операция қатысушылары мен
жүргізілетін төлемдер сипатын анықтайды. Валюталық шоттарды ашуы мен
жүргізуі бойынша операциялардың келесі түрлері болады:
- заңды тұлғаларға валюталық шоттарды ашу (резиденттер мен
резиденттер еместерге);
- шоттардағы қалдықтар бойынша пайыздарды есептеу;
- овердрафттарды беру;
- үзінділерді беру жиілігі;
- шот мұрағатын ресімдеу ерекшеліктері;
- клиенттердің өкімдері бойынша олардың валюталық шоттарындағы
қаражаттарға қатысты операцияларды орындау;
- экспорт-импорт операцияларға бақылау.
Егер де банкте валюталық шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен
ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды валюталық шот
иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-
шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі валюталық шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес
банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк валюталық шот иесіне олардың есеп
шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл
келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы.
Банктердегі валюталық шоттар бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден
басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, валюталық шот иесінің акша
каражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті
органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі валюталық
шоттар бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті
органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге
асырылады.
Валюталық шот бойынша операциялардың есебі 1032 "Ағымдағы банктік
шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаты" шотында жүргізіледі. Ұйымның
валюталық шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана
бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі - бет есебі болып
қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "көшірме үшін" мөрінің
таңбасымен расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның
орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен
бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол
қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы)
көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе
екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша
бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы
жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған
абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке
карточкада қойған колы болуы керек.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғалар
барлық валюталық операцияларын банк шоттары арқылы іске асыруға тиісті.
Қолма-қол валютаны пайдалану жағдайларын санамағанда:
- шот ашпай ақшаны аудару;
- айырбас операциялары;
- Қазақстан Республикасының тыс жерге іс сапармен байланысты
еңбекақы ретінде қолма-қол шетел валютасын алуымен және
шығындардың төлеуімен байланысты;
- Қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасауға және қызмет
көрсетуге;
- Ұлттық Банктің лицензиясы бар заңды тұлғалармен есептесулер;
- Қазақстан Республикасының кеден аумағында кеден бақылауында
халықаралық байланыс үшін ашық аэрапорттарда, порттарда және
шекара өтеулерде өз қызметін іске асыратын резидент емес заңды
тұлғалармен есептесулер.
Жеке тұлғалар өкілеттік банктердегі өз банктік шоттарынан қолма-қол
шетел валютасын шектеусіз алады. Жаңа заңнама бойынша өкілетті банктер
арқылы жеке тұлғаларда валютаны еркін сатып алу, сату, банк шотына қолма-
қол валютаны түсіру немесе алу құқығы сақталған.
Валюталық шоттардың ашылуы мен жүргізуіне валюталық операциялардың
келесі түрлері кіреді:
- заңды және жеке тұлғамен валюталық шоттардың ашылуы
(резиденттер мен резидент еместер);
- шоттардағы қалдықтар бойынша пайыздарды есептеу;
- овердрафтерді беру;
- клиенттің өкімі бойынша оның валюталық шотында
операцияларды орындау;
- экспорт-импорт операцияларды бақылау.
Валюталық банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде немесе
заңды тұлғаның валюталық шотына бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың
валюталық шотына үш жылдан астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты
валюталық банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым
салынады.
Банкідегі валюталық шот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде валюталық шот иесінің банкідегі валюталық шоты жабылғандығы
туралы хабарлама жасауы тиіс.
Валюталық шоты жабылған кезде сондай-ак, иесінің аты немесе валюталық
шоттың нөмірі өзгергенде - шот иесі колдарындағы пайдаланбаған чектерді
банкіге кайтаруы керек.
Банк шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірісті санамағанда)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шот иесінің ақшасына шек қою,
тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде
жасалады. Банк шоттары бойынша операциялардың қайта жүргізілуі өкілетті
органдардың осы шешімдердің күшін жою жөніндегі жазбаша хабарландырулар
негізінде басталады.
Валюталық шот оның иесiнiң өтiнiшi бойынша жабылады. Шот иесi өтiнiшiн
өзiне қызмет көрсететiн банк мекемесiне жiбередi. Шот жабылған жағдайда,
сондай-ақ субъектiнiң атауы өзгерсе немесе шоттың нөмiрi өзгерген жағдайда
шот иесi валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтiнiшке
қоса тiркеуге мiндеттi.

2.2 Валюталық операцияларды құжаттық рәсімдеу

Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер жүргiзген
барлық валюта операциялары тек өкiлеттi банктер мен айырбастау орындарына
соқпай жүргiзген кез-келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау
операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргiзу үшiн, өкiлеттi
банктердiң бiрiнен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде валюта
шоттарын ашады. Соңғылары өздерiнiң қызметтерiнен валюта операцияларын
жүргiзген кезде өткiзiлетiн операцияларға қатысты кез-келген хабарлама мен
құжаттарды талап етуге құқылы.
Валюта операцияларын жүргiзген кезде клиенттер банктерге валюта
операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиiсiнше рәсiмделген құжаттарды
бередi. Рұқсат немесе ұлттық банктiң лицензиясы талап етiлетiн валюта
операцияларын өткiзген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшiрмесiн
тапсырады.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы,
нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде
жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент
еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құкыктық
актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда,
өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Банк мөрiмен және кассирдiң, орындаушы мен бақылаушының қойған
қолдарымен куәландырылған банктiң валюталық кiрiс ордерi валюталық шығыс
касса ордерiн толтыру үшiн негiз болып табылады.
Нақты валюта беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордерi) рәсiмделедi,
оның толтырылған үлгiсi төменде келтiрiлiп отыр. Банк куәләндырылған
тапсырманың (валюталық шығыс ордерiнiң) көшiрмесi валюталық кiрiс касса
ордерiн жазу үшiн негiз болып табылады [5, 17-23 б.].
Шетелдердегi бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару
Аударуға берiлетiн өтiнiштi жазу арқылы рәсiмделедi.
Банкте аталған және басқа да құжаттардың негiзiнде валюталық шоттың
дербес шотына жазу жазылады оның көшiрмесi кәсiпорынға жiберiледi. Осы
көшiрмелер валюталық шот бойынша жинақтау тiзiмдемесiн немесе машинограмма
жасауға негiз болады.
Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен
рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр.
Банк мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған
колдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс
касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталык шығыс ордерімен)
рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк
куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталык
кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару
"Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде
келтіріліп отыр.

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 1032 "Ағымдағы банктік
шоттардағы шетел валютасындағы ақша қаражаты" — шоттарында жүргізіледі.
Аталған және басқа да құжаттардың негізінде банк валюталық шотының бет
есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз
тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Заңды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін
төлем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде
банк шоттарына кірістелуі керек.
Заңды тұлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер
жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген
құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.)
тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені
жөнінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-
резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.
Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша
ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша
төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге
асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы
жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін
100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық
операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге
жатады:
– резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған
несиелер, лизингіні де қоса алғанда;
– резидент еместердің экспорттық-импорттық мәмілелеріне
сәйкес алған
несиелері;
– резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік
объектісін толық әрі айрықша құқын берген жағдайда;
– резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке
қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды
тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың
тіркелген тіртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын
мәлімет беріп отыру болып табылады. Занды тұлға-резидент өзінің келісім-
шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде
болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.
Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден
резиденттердің пайдасына көшуін (орын алмастыруын) қарастыратын валюталық
операциялардың түрлері тәртіп бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:
120 күннен астам мерзімге несиелер (кредиттер) алу; 120 күннен астам
мерзімге жасалынған экспорттык-импорттық мәмілелерге байланысты есеп
айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік жөне қозғалмайтын
мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда
жүзеге асады.
Заңды тұлғалар - резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар
олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде
қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі
жариялы болуы және келесі көздерден занды түрде алынуы тиіс; экспорттық
валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге
қаржылық жәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетелдік банктерден,
қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік занды тұлғалардан алынатын
несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген карыздар;
өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада теңгеге сатып
алынған валюта.
Занды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-
қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялар есебі
Ақша қаражаттарының есебі
«Green House» ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметі
Қолма қол ақшаларды кассадан беру
Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі
Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру
Ақша қаражаттар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Ақша қаражаттары есебі
Ақша қаражаттарының аудитін жүргізудің тәртібі
Пәндер