Мұхаммед Пайғамбар



1. Өмірбаяны
2. Балалық шағы
3. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қысқаша өмірбаян
4. Ағынан ақтарылу
5. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басшылық қасиеті
6. Өмір жолы
7. Расулуллаһтың сәбилiк шағы
8. Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы
9. Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшу
10. Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы
11. Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттер
12. Қабажстанға қашып барып паналау
13. Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул.Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi
14. Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында тарауы
15. Иасриб халқының Пайғамбарға серт беруi
16. Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы
17. Пайғамбардың соңынан қуғын салу
18. Аллаһтың Пайғамбарды қорғауы
19. Пайғамбардың Құбаға жетуi
20. Пайдаланған әдебиет
21. Түсініктемелер
569 Әкесі Абдуллаһтың қайтыс болуы
570 Дүниеге келу ықтимал күн-айы: сәуірдің 20, Мекке
576 Анасы Әминаның қайтыс болуы
578 Атасы Абд әл-Муталибтың қайтыс болуы
583 Сауда жасау мақсатымен Сирияға сапары
595 Хадишамен кездесуі, кейін үйленуі
610 Құранның 1-ші аяттарының түсуі
610 Пайғамбарлықтың берілуі
613 Исләм уағызын ашық күйде жұрт арасында жүргізе бастайды
614 Меккеде мұсылмандарды қинай бастайды
615 Мұсылмандардың Ефиопияға қоныс аударуы
616 Бану Хашим тайпасының бойкоты басталады
618 Мединены мүшріктер қоршайды. Хандак шайқасы
619 Бану Хашим тайпасының бойкоты аяқталады
619 Қайғы жылы: Хадиша анамыз бен Әбу Тәліптің дүниеден өтуі
620 Исра мен Миғраж
622 Мәдинеге көшеді (Хижра)
624 Бадр шайқасы: мұсылмандар меккеліктерді жеңеді
624 Бану Қайнуқаның қуылуы
625 Ухуд шайқасы: мұсылмандар меккеліктерден жеңіледі
625 Бану Надирдің қуылуы
627 Ордағы шайқас
627 Бану Қурайзаның құрауы
628 Худайбия Келісімі
628 Меккедегі Қағбаға рұқсат беріледі
628 Хайбар шайқасы
629 Бірінші қажылық
629 Византия империясына қарсы шабуыл сәтсіз өтеді: Мұғтах шайқасы
630 Меккені қан төкпестен бағындыру
630 Хунайн шайқасы
630 Тағифтың қамауы
631 Араб түбегінің көбін билейді
632 Ғасанидтерге қарсы шабуыл: Табук
632 Қоштасу қажылығы
632 Дүниеден өтуі: маусымның 8, Мәдине

Балалық шағы

Мұхаммед 570 ж. Раби әл-әууәл айында дүниеге келген. Сол кезде ең маңызды тайпалардың бірі боп есептелген Бану Хашим тайпасынан болады. Алайда Мұхаммедтің туған уақытында тайпасының хәлі өте жақсы болмаған делінеді. Әдетте Мұхаммедтің туған жылын Піл жылымен байланыстырады. Сол жылы Аксум патшасы, Абраха, ішінде бірнеше пілі бар әскерімен Меккеге шабуыл жасайды. Бірақ әскер ауруға ұшырап шабуыл сәтсіз аяқталып, содан бері сол жыл арабтарда Піл жылы деп атанған. Бұл оқиға 568 - 569 жж орын алды деген көзқараста білдіріледі.
Мұхаммедтің әкесі, Абдуллах, баласының туғанына 6 ай қалғанда қайтыс болады.Сол заманда, шөлдегі өмір нәресте денсаулығы үшін пайдалы деп есептелінгендіктен, Мұхаммед Бедуин тайпасына тәрбиеге беріледі: екі жасына дейін Халиман бинт Аби Дуяб пен оның күйеуі асырайды. Мұхаммедтің анасы, Әмина, ауруға шалдығып, бала алты жасында болғанда қайтыс болады. Әке-шешесінен айырылып, жетім қалған Мұхаммедті
Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақста медициналық колледжі

Тақырыбы:Мұхаммед Пайғамбар

Орындаған:Гарабаева Г.Г
Тексерген:Танкиманов А.А

Орал 2012

Жоспар:

1. Өмірбаяны
2. Балалық шағы
3. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қысқаша
өмірбаян
4. Ағынан ақтарылу
5. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басшылық қасиеті
6. Өмір жолы
7. Расулуллаһтың сәбилiк шағы
8. Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы
9. Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшу
10. Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы
11. Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттер
12. Қабажстанға қашып барып паналау
13. Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул-Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және
көкке көтерiлуi
14. Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында тарауы
15. Иасриб халқының Пайғамбарға серт беруi
16. Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы
17. Пайғамбардың соңынан қуғын салу
18. Аллаһтың Пайғамбарды қорғауы
19. Пайғамбардың Құбаға жетуi
20. Пайдаланған әдебиет
21. Түсініктемелер

ӨмірбаяныМұхаммедтің жылнамасы

Мұхаммедтің өміріндегі маңызды оқиғалар мен мекендер:
569 Әкесі Абдуллаһтың қайтыс болуы
570 Дүниеге келу ықтимал күн-айы: сәуірдің 20, Мекке
576 Анасы Әминаның қайтыс болуы
578 Атасы Абд әл-Муталибтың қайтыс болуы
583 Сауда жасау мақсатымен Сирияға сапары
595 Хадишамен кездесуі, кейін үйленуі
610 Құранның 1-ші аяттарының түсуі
610 Пайғамбарлықтың берілуі
613 Исләм уағызын ашық күйде жұрт арасында жүргізе бастайды
614 Меккеде мұсылмандарды қинай бастайды
615 Мұсылмандардың Ефиопияға қоныс аударуы
616 Бану Хашим тайпасының бойкоты басталады
618 Мединены мүшріктер қоршайды. Хандак шайқасы
619 Бану Хашим тайпасының бойкоты аяқталады
619 Қайғы жылы: Хадиша анамыз бен Әбу Тәліптің дүниеден өтуі
620 Исра мен Миғраж
622 Мәдинеге көшеді (Хижра)
624 Бадр шайқасы: мұсылмандар меккеліктерді жеңеді
624 Бану Қайнуқаның қуылуы
625 Ухуд шайқасы: мұсылмандар меккеліктерден жеңіледі
625 Бану Надирдің қуылуы
627 Ордағы шайқас
627 Бану Қурайзаның құрауы
628 Худайбия Келісімі
628 Меккедегі Қағбаға рұқсат беріледі
628 Хайбар шайқасы
629 Бірінші қажылық
629 Византия империясына қарсы шабуыл сәтсіз өтеді: Мұғтах шайқасы
630 Меккені қан төкпестен бағындыру
630 Хунайн шайқасы
630 Тағифтың қамауы
631 Араб түбегінің көбін билейді
632 Ғасанидтерге қарсы шабуыл: Табук
632 Қоштасу қажылығы
632 Дүниеден өтуі: маусымның 8, Мәдине

Балалық шағы

Мұхаммед 570 ж. Раби әл-әууәл айында дүниеге келген. Сол кезде ең маңызды
тайпалардың бірі боп есептелген Бану Хашим тайпасынан болады. Алайда
Мұхаммедтің туған уақытында тайпасының хәлі өте жақсы болмаған делінеді.
Әдетте Мұхаммедтің туған жылын Піл жылымен байланыстырады. Сол жылы Аксум
патшасы, Абраха, ішінде бірнеше пілі бар әскерімен Меккеге шабуыл жасайды.
Бірақ әскер ауруға ұшырап шабуыл сәтсіз аяқталып, содан бері сол жыл
арабтарда Піл жылы деп атанған. Бұл оқиға 568 - 569 жж орын алды деген
көзқараста білдіріледі.
Мұхаммедтің әкесі, Абдуллах, баласының туғанына 6 ай қалғанда қайтыс
болады.Сол заманда, шөлдегі өмір нәресте денсаулығы үшін пайдалы деп
есептелінгендіктен, Мұхаммед Бедуин тайпасына тәрбиеге беріледі: екі жасына
дейін Халиман бинт Аби Дуяб пен оның күйеуі асырайды. Мұхаммедтің анасы,
Әмина, ауруға шалдығып, бала алты жасында болғанда қайтыс болады. Әке-
шешесінен айырылып, жетім қалған Мұхаммедті өз қамқорына атасы Абд әл-
Мутталиб алады. Бірақ екі жылдан кейін атасы да дүниеден өткесін, бала
ағасы Әбу Талибтың қолында қалады.
6-шы ғaсыр соңында Мекке маңызды сауда орталығы болатын. Сонымен қатар,
араб құдайларының ғибадатханасына айналған Қағба да Меккеде орналасады.
Қажылық кезеңінде көптеген тайпалардың саудагерлері қалаға келіп жиналатын.
Мұхаммед бала кезінен ағасына еріп, Сирияға сауда етуге сапар шегетін
болады. Жетім болған Мұхаммедке саудагер болудан басқа жол болмайтын.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қысқаша
өмірбаяны

Сүйікті пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) 571 жылдың
(ешкім нақты қай күн екенін білмейді,ғалымдар арасында ана күні,мына күні
деген күндер көп.Нақты күнді білмеу мұсылмандарға насихат Алладан
болған,Өйткені бұл күнді тойлап адамдар дінге жаңалық енгізіп, оның соңы
Аллаһқа серік қосуға апаруы мумкін), дүйсенбі күні Меккеде дүниеге келді.
Әкесі – Абдуллаһ, анасы – Әмина. Дүниеге келген шағында зыр жүгіріп қызмет
еткен әйелдер: Шифа, Фатима, оларға Үммү Әйман да қолғабыс жасаған. Олардың
айтуынша, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туыларда үй іші нұрға толып кеткен.
Сүйікті пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) ИбраҺимнің
(оған Аллаһтың салемі болсын) дұғасын алған, Иса (оған Аллаһтың салемі
болсын) пайғамбар оның келетіндігін алдын ала сүйіншілеген, анасы Әмина оны
түсінде көрген.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) туылмай тұрып,
әкесі ауырып көз жұмған. Мединеда жерленген. Сондықтан ол әкесін көре
алмады. Төрт жасына дейін сүт анасы Халиманың, одан кейінгі екі жыл өз
анасы Әминаның қолында өсті. Алты жасында анасы Әмина оны туған-туыстарын
аралатып, әкесінің қабірін зиярат етіп қайту үшін Мединеға апарды.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) атасы
Абдулмұтталибтың шешесі Сәлма мәдиналық болғандықтан, сол жақта туыстары
тұратын. Әкесінің қабірі нағашы ағасы Нәбиғаның ауласында еді. Хазреті
Әмина баласымен бірге күйеуі Абдуллаһтың қабірін зиярат етті. Хазреті
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) туыстарымен танысып
қайтты. Қайтып келе жатып Әбуа атты жерге жеткенде Әмина анамыз ауырып
қайтыс болады. Сүйегі сонда қойылды. Осы сапарға бірге шыққан Үммү Әйман
пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын.) Меккеге әкеліп,
атасының қолына табыстайды.
Алты жасынан сегіз жасқа дейін атасы Абдумұтталибтың тәрбиесінде болды.
Атасы өлер алдында әкесінің бауыры Әбу Тәліптің үйін паналауды өсиет етеді.
Көкесінің қойларын бағып, зыр жүгіріп үйдегі жұмыстарға да қолғабыс
тигізеді. Он үш жасынан бастап саудаға араласып, ерекше адалдығымен көзге
түседі.
Жиырма бес жасқа келгенде хазреті Хадиша( р.а.) анамызға үйленді. Ол кезде
Хадишаның жасы қырықта еді. Оған үйленерде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың
игілігі мен салемі болсын) ел ішінде сенімділігі мен танымалдығы үлкен рөл
ойнайды. Отыз бес жасында Қағбаға тасты қоюға таласқан тайпалар арасын
татуластырды. Әділ төрелік етті. Олардың арасында тұтанғалы тұрған
қақтығысты болдырмады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қырық жасқа
жақындағанда елден жырақ кетіп, жаратылыстың тылсым құпияларына оңашада ой
жіберуге құмартты. Ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-тұруды әдетке
айналдырды. Қырық жасқа толған 610 жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.)
періште арқылы уахи жолымен ең алғашқы Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен
оқы! деген аяттар түсті. Осыдан барып Жаратушы тарапынан оған
Пайғамбарлық міндет жүктелді.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) шақыруымен Ислам
дінін алғашқылардың бірі болып хазреті Хадиша (р.а.), Әли (р.а.), Харисұлы
Зәйд (р.а.) және Әбу Бәкір (р.а.) қабылдады. Артынша хазреті Оспан (р.а.),
Ауфұлы Абдуррахман (р.а.), Әбууаққасұлы Саад (р.а.), Талха (р.а.) мен
Зүбәйрлер (р.а.) тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Алғашқыда
Пайғамбарымыз (ғ.с.) және оған ергендер пұтқа табынушылар тарапынан көп
қиындық көрді. Тіпті хазреті Ясир мен әйелі Сүмәйя Аллаһ жолында жанын
қиып, алғашқы шейіт болды. Біләл (р.а.), Әбу Фуқаһа (р.а.), Әратұлы Хаббаб
(р.а.) секілді ер кісілер мен қатар Үммі Абис ( р.а.), Нәхдия (р.а.) мен
Зиннира (р.а.) секілді әйел мұсылмандардың да басына қайғы бұлты үйірілді.
Пайғамбарлықтың алтыншы жылы Хамза (р.а.) мен Омар (р.а.) сияқты нағыз
қаһарман ер жүрек кісілер Исламды қабылдады. Сол жылдары кейбір мұсылмандар
Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) рұқсатымен
Эфиопияға көшті. Пұтқа табынатындар мұсылмандарды оқшаулап жұртпен
араласуға шектеу қойып, құртып жіберудің айла-шарғысын жасап бақты. Олармен
сауда жасауға, араласуға қатаң тыйым салды. Бұл үш жылға созылды.
Пайғамбарлықтың оныншы жылы хазреті Хадиша (р.а.) мен Әбу Тәліп қатар көз
жұмды. Дін дұшпандарының зорлық-зомбылығы тіптен арта түсті. Өйткені, олар
беделді де, абыройлы пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен салемі
болсын) көп қолдау көрсеткен жақындары еді. Қатты қайғырған
Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) өзіне қолдау іздеп
Тайыф қаласына барды. Бірақ, тайыфтықтар оны келеке етіп таспен атқылап,
үсті-басын қан-жоса етті. Шаһар сыртындағы тауды паналап әрең аман қалды.
Осындай аса қиын- қыстау кезеңде пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі
мен салемі болсын) өмірінде Миғраж оқиғасы орын алды. Аллаһ тағаланың
құзырына барып, оның бірқатар бұйрықтарын тікелей Өзінен естіп-біліп
қайтты. Исра сүресінің 22-39 аяттарында айтылатын 12 бұйрық та осы түні
түскен болатын.
Қиындықтардың ешқайсысына мойымай Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі
мен салемі болсын) Исламды уағыздауды жалғастыра берді. Арада бір-екі жыл
өткенде Ақаба анттары қабылданды. Артынша-ақ, Аллаһ тағаланың аян
беруімен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұсқауымен мұсылмандар Меккеден Мединеға
көшті. Хижра жыл санауы осылай басталған болатын. Жұрттың соңында Расулымыз
(оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) қасына Әбу Бәкірді (р.а.) ертіп
Меккеге жол тартады. Пұтқа табынушылар олардың ізін өкшелеп Сәуір үңгіріне
дейін қуып барады.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) Меккеден Мединаға
көшкен мұсылмандарды – мұһажирлар, ал, оларға қол ұшын берген
мәдиналықтарды – ансарлар (бауыр) деп жариялады. Мүшріктер мен мұсылмандар
арасында Бәдір, Ұхуд, Хандақ, Мүрәйсі секілді бірнеше соғыстар болды.
Медине маңайын бұрыннан мекен етіп келе жатқан иаһудилер бар еді. Қайнұқа,
Нәдір мен Құрайза деп аталатын бұл иаһуди тайпалары мұсылмандармен
тістесіп, тіресуін қоймады. Үнемі арадағы келісімдерді орындамай бұзып
отырғандықтан, олар ол маңнан қуылады. 630 жылы Меккені азат етті. Кезінде
өзі қуылған Меккеге қайта басып кіргенде пайғамбарымыз (оған Аллаһтың
игілігі мен салемі болсын) өзіне жаманшылық жасағандардың барлығын кешірді.
Аллаһ елшісі(оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) 632 жылы қажылық
кезінде Арафатта жүз мыңнан аса мұсылмандарға арнап сөз сөйледі. Исламның
қысқаша түсінігі, адам құқықтары жөнінен өте үлкен мәнге ие бұл сөзі Ислам
тарихында қоштасу хұтпасы деп аталды. Ислам дінін асқан сабырлылықпен,
үлкен ыждағаттылықпен адамзат баласына жеткізген сүйікті пайғамбарымыз
(оған Аллаһтың игілігі мен салемі болсын) 632 жылы дүйсенбі күні бақилыққа
аттанды. Жаназа намазы өз үйінде оқылып, ол жерге арулап жерленді.

Ағынан ақтарылу

Батыс ойшылдары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар туралы
Мен мынаны мойындаймын; Мұхаммед – ғажап бір күш. Жаратушы мұндай кісіні
екінші рет жарата қоймас. Ей, Мұхаммед, сенің замандасың бола алмағаныма
қатты өкінемін. Өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл
кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау – ғылымды түгелдей жоққа шығарғанмен
бірдей күлкілі нәрсе. Адамзат баласы сен секілді ғажап адамды бір-ақ рет
көрді, ендігәрі көре алмас. Мен сенің алдыңда құрметпен бас ием Пренс Отто
Вон Бисмарк.
Саған жапқан жаламыздың бәрі шындығында біз үшін өте ұят. Ол – жаны
жайсаң, тұлғасы биік, барынша байсалды жан. Мақсаты – дүниені жарыққа бөлеу
болды. Өйткені, мұны Жаратушының өзі оған бұйырған. Томас Карлиль.

Мұхаммедтің ақыл-парасаты патшалық сән-салтанаттың өзін түкке тұрғысыз,
өте қарабайыр деп білді. Аллаһтың елшісі өз отбасында қызметші секілді от
жағып, үй сыпырды, қой сауып, киімдері мен аяқ киімдерін өзі тікті.
Мемлекет әрі дінбасы екенін "ұмытып", таза табиғи қалпынан аумай-ақ, тақуа
ғұмыр кешті. Эдуард Гиббон.

Ол мемлекеттің де, мешіттің де басшысы. Бір өзі Цезарь, бір өзі Папа десе
болады. Бірақ бітімі бөлек. Папаның жасандылықтарынан аулақ Папа, арнайы
қорғаушысы, тұрақты қарулы әскері, полиция күші, не тұрақты кірісі жоқ
Цезарь. Егер тарихта қай жағынан алсаңыз да, Құдайлық негізге сай үкім
берген бір жан болса ол сөзсіз Мұхаммед болып шығады. Өйткені, ол ең мықты
бола тұра күштілікке елеусіз қарады. Өмірі қаншалықты қарапайым болса,
халықтың арасында да сол әдетінен айныған жоқ. Мұхаммедтің дінінде барлық
нәрсе басқаша. Ол жайындағы тарихи мәліметтер көлеңкелі, қалтарыс-
бұлтарысты емес, барынша айқын. Оның өз міндетін бастауындағы ішкі
жағдаяттары да бізге жақсы аян, өйткені, оған ешқандай күмән
келтірілмейтіндігі Құран арқылы қуатталған. Реверед Босуорт Смит.

Егер мақсаттың ұлылығы сайманның аздығы, нәтиженің таңғаларлығы, адам
данышпандығы арқылы өлшенетін болса, жаңа кезеңде Мұхаммедпен кім теңесе
алады? Мұхаммед – философ, шешен, елші, тапқыр. Адамның ұлылығын анықтайтын
өлшемдер шеңберінде қарастырып көрейікші, одан өткен ұлы адам бар ма?
Альфонс де Ламартин.

Алдағы жүз жылдықта Англияны, жо-жоқ, бүкіл әлемді жайлайтын бір дін болса
ол – Ислам болуы мүмкін. Кісі таңғаларлық шапшаңдығы үшін мен Мұхаммедтің
дінін өте жоғары бағалаймын. Бұл дін тұрмыстың барлық жағдайларына
бейімделе алатын, қай ғасырға да сай дін ретінде көзге түсуде. Ол ғажап
кісіні мен зерттедім. Оны адамзаттың құтқарушысы деп білген жөн. Дәл сондай
бір адам қазір әлемді басқарса, бейбітшілік пен татулықты орнықтыра отырып,
барлық мәселелерді шешер еді. Мен былай топшылаймын: Мұхаммедтің сенімін
ертеңгі Еуропа қабылдайды, оны тіпті бүгінгі Еуропаның өзі қабылдай
бастағаны белгілі Бернард Шоу.

Әлемге үлкен өзгеріс әкелген адамдардың ең алдыңғысы ретінде Мұхаммедті
қоюыма кейбір оқырмандарым таңғалуы мүмкін. Алайда, тарихта рухани әрі
материалды салада бірдей жетістікке жеткен адам жалғыз ғана Мұхаммед екені
даусыз. Мұхаммедтің Исламға деген ықпалы Иса Мәсіх пен Қасиетті Павелдың
Христиан дініне жасаған ықпалынан әлдеқайда басым. Мемлекет жүйесі мен дін
жүйесін қатар түйістіре білуінен-ақ, оның тарихтағы ең ықпалды тұлға екенін
көреміз. Майкл Харт.

Ол ұмми болса да ғалам кітабын өте жақсы оқығандықтан өзімен тайталасқан
небір оқымысты, ақылдыларға дес бермеген. Сондай-ақ, ізінен ергендер
арасындағы деңгейі ең төмендермен де оңай тіл табыса білген. Теңдессіз
шешендік пен арды, сезімталдықты бір жерге түйістіре алуы оның ықпалын
арттыра түсті. Оның риясыз, шын пейілмен іс жасайтындығы жүзінен-ақ белгі
беріп тұрған. Бұл – адамға деген үлкен ізет-құрметін білдіретін. Ол
оқымыстыны да, хат танымайтын адамды да баурап алатын, оларға бағыт-бағдар
сілтейтін тамаша қасиетке ие болған Чарлз Стюарт Миллс.

Мұхаммед – өмір шындығын бүкпесіз ұғына біліп, оны ғұмырының арқауы еткен
тарихтағы санаулы бақытты адамдардың бірі. Ол – Аллаһ тағаланың елшісі.
Өмірінің соңына дейін өзінің кім екенін ұмытпай, жаратылыс мақсатын
ұқтыратын қызметін қалтқысыз атқара білді. Хақтан алған хабарларын өте
үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, сондай бір байсалдылықпен әрі асқан
кішіпейілділікпен "өте дәмді" етіп халыққа жеткізе білді.Станлэй Лан-Пул.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басшылық қасиеті

Мединеға һижрет етумен қатар басталған жаңа қоғамдық құрылыстың өзіне тән
қиындықтары бар болатын. Бұл қиындықтарды жеңу белгілі бір ұстанымдарды
негізге алуды қажет етті. Осы ұстанымдардың бірін Құран Кәрім: "Аллаһ сізге
жеңілдік тілейді, қиындықты қаламайды", (Бақара сүресі, 185) - деп
белгілейді. Әлгі ұстанымдардың ішінде ең маңыздысы - жеңілдікті таңдау
болатын. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үнемі қолайлы жолды қалайтын.
Оның осы таңдауы Пайғамбарлық міндетінің сәтті жүзеге асуына жағдай жасады.
Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) сахабаларына үнемі шамалары келетін міндетті
жүктейтін. Хазірет Айша анамыз: Мединеға һижрет етумен қатар басталған жаңа
қоғамдық құрылыстың өзіне тән қиындықтары бар болатын. Бұл қиындықтарды
жеңу белгілі бір ұстанымдарды негізге алуды қажет етті. Осы ұстанымдардың
бірін Құран Кәрім: "Аллаһ сізге жеңілдік тілейді, қиындықты қаламайды",
(Бақара сүресі, 185) - деп белгілейді. Әлгі ұстанымдардың ішінде ең
маңыздысы - жеңілдікті таңдау болатын. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с)
үнемі қолайлы жолды қалайтын. Оның осы таңдауы Пайғамбарлық міндетінің
сәтті жүзеге асуына жағдай жасады. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) сахабаларына үнемі
шамалары келетін міндетті жүктейтін. Хазірет Айша анамыз: "Расулуллаһ
(с.ғ.с) сахабаларға бұйрық бергенде, әрдайым атқарылуы оңай істерді әмір
ететін", (Сахих-и Бухари ве тежрит тержемиси,1,36-б) - деп баяндайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір сөзінде: "Сіздерге бір нәрсені тиым салсам,
міндетті түрде одан қашыңыздар, бір нәрсені бұйырғанымда шамаңыз келгенше
оны орындауға тырысыңыз", (Бухари,Итисам,2) -деген. Аллаһ Расулы (с.ғ.с)
үнемі айналасындағы адамдардың жағдайын ойлап жүретін. Әнес б.Малик бұл
жайында: "Расулуллаһ (с.ғ.с) адамдардың ішінде намазды өте жеңіл оқытатын
еді. Расулуллаһ намаз оқытып жатқанда анасының жанында жылаған бір баланың
дауысын естісе қысқа сүре оқитын" (Бухари, Азан, 65) - деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл ұстанымды мұсылмандарға: "Оңайлатыңыз -
қиындатпаңыз, қуантыңыз- жерітпеңіз" (Бухари,Илм, 11) деп өсиет еткен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басшылық қасиетін бекіте түскен тағы бір ерекшелігі -
оның әділ болуы еді. Адамдардың арасында мал-мүлік, атақ-даңқ, тегі мен
ұлтына, нәсіліне тіпті дініне қарамастан бәрін тең санап, аққа жақ болып,
кінәліні керегінше жазалау - оның әділеттілігінің көрінісі болатын. Мысалы,
бір күні сахаба Әбу Зәкір (р.л.ғ) ашу үстінде тіліне абай бола алмай, қара
нәсілді сахаба Білалға (р.л.ғ) "Ей қара әйелдің ұлы", - деп айтып қалады.
Сонда сахаба Әбу Зәррге Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Сенде әлі қараңғылықтың
қалдығы бар!" - деп қысқа да нұсқа бір ескерту жасайды. Бұл Исламның
шуағымен нұрлы бір өмірге кенеліп, қараңғылық тұзағынан құтылғанына күніне
мың мәрте Аллаһқа шүкіршілігін айтатын саңлақ сахаба үшін өмірінің соңына
дейін жететін бір ескерту еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмір бойы мұсылман
қоғамында ақиқат пен теңдіктің туын тігуді мақсат етіп алға қойған. "Уәда"
құтпасында: "Ей, адамдар! Бәріңнің Раббың бір, аталарың бір. Бәрің де
Адамнан тарағансыңдар. Адам болса топырақтан жаралған. Аллаһтың алдында ең
қадірлі, ең ұнамды - Одан қорқып, аяқ тартқандар. Бір арабтың араб еместен
ешқандай үстемдігі жоқ, бар болса бұл тек қана тақуалық жөнінен ғана", -
деген. Жомарттық, жәрдемге асығу, бір істі бастағанда соңына дейін жеткізу,
қажымай еңбек ету - Оның(с.ғ.с) басшылық қасиетінің көркем жақтары.
Мұсылмандар мен мүшіріктердің арасында өткен соғыстарда ардақты
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Өзінің кемеңгер қолбасшы екендігін де көрсеткен.
Алайда соғысты, соғысуды жаны жақтырмайтын. Амалы таусылғанда ғана соғысқа
шығуға шешім қабылдайтын. Жалпы, Ислам діні бойынша соғыс мұрат емес.
Бірақ, кей жағдайларда соғысты айналып өту мүмкін емес кезеңдер болады.
Осындай жағдайларда Аллаһ жолында жиһад ету- шамасы мен күш-қуатына қарай
әрбір мұсылманға парыз болған. Сонымен қатар, алғашқы мұсылман қауымында
соғыс тек қана қорғаныс үшін жасалған. Ешқашан қылышпен, қан төгу жолымен
діндерін жайып, оны қабылдатуға тырыспаған.

Өмір жолы

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы Абдул-
Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы
20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-
әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың
ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға,
алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби,
Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған. Пайғамбарымыздың
анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның
қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Медине қаласы)
керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге
жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының
құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен
таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi
атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен
мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына
қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан
кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай
жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы "Қара тасты” күштеп
тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға
орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана
қаласына қарай бұру едi. Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден
жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил
деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып
алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан
тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ
шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған
әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi.
Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға
ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы "жырық ерiн
АбраӘа” аталып кетедi. Бұл оқиға туралы "Құран Кәрiмнiң "Пiл” сүресiнде
былай деген: "Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың
қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды
жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды
дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”. (Пiл 105:1-5)

Расулуллаһтың сәбилiк шағы

Араб халқында жаңа туған сәбилердi таулы салқын жерлерде өз анасынан басқа
әйелдерге тәрбиелететiн әдет-ғұрып болған. Мұндағы мақсат – жас сәбилердiң
таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне
жағдай жасау едi. Мұның тағы бiр себебi арабтар қалада өскен сәбилердiң
зердесi далалы жерде өскен балалардың ой-санасынан төмен болады деп бiлген.
Осындай жақсы ниетпен анасы мина Пайғамбарымызды алғаш рет Субай Бата
деген әйелге тәрбиелеуге бередi. Бiрер жылдан кейiн Субай Батаның орнына
Үби Зубай қызы Халима деген әйел келедi. Халима анамыз болашақ
Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем,
кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп
ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала
бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған
соң оны анасы мина өз қолына алады.
Арада бiр жыл өткеннен кейiн мина баласымен бiрге Иасриб қаласындағы
нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп
қайтпақшы болады. Ол ерiнiң басына зиярат етiп болған соң Мединедан Меккеге
сапар шегедi. мина екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде
кенеттен қатты ауырып, қайтыс болады. Оны сол жерге жерлейдi. Сөйтiп,
болашақ Пайғамбарымыз алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ
бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан
бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Тағдыр Пайғамбарымызға
бабасымен де бiрге көп болуды жазбаған екен. Арада екi жыл өткенде, жасы
келген қария Абдул-Мүтәлиб қайтыс болады. Сөйтiп, әлi буыны бекiп бұғанасы
қатпаған сегiз жасар баланың басына жетiмдiк тақсiретi түседi. Бiрақ барлық
жанашырларынан айырылған жас бала далада жалғыз қалмайды. Ендiгi жерде
баланы әкесiнiң туысы бутәлиб бауырына басады. Бұл кiсi кедей болғанмен,
жомарттығымен аты шыққан, қолы ашық сақи адам екен. Оның үстiне өзiнiң бала-
шағасы да көп болса керек. Бiрақ соған қарамастан, Әбутәлиб болашақ
Пайғамбарымызға жетiмдiк тақсiретiн таттырмай, өз балаларымен бiрдей көрiп
тәрбиелейдi. Тiптi жатар кезде оны өз қойнына алып ұйықтататын болса керек.
Сөйтiп ол бутәлибтiң тәрбиесiнде қала бередi. Он екi жасқа келгенде,
бутәлиб оны өзiмен бiрге Шам елiне (қазiргi Сирия) сапарға алып шығады. Бұл
оның ес бiлгелi шыққан тұңғыш сапары едi. Олар Басра деген үлкен шаһарға
керуен тартып келедi. Бұл шаӘарда болашақта келетiн Пайғамбардың белгiлерiн
өз кiтаптарынан оқып бiлiп-отырған Бұһайра атты христиан дiнiнiң ғалымы
тұрады екен. Бұһайра бұлардың керуенiне келiп, болашақ Пайғамбарымыздың
ғаламат белгiлерiн айтып бередi. Оған қоса Әбутәлибтен бұл баланы яһуди
дiнiндегi адамдарға көрсетпей, Меккеге алып қайтуын және тез арада бұл
қаладан бiлдiрмей шығып кетуiлерiн өтiнедi. Өйткенi болашақ пайғамбар
болатын баланың сол елде жүргенiн естiсе, яһудилер қастандық жасауы мүмкiн
едi. Бұл кеңеске құлақ асқан бутәлиб бөгелместен Меккеге қарай бет түзейдi.
Осы оқиғадан соң, Әбутәлиб алыс сапарға шыққанда, оны қасына ертпейтiн
болған.
Болашақ Пайғамбарымыз жиырма жасқа толғанда, бұзықтар соғысын көрiп, көңiл
қаларлық келеңсiз жайларға куә болады. Бұл құрайш руы мен олардың одақтасы
қайыс руының арасында болған ең бiр мағынасыз соғыс едi. Нағыз қантөгiс
Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде болған. Болашақ
Пайғамбарымыз сол кезде өзiнiң жастығына қарамай, осы қантөгiстi тоқтату
үшiн, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Сөйтiп, ол тiршiлiк ағымына
тереңдеп енiп, тарихи маңызы бар күрделi оқиғаларға араласа бастайды.
Пайғамбарлық келуден бұрынырақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, –
өте тамаша мiнездi, кең пейiл, ашық жүздi, мейiрiмдi, шыншыл, ақиқатты
сүйетiн және оны жан тәнiмен жақтайтын, берген уәдесiне берiк, аманатқа
қиянат қылмайтын, жат қылықтардан, жаман iстерден аулақ болған кiсi.
Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, осындай тамаша қасиеттерiн
бiлiп, адамгершiлiк iстерiн жоғары бағалаған сол аймақтағы жұртшылық оған
пайғамбар болмай тұрып-ақ, әл-мин деген қосымша ат бередi. Мұның мағынасы –
өте таза, пәк, сенiмдi дегендi бiлдiредi. Болашақ Пайғамбарымыз сол
қасиеттерiне қоса түрлi пұттарға, мүсiндерге табынудан бойын аулақ ұстайды.
Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн
ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа
таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет
сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда
керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты
қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл
тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады.
Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,
туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн
Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық
жаста болатын. "Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның
аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн
бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам,
Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда
түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi.
Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,
Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел
iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны
әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.
Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде, қасиеттi
Қағбаның қабырғасы әбден бүлiнiп, құлауға айналған кез едi. Мұны қалпына
келтiрудi Құрайш руы өз мiндеттерiне алып iске кiрiсiп кетедi. Жөндеу
жұмысы бiтiп, "Қара тасты” бастапқы орнына қояр кезде, араб руларының
арасында келiспеушiлiк пайда болады. Шынын айтқанда, бұл бақталастықтан
өрбiген дау-жанжал едi. Мұның арты тағы бiр қантөгiске ұласып кету қаупi
туады. Осы кезде құрайш руының жасы үлкен ақсақалы, қадiрлi қария Әбу
Умайата әл-Мұзираұлы мынадай келiсiмге шақырады. "Менiң айтқанымды дұрыс
көрсеңiздер, бұл құрметтi iстiң шешiмiн iштерiңдегi ең сенiмдi, ақылы
кемел, халыққа қалаулы және зор бедел иесi Мұхаммед Әминге тапсырайық”, –
дейдi ол. Бұл ұсынысты ру басылары түгел құп алады.
Әрине дауы көп бұл iстi ешбiр ру басылары ренжiмейтiндей әдiл бiтiру жеңiл
шаруа емес едi. Бiрақ ақылы асқан болашақ Пайғамбарымыз мұның түйiнiн оңай
шешедi. Ол үстiндегi шапанын жерге жаяды да, ру басыларын шақырып, соның
шалғайына айнала ұстауын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с) және ғылым
Хз. Мұхамедтің (с. ғ. с. ) пайғамбар болуы
“Сиер” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Тәңірлік діндерде Пайғамбар түсінігі
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Сүннеттегі мұғжизалар
Ислам дәуірінің жаңа кезеңі
Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы
Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі
Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед
Пәндер